ӘӨЖ 378: 37. 015. 3: 07 Қолжазба құқығында



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата03.04.2017
өлшемі0,65 Mb.
#11062
  1   2   3   4   5   6

         

        ӘӨЖ 378:37.015.3:07                                                  Қолжазба құқығында  



 

 

 

 

 

                                  СЕЙІТҚАЗЫ ПЕРИЗАТ БАЙТЕШҚЫЗЫ 

 

 

 

      Болашақ  мұғалімдерді бұқаралық ақпарат  құралдары арқылы 

тәрбие үрдісіне  дайындаудың ғылыми-теориялық негіздері 

 

 

 

 

                     13.00.08 − кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі 

 

 

 



 

Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін  

алу үшін дайындалған диссертацияның 

авторефераты 

 

 

 

                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы 

Астана, 2009 


 



  Жұмыс  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінде 

орындалған. 

 

 



Ғылыми кеңесшісі:                           ҚР ҰҒА академигі, педагогика  

                                                            ғылымдарының  докторы,          

                                                            профессор К.Қ.Құнантаева 

 

Ресми оппоненттері:                         педагогика ғылымдарының докторы,    



                                                            профессор Б.К.Момынбаев 

                                                                    



                                                            педагогика ғылымдарының докторы,    

                                                            профессор Ш.А.Абдраман 

 

                                                            педагогика ғылымдарының докторы,    



                                                            профессор Т.Ә.Қышқашбаев 

 

 

Жетекші ұйым:                                Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім 

                                                           академиясы 

   


 

    Диссертация  2009  жылғы  «    »                сағат  10.00-де  Еуразия 

гуманитарлық институтында (010009, Астана қаласы, М.Жұмабаев көшесі, 

3,  мәжіліс  залы)  педагогика  ғылымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін 

беру жөніндегі БД 14.50.09 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. 

 

 



 

Диссертациямен  Еуразия  гуманитарлық  институтының  кітапханасында 

танысуға болады. 

 

 



 

Автореферат 2009 жылы  «      »                      таратылды. 

 

 

Біріккен диссертациялық  



кеңестің ғалым хатшысы, 

педагогика ғылымдарының 

докторы                                                                                       

Б.А.Мукушев



 



КІРІСПЕ 



 

Зерттеудің  көкейкестілігі.  Болашақ  ұрпақтың  білім  алуы  мен  тәрбиесі, 

оның дамуы қашанда аса маңызды мәселелердің бірі болса,  жаңа ғасырға енген 

қазіргі  кезеңде  жоғары  технологиялық  ақпараттық  қоғамның  мүмкіндіктерін 

пайдалана отырып білім мен тәрбие беру көзделіп отыр. Өйткені, қоғамның қай 

саласында  болсын  жаңа  технологияға  кеңінен  мән  беру  өмірдің  өзі  талап  етіп 

отырған  мәселе,  олай  болса  қандай  да  жаңалықты  қабылдауға  бейім  және 

оларды  меңгеруге  дайын  жастардың  жаңа  технологияларға  лайықталған  білім 

мен тәрбие алуына ерекше көңіл бөлу заңдылық. Осы орайда жастардың қазіргі 

қоғамдағы орны және ұлттық құндылықтардың сақталуы мен тәрбиенің маңызы 

жайында  еліміздің  Президенті  Қазақстан  жастарының  І  съезінде  сөйлеген 

сөзінде  өте  маңызды  әрі  көкейкесті  мәселені  көтерді.  Н.Ә.Назарбаев  аталған 

кездесуде: 

«Жастардың 

бойында 


құндылықтардың 

дұрыс 


жүйесін 

қалыптастыру  керек,  оның  негізінде  еңбексүйгіштік,  ар-намыс,  парасаттылық, 

өзін-өзі  тұрақты  жетілдіруге  ұмтылыс  және  оқу,  тәртіп  сияқты  қасиеттер 

жатқаны  жөн»  деп  қазіргі  жастардың  бойында  аса  қажетті  құндылықтарды 

тәрбиелеуді  одан  әрі  жетілдіру  керектігін  және  оны  білім  мен  тәрбие  беруді 

дұрыс ұйымдастыру арқылы қалпына келтіру керектігіне мән беру қажеттілігін 

ерекше  атап  өтті.  Сондай-ақ  елбасы,  қазіргі  кезде  бұл  құндылықтарды  жастар 

мен  жасөспірімдердің  бойында  қалыптастыру  үшін  әртүрлі  іс-шараларды 

жүзеге  асыру  арқылы  қол  жеткізу  керектігін  айта  отырып,  әсіресе  бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  ықпалына  үлкен  мән  берудің  тиімділігіне  және  оның  

бұл мәселелерді жүзеге асыруда аса маңызды құрал екендігіне тоқталды. 

Олай болса, бүгінгі күні ақпараттық технологияларға бейімделген білімді, 

тәрбиелі,  мәдениетті  тұлғаны  өмірге  дайындауда  негізгі  құралдардың  бірі 

ретінде бұқаралық ақпарат құралдары мүмкіндіктеріне қоғамның кеңінен көңіл 

бөле  бастауы  бекер  емес.  Өйткені,  өзінің  кең  мүмкіндіктеріне  қарай  кейінгі 

кездері бұқаралық ақпарат құралдары адам өмірінде белгілі дәрежеде ықпалды 

роль  атқарып  отыр.  Осы  тұрғыдан  қарастырғанда,  қазіргі  уақытта  ақпарат 

құралдарының  мүмкіндіктерін  ескермей  рухани  өмірдің  қай  саласындағы  да 

әлеуметтік-мәдени  дамуды  елестету  қиын  болса,  олардың  ең  алдыңғы 

қатарында білім беру жүйесі тұр. Демек, жаңа технологиялар заманында уақыт 

талаптарына жауап бере алатын тәрбиелік әдістерді, құралдарды анықтап, оны 

қолданысқа  ендірудің  қажеттілігі  туындайды.  Педагог  ғалымдар  әр  елдің 

тәжірибелерін  қарастыра  отырып,  тәрбие  беруде  барлық  әлеуметтендіру 

институттарының бірлесіп әрекет етуі тиісті нәтиже беретінін үнемі айтуда. Ал 

тәрбие  институттары  ретінде  ең  алдымен  отбасын,  оқу-тәрбие  мекемелерін 

қарастыратын  болсақ,  сонымен  қатар  соңғы  уақыттарда  олардың  қатарына 

бұқаралық ақпарат құралдары да еніп отыр.  Бұқаралық ақпарат құралдарының 

оқу-тәрбие  үрдісіндегі  ролінің  ұлғаюына  қарай,  оның  мүмкіндіктерін 

педагогика  және  психология  тұрғысынан  тереңірек  талдауды  қажет  етеді. 

Әсіресе 

БАҚ-тың 


танымдық-тағлымдық, 

ақпараттық, 

рекреативті, 

релаксациялық,  коммуникативті  мүмкіндіктері  жан-жақты  зерттеле  бастады 

және педагогикада жаңа «медиабілім» бағыты пайда болды. Медиабілім берілу 


 

қажеттігін  ұсынған  тұжырымдамалар  мен  оларды  жүзеге  асыруға  арналған 



бағдарламалар бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлерінің және соған 

қатысы бар техникалық құралдарды пайдалана білуге жасөспірімдерді үйретуді,  

соған орай  бұл іс-әрекетке болашақ мұғалім мамандардың дайындығын жүзеге 

асыруды  көздейді.  Осы  тұжырымдамаларды  негізге  ала  отырып  ғалымдар 

медиабілім проблемасы бойынша зерттеулер жүргізуде және бұл зерттеулерде 

медиабілім  берудің  негізгі  тармағы  болып  табылатын  БАҚ  ролінің  оқушылар 

өмірінде барынша артып отырғандығы көрсетіледі. 

БАҚ-тың  жасөспірімдердің  дамып,  қалыптасуындағы  орнын  әртүрлі 

аспектіде  (философия,  мәдениеттану,  педагогика,  психология)  қарастырып 

жүрген  бір  топ  шетелдік  ғалымдарды  атап  өтуге  болады.  Олар: 

Е.Н.Барышникова, А.Н.Богомолов, Г.Г.Воробьев, Г.Т.Волкова, С.А.Герасимова, 

Г.В.Грачев, Г.Г.Громов, И.Ю.Глинская, Е.Л.Доценко, А.А.Марков, Н.В.Махова, 

Л.С.Зайцева,  О.В.Краснова,  И.А.Колесникова,  К.Г.Кречетников,  А.А.Журин, 

Е.С.Полат,  Е.В.Шуварикова,  И.В.Челышева,  С.Б.Цымбаленко,  И.А.Яременко 

және  т.б.  Сондай-ақ,  соңғы  уақытта  педагогикада  жаңа  бағыт  деп  танылып 

отырған  медиабілім  беру  негізінде  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  оқу-тәрбие 

үрдісінде  пайдалану  мәселесіне  зерттеу  жүргізудің  бір  ізділігін  жасаған 

ғалымдардың  (Л.М.Баженова,  О.А.Баранов,  Л.С.Зазнобина,  И.С.Левшин, 

Л.Мастерман, 

С.Н.Пензин, 

А.А.Новикова, 

Ю.К.Усов, 

А.В.Федоров, 

А.В.Шариков)  еңбектері  назар  аударарлық.  Бұл  ғалымдардың  зерттеулерінде 

бүгінгі күні медиабілім берудің аса маңыздылығы және оны жолға қою арқылы 

жасөспірімдердің  бойында  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  тиімді  пайдалануға 

деген көзқарасты қалыптастыру мүмкіндігі жоғары екендігі нақтыланған. 

Баспасөз  құралдарын  (мерзімді,  педагогикалық)  оқу-тәрбие  үрдісінде 

пайдаланудың  тиімділігіне  байланысты  Г.В.Абросимова,  А.П.Апполонова, 

В.Ш.Самедов, 

О.П.Симанчук, 

Н.В.Иванова, 

Н.С.Малеванный, 

Г.Х.-


А.Махмудова,  Ю.М.Новокшонов,  Д.Ф.Мезенцев,  Г.С.Мельник,  Т.А.Репида, 

С.В.Миликидзе, Н.К.Шипатильник, С.Н.Янпольский, ал отандық ғалымдардың 

ішінде  Қ.А.Ақтамбеков,  С.Абдукадирова,  Р.Г.Ахмадиев,  В.А.Бородин, 

И.П.Гуляева,    Ү.Жұмабекова,  С.Н.Имашев,  Г.Исмағұлова,  Н.М.Наренов, 

Ә.О.Оразова,  Н.П.Скальковская,  А.А.Тіленбаева  және  тағы  басқалар  зерттеу 

жүргізген.  Бұл  зерттеулер  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қай  кезеңде  де 

мектеп оқушылары үшін дүниетанымдық тұрғыда негізгі білім көзі және басты 

тәрбие  құралы,  сондай-ақ  әлеуметтендіруші  институттардың  бірі  болып 

отырғанын  нақтылайды.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарын  жасөспірімдердің 

дүниетанымын  тәрбиелеуде,  көзқарасын  қалыптастыруда  және  өмірге 

бейімдеуде  негізгі  әлеуметтік  институттардың  бірі  деп  танитын  болсақ,  оның 

мүмкіндіктерін тәрбие ісінде пайдалана білуге болашақ мұғалімдерді дайындау 

қажеттігі  маңызды  мәселе.  Өйткені,  бүгінгі күні  тәрбие  үрдісінде  БАҚ  тәрізді 

мүмкіндігі кең құралды пайдаланбау мүмкін емес. 

Ұлы  ғұламалардың  пікірлерінде  тәрбиесіз  берілген  білімнің  тиімді 

болмайтыны  анық  айтылса,  тәрбие  мәселесі  отандық  ғалымдардың  қашанда 

назарында.  Жасөспірімдердің  тәрбиесі  және  оған  болашақ  мұғалімдердің 

дайындығы  мәселелері  А.Б.Абибулаева,  Б.Айтмамбетова,  Қ.Ж.Ағанина, 



 

С.Әбенбаев, 



З.Әбілова, 

М.Әлімбаев, 

М.Әмірбекова, 

Е.З.Батталханов, 

Р.Башарұлы,  А.А.Бейсенбаева,  С.Ғаббасов,  А.П.Сейтешов,  К.Сейталиев, 

В.Сергеева,  Р.К.Төлеубекова,  Ә.Табылдиев,  А.Ғ.Қазмағанбетов,  С.Қ.Қалиев, 

Ә.Жұмаханов, Л.К.Керімов,  З.Ө.Кенесарина, К.Қ.Құнантаева, Ж.Ж.Наурызбай, 

А.Н.Тесленко,  Б.Тлеулов,  С.А.Ұзақбаева,  А.Ілиясова  және  тағы  басқа  да 

еліміздің белгілі ғалымдарының  зерттеулерінде жан-жақты қарастырылады. 

Сондай-ақ, болашақ мамандарды кәсіби тұрғыдан дайындауға байланысты 

проблеманың 

бірқатар 

аспектілері 

Г.К.Ахметова, 

Б.Әбдікәрімұлы, 

С.Ә.Әбдіманапов, 

А.М.Әбдіров, 

Ш.Ә.Әбдіраман, 

Ғ.З.Әділғазінов, 

Р.Ч.Бектұрғанова,  Қ.Б.Бөлеев,  Т.Т.Галиев,  Д.М.Джусубалиева,  В.В.Егоров, 

М.Ж.Жадрина, К.К.Жанпейісова, Е.Ұ.Жұматаева, А.А.Қалыбекова, Ж.А.Қараев, 

С.Т.Каргин,  Б.Т.Кенжебеков,  С.М.Кеңесбаев,  Қ.М.Кертаева,  М.А.Құдайқұлов, 

М.Қ.Құрманов, 

Т.Ә.Қышқашбаев, 

М.С.Мәлібекова, 

Г.Ж.Меңлібекова, 

Б.К.Момынбаев,  Б.А.Мукушев,  Б.Ы.Мұқанова,  Г.Қ.Нұрғалиева,  О.Нұсқабаев, 

С.Т.Сабыров,  М.Н.Сарыбеков,  О.С.Сыздықов,  Ш.Т.Таубаева,  Ә.Ә.Усманов 

және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде зерделенген. 

Сонымен қатар, біздің зерттеу проблемамызды толыққанды зерделеу үшін 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының  негізі  болып  табылатын  журналистика 

саласымен  байланыстыра  қарастыру  заңдылық  деп  есептейміз.  Бұл  саладағы 

ғылыми еңбектерге талдау барысында елімізде қазіргі журналистиканы балалар 

мен  жастар  тәрбиесімен  сабақтастықта  қарастырған  бірқатар  еңбектердің  бар 

екендігіне  көз  жеткіздік.  Олардың  ішінде,  Б.Жақып,  Ж.О.Кенжалин, 

Г.Ж.Ибраева, 

С.Қозыбаев, 

Н.Омашев, 

Г.Ә.Сәрсенбекова, 

Қ.Тұрсын, 

Н.Г.Шыңғысовалардың  еңбектері  аталған  проблеманы  жан-жақты  зерделеуге 

үлкен  мүмкіндік  берді.  Әсіресе  республикалық  телеарналардың  жастар  мен 

жасөспірімдерге арналған бағдарламаларының қалыптасу және даму тарихына 

баға  берген,  сондай-ақ  олардың  өзіндік  ерекшеліктері  мен  бүгінгі  жастардың 

сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған арналардың жұмыстарына талдау 

жасаған ғалымдар Н.Шыңғысова мен Г.Ибраеваның зерттеу еңбектерінің біздің  

зерттеу  жұмысымыздың  проблемасын  жан-жақты  ашыла  түсуіне  үлесі  мол 

болды.  Өйткені,  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арасында  адамзаттың 

пайдалануы  жағынан  негізгі  орынды  алып  отырған  теледидардың  қоғамның 

болашағы  жасөспірімдердің  мінез-құлқының  қалыптасып  дамуындағы  ролін 

жоққа шығару мүмкін емес, керісінше оның осындай мүмкіндіктерін пайдалана 

білуге балалардың дайын болуы бүгінгі күні маңызды болып отыр. Сондықтан, 

жасөспірімдердің  өміріндегі  маңыздылығын  ескере  отырып,  БАҚ-тың 

ұсынатын өнімдерінің балалар мен жастардың дамуында қаншалықты пайдалы 

болып отырғандығы, олардың көздеген идеологиясын болжау, оларға баға беру 

журналистика  саласының  мамандарының  ғана  міндеті  болу  дәрежесінен  асып 

кеткендігі мәлім. Демек, тәрбие ісі баршаға ортақ болғандықтан, ғылымдардың 

интеграциясы  маңызды  болып  табылатыны  сөзсіз.  Қарастырылып  отырған 

проблема  тұрғысынан  алғанда,  педагогика  мен  журналистика  салаларына 

біртұтастықта зерттеу жүргізіп, білім және тәрбие мәселесінде оң нәтижелерге 

қол  жеткізуді  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Бұл  зерттеу  жұмысының 


 

барысында  журналистика  бойынша  зерттеу  жұмыстарына  да  кеңінен  мән 



берілуі осының бір айғағы. 

Қазақстан  республикасының  жаңа  формация  педагогына  үздіксіз 

педагогикалық  білім  беру  тұжырымдамасында  көрсетілгеніндей,  қазіргі  білім 

беру жүйесіндегі дағдарыстардың болуы білімнің тиімділігінің жетіспеуіне ғана 

байланысты  емес.  Ол  жас  ұрпақтың  интеллектуалдық,  жеке  тұлғалық, 

адамгершілік-рухани  дамуында  жіберіліген  кемшілік,  сонымен  қатар  білім 

жүйесінің  жеке  тұлғалық  менталитетін  қалыптастыруда,  жалпы  адамзаттық 

құндылық,  толеранттық  және  ынтымақтастық  социум  тұрғысынан  білім  беру 

жүйесінің  дайындығы  жоқтығынан  делінген.  Сондықтан  педагогикалық  білім 

берудің  әртүрлі  кезеңдерінің  мақсаты  –  педагог  біліктілігінің  дамуына 

көмектесу,  кәсіби  міндеттерді  шешудегі  қабілеттерін  жетілдіру  болып 

табылады. 

Болашақ  мұғалімнің  тәрбие  үрдісіне  жан-жақты  дайындығы,  мектепте 

оқушылардың  тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруда  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының 

мүмкіндіктерін 

пайдалана 

алуы 


мәселесі 

студенттің 

мамандықты  меңгеру  барысындағы  дайындығына  тікелей  байланысты. 

Қоғамның  постиндустриялды  дамуы  және  ақпарат  алу  мүмкіндігінің 

жоғарылауы  жағдайында, жоғары кәсіби деңгейді иеленген, шығармашылыққа 

және  өзіндік  жұмысқа  қабілеті  бар  маман  дайындау  мәселесі  одан  әрі  ерекше 

маңызға  ие  бола  бастады.  Ақпараттық  технологиялардың  аса  жоғары 

қарқынмен  дамуы  мұғалімнің  кәсіби  іс-әрекетін  өзгертуді,  демек,  болашақ 

мұғалімдердің  өз  қызметінде  жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалана 

білуге  дайындығы  мәселесін  алға  қойып  отыр.  Сондықтан,  педагогикалық 

мамандыққа  білім  алып  жатқан  студенттер  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

арқылы  тәрбие  үрдісіне  оқу  орындарында  дайындалуы  өте  маңызды  мәселе 

болып  табылады.  Дейтұрғанмен,  соңғы  кездері  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының  тәрбиеге  ықпалдылығы  мен  әсерін  ізденушілер  біршама 

қарастырып  жүргенімен,  зерттеу  жұмыстарының  арасында  болашақ  мұғалім 

мамандарды  оларды  тәжірибеде  пайдалана  білуге  дайындау  туралы  нақты 

ғылыми  тұрғыдан  негізделген,  жүйеленген  еңбектердің  жоқ  екендігіне  көз 

жеткіздік.  Сондай-ақ,  төмендегідей  бірқатар 



қарама-қайшылықтарды 

анықтадық, атап айтқанда: 

-

 

жасөспірімдердің  өмірге  көзқарасын  қалыптастыруда  ерекше  насихат 



құралы  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  тәрбие  ісінде  қажеттілігі  жоғары 

болғанымен,  ол  мүмкіндіктерді  мұғалімдердің  тәжірибеде  пайдалануы 

барысында қиындықтармен жолығуы; 

-  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  ролінің  артып  отырғандығына 

қарамастан,  болашақ  мұғалімдердің  бойында  ақпарат  құралдарын  тәрбие 

үрдісінде пайдалана білу іскерлігі қалыптаспағандығы; 

-  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  тәрбиелік  мүмкіндіктерін  пайдалануға 

болашақ  мұғалімдерді  мақсатты  түрде  дайындауға  байланысты  ғылыми 

негізделген әдістердің болмауы. 

Сонымен,  ақпараттық  заманда  қоғамның  жастар  мен  жасөспірімдерді 

өмірге  толыққанды  бейімдеуге  байланысты  қойып  отырған  талаптары  және 


 

аталған  мәселенің  теориялық  және  практикалық  тұрғыда  жеткілікті  түрде 



талданбауы  арасындағы  қайшылықтар  біздің  зерттеу  проблемамызды 

айқындап,  зерттеу  тақырыбын  «Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат 



құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындаудың  ғылыми-теориялық 

негіздері» деп алуымызға себеп болды. 

Зерттеу  мақсаты:  болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындаудың  ғылыми-теориялық  негіздемесін  және 

әдістемелік жүйесін жасау. 

Зерттеу нысаны: жоғары кәсіптік педагогикалық білім беру жүйесі. 

Зерттеу пәні: болашақ мұғалімдерді тәрбие жұмысына дайындау үрдісі. 

Зерттеудің  болжамы:  егер,  болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат 

құралдары арқылы тәрбие үрдісіне дайындаудың тұжырымдамасы, моделі және 

және  оларды  жүзеге  асыруға  байланысты  әдістеме  дайындалса,  онда  болашақ 

мұғалімдерді тәрбие үрдісіне дайындауда  БАҚ мүмкіндіктеріне педагогикалық 

оқу  орындарында  кеңінен  мән  берілер  еді,  ал  бұл  үрдіс,  ақпараттық  заманда 

БАҚ-ты тәжірибеде тиімді пайдалануды жүзеге асыруға негіз болады. 



Зерттеу міндеттері: 

1.  БАҚ-тың  мүмкіндіктерін  жасөспірімдердің  тәрбие  үрдісінде  пайдалану 

тиімділігі  туралы  пікірлерге  талдау  жасау  арқылы,  оның  жалпы  қоғам 

дамуындағы  орнына  баға  беру.  БАҚ  арқылы  болашақ  мұғалімдерді  тәрбие 

үрдісіне дайындаудың маңыздылығын анықтау; 

2.  «Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 

үрдісіне  дайындау»,  «бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  беру», 

ұғымдарының педагогикалық мәні мен мазмұнын нақтылау; 

3. Білім беру жүйесінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану жайына 

және оған болашақ мұғалімдерді дайындау мәселесіне талдау жасау; 

4.  Болашақ  мұғалімдерді  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындау 

тұжырымдамасы  мен  моделін  жасау  және  оған  ғылыми  негізделген  талаптар 

қою; 

5.  Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 



үрдісіне дайындауда жоғары педагогикалық оқу орындары оқу-тәрбие үрдісінің 

мүмкіндіктерін анықтау және білім мазмұнын жетілдірудің негіздемесін жасау; 

6.  Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 

үрдісіне дайындаудың педагогикалық жүйесін құру; 

7.  Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 

үрдісіне  дайындаудың  тиімділігін  көрсетуге  байланысты  жұмыстардың 

нәтижелігін дәлелдеу; 

8.  Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 

үрдісіне дайындаудың әдістемесін жасау және оны тәжірибеге ендіру. 

Зерттеудің  жетекші  идеясы:  болашақ  мұғалімдер  оқушылармен  тәрбие 

жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алуы үшін жасөспірімдердің қалыптасуында 

өзіндік  орны  бар  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  мүмкіндіктерін  тиімді 

пайдалануға  оқу  орындарында  жан-жақты  дайындалуы  тиіс.  Ал  бұл  үрдіс  ең 

алдымен  болашақ  мамандардың  жалпы  білім  беру  пәндерінің  мазмұнындағы 

мәселелерді  меңгеру  барысында  жүзеге  асырылатын  болса,  сонымен  қатар 



 

базалық  және  кәсіби  циклдың  құрамындағы  пәндердің  мазмұнына  өзгерістер 



енгізу  маңызды.  Сондай-ақ,  таңдау  компоненттеріндегі  пәндердің  құрамына 

көңіл  бөле  отырып,  олармен  қатар  арнайы  курс,  арнайы  семинарларды  енгізу 

нәтижесінде және әртүрлі аудиториядан тыс шараларды ұйымдастыру арқылы 

жүзеге асырылуын қамтамасыз ету керек. 



Зерттеудің  теориялық  –  әдіснамалық  негіздеріне:  кәсіпке  дайындықты 

қалыптастыру  теориясы,  бұқаралық  коммуникация  теориясы,  тұлғаны 

әлеуметтендіру теориясы, жеке тұлға және іс-әрекет теориясы, тәрбие теориясы, 

таным  теориясы,  жеке  тұлғаның  үздіксіз  қалыптасуы  мен  дамуы  туралы 

философиялық  ойлар,  қоғамдық  құрылыстағы  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

туралы  ілім  және  жеке  тұлғаны  тәрбиелеу,  дамыту,  қалыптастырудағы 

бұқаралық ақпарат құралдарының ролі туралы қағидалар алынды. 

Зерттеу  көздері:  зерттеу  проблемасы  бойынша  философ,  психолог, 

педагогтардың 

еңбектері, 

мемлекеттік 

ресми 

құжаттар: 



Қазақстан 

Республикасының  «Білім  туралы  заңы»,  Қазақстан  Республикасындағы  білім 

беруді  дамытудың  мемлекеттік  тұжырымдамасы,  Қазақстан  Республикасының 

жоғары 


педагогикалық 

білім 


беру 

тұжырымдамасы, 

Қазақстан 

Республикасының  жаңа  формация  педагогына  үздіксіз  педагогикалық  білім 

беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі 

тәрбие  берудің  кешенді  бағдарламасы,  Қазақстан  Республикасы  Білім 

Министрлігінің «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасының 

«Бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы  заңы»,  сонымен  қатар,  жоғары 

педагогикалық  білім  беретін  оқу  орындарының  оқу  жоспарлары,  типтік 

бағдарламалары,  силлабустар,  оқу-әдістемелік  кешендері,  оқу-әдістемелік 

құралдар,  тәрбие  жұмысы  жоспарлары,  сондай-ақ,  мектептердің  тәрбие 

жұмыстары  жоспарлары,  мұғалімдердің  озық  педагогикалық  іс-тәжірибелері, 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының  (теледидар,  радио,  газет-журналдар) 

материалдары. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет