Әож 378. 04: 002 Қолжазба құқығында



жүктеу 1.82 Mb.
Pdf просмотр
бет5/16
Дата24.03.2017
өлшемі1.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

-
 
біріншіден,  ӛз  саласында  нақты  материалдармен  талдамалы  жұмыс  істей 
білу  шеберлігі,  заманауи  ақпараттық    технологияларда  іздеушілік  жұмыс 
шеберлігі,  нормативтік  және  іс-құжаттарымен  жұмыс  істеу  шеберлігі, 
зерттеушілік әдістемелерді дайындау тәсілдерін меңгеруі; 
-
 
екіншіден,    кәсіби  коммуникацияны    әртүрлі  жағдайда  қолдану  үшін  
жазбаша  және  ауызша  сӛйлеуді  меңгеру,  мақсатқа  сай  келетін  іскерлік 
коммуникацияны  құра  білу,  басқару  және  ұйымдастырушылық  дағдыларды 
меңгеру,  ӛз  ойын  дәлелдей  білу,  командада  табысты  әрекеттер  жасай  білу 
шеберлігі,  жауапты  бастаманы  және  кәсіби  жетістіктердің  тұсаукесерін 
кӛрсетуге  деген ынталылық.  
-
 
үшіншіден,  білімді  үнемі  жаңартып  отыруға,  ӛздігінен  білім  алуға  және 

40 
 
ӛзін-ӛзі жетілдіруге, дамытуға, іске асыруға деген ынталылық.  
Арнайы  құзыреттілікті  дамыту  еңбек  тәжірибесі  мен  болашақ  маманның 
қызықты  да  әрі  ол  үшін  ӛзекті  болып  табылатын  педагогикалық  мәселелер 
тӛңірегіндегі    нақты  оқу  тапсырмаларының,  зерттеу  әрекеттерінің, 
педагогикалық  жобалаудың  және  шығармашылық  жұмыстардың  үйлесімі 
арқылы жүзеге асырылады.  
      В.И.Богословский, 
О.Н.Шиловалар 
пайымдауынша,  бүгінгі  таңда 
ақпараттық  ортаның  «коммуникативтік  құзыреттілік»  түсінігімен  кеңею 
жағдайы  тағы  бір  маңызды  түсінік  –  «ақпараттық  мәдениет»  түсінігімен 
байланысты болуында, - деп тұжырым жасаған [112].  
 Ақпараттық 
мәдениет 
дегеніміз 
– 
ақпараттармен 
жұмыс 
істеу 
технологияларын және тәсілдерін, іздеу, беру, ақпараттарды ӛңдеу мен талдау 
дағдыларын меңгеру болып табылады.  
Адамның  ақпараттық  мәдениеті  –    педагогтың  да,    білім  алушының  да  білім 
алу әрекеттеріне қажетті жалпыадамзат  мәдениетінің бір бӛлігі,  ғылыми білім 
алу әрекеттері құрамындағы олардың ақпараттық әрекеттерінің сапалы сипаты 
болып  табылады.  Ақпараттық  мәдениет  ақпараттық  ортамен  ӛзара  әрекет 
етуде  білім,  дағдылар,  шеберліктер  мен  шартты  нұсқаулар  кешенінің 
болуымен  сипатталады,  ол  арнайы  ақпараттық  үдерістерді  жүзеге  асыруда 
байқалады. 
     Сауатты  педагог  ӛзінің  ақпаратқа  зәру  екенін  түсінуі  керек,  оны  нақты 
шешім  қабылдау  үшін    ұқсастыра  білуге,  таратуға,  бағалауға  және  тиімді 
қолдана  білуге  қабілетті  болуы  керек.    Ақпараттық  мәдениет  ақпараттық 
әрекеттерге  деген  қызығушылықта,  оның  білім  алу  үдерістеріндегі  маңызды 
рӛлін түсінуде, ақпараттар кӛздерін саналы түрде таңдай білуде және оларды 
ӛңдеудің алгоритмдерін меңгеруде, дәстүрлі, электрондық, желілік және басқа 
да  ақпараттық  қорларды  кешенді  қолдануда,  ӛзін  ақпараттарды  тасушы  және 
таратушы  ретінде  сезіне  білуде,  белсенді  ақпараттық  мінез-құлықта 
байқалады.  
Сонымен,  коммуникативтік  құзыреттілік  педагогикалық  іс-әрекеттерге 
деген  дайындықты  заманға  сай  түсіндірудің  негізгі  түсінігі  болып  табылады.  
Коммуникативтік құзыреттілік  – кӛп аспектілі, кең түсінік. Коммуникативтік 
құзыреттілік   –   маман ретіндегі педагог үшін «адам-адам» аясындағы кәсіби 
құзыреттіліктің  маңызды  құрамдастарының  бірі  болып  табылады,  ӛйткені 
педагогикалық әрекеттердің негізінде коммуникация жатыр.  
Бүгінгі 
күні 
«коммуникативтік 
құзыреттілік» 
түсінігі 
әртүрлі 
ғылымдармен:  педагогикамен,  психологиямен,  лингвистикамен  және 
информатикамен  кіріктіріле  қарастырылып  отыр.  Әр  ғылым  шеңберінде  бұл 
түсінікті түсіндіруге деген әртүрлі жолдарды атауға болады. 
Психологияда  коммуникативтік  құзыреттілік  тұлғалық  ӛзара  әрекеттер 
жағдайының  арнайы  ортасына  қажетті  ішкі  қорлар  жүйесі  ретінде 
қарастырылады  (Б.Г.Ананьев,  Г.М.Андреева,  Н.В.Бордовская,  М.С.Каган, 
А.А.Леонтьев,  Л.М.Митина,  В.Н.Панкратов,  В.Н.Панферов,  А.А.Реан, 
Е.А.Юнина,  Н.И.Шевандрин,  В.М.Шепель).  Бұл  тұрғыдан  қарастырғанда 

41 
 
коммуникативтік 
құзыреттілік 
инварианттық 
жалпыадамзаттық 
сипаттамалардан да, сондай-ақ мәдени, тарихи шарттылықтардан да тұрады.  
Қазіргі  уақытта  білім  берудің  ақпараттық  технологиялар  саласында 
терминология  қалыптасты  деп  айтуға  болады.  Егер  бірнеше  жылдар  бұрын 
әдебиетте    «білім  берудегі  жаңа  ақпараттық  технологиялар»,  «білім  берудің 
заманауи  ақпараттық  технологиялары»,  «электрондық-коммуникациялық 
жүйелер,  білім  берудің  құралдары  мен  технологиялары»  сынды  синонимдік 
терминдер  кездескен  болса,  бүгінгі  таңда  кӛп  жағдайларда  олар  тек  бір  ғана 
«ақпараттық 
және 
коммуникациялық 
технологиялар» 
ұғымымен 
ауыстырылған.  Барлық  аталған  терминдер    баспа  басылымдарынан  бастап 
қазіргі  кездегі  компьютерлерге  дейін    олармен  жұмыс  істеу  құралдарының 
және  тәсілдерінің  кең  жиынтығын  кӛрсетеді.  Кӛптеген  ақпараттық 
технологиялардың  ерекшеліктері:  олар  білім  беру  тарихы  жағынан 
қарастырғанда  жаңа  техникалық  құралдарға,  атап  айтқанда  жеке 
компьютерлерге, аудио, бейнеқұралдарға негізделген. 
Ақпараттық  технологиялар  мен  білім  беру  технологиясы  ұғымдарын 
ажыратып  алу  керек.    Әдетте  білім  беру  технологиясы  алға  қойылған 
дидактикалық  мақсаттарға  жетуді  қамтамасыз  ететін  тәсілдер,  формалар  мен 
құралдар  жүйесі  деп  түсіндіріледі.  Ал  ақпараттық  технологиялар  ақпараттық 
үдерістерді қамтамасыз етуге бағытталады. 
Әдетте  ақпараттық  технологиялар  құралдарына  микропроцессорлық 
техника  негізінде  жұмыс  істейтін  бағдарламалық-аппараттық  құралдар  мен 
тәсілдерді,  ақпараттарды  жинау,  шығару,  жинау,  сақтау,  ӛңдеу  мен  беру 
операцияларын  қамтамасыз  ететін  телекоммуникация  саласының,  ақпараттық 
алмасу,  аудио  және  бейнетехниканың  заманауи  құралдары  мен  жүйелерін 
жатқызады.  
Дидактиканың  дәстүрлі  түсінігінде  ақпараттық  және  коммуникациялық 
технологиялар  білім  берудің  техникалық  құралдарының  аналогы  болып 
табылады.  Педагогикалық  технологиялар    педагогтың  белсенді  қатысуымен 
осы құралдар негізінде жасалады.  Ақпараттық технология құралдары ӛте кӛп, 
оған  барлық  топтардағы  компьютерлер,  оларды  толықтырушы  аппараттар, 
бағдарламалық  жасақтамалар,  виртуалдық  шындық  жүйелері,  ақпараттық 
жүйелер жатады.  
Жоғарыда аталған ақпараттық және коммуникациялық технологиялар оқу-
тәрбие  үдерістерінің  барлық  деңгейін,  білім  алушының  кӛпжақты  дамуын 
күшейту,    болашақтағы ақпараттық  қоғам  жағдайында жоғары оқу  орындары 
түлектерін  ӛмірге  дайындау  міндеттерін  шешуге,  қазіргі    қоғамның 
ақпараттандыру үдерістеріне сай туындаған әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге 
асыруға ықпал етеді.  
Адам әрекеттерінің барлық аясындағы, сондай-ақ білім берудің объективтік 
үдерістері  ретіндегі  ақпараттандыру    –  қазіргі  кездегі  жетекші  әлеуметтік-
экономикалық  мақсаттардың  бірі  болып  табылады.  Бұл  үдерістің  құрамдас 
бӛлігі  ретіндегі  білім  беруді  ақпараттандыру  оны  қолданушылардың 
мүдделеріне  сай  ақпараттарды  жинау,  ӛңдеу,  сақтау,  тарату  және  қолдану 

42 
 
мақсатында  кіріктірілген  бағдарламалық-техникалық  құралдардың,  тәсілдер 
мен үрдістердің біртұтас жүйесін білдіреді.  
Білім 
беруді 
ақпараттандырудың 
мақсаты: 
ақпараттық 
және 
коммуникациялық  технологияларды  қолдану  арқылы  интеллектуалдық  іс-
әрекеттерді  күшейту.  Білім  беруді  ақпараттандыру  қазіргі  кездегі  білім  беру 
парадигмасының  шеңберінде  болып,  оның  мынадай:  білім  берудің  үздіксіз, 
ашық  жүйесін  қалыптастыру,  білім  берудің  жаңартылған,    сондай-ақ 
ақпараттандырылған 
технологияларын 
қолдану, 
қашықтан 
оқыту 
технологияларын  енгізу  арқылы  білім  алуда  ӛз  бағытын  таңдауға  мүмкіндік 
жасау сияқты ерекшеліктеріне де байланысты болып отыр.  
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану білім беруді 
ақпараттандырудың негізгі шарттарының бірі болып табылатыны айдай анық. 
Бүгінгі күні бұл технологияларды білім беруге енгізу мәселесін зерттеп жүрген 
кӛптеген  ғалымдар  (А.А.Ахаян,  В.А.Извозчиков,  Т.Н.Носкова,    Е.С.Полат,  
О.Н.Шилова)    оларды  қолдану  бүкіл  білім  беру  үдерісін  ӛзгертеді,-  деп 
есептейді. 
Ақпараттық  технологияларды  қолдану  салдарынан  білім  беру  үдерісін 
ӛзгерту  негізгі  екі  бағытта жүргізіледі: білім  беруді кеңістіктік пен  уақыттық 
ӛзгерту,  сондай-ақ  білім  беру  үдерісінің  барлық  субъектілерінің 
коммуникациялық  сипатын ӛзгерту.  
Білім  беруді  кеңістіктік  ӛзгерту  –  бұл  білім  беру  кеңістігін  кеңейту, 
қашықтан  ӛзара  әрекеттесу  мүмкіндіктерінің  пайда  болуы,  білім  беру 
бағыттарының  вариативтілігі.  Демек,  білім  беру  үдерісінің  жаңа  кеңістігін 
ұйымдастыруға деген қосымша талаптар пайда болады: тиісті жабдықтардың, 
жұмыс  орындарының  болуы.  Осыған  байланысты  болашақ  мамандарды 
даярлауға  деген  жаңа  талаптар  да  пайда  болады:  оларға  оқытушының 
кеңесімен  немесе  олардың  ӛздігінен  білім  алу  бағыттарын  жасау,  ӛз  жұмыс 
кеңістіктерін ұйымдастыру, ақпараттар ағымында бағдар алу, аса қажеттілерін 
таңдап  алып,  дұрыс  орналастыра  білу  шеберліктері  қажет.  Міне,  сондықтан 
субъектінің  білім  әрекеттерін:    жоспарлау,  болжам  жасау,  рефлексия 
шеберліктері сияқты ерекшеліктері аса қажет.     
    Білім  беруді  уақыттық  ӛзгерту,  ең  алдымен,    қашықтан  әр  түрлі 
ақпараттармен  тікелей  және  жанама  алмасу  мүмкіндіктерімен  байланысты. 
Мұндай  мүмкіндіктердің  пайда  болуы  ақпараттық  технологияларды  қолдану 
арқылы  білім  беруді  уақытпен  ұйымдастыруға  деген  талаптар  қатарының 
пайда  болуын  тудырады:  ақпараттармен  алмасудың  уақытша  жиегінің 
шектеулігін  есепке  алу,  коммуникация  уақытын  нақты  жоспарлаудың 
қажеттігі,  ӛзара  техникалық-жанама  әрекеттер  жасағанда  уақыттың 
психологиялық әсерін қабылдауды есепке алу.  
     Ақпараттық 
технологияларды  қолданумен  білім  беру  үдерістерін 
ұйымдастырудың  кеңістіктік-уақыттық  ерекшеліктеріне  дәлелдер  ретінде,  ең 
алдымен,  кәсіби  әрекеттерге  қажетті  білімдер  мен  шеберліктерді  әр  түрлі 
тәсілдермен  алу  мүмкіндіктерін  келтіруге  болады.  Бір  жағынан,    олар  оқу 
ақпараттарын сатылай бақылауды жүзеге асыра отырып, дәйекті түрде ұсына 

43 
 
білу мүмкіндігін тудырады.  Ал екінші жағынан,  білім алушылар сол білімдер 
мен шеберліктерді үдерістер мен құбылыстарды үлгілеу  құралдары арқасында 
осы үлгілерді зерттеу арқылы, яғни процедуралық тәсілмен  алады. 
     Электрондық  оқулықтар,  тесттік  және  бақылаушы  бағдарламалар, 
анықтамалар, мәліметтердің оқу қоры, оқу бейнефильмдері сияқты құралдарға 
сүйену  арқылы  ақпараттарды  ұсынуға  болады.  Имитациялық  үлгілердің, 
пәндік-бағдарланған  ортаның,  компьютерлік  графика  мен  компьютерлік 
үлгілеудің  және  олардың  негізінде  жасалған  зертханалық  практикумдар, 
тренажерлар мен ойындық бағдарламалардың  кӛмегімен үдерістерді үлгілеуге 
болады.  Осындай  тәсілмен  микро  және  макродүниедегі,  ішкі  күрделі 
техникалық  және  биологиялық  жүйелердегі    құбылыстар  мен  үдерістерді, 
үлкен  және  аса  кіші  жылдамдықпен  жүріп  жатқан  әртүрлі  физикалық, 
химиялық,  биологиялық  және  әлеуметтік  үдерістерді  зерттеуге  болады.  Әр 
субъектіге  ӛзінің  білім  алу  жолын  қамтамасыз  ететін  білім  берудің  ашық 
жүйесін  құру,  әртүрлі  деңгейдегі  қашықтан  білім  беру  жүйесін  құру,  дамыту 
мен  жетілдіруге  деген  талпыныстар бұған  мысал  бола  алады.  Сонымен қатар 
болашақ  мамандарды  даярлау  үшін  білім  беруді  ақпараттық-әдістемелік 
қамтамасыз етуді басқарудың тиімді жүйесін құру мәселесін шешу қажеттілігі 
туындап отыр. 
      Кәсіби  педагогикалық  білім  беруде  ақпараттық  технологияларды  қолдану 
оған  қатысушылардың:  оқытушылар  мен  білім  алушылар  коммуникация 
ерекшеліктерінде  де  із  қалдырады.  Сӛйтіп,  коммуникативтік  құзыреттілікті 
дәстүрлі түсіндіру  ӛзгертіліп,  кеңейе түседі. Ол үшін: 
-
 
біріншіден, педагогтар коммуникативтікқұзыреттіліктерді қалыптастыру 
үшін ақпараттық технологияларды кеңінен  қолдана білуі керек, ӛйткені кәсіби 
әрекеттерді ақпаратсыз іске асыру мүмкін емес; 
-
 
екіншіден,  коммуникативтікқұзыреттіліктерді  қалыптастыру  үшін 
ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  болашақ  мамандарды 
даярлауды қазіргі  заман сұранысына жауап беретін тұрғыда іске асыру қажет. 
Сонымен,  педагогикалық  жоғары оқу  орындарындағы   білім  алушылардың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  ақпараттық  технологиялар 
мүмкіндіктерін  талдау  мақсатында  әр  технологияның  кеңістіктік,  уақыттық 
және коммуникациялық ерекшеліктерін қарастырып ӛту қажет.  
      Ақпараттық  технологияларды  талдау  барысында  олардың  жіктелуіне 
сүйенеміз.  Жіктелу  бірнеше  негіздер  бойынша:    ақпараттарды  беру, 
мәлімдеменің  тілі,  кері  байланыс  мүмкіндігі  тәсілдері  жағынан    жүргізілуі 
мүмкін.  Бірнеше  тәсілдерді  біріктіру  зерттеп  отырған  технологияларды    –  
аудиовизуалды  және  компьютерлік  –  екі  топқа  бӛлетін,    кең  мағыналы 
жіктеуді  анықтауға  ықпал  етті.  Аудиовизуалдық  технологияларға  мысалы 
ретінде  білім    берудің  әртүрлі,  аудиожазбаларын  қолдану  сияқты 
технологияларын  атауға  болады.  Визуалды  технологияның  мысалы  ретінде 
статистикалық кескіндер, дыбыссыз кино технологияларын жатқызуға болады. 
Аудиовизуалдық  технологиялар  білім  берудің  электрондық  оқулық, 
бейнетаспа,  дыбысты  кино,  оқу  кинолары,  білім  беру  теледидары  ретінде 

44 
 
ұсынылады. 
Білім  беру  үдерісін  кеңістіктік  және  уақыттық  ұйымдастыру  жағынан 
бейнетаспа  қандай  да  бір  білім  беру  материалын  білім  беру  міндеттерін 
орындауға  байланысты  бӛлшектерге,  компоненттерге  бӛлу  мақсатында 
жасалады.  Сӛйтіп,  біртіндеп,  қадамдап  материалды  тиімді  меңгеруге  қол 
жеткізіледі,    жеке  қарқынмен  оны  ӛздігінен  меңгеру  мүмкіндігі  қамтамасыз 
етіледі.  Бірінші  айырмашылық  –  оқу  мазмұндары  ақпараттар  қоры  және 
оларды  меңгеру  бойынша  әдістемелік  нұсқау  болып  табылатын,  аяқталған, 
дербес  кешендермен  (ақпараттық  блоктармен)  беріледі.  Сӛйтіп,  білім 
алушылар  мақсатты  тұжырымдау,  жоспарлау,  ӛзін-ӛзі  ұйымдастыру,  ӛзін-ӛзі 
бақылау және ӛзін-ӛзі бағалау шеберліктерін қалыптастыра отырып, кӛп уақыт 
бойы  ӛздігінен  жұмыс  істейді.  Бұл  оларға  ӛздерінің  білім  мен  шеберліктер 
деңгейін  саналап,  кемшіліктер  мен  олқылықтарды  кӛре  білу  мүмкіндігін 
береді. 
     Білім  беру  үдерісін  жекелендіру  мүмкіндігі  әдістемелік  нұсқаудан,  жеке 
орындау  жұмыстарына    арналған  бланкілерден  тұратын  оқу-әдістемелік 
кешендерді қолдану арқасында жүзеге асырылады.  
    Бейнетаспамен    жұмыс  істеу  барысында  ақпараттық  технология  ретінде 
ерекше  құралдармен  жүзеге  асырылады.  Компьютерде  бағдарлама  құру 
логикасы, сұрақтар, тапсырмалар, әдістемелік қолдау құралдары, ғаламтордың 
қорлары  мен  технологияларына  кӛшу  арқылы  кері  байланыстың  болуын 
білдіреді.  Мұндағы  «ақпараттық  технология»  түсінігінің  ӛзі  кең  түрде 
түсіндіріледі:  бұл  субъектінің  ӛзімен-ӛзінің  іштей  диалогы  (сұрақтарға 
жауаптарды  ойлап  табу,  тапсырмаларды  орындау,  ойлану),  сондай-ақ  білім 
алушылардың  ӛзара  және  оқытушымен  алынған  ақпараттарды  талқылауы. 
Сӛйтіп,  ақпараттық  технологиялардың  формалары  ӛзгереді:  ең  алдымен  ол 
модульдер  арқылы,  сондай-ақ  қосымша  интербелсенді  кері    байланыстар 
(телефон,  электрондық  пошта,  жеке  кездесулер)  арқылы  жүзеге  асырылады. 
Ақпараттық  технологиялардың    бұл  түрі  оқытуды  субъект-субъектілікке 
негізге кӛшіруге ықпал етеді. Оның кӛмегімен білім алушылардың педагогпен 
әр кездесуге деген алдын-ала дайындықтарының арнайы деңгейіне ӛздігінше, 
саналы түрде қол жеткізулері қамтамасыз етіледі.  
Бейнетаспалар  тақырыптары  мүмкіндіктерінің  әртүрлігі  ӛте  маңызды:  олар 
бүкіл  тақырыпты,  арнайы  үзінділерді,  ұғымдарды,  репродуктивтік  және 
шығармашылық  сипаттағы  тапсырмаларды  орындау,  аналитикалық  немесе 
проблемалық  мәселелерді  ұсынуға  бағытталуы  мүмкін.  Аудиовизуалды 
тапсырмаларды  құру  технологиясы  әртүрлі  ғылымдардың:  психология, 
педагогика,  кибернетиканың  жетістіктеріне  негізделеді,  ӛйткені  ол  білім 
алушылардың  ой  әрекеттерін  қалыптастыру,  білім  алу  әрекеттерін  басқару 
идеяларына негізделеді.
 
 Компьютерлік  технологиялар  қазіргі  уақытта  жоғары  қарқынмен  дамып 
келе  жатыр  және  ол  мультимедиа,  гипермәтін,  модельдеу,  интерактивтікпен 
қоса  технологияның бұрыннан  бар  мүмкіндіктерін  қолдануға  ықпал етеді.  Ең 
негізгі  аспектілердің  бірі  –  интерактивтілік,  диалогты  синхронды  және 

45 
 
асинхронды  құру  мүмкіндігі.  Технологияның  басқа  түрлері,  мысалы 
видеотехнологиялар,  интерактивті  теледидарлар  да  диалогтың  туындауына 
ықпал  етеді,  бірақ  та  мұндай  диалог  іштей,  адамның  ӛз-ӛзімен    ғана  жүреді 
немесе ӛте шектеулі мүмкіндіктер береді. Компьютерлік технологиялар басқа 
субъектілерімен  диалогтық  деңгейге  шығуға  ықпал  етеді,  сӛйтіп  білім 
алушылардың белсенділігін анағұрлым арттырады. 
      Компьютерлік техниканың тез дамуы компьютерлік технологиялардың кең 
шоғырының  пайда  болуына  әсер  етеді.  Міне,  сондықтан  да  олар  білім  беру 
саласында  кеңінен  қолданылады.  Олардың  кеңістіктік-уақыттық  және 
ақпараттық  технологиялардың  мүмкіндіктерін,  хабарламалар  тілдерінің  және 
кері  байланыстарының  ерекшеліктерін  толығырақ  қарастырып  ӛтейік. 
Компьютерлік 
технологияларды 
қолдану 
арқылы 
ақпараттық 
технологиялакрдың  ерекшеліктерін  талдау  барысында  коммуникативтік 
құзыреттілікті:  сӛйлесім,  интерактивті  және  естілім,  айтылым,  тыңдалым 
сияқты жақтарына кӛңіл аудару қажет. 
Кері  байланыс  мүмкіндігі  жағынан  компьютерлік  технологияларды:  ашық, 
желі бойынша қолжетімді, жабық және автономды деп бӛлуге болады. Ашық 
немесе  желілік  компьютерлік  технологиялардың  интерактивті  мүмкіндіктері 
ӛте  жоғары,  оларды  қолдану  желі  бойынша  ӛзара  әрекеттесуге,  ғаламтор 
қорларын қолдану арқылы ақпараттарды кеңінен іздеуді жүзеге асыруға, ұқсас 
немесе  үйлесімді  қорлардың  тез  арада  басқаларына  ауысуға  ықпал  етеді. 
Педагогқа  ӛз  әрекеттерінде  монологтың,  сондай-ақ  диалогтың  (полилогтың) 
шеберлігі  мен  мәдениетін  меңгеру  қажет  болғандықтан,  қарым-қатынастың 
сипаты  жағынан  аталған  технологиялар  монологтың,  диалогтың  немесе 
полилогтың мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Бірақ та топта қарым-қатынастың 
ӛз ерекшелігі болатыны анық және анағұрлым күрделі.  
Білім  беруде  аса  кеңінен  қолданылатын  желілік  технологиялардың  ішінен 
электрондық  поштаны  (e-mail),  жіберу  тізімдері  (mailing  list),  желілік 
конференцияларды,  электронды  жұрналдарды,  білім  беру  чаттарын, 
бейнеконференцияларды,  топтық  семинарлар  мен  желілік  кеңестерді  және 
отандық білім беруде аса таралмаған MSN Messenger, ICQ, Web-CT, Miranda, 
Yahoo!  Messenger,  AOL  Messenger,    желілік  күнделіктерді  (блоктарды),  live 
journal (live-журналды) атауға болады.  
Аталған  технологиялар  мынадай  заманауи  технологиялық  қорларға 
негізделген:  бүкіл  дүниежүзілік  мультимедиалық  орта  (www);  мәліметтерді 
берудің    FIP-протоколы  (алыстағы  компьютерлермен  мәліметтерді  алмасуды 
жүзеге  асыруға  ықпал  етеді);  Telnet  протоколы    (алыстағы  компьютерлердің 
барлық  қорларымен  ақпараттық  ӛзара  әрекеттесуді  жүзеге  асыруға  ықпал 
етеді);  Gopher  (салынған  мәзір  жүйесі  бойынша  ауысуды  жүзеге  асыруға 
ықпал  етеді);  WAIS  (Wide  Area  Information  Search).  Ғаламтордың  барлық 
желісінде негізгі сӛздер бойынша іздеуді жүзеге асыруға ықпал етеді.  
Қарым-қатынастың  сипаты  жағынан  ақпараттармен  алмасудың  негізгі 
тәсілдері:  электрондық  пошта,  электрондық  конференциялар  мен  чат 
екендіктерін  атап  кеткен  жӛн.  Сондықтан  да  оларды  толығырақ  қарастырып 

46 
 
ӛтеміз. Messenger, ICQ,  Miranda  – бұлар чат түрлері, ал желілік форумдар мен 
семинарлар, желілік күнделіктер электрондық конференциядан бастама алады.  
     Ғаламтор  технологиясының  ең  кӛп  тарағаны    –  электрондық  пошта.  Бұл 
технология  бүгінгі  таңда  кәсіби  педагогикалық  білім  беруде  кеңінен 
қолданылып отыр.  
Техникалық  жағынан  алғанда  электрондық  поштаның  мүмкіндіктері  ӛте  зор 
және кӛптеген міндеттерді шешуге ықпал етеді:  
-
 
компьютердің    пернетақтасының  тікелей    кӛмегі  арқылы  дайындалған 
немесе файлдар түрінде зердеде немесе компьютерлік бағдарламада сақталған 
хабарламаларды беру;  
-
 
оқу  ақпараттарын  принтерде  басып  шығару  мүмкіндігімен  оларды 
компьютердің зердесінде сақтау;  
-
 
 дисплей экранында мәтіндер мен графиктерді кӛрсету;  
-
 
қабылданған  немесе  жіберілген  мәтіндік  хабарламаларды  дайындау 
немесе редакциялау;  
-
 
компьютерге үйрететін бағдарламаларды жіберу. 
     Электрондық  поштаны  қолданған  кезде  қарым-қатынастың  сӛйлесім 
аспектісіндегі  негізгі  салмақ  жазба  сӛзге  түседі.  Электрондық  пошта  екпін, 
ырғақ,  дауыс  тембрін  қолдануға  мүмкіндік  бермейді,  бұл  ауызшадан 
анағұрлым ұзын және күрделі сӛйлемдермен, басқа лексикамен ерекшеленетін, 
жазба  сӛздің  ерекше  стилін  білдіреді.  Эмоциялық    жай  тыныс  белгілері  мен 
ерекше таңбалар (смайликтер) арқылы беріледі.  
Қарым-қатынастың  естілім  жағының  да  ӛзіндік  ерекшелігі  бар.  Білім 
алушының  ішкі  жайын,  оның  әрекеттерге  деген  қарым-қатынасын  ұғыну 
қиындатылған,  ӛйткені  жазба  сӛз  эмоциялық  жайға  сәйкес  келмеуі  мүмкін. 
Бірлескен  әрекеттерді  ұйымдастыру  (коммуникацияның  интерактивті  жағы) 
толығымен  сӛйлеу  әрекеттері  деңгейімен  байланысқан.  Мұнда  сұрақтар  мен 
тапсырмалар  әрекеттерге  тартудың  құралы  рӛлін  атқарады,  дегенмен  де 
айтылатын ой нақтыланып, оның эмоциялық әсері болуы керек. 
Білім  мен  шеберліктер  қалыптасатын  сатыда  педагогтың  мақсатқа  сай 
электрондық  поштаны,  атап  айтқанда  жазбаша  тапсырмаларды  алу,  пікір 
алмасу үшін қолданады. Осы сатыда электрондық поштаның кӛмегімен кеңес 
беруді ұйымдастыруға болады: педагог білім алушының сұрақтарына жазбаша 
түрде  жауап  береді.  Бақылау  сатысында  да  электрондық  пошта  орындалған 
жұмыстар  мен  тапсырмаларды  жіберу  үшін  жартылай  қолданылуы  мүмкін. 
Бірақ  та  материалды  толығымен  меңгеру  деңгейі  туралы  толық  ақпарат  алу 
үшін шындық уақыт режиміндегі қарым-қатынас қажет. 
Дидактикалық  тұрғыдан  алғанда  электрондық  поштаның  кӛмегімен  «жіберу 
тізімдері»  (mailing  list)  режимін  қолдану  арқылы  «виртуалды  оқу 
сыныптарын»  ұйымдастыруға  болады,  «жіберу  тізімдері»  (mailing  list) 
режимінде  серверде  орнатылған  бағдарламалық  жасақтама  қолданушылар 
топтарының ӛзара әрекеттесулеріне мүмкіндіктер туғызады.  
     Кәсіби  әрекеттердегі  қарым-қатынастық  мәселелердің  кең  аясын  шешуге 
деген  дайындық  ретіндегі  болашақ  мамандардың  коммуникативтік 

47 
 
құзыреттілігін  қарастыру    –    оны  қалыптастырудың  осындай  мәселелерін 
шешу  арқылы  жүзеге  асыру  қажет,-  деген  қорытынды  жасауға  ықпал  етеді. 
Коммуникативтік  мәселелерді  шешу  сатыларын  проблемалық  жағдайларды 
шешу  сатыларына  ұқсастықтар  бойынша  белгілеуге  болады,  атап  айтқанда: 
мәселені  түсіну,  мәселені  қабылдау,  шешу  тәсілдерін  қарастыру,  таңдап 
алынған  тәсілдерді  жүзеге  асыру,  нәтижеге  қол  жеткізу,  нәтижені  бағалау, 
бұған ӛзін-ӛзі бағалау да кіреді.   
     Бұл  құрылымда    қарым-қатынастың  субъектілік  бағыты  мәселені  шешудің 
табыстылығын  анықтайтын  шарт  болып  табылады:  мәселені  қабылдау 
(мотивация)  оны  шешудің  сапалығын,  шешімдерді  іздеу  технологияларын 
(ақпараттарды  талдау,  жетіспейтін  білімдерді  іздеу,  таңдап  алынған  тәсілдің 
баламалығы  мен  жарамдылығын  бағалау)  меңгеруді  білдіреді,  сондай-ақ 
әрекеттер  субъектісінің  маңызды  сипаттамасы  болып  табылады.  Ӛзін-ӛзі 
бағалаудың баламалығы одан әрі ӛзін-ӛзі жетілдіруді білдіреді. 
     «Әрекеттер  субъектісі»,  «субъектілік  бағыт»  ұғымдары  түсіндіруді  қажет 
етеді.  Әрекеттер субъектісі – адамға қарағанда анағұрлым тар түсінік, ӛйткені 
кез  келген  адам  нақтылы  уақыттың  бір  бӛлігінде    тек  қана  бір  әрекеттің 
субъектісі  бола  алады.    Психологтар    бұл  түсінікке  біраз  салалар  кіреді  деп 
кӛрсетеді,  атап  айтқанда:  адамның  арнайы  әрекеттерді  орындауға 
қабілеттілігін  жүзеге  асыратын    орталық;  адам  организмін  энергетикалық 
қамтамасыз  ететін  сезім  органдары;  нұсқаулар,  яғни  адамның  әрекеттерді 
орындауға деген дайындығы.  
     Әрекеттерді  орындау  шеберлігі  заттық  мазмұнмен  анықталады.  Мазмұн 
тиісті  қажеттіліктердің  ӛзектілігі  мен  дәлме-дәл  сыртқы  жағдайлар  болғанда 
ғана  әрекеттерді  орындауға  мүмкіндік  береді.  Әрекеттерді  орындау 
шеберліктерінің бірнеше негізгі құрамдастары болады: 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет