Әож 82-311. 2 Әйелдер қҰҚЫҒы идеясы және қазақ Әдебиетіндегі әйелдер образы



жүктеу 147.42 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.02.2017
өлшемі147.42 Kb.

ӘОЖ 

82-311.2

ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР 

ОБРАЗЫ

 

Г. Ақанқызы, аға оқытушы



(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік

 қыздар педагогикалық университеті)

Аңдатпа

:  Әйелдер   құқығы   идеясы   (feminism)   пайда   болғаннан   бастап 

әдебиетпен   тығыз   байланыста   болып   келеді.   XIX   ғасырдың   соңында   драматург 

Ипссенің (1828— 1906) «Нара» шығармасынан кейін,  Батыс қоғамында «Нара енді не 

істейді?»   деген   таласты   сұрақ   туындаған   болатын.   Батыстың   әйелдер   құқығы 

идеясының қалыптасып, жүйеленіп, бүгінгідей арналы идеяға айналуына Нара образы 

үлкен рөл ойнады.  Мақалада қазақ әдебиетіндегі ер авторлар жазған   XX ғасырдың 

алғашқы ширегінде жарық көрген С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», М.Жұмабаевтың 

«Шолпанның күнәсі», Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», М. Әуезовтың «Қаралы сұлу», С. 

Мұхановтың   «Ботакөз»,   т,б,     және   пост-кеңестік   жазушылар   Д.   Исабеков,   Б. 

Нұржекеев,   Қ.Түменбай,   т.б.шығармаларындағы   бір   ғасырға   жалғасқан   әйелдер 

образының ерекшеліктеріне тоқтала отырып, қазақ қоғамының өзгерісін қазақ әйелдері 

құқығының өзгерісімен сабақтастыра отырып зерттеліп, талдау жасалады. 



Түйін   сөздер:  әйелдер   құқығы   идеясы,   қазақ   әдебиеті,   ерлердің   тұрғысы, 

әйелдер образы, үнсіздік. 

Қазақ қоғамы өткен бір ғасырлық даму тарихында әйелдерге шекті құқық берген 

дәстүрлі танымнан бүгінгі шартты түрде әйелдерге ерлермен тең құқық қарастырған 

қоғамға жетті. 

 

Қазақ   әдебиетінде   өткен   ғасырда   әйелдер   образын   негізінен   ер   жазушылар 



жазған.  Әйелдер құқығы идеясы ер жазушылар шығармаларында әйелдерге ерлердің 

тұрғысынан   қарастырылады.   1910-1940   жылдары   жарық   көрген   С.   Торайғыровтың 

«Қамар сұлу», М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», М.Әуезовтың «Қаралы сұлу», С. 

Мұхановтың «Ботакөз», Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» шығармалары әйелдер құқығы 

идеясының бірінші кезең көрінісі .

Екінші   кезең   1960-1990   жылдарда   кеңес   қоғамында   жарық   көрген   Ә. 

Нұршайықовтың   «Махаббат   қызығы   мол   жылдар»,   Д.   Исабектің   «Әпке»   сахналық 

шығармасындағы  әйелдер құқығы идеясынің көрінісі. 

Үшінші кезең пост-кеңестік қоғамда жарық көрген Б. Нұржекеев, Қ. Түменбай 

шығармаларындағы әйелдер құқығы идеясының көрінісі. Осы ғасырлық уақытта қазақ 

қоғамында  Батыс   Еуропадағы   Әйелдер  құқығы   идеясы  деңгейіне  жетпесе   де,  үлкен 

дамуды бастан кешті. Бұдан сөз үнсіздік өзгерісінен – қазақ қоғамындағы әйелдердің өз 

құқығын қорғау жағында үнсіздік  жағдайдан біртіндеп өз құқығын саясат, экономика 

жағында мүмкіндігінше қорғай алатын деңгейге жеткені көруге болады.

      

Адамзаттың   бүгінге   дейінгі   жазба   мәдениетінің   тарихына   үңілсек,   адамзат 



(human being), адам (human),   тарих (history) деген ұғымдарды пайымдаудан тұрады. 

Соған   қарамастан,   осы   ұғымдар   тікелей   ерлердің   тұрғысынан   жазылған.   Әйелдер 

тақырыбына жазылса да, ер адамдар өз тұрғысынан (male perspective) жазды. Адамзат 

мәдениетінің   бесігі   саналған   Египет,   Грек-Рим,   Парсы,   Үнді,   Қытай   мәдениетінің 

жазбаларынан   бүгінге   жеткен   деректерден   біз   осыны   аңғарамыз.   Бұл   жағынан 

жоғарыдағы тарихта әйел заты үнсіз (the silence) қалып келген.       

XVIII   ғасырдың   соңында   Еуропада   ерлердің   әйелдерді   толықтай   бағынышты 

еткен  қоғамдық  отағасылық үстемдігіне  қарсы  әйелдер құқығы  идеясының  алғашқы 

негіздері пайда болды. 1791 жылы Франция төңкерісі қарсаңында О.Гоужес (Olympe de 

Gouges) «Әйелдер құғығының жарнамасы» шығармасында  автор «әйелдер — туғаннан 



еркін   адам,   ол   ерлермен   тең   құқылы»   деп   жазды.   АҚШ-тық   М.Фуллер   әйелдердің 

заңды   құқығы   мен   тұрмыстағы   құқықтарын   философиялық   тұрғыдан   дәлелдеуге 

тырысты. Ол әйелдер отбасымен ғана шектеліп қалмауы тиіс, қайта, өзін түрлі салада 

жетілдіруді мұрат етіп ұстануы, ақыл-ой, сана-сезім, ғылым-білім жағында жетілу әйел 

затының   өзін   шындай   түсінуіне   жол   ашады   деп   қарады.   Ағылшын     Дж.Милл 

әйелдердің неке заңында ерлермен тең құқықты болу мәселесін көтерді. Ол неке шарты 

екі жаққа да тең болуы, әйелдерде некеден бас тарта алатын құқық болуы тиіс, әйел 

заты қоғамдық еңбекке араласуы керек, бұл олардың өзін асырауы үшін еріксіз некеге 

баруының   алдын   алады   деп   санады.   Әйел   заты   қоғамдық   еңбек   бәсекесіне   толық 

араласқанда ғана өзінің орнын табады, сондай-ақ, қоғамның қажетін толықтайды деп 

қарады.   Ф.Энгельстің   «Отбасы,   жекеменшік   және   мемлекеттің   пайда   болуы»   (Der 

Ursprung   der   Familie,   des   Privateigentums   und   des   Staats6   1884   ),   С.Веаувоурдің 

М.Далидің «Әйел затының қоғамы» (Gyn Ecology), т.б. еңбектері әйелдердің саясатта, 

экономикада   және   мәдениетте   ерлердің   еркіне   бағынышты   еткен   қоғамдық 

әділетсіздікті   өзгертіп,   өз   тұрғысын   табуына   теориялық   негіз   қалады.   Қоғамдық 

теңдіктен соң тең құқық талап етуге мүмкіндігі жетті. Бүгінгі таңда  таптық, нәсілдік, 

мәдениеттік   айырмашылықтардан   жоғары   тұратын   бұл   идея   әйелдердің   құқығын 

қорғап қана қоймай, қоғамдық ғылымның барлық саласына ықпал етіп, адамзат қоғамы 

кез келген қайшылықтарды шешуде өз тұрғысынан жауап іздеп келеді. 

Әйелдер   құқығы   идеясы   пайда   болған   күннен   бастап   әдебиетпен   тығыз 

байланыста  болды.  Зерттеу аумағы  — қоғам / адам, әйел / ер, әйел /отбасы, әйел / 

қоғам,   т.б.   қатынастарын   қамтитын   әйелдер   құқығы   идеясы   дәл   осы   саланы   кең 

көлемде, жан-жақты, өзіндік   тәсілмен бейнелейтін әдеби шығармалардан өзіне дәлел 

тауып   келеді.   Соның   нақты   бір   мысалы   ретінде   Дания   драматургі   Х.Ивсеннің 

«Қуыршақ  отбасы»   (A  Doll's  House)  сахналық  шығармасын   айтуға   болады. Аталған 

шығарма   XIX   ғасырдың   соңында   Еуропа   қоғамындағы   әйелдердің   отбасы 

қатынасының жағдайына үңіле отырып, қайшылықтарды  бейнелеген. Нара образында 

дәстүрлі   отбасы   әйелінің   жаңа   бейнесі   жасалған.   Ол   қоғамнан   отбасына   дейінгі 

ерлердің үстемдігі жүріп тұрған ортада алғаш болып өзінің тәуелсіздігі,  бостандығы 

туралы   ойланады.   Нара   образынан   XX   ғасырда   саясатта,   экономикада,   мәдениетте 

қоғамда тең құқығы болуын талап еткен әйелдердің алғашқы бейнесін көреміз. Туынды 

авторы   ер   адам  болса   да  жоғарыдағы   шығарма   әйелдің   еркі   мен   құқығы   мәселесін 

көтерді.   Шығарманың   өмірге   келуіне   сол   тұста   қоғамда   бел   алған   әйелдер   құқығы 

қозғалысының ықпалы болғаны анық. 

Ежелгі Грекиядағы  «Илиада» эпосындағы Илена мен Кассандраның, байырғы 

арабтың   «Мың   бір   түн»   шығармасындағы   әйелдердің,   ортағасырлық   қытай 

әдебиетіндегі көптомды роман   «Үш патшалық шежіресіндегі» әйелдердің, қазақтың 

«Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс» эпостарындағы   Құртқа, Қарлыға, Ақжүніс, 

т.б.   әйелдердің   образынан   осыны   көреміз.   Бұларды   ерлер   көзқарасы   тұрғысымен 

жазылған әйелдер образы деп атауымызға болады.    

         XX   ғасырдың   басында   С.   Торайғыров   (1893-1920ж.)   «Қамар   сұлу»   өлең-

романында дәстүрлі рулық-отағасылық билік үстемдік еткен қоғамдағы қазақ қызының 

тағдырын жазған. Қамар — бай әулеттен шыққан сұлу қыз. Он бес жасқа келген Қамар 

көркіне   ақылы   сай   (хат   таниды,   өлең   шығарады)   барлық   жағынан   сол   тұстағы   өз 

құрбыларынан оқ бойы озық тұрған жан. Соған қарамастан Қамар өз қалауымен сүйген 

адамына тұрмысқа шыға алмайды. Қамардың әкесі мен шешесі жанындай жақсы көрсе 

де, дәстүрлі қоғамдық салт бойынша оны сүйген жігіті Ахметке емес, малы көп бай 

Нұрымға береді. Бұл шығармада дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйел затының отбасы мен 

рудың мүддесіне сай малға сатылып кете беретін бас еркіндігі жоқ материя ретінде 

көрінеді.  Оның  қоғамдық  орны  тек   отбасымен   ғана  өлшенеді.  Сондықтан   да  Қамар 

ақылды, сұлу болса да, тағдырынан қашып құтыла алмайды.  Бұдан С. Торайғыров өз 

дәуіріндегі қазақ әйелдерінің тағдырына алаңдайтынын, алайда, алаңдаудан өзгеге бара 



алмайтын   шарасыздығын   көреміз.   Қамар   сұлу   образы   соған   дейін   малға   сатылып, 

тағдыры   тәлкек   болып   кете   берген   қазақ   қоғамындағы   әйелдердің   әдеби   мәтіндегі 

көрінісі деп бағалауға болады. 

М.   Әуезовтің   (1897—1961ж.)   «Қаралы   сұлу»   әңгімесінен   дәстүрлі   қоғамдық 

қатынас құрсауындағы қазақ әйелінің образын кездестіреміз. Жастай ері қайтыс болған 

Қаракөз бір әулеттің заңды басшысы. Бас еркі еріне тәуелді өзге қазақ әйелдері сияқты 

емес,   ол   өз   ортасында   саяси,   экономикалық   жақтан   еркін   тұлға.   Соған   қарамастан 

шығарманың   соңында   Қаракөз  жалшыға  тұрмысқа   шығуға   мәжбүр   болады.   Мұнда 

Қаракөз саяси, экономикалық тәуелді болмаса да, ол — бәрібір әйел, оның орны отбасы 

деген көзқарас тұр. Шығармадан әйел затына біржақты тұрғыдағы субъективті көзқарас 

байқалады. 

М.Әуезов қалам тартқан уақыт Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі кезеңге 

тура келеді.  Ол қазақ қоғамы өтпелі кезеңді бастан кешіп жатқан кез еді. Төңкерістің 

келуімен томаға-тұйық қазақ қоғамы ыдырап, оның орнына жаңа қоғамдық түзім — 

алғашқы кеңестік қоғамдық қатынас келді. Жаңа қоғамдық қатынастар жағдайындағы 

қазақ   әйелі   туралы   М.Әуезовпен   қатар   С.  Мұқанов,     Ж.  Аймауытов   сияқты   қазақ 

жазушылары да қалам тартты. С. Мұқанов «Ботагөз» романында алғашы кеңес қоғамы 

келу қарсаңындағы  қазақ  әйелінің  образын жасады.   Ботагөз — қала өмірін көрген, 

қазақша, орысша жаза алатын сауатты, саяси төңкерістің сынағынан өткен, қоғамдық 

жұмыстарға белсене араласа бастаған, жаңа санадағы қазақ қызы. Бұл ерекшеліктері 

жағынан   Ботагөз   қазақ   әдебиетінде   бұрын-соңды   кездеспеген   жаңа   образ.  Автор 

Ботагөзді төбесі көріне бастаған кеңестік қоғам келу қарсаңында жаңаша өмір бастауы 

мүмкін   қазақ   әйелінің   жарқын   образы   ретінде   сипаттағысы   келгенін   байқаймыз. 

Ботагөз   -саяси,   экономикалық   жақтан   ерлермен   тең   құқылы   өмір   сүруге   бет   алған 

тұлға.  Бұл образды әйелдердің қоғамнан ерлермен бірдей теңдік талап еткен кезеңіне 

жатқызуға   болады.   Автордың   коммунистік   дүниетанымы,   маркстік   социалдардың 

әйелдердің құқығы мен бостандығы туралы ойлары Ботагөздің бойында толық көрініс 

тапқан. Маркстік социалистердің әйелдердің құқығы мен бостандығы туралы пайымы, 

әйелдерге теңдік, қоғамдық тең құқық беру жағындағы саяси ұстанымы XX ғасырдағы 

әйелдер құқығы идеясын өз алдына үлкен күш болып қосылғаны белгілі. Сондықтан да 

Ботагөз қазақ әйелдер құқығы тарихында дәуір бөлгіштік кезеңде тұрған образ. 

Дәстүрлі   қазақ   қоғамы   өзгеріске   ұшырап,   Ресей   империясының   ықпалымен 

қалалық  мәдениеттің  әйел образын  жасаған  шығарма  — Ж. Аймауытовтың  (1889—

1931) «Ақбілек» романы. Шығармада ақылды, сұлу, өз ортасында сыйлы Ақбілектің 

тағдырын   рулық-отбасылық   қоғам   ғана   емес,   отарлық   империялық   жаңа   қоғамдық 

қатынастар   билейді.   Автор   Ақбілек   образы   арқылы   ішкі-сыртқы   қайшылықтар   мен 

отаршылдық басқыншылықтан тарыдай шашылып, өз тағдырын өзі билеуден қалған 

қазақ қоғамының болмысын көрсеткен. Шығармада Ақбілек   жай әйел заты ғана емес, 

ұлттың   ары   мен   намысы,   талқан   болған   тағдыры,   күңгірт   болашағы,   қайғысы   мен 

қасіреті, ауқымы кеңейген образ.  Оның басындағы қайшылық та осы ерекшеліктерге 

сай   жаңаша   сипат   алады.   Енді   ол   дәстүрлі   рулық-отбасылық   қоғамның   ғана   емес, 

отаршылдық тәртіптің қос бірдей билеуші күштің талқысына түседі. Бұл шығармадан 

біз автордың әйел затын ұлттық ар мен намыстың символы, сонымен қатар  өз еркі 

өзінде емес әлсіз қоғамдық топ деп бағалайтын көзқарасын байқаймыз. Жоғарыдағы екі 

әйел образынан біз қоғамдық өтпелі кезең тұсындағы ұлттың, қазақ әйелінің екі түрлі 

өкілін,   екі   түрлі   тағдырын   кезіктіреміз.   Бұл   жазушылардың   бұрынғы   жазушыларға 

ұқсамайтын   ерекшелігі,   олардың  өздері   жасаған   әйел   образына   ұлт   тағдырының 

символдық бейнесін сіңіргендігінде.    

Кеңес қоғамы орныққан кезеңде Ғ. Мүсірепов (1902-1985) «Ұлпан» (1949ж.), Ә. 

Нұршайықов   (1922—2012)   «Махаббат,   қызық   мол  жылдар»   (1970ж.)  шығармасында 

қазақ   әйелінің   жаңа   образын   жасады.  Олар   С.Мұқанов   сияқты   кеңес   жазушылары 

бастап берген әйел затының «әйелден» «жолдасқа» айналған уақытын «кеңес дәуірінің 



әйелі» делінетін жаңа кезеңге шығарды. Ұлпан жасы үлкен кісіге тұрмысқа шықса да, 

өзін дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйелдерден басқаша ұстайды. Саяси, экономикалық, 

психологиялық жақтан өзін еркін сезінеді. Бұл ерекшеліктерден біз автордың дәстүрлі 

қазақ әйелінің бойынан заманға сай жаңа ерекшелік көргісі келгенін аңғарамыз. Бұндай 

сипат  Ә.Нұршайықовтың Меңтай образында да кездеседі. Меңтайдың бойына кеңестік 

қоғамға   тән   әйел   затының   көптеген   қасиеттері   жинақталған.   Жоғарыдағы   екі   образ 

кеңес   қоғамындағы   құқықтары   ерлермен   шартты   түрде   теңескен   әйелдердің   саяси, 

экономика,   мәдениет,   өнер,   т.б.  саладағы   жарқын   жетістіктерін   көрсетуімен 

ерекшеленеді. Бұл кезеңде Д. Исабековтың «Әпке» пьесасындағы әпке образы кеңес 

қоғамындағы әйелдердің екінші қыры   жарық қоғамның тасасындағы көлеңке тұсты 

көрсетеді.   Әпке   отбасы   үшін   бар   махаббатын,   жастығын,   өмірін   арнайды.   Соңында 

қаңыраған үйде жалғыз қалады. Автор кеңестік қоғамдық жұмыстарға өзін арнап, әйел 

затына   тән   мүмкіндіктің   бәрінен   айрылып,   жалғыз   қалған   әйелдің   тағдыры   туралы 

ойланады. Кеңестік әйелдердің тағдырындағы мұндай келеңсіздіктер Б. Нұржекеев, т.б. 

сынды жазушылардың шығармаларында да суреттеледі. Бұдан түйеріміз, кеңес қоғамы 

әйелдер   құқығы   мәселесінде   көптеген   алғабасар   идеяларды   ұсынғанымен,   түбірлі 

сұрақтар  жауапсыз қалдырылған. Әйел затының қоғам және отбасындағы  орны мен 

мүмкіндіктері   өз   деңгейінде   сараланбаған.   Бұны   кеңестік   идеологияға   сүйенген 

қоғамның  өзіне тән шектелісінің туындысы деуге болады. 

Тәуелсіздіктен   кейін   қазақ   қоғамы   тағы   бір   өзгерісті   бастан   кеше   бастады. 

Жазушы   Қ.Түменбайдың   «Әйел»   әңгімесінен   біз   осы   кезеңдегі   әйел   образын 

кездестіреміз. Шығармада қоғамның өзгерісі кеңес кезінде мойындалмай келген әйел 

затына тән кейбір ерекшеліктерді көмескіден көрнеуге шығарды. Ымырасыз бәсекемен 

өмір   сүретін   капиталистік   қатынастар   тұсында   әйелдер   бәз-баяғысындай   әлсіз 

топтардың санатына жатады. Олар ерлермен шынайы бәсекеге түсуге қауқарсыз. 

Біз   XX   ғасырдағы   қазақ   әдебиетіндегі   жазушы   ер   адамдар   жасаған   әйел 

образына талдау жасай келе, қазақ әйелдері осы аралықта үлкен өзгерістерді бастан 

кешкеніне көз жеткіземіз.  Бұл өзгерістерді атап айтар болса, қазақ әйелдері бір ғасыр 

бұрын   толықтай   рулық-отағасылық   үстемдікке   еркі   байланған,   тағдырын   өзі   билей 

алмайтын, қоғамдық орны отбасынан аспайтын, көп әйел алудың құрбаны болған әлсіз 

топ еді. Арада екі түрлі қоғамдық өзгерісті бастан кешкеннен кейін олар теңсіздіктен 

толықтай   заңдық   тұрғыда   бостандыққа   шықты.   Бұны   ер   жазушылардың 

шығармаларындағы   әйел   образының   өзгерісі   дәлелдейді.  Әйел   затының   адами, 

қоғамдық болмысындағы құқықтық өзгерісін тарихтың өзгерісі етіп шығарды, алайда, 

мұндай қоғамдық өзгеріс әйел затының табиғатындағы кейбір ерекшеліктерді өзгертуге 

шарасыз.   М.Жұмабаев,     М.Әуезов,   т.б.   сынды   жазушылар   шығармаларында   әйел 

затына  саяси, экономика, эстетика, психология  жақтан көп жағдайда өз тұрғысынан 

бұра тартып, теріс түсіндіріп, соны шындық ретінде қалдыруға тырысқан. С.Мұқанов, 

Ж.Аймауытов, т.б. жазушылар әйел затының қоғамдық теңдікке ұмтылуын, қоғамдық 

трагедиясын   адамдық   құқық   тұрғысынан   емес,   тарих-саяси   өзгерістің   салдары   деп 

түсіндіруге ұмтылады. Ә.Нұршайықов, Д.Исабеков, т.б. жазушылар кеңестік қоғамдағы 

әйел   болмысын   жаңа   қоғамдық   қатынастың   көлеңке   тұсынан   емес,   әйел   басындағы 

келеңсіздіктен іздейді. Өтпелі кезеңдегі әйел тағдырына біржақты қарайды. Бұдан ер 

адамдар   шығармашылығында   әйел   нәсілімен   тең   тұрғыда   диалог   құрып,   кеңесе 

алмағанын   түсінеміз.   Бұл   тұрғыдан   келгенде   өткен   ғасырда   қазақ   әйелі   қоғамдық 

болмыста өз орнын тауып, өз үнін шығара алғанымен, әдебиетте әлі де үнсіз қалып 

келеді деуге болады.   

                                                   ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.С. Торайғыров «Қамар сұлу» Атамұра баспасы, 2002ж. 

2.М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» Жазушы баспасы, 1998ж. 



3.М. Әуезов «Қаралы сұлу» Атамұра баспасы, 2001ж.

4.Ж. Аймауытов «Ақбілек» Жібек жолы баспасы, 2003ж.

5.Ә. Нұршайықов « Махаббат қызық  мол жылдар» Атамұра баспасы, 2012ж.

6.Лакаң (Франция ) «Лакаң таңдамалы шығармалары» ҚХР Шанхай Сан лян баспасы, 

2010ж.

7.Яке Длида (Франция )  «Әдебиет туралы көзқарас» ҚХР Шанхай аударма баспасы, 



2005ж.

РЕЗЮМЕ

Ақанкызы Г., старший преподаватель

(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)

ФЕМИНИЗМ И ОБРАЗ ЖЕНЩИН В КАЗАХСКОЙ ЛИТЕРАТУРЕ

В статье рассматривается историческое развитие идеи прав восточных женщин в 

казахстанском   обществе   от   политических,   философских,   эстетических   и 

психологической   точек   зрения.   Автор   сравнивает   изменения   образа   женщин   в 

казахской литературе за последнее столетие.  

Ключевые слова: феминизм, казахская литература, точка зрения мужчин, образ 

женщин, молчание.



SUMMARY

Akankyzy G., senior teacher

(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)

FEMINIZM AND WOMEN’S IMAGE IN KAZAKH LITERATURE 

The article deals with the historical development of the idea of the eastern women’s 

rights with the changes in women rights in Kazakh society from the political, philosophical, 

aesthetic   and   psychological   points   of   view.   Feminism   considered   that,   men   investigated 

women from the men’s point of view. Kazakh women`s image written in men’s work in last 

centuries and how it changed in male perspective  in Kazakh society is mentioned  in the 



article.

Keywords: feminizm, kazakh literature, male perspective, women`s image, silence. 

Каталог: images -> Stati -> Filologia
Filologia -> Әож 37. 031. 2 Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрету жолдары
Filologia -> Әож 372. 881. 1 Шетел тілі – Үлкен тәрбиелік диапазон г. Б шайкенов
Filologia -> Д. Т. Кушанбаева
Filologia -> Әож 372. 8: 811. 111 Шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолданудың маңызы
Filologia -> Әож 811. 111 Студенттердің шетел тілінде сөйлеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жолдары
Filologia -> Қатысты ойлар у. Р
Filologia -> Әож 82(091) ілияс жансүгіровтің публицистикалық МҰрасы л. М. Әділбекова
Filologia -> АҒылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық Қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану г. Б.Құрмашева


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет