Әож 930 (574) Қолжазба құқығында



жүктеу 1.06 Mb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата22.12.2016
өлшемі1.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
  деректерде  Отырар 
қаласына алғаш қазба жүргізген А. Черкасов пен А. Кларе деп айтылып жүрген, 
алайда М. Қожаның 2003 жыл 9  тамызда жергілікті «Отырар алқабы» газетіне 
жарияланған  мақаласында:  «Мәскеудегі  әдебиет  және  ӛнердің  орталық 
мемлекеттік  архивінде  сақтаулы  тұрған  (қор  118,  опись  №  1,  сақтау  бірлігі  № 
243) белгілі шығыстанушы  Н.И.  Веселовскийдің  «Қазалыдан  Ташкентке барар 
жолдағы  кӛне  қалалар  қалдықтарының  кӛне  сипаттамасы»  деп  аталатын 
қолжазбасының  фотокӛшірмесіне  тиді.  Бұрын  жарияланбаған  қолжазбада 
Қазалы  қаласы  қасындағы  Жаңқала  —  кӛне  қалашық  қалдықтарынан  бастап 
Сайрам  жәдігерлеріне  дейін  суреттеледі.  Қолжазбаның  57  бетінде 
Түркістандағы  Қожа  Ахмет  кесенесі,  басқа  ескерткіштер  сипатталады. 
Түркістаннан  кейін  Н.И.  Веселовский  Отырар  құландыларын  суреттейді: 
«Әзірет  мешітін  кӛріп  болған  соң  бұл  жерде  Темір  дүние  салуымен  танымал, 
кезекті құланды орны Отырар болды. Бұл қаланың қалдықтары Арыс пен Дария 
сулары  қосылар  жерде.  Алғашқы  ӛзен  каладан  6  верста,  екіншісі  3  верста 
қашықтықта ағып жатыр. 
Бізге  келіп  жеткен  Хорезм  археологиялық  және  этнографиялық 
экспедициясының  (жетекшісі  -  С.П.  Толстов),  әсіресе  ортағасырлық 
археологияға  жаңа  бетбұрыс  әкелген  Оңтүстік  Қазақстан  археологиялық 
экспедициясының,  1970  жылдан  Оңтүстік  Қазақстан  экспедициясының 
(екеуінің  де  басшысы  К.А.  Акишев)  қорытынды  жұмыстары  қыруар  деректер 
берді.  Соның  ішінде  Отырар  және  Отырар  оазисі  қалаларының  тұрақты 
зерттелуі  қала  ӛркениетінің  дамуының  сан-салалығын  кӛрсетті.  Хорезм 
бойынша  [41,  82  б.],  Оңтүстік  Қазақстан  бойынша  жаңа  монографиялық 
зерттеулер  шықты  [37,  159-161  б.].  Орталық  Азия  мен  Қазақстан  жерінің  әр 
түрлі  географиялық  аймақтарында  қалалардың  ӛсуі,  дамуы,  тарихтағы  орны 
туралы  әрі  олардың  ұқсастығы,  шаруашылық  аймақтарға  байланысты 
ӛзгешелектері  туралы  толық  мағлұмат  алып  отырмыз.  Тарихнамалық  шолу 
барысында аңғаратынымыз, қалаларды зерттеу біз айтып отырған аймақта, яғни 
Сырдарияның  орта  және  тӛменгі  ағысында  ӛзіндік  жолдан  ӛткен.  Әрине,  бұл 

 
22 
аймақ  кӛне  және  ортағасырлық  грек,  араб,  парсы  авторларының 
шығармаларында  айтылады  да,  географиясы,  қалаларының  орналасуы 
кӛрсетіледі.  Қытайлық  Сюан-Цзянь,  Макдеси,  Плано-Карпини  және  Рубрук 
т.б. кӛптеген авторлардың еңбектері кӛрсетіледі [51, 6-7 б.].  
XIX  ғасырдың  ортасынан  бастап,  біртіндеп  Қазақ  жеріне  кірген  Ресейдің 
саясатымен  қатар,  кейбір  ғалымдарының  —  картограф,  географ,  геолог, 
шығыстанушылардың  келуі,  олардың  еңбектеріне  кӛңіл  бӛлу,  қазақ 
тарихшылары  мен  археологтарының  назарынан  тыс  қалмаған.  Археолог  Ә.X. 
Марғұлан  еңбегінің  ӛзінде-ақ  50-ші  жылдары  сын  кӛзбен  қарап,  Ресей 
авторларының қателіктерін кӛрсетіп, әрі ғылыми жаңалығын айтқан [9, 5-6 б.]. 
Кӛне  Түркістан  жерін  зерттеген  алғашқы  Ресей  ғалымдары  және 
ӛлкетанушылары,  негізінен,  патша  үкіметінің  саясатын  іске  асыру  барысында 
еңбек  етеді.  Мұны  белгілі  шығыстанушы  В.В.  Бартольд  мойындай  отырып 
кӛрсетеді:  "Түркістан  генерал-губернаторлығының  құрылуы,  бірқатар  уақыт 
ішінде  ӛлкеде  ғылыми  жұмысты  жандандырды.  Бірақ,  негізгі  мақсат  ӛлкенің 
географиялық,  табиғи,  тарихты  статистикалық  зерттеу,  әрине,  тұрғындардың 
тұрмысы мен ӛткенін зерттеуге әрекет жасалды" [37, 13 б.]. Сондықтан да XIX 
ғасыр мен XX ғасыр басындағы зерттеулерді сын кӛзбен зерделеген жӛн. 
Сырдария  ӛлкесін  археологиялық  жақтан  зерттеуге  қозғау  салған  1862 
жылдың  19  қаңтар  айындағы  Императорлық  археологиялық  қоғамының 
отырысында  Қазалы  кӛпесі  Н.  Деевтің  ұсынысы  бойынша  жасалынған  "О 
древностях  Сырдарьинского  края"  еңбегі  болды.  Қалалар,  керуен-сарайлар, 
обалар,  жолдар  туралы  жазудың  қажет  еткендігін  айтқанмен,  іс  жүзінде,  бұл 
жұмыс іске аспады.  
Бірақ,  осындай  жақсы  бастамада  келеңсіз  жағдайлар  орын  алды.  Себебі, 
патшалық  Ресейдің  шенеуніктері,  әскери  адамдары  және  кӛпестер  жергілікті 
кӛне  ескерткіштердің  қамын  ойлаудың  орнына,  әсемдік  заттарды  жинап, 
Отандарына  оралғанда  коллекционерлерге,  тағы  басқа  орындарға  барып,  пайда 
табуды  кӛздеді.  Самарқанд,  Түркістан  (Яссы)  сияқты  қалаларды  "тонауды 
кӛздеген" қазба жұмыстары  жүргізілді.  Патша офицерлері діни ғимараттардың 
киелі  орын  екендігімен  санасқан  да  жоқ.  Тек  қазақ  жерінің  ғана  емес,  түркі 
әлемінің  киелі  орны,  озық  сәулет  ӛнерінің  куәсі  Қожа  Ахмет  Иассауи 
ғимаратын  патша  әскерінің  қолбасшысы  полковник  Веревкиннің  бұйрығымен 
12 рет зеңбірек оғымен атқылаған. Оның ізі әлі күнге дейін кӛрініп тұр. Әрине, 
орыс  әскерлерінің  мұндай  ескерткіштерге  мән  бермеуін  басқа  да  жерлерден 
кӛптеп мысалға алуға болады. Орта Азия археологиясының негізін салушылардың 
бірі  археолог  М.Е.  Массон  ӛзінің  еңбектерінде  бұл  аймақтың  сол  кезде 
археологиялық  жағынан  нашар  зерттелуінің  тағы  бір  себебін  ашына  ашып 
кӛрсетеді.  Ол  былай  деп  жазады:  "Түркістанның  Ресей  құрамына  кіргенінің 
ӛзінде,  орталық  ғылыми  мекемелер  Түркістанның  археологиялық  зерттелу 
мүмкіншілігіне ие бола алмады.  Мысалы,  1869  жылдан  бастап  шақырылған  15 
археологиялық съездің бірде бірі Орта Азия жерінде ӛткізілмеді және олардың 
зерттеу тақырыбында немқұрайлық кӛрінді" [45,  9 б.].  
1893  жылы  табиғаттану,  антропология  және  этнография  бойынша 
Императорлық  қоғамының  Түркістан  бӛлімінің  отырысында  Н.П.  Остроумов 

 
23 
пен В.В. Бартольд Түркістан ӛлкесіндегі бағалы археологиялық ескерткіштерді 
зерттеудің қажеттілігіне баса назар аударып, кӛне ескерткішті сақтау керектігін 
тілге  тиек  еткен  болатын.  Сонымен  қатар  алғашқы  ғылыми  қоғам  құру 
қажеттігін  де  айтқан  солар  еді.  Соған  байланысты  1895  жылы  археологияға 
қызығушылардың  Түркістандық  үйірмесі  құрылды.  Әйткенмен  1859  жылы 
құрылған,  патша  сарайының  мақсатын  ғана  орындайтын,  Археологиялық 
комиссия  мүшелерінің  Орта  Азия  және  Қазақстан  жеріне  жасаған  ғылыми 
экспедицияларының  маңызын  теріске  шығармағанымыз  жӛн.  Олардың  ішінде 
1864  жылдардағы  П.И.  Лерх,  1868  жылғы  В.В.  Радлов,  1884-1885  ж.ж.  Н.И. 
Веселовский  сияқты  ғалымдардың  еңбегі,  ғылыми  қазба  жұмысымен 
айналыспаса  да,  қол  жазбалық  пайымдаулары  археологиялық  зерттеулердің 
кейінгі дамуына әсер етпей қалған жоқ. 
Шығыстанушы  П.И.  Лерх  ӛзінің  қол  жазбасында  кӛрсеткеніндей,  тек 
археологиялық,  архитектуралық  ескерткіштерге  ғана  кӛңіл  бӛлмей,  сонымен 
қатар  ауыз  әдебиеті,  осы  ортадағы  аңыз-әңгімелерге  де  кӛңіл  бӛлді.  Бұл  тәсіл 
әрбір  ескерткішке  алғашқы  жан-жақты  тұжырым  жасауына  мүмкіндік  берді. 
1867  жылы  П.И.  Лерх  [19,  26  б.]  Сырдарияның  тӛменгі  ағысынан  бастап, 
Жетісу  ӛлкесіне  дейінгі  аралықты  аралап  ӛтті,  әсіресе  Сырдарияның  тӛменгі 
ағысындағы  Жаңакент,  Жент,  ортағасырдағы  Сауран,  Түркістан,  Сығанақ 
қалалары  туралы  мәліметтері  оның  еңбегінің  басты  бағытына  айналды.  Оның 
"1867  жылғы  Түркістан  ӛлкесіне  археологиялық  сапар"  атты  Археологиялық 
Комиссияға  берген  есебі,  ӛз  замандастарының  тарапынан  ғылыми  бағасын 
алды.  Соның  алғашқысы  Н.С.  Лыкошин  құрастыруымен  "Среднеазиатский 
вестник"  журналының  Ташкент  қаласыңда  ай  сайын  шығатын  1896  жылғы 
шілде-қыркүйек  айларына  арналып  шыққан  номерінде  жарияланды.  Ол 
жинақта  толық  П.  Лерхтың  еңбегі  туралы,  әрі  еңбекті  саралап  жазған  сыни 
кӛзқарасты  байқай  алмаймыз.  Оның  ӛзіндік  себептері  де  болды.  Орта  Азия 
және  Қазақстан  археологиясы  бойынша  ғылыми  тұрғыда  жинақталған 
археологаялық  қазбалар  нәтижесі  ғана  емес,  жинақталған  жекелей  заттардың 
ӛзінің  тарихи  орындары  орыс  оқымыстылары  үшін  аз  мәліметтер  болатын. 
Кӛне  шығыс  —  Иран,  Египет  жерлеріндегі  шығыс  археологиясының 
жаңалықтары Орта Азия жеріндегі жазба деректермен салыстырыла зерттелді. 
Еуропа, Ресей ғалымдары үшін әрбір зат, ескерткіш сыры ашылмаған деректер 
болатын [19, 32 б.]. 
П.И. Лерхтың археологиялық зерттеу есебінен ғалымның шығыс  тарихын 
зерек  білетіндігін  аңғарамыз.  Оның  Жанкент  қаласының  құрылымын  зерттеп, 
суландыру  жүйелеріне  кӛңіл  бӛлумен  қатар,  ӛзіндік  тұжырым  жасауы  -  кӛңіл 
аударарлық  жай.  Зерттеушінің  батыл  тұжырымының  бірі  —  кӛне  қалалардың 
қирау  себептеріне  басқа  тарихшы  саяхатшылар  сияқты  үстірт  қарап,  шешім 
жасамай, жан-жақты зерттеу арқасында берік бір тұжырымға келуі. Соның бір 
айғағы кӛне  қаланың күшпен қиратылмай, табиғаттың бұзылуына байланысты 
біртіндеп  қирауын,  тұрғындарының  басқа  аймақтарға  қоныс  аударғандығын 
ғылыми  дәлелдеуінен  аңғарамыз  [29,  12  б.].  Ол  Сырдарияның  Шыңғысхан 
әскерлерінің  тарапынан  қиратылған  қалалардың  орнын  да,  кейінгі  жылдарда 
археологтар  тарапынан  дәлелденгеніндей,  орынды  кӛрсеткен.  Мысалы, 

 
24 
Отырар,  Сауран,  Сығанақ  т.б.  қалалар  туралы  осыны  айтуға  болады.  П.И. 
Лерхтың  еңбегі  арқылы,  кезінде  бекініс  деп  түсіндірілген  Міртӛбе  атты  кӛне 
қаланың орны археологтар тарапынан зерттеліп, оның үлкен ортағасырлық қала 
екендігі  дәлелденді.  Оның  Қорқыт  ата  мазары,  Қожа  Ахмет  Иассауи  кесенесі 
туралы,  сол  сияқты  сағана  тастарды  бейнелеп  жазуы  ғалымдар  үшін  құнды 
дерек кӛзі болып табылады. Ол ӛткен ғасырдың соңындағы ескерткіштерге жай 
ғана кӛрермен ретінде ғана емес, сонымен қатар оқымыстының кӛзімен қараған 
ғалым.  Ол  әрбір  ескерткіштерге,  сол  аймақтың  тарихына  байланысты 
әдебиеттерді  мүмкіндігінше  толық  беріп,  жазба  деректерді  саралап,  Сауран, 
Сығанақ  қалаларының  кӛнеден  келе  жатқандығына  назар  аударған.  Оның 
жолжазба  есебінде  археологиялық  заттардың  түр-түсіне,  не  мақсатқа 
пайдаланылғандығына,  жақсы  кӛңіл  бӛлінген,  жеке  ескерткіштер  бейнесі 
дәлдікпен  кӛрсетілген.  П.И.  Лерх  еңбектерінен  Орта  Азия  жерінде  болған 
жолжазбасынан  басқа,  Қазақстанның  Шу-Талас  аймақтарында  болып,  ондағы 
Әулиеата  (кӛне  Талас)  қаласы  туралы  да  жазған  мәліметтерін  айтуға  болады. 
Оның  еңбегінде  кӛне  Мерке  қаласына  жақын  орналасқан  Ақыртас  ескерткіші 
туралы  мәліметтің  құндылығы  сол  бұл  ескерткіштерге  археологтар  қазіргі 
таңда зерттеу жүргізуде. 
Түркістан  жеріне  географ,  геодезист  ғалымдардың  келуі  де  тарихи  рӛл 
атқарды. А.П. Федченко кӛне Шардара, Сүткент, Байырқұм сияқты қалалардың 
орнын  айта  келіп,  Сырдарияның  кӛне  суландыру  жүйелері  бойынша  кӛптеген 
мәлімет  қалдырған.  1893-1894  жылдары  В.В.  Бартольдтың  Орта  Азия  және 
Қазақстан жеріне келуі — Түркістан ӛлкесінің тарихына жаңа бағыт-бағдар ала 
келді десек болады. Оның ортағасырлық Қазақстан тарихына сіңірген еңбегінің 
ғылыми құндылығы белгілі тарихшыларымыз тарапынан ӛз бағасын алуда [70].  
Ортағасырлық  Қазақстанды  археологиялық негізде  зерттеу  тарихы,  1895 
жылы  Ташкентте  құрылған  Түркістан  археологиялық үйірмесінің  құрылуымен 
тікелей байланысты болды. Алғашқы күннен бастап бұл ұйымға  жүзден астам 
әр  түрлі  мамандық  иелері  мүше  болды.  Олар  шенеуніктер,  әскери  адамдар, 
оқытушылар,  дін  иелері,  т.  б.  құралды.  Үйірменің  жұмысының  ғылыми 
бағытына,  жетістігіне,  кейінгі  ғылымға  мұра  етерлік  ғылыми  деректер 
жинауына қазіргі танда тарихымызда ыстық ықыласпен еске аларлық тұлғалар 
болды.  Н.П.  Остроумов,  В.А.  Каллаур,  Н.Н.  Пантусов,  А.А.  Семенов,  А.А. 
Диваев  т.б.  археология,  фольклор,  ӛнер  туындыларына  жете  кӛңіл  бӛлген 
оқымыстылар  кӛптеген  жаңалықтар  ашып,  ғылыми  кӛзқарас  қалыптастыруда 
белгілі орынға ие болды [71].  
Қазақстан  ортағасырлық  археологиясының  зерттелу  тарихының  кезеңдеріне 
кӛңіл 
бӛлсек, 
1947 
жылдан 
Оңтүстік 
Қазақстан 
археологиялық 
экспедициясының  зерттеулері  бойынша,  Сырдарияның  ортағасырлық  қалалар 
тарихын  зерттеуден  басталды  деп  айта  аламыз.  Сол  экспедицияның  зерттеу 
жұмыстарының  қорытындысы  бойынша  алғашқы  сүбелі  еңбектің  шығуына 
байланысты,  Оңтүстік  Қазақстан  жеріндегі  қалалардың  пайда  болу,  ӛркендеу 
тарихын  археологиялық  деректермен  толықтыру  арқылы  дәлелденуі,  Түркістан 
археологиясын ұнатушылар үйірмесі мүшелерінің қалдырған мұраларына шолу 
жасалуынан байқауымызға болады [69, 16 б.]. Е.И. Смирнов, А.О. Руднев, В.А. 

 
25 
Колосовский, Н. Лыкошин, К. Кларе, А. Черкасов т.б. еңбектеріне алғашқы рет 
шолу  жасалып,  мән  берілді  десек  болады.  Сонда да  болса  ол  кезде белгілі  бір 
қалаларға,  яғни  экспедиция  мүшелерінің  зерттеу  кӛзі  болып  табылатын 
ескерткіштерге  байланысты  еңбектер  таңдалып  алынған.  Қазіргі  таңда 
ортағасырлық  археологияның  дамуына  байланысты  олардың  еңбектеріне 
кеңінен талдау жүргізілгені жӛн болады. 
Түркістан  археологиялық  үйірмесі  мүшелерінің  кейінгі  археологтар  үшін 
үлкен  нұсқау  боларлық  еңбектерінің  бағыты  —  кӛне  қалалардың 
топографиялық  құрылымының  орнын  белгілеу  болды  деп  есептеуге  болады. 
Үйірменің  вице-председателі  Н.П.  Остроумовтың  1893  жылғы  Шымкент 
уезінің  Мамаевкі  селосында  археологиялық  барлауының  ӛзінде-ақ  Қараспан 
тӛбе  сияқты,  Қарауыл  тӛбе  ескерткіштері  туралы  айта  келіп,  олардың  қандай 
қорғаныс  болғаны,  құрылымы  туралы  айтады.  Сонымен  қатар  олар  әрбір 
ескерткіштерге тән жергілікті аңыз-әңгімелерді жазып отыруды назарына алған. 
Осы тәсілді ұстанған  үйірме  мүшелері  әрбір  ғылыми  есептерінде,  кӛзі  тірі  сол 
кездің  адамдарынан  ауызекі  әңгімелерін  жиып  алып  қалуы  —  қазіргі  кезге 
дейін  жетпей  қалуы  мүмкін  деректерді  сақтауымен  құнды.  Түркістан 
археологиялық  үйірмесі  мүшелерінің  бірі  А.О.  Рудневтің,  Сырдарияның  сол 
жағалауын  бойлап  жүргізген  археологиялық  зерттеулері  алғашқы  рет  кӛне 
қалаларды кеңінен зерттеуге бағыт-бағдар болды деуге болады. Себебі, он бірге 
жуық  ірі  кӛне  қалалардың  орнын  анықтап,  тізімге  алып,  олардың 
әрқайсысының  топографиялық  құрылымына  кӛңіл  бӛліп,  ғылыми  кӛзқарасын 
білдірді.  Бірақ,  толық  құрылымы  бойынша  сызбалар  қалдыра  алмады.  Ӛзінің 
ғылыми  есебінде  "Древние  города,  со  времени  их  запустения  и  до  сих  пор, 
помимо  атмосферных  влияний,  особенно  много  терпели  изменений  от 
разливов  капризной  и  непостоянной  Сырдарьии,  а  также  от  песчаных 
наносов",  —  деп  кӛрсеткеніндей,  қазіргі  таңда  кӛптеген  қалалар  орны 
топографиялық  құрылымын  кӛп  ӛзгертіп  отыр.  Дегенмен,  А.О.  Руднев 
еңбегінен үлкен орын алған Сүткент, Байырқұм, Ұзын ата, Артық ата т.б. кӛне 
қалалар орны әлі күнге дейін зерттеушілерін күтуде. 
Түркістан 
археологиялық 
үйірмесінің 
мүшесі, 
қазақ 
жерінің 
ескерткіштеріне  кӛп  еңбек  сіңірген  зерттеушілерінің  бірі  ӛлкетанушы  В. 
Каллаур еңбектеріне кӛңіл бӛлген жӛн. Оның 1899 жылғы Сығанақ, Ашнас т.б. 
жерлерде  болып  ӛткен  жазбаларын  кейінгі  зерттеулерімен  салыстыру  қажет. 
Осы жылғы жазбаларында, ол Н. Лыкошин, Е.Г. Смирнов зерттеулеріне сілтеме 
жасайды.  Сырдарияның  орта  ағысы  қалаларының  ішінде  ортағасырлық  араб, 
парсы  саяхатшы,  тарихшы,  географтарының  жазба  деректерінде  кӛп  орын 
алған  кӛне  Отырар  қаласы  болып  табылады.  Түркістан  археологиялық 
үйірмесінің  мүшелері  де  сол  жазба  деректерге  сүйене  отырып,  Отырар 
қаласына айрықша кӛңіл бӛледі. Соның ішінде алғашқы еңбектердің бірі  — Н. 
Лыкошиннің  "Догадка  о  прошлом  Отрара"  атты  1899  жылғы  еңбегі  болатын. 
Ол  Отырар  қаласын  алғаш  кӛргеннен-ақ  оның  ірі  мәдени  орталық  болған  ірі 
ескерткіштер шоғыры екендігін беріле жазған. Н. Лыкошин де Отырар тӛбеден 
басқа  Алтын тӛбе, Пышақшы тӛбелер туралы айта келіп, жергілікті  халықтардың 
ауызекі  әңгімелерінің  әсері  болса  керек,  ол  тӛбелерге  —  зергерлер,  тері 

 
26 
ӛңдеушілердің  бекінісі  деген  пікірлерді  келтіреді.  Оның  бұл  кӛзқарасы 
шындыққа жанасады. Ғалымның Отырар қаласының ежелгі атауын іздеуі, кӛне 
қаланың  тарихта  үлкен  орын  алғандығын  кӛрсетті.  Оның  еңбегінен 
байқайтынымыз, кӛне Фараб атауының Әмудария бойыңдағы бір елді мекеннен 
кездесуі  жаңсақ  пікірге  алып  келгеңдігі.  Себебі,  Н.  Лыкошин  Орта  Азияның 
кӛне Бұхара, Самарқанд қалаларын кӛре отырып, әрі оның тұсында ол қалалар 
ӛзінің  ортағасырлық  кӛрінісін  сақтап  қалған  ірі  орталықтар  болғандығын 
есепке алып, Отырар қаласын сол Орта Азиялық Бұхарадан шыққан тұрғындар 
тұрғызды  дегенге  саяды.  Н.  Лыкошин  ойының  бұлай  ӛрбуіне  патшалық 
Ресейдің  бірқатар  оқымыстылары,  шенеуніктері  қазақ  даласын  тек 
кӛшпенділер, тағы елдер мекені деген түсінік қалыптастырған еді. Осы түсінік 
Н. Лыкошиннің Отырар атауының шығуын іздестіруіне кедергі болды. 
Сондықтан  да  ол  еңбегінде  Отырар  қаласына  кӛшпенділердің  шабуыл 
жасап,  қиратып  ӛртеуіне  байланысты  түрік  сӛзі  "От"  дегеннен  алынған,  яғни 
күлге  айналған  қала  деп  жазды.  Ол  Бұхарадан  шыққан  Хамукат  атауымен 
қаласының  орнын  Талас  ӛңіріндегі  ескерткішке  келтіріп,  Отырар  қаласының 
орнын ортағасырлық Фараб қаласының атауымен тура келетіндігін кӛне жазба 
деректер  бойынша  орынды  дәлелдеп  келтірді.  Ол  X  ғасырдағы  араб  географы 
әл-Макдисидің  Фарабтың  Сырдарияның  екі  жағалауын  қамтыған  ірі  қала 
екендігін  айтқан  пікіріне  сүйенеді.  Отырар  және  Отырар  оазисінің  Түркістан 
археологиялық  үйірмесінің  тарапынан  талас-пікір  туып,  ғалымдардың  зерттеу 
объектісінің  біріне  айналуы  кӛне  қалалардың  тарихына  жаңадан  кӛңіл  бӛлуге 
алып  келді.  1903  жылы  Шығыс  және  Орта  Азия  зерттеулері  бойынша,  Орыс 
Комитетінің  қамтамасыз  етуіне  байланысты,  Отырарда  алғашқы  қазба 
жұмыстары  басталды.  1903  жылы  Археология  әуесқойлары  Түркістан 
үйірмесінің  тӛрағасы  Н.П.  Остроумовтың  тапсырмасымен  Отырар  қала 
құландысына  А.А. Черкасов  пен  Темір  станциясында жұмыс  істейтін инженер 
А.К. Кларе келіп тӛбенің сызбасын жасайды. 
Сонымен  қатар,  Отырар  тӛңірегіндегі  тӛбе  аттары  Мәслихат,  Алтынтӛбе, 
Арыстанбаб, Пышақшы,  Арыс  ӛзенінің сол жағалауындағы Мардан, Жетітӛбе, 
Берден
,
  Улкентӛбе,  Сеткін,  Бесқарақұм  және  шығыстық  деп  Қисық,  Қарауыл, 
Жаман  Ақтӛбе,  2-ші  Ақтӛбе,  Жалпақ,  Шошақ  Жеті,  Айдарыны  атап  ӛтеді. 
Келесі  жылы  1904  ж.  29-шы  сәуірінде  Орта  Азияны  зерттеу  жӛніндегі  Орыс 
комитеті  бӛлген  300  сом  есебінен  Отырар  қала  құландысының  үстінен  бес 
жерден шруфтық тәсілмен қазба жұмысын жүргізеді. Бірінші шруф тӛбедегі үш 
жолдың түйіскен жерінде, екінші-үшінші шурф тӛбе үстіне түсірілсе, тӛртінші-
бесінші шурфтар тӛбенің қорған жиегіне салынады. 1904 жылы Отырарды қазу 
жӛніндегі  есеп  30  беттік  жазба  мен  6  фото  сурет  пен  сызбадан  тұратын 
зерттеуде жазылады. А.К. Кларе мен Черкасов ел ішіндегі аңыз әңгімелерді де 
жинастырып  отырған.  Әсіресе  сол  кездегі  Шілік  болысының  басшысы  Тӛле 
Байтерековтен Отырардың соңғы күйреуі қалмақ шапқыншылығына жергілікті 
халықтың  қарсы  тұрғаны,  қаланың  осы  шапқыншылықтан  ӛртеніп  кетуіне 
байланысты,  қала  халқы  Шілікке  кӛшіп  барғаны  жӛніндегі  әңгімесін  жазып 
алғанын  айтады.  Алғашқы  қазба  жұмысын  Түркістан  археологиялық 
үйірмесінің  мүшелері  К.А.  Кларе  және  А.  Черкасов  жүргізді.  Бұл  екеуінің 

 
27 
Отырар  қаласы  туралы  жинақтаған  жазба  дерек  мәліметтері  орынды 
болғанымен,  мұнда  да  олардың  далалы  аймақтарға  жақын  орналасқан 
ескерткіштерге  Орта  Азия  ескерткіштеріне  қарағанда,  немқұрайлықпен 
қарағаны  байқалады.  Ӛздерінің  ғылыми  есебінің  алғашқы  беттерінде  "Отрар 
славился  более  всего  как  торговый  город,  и  никогда  не  имел  важного 
политического  значения,  а  потому  и  доставлял меньше материала для историка, 
чем  другие  города  Средней  Азии",  –  [30,  9  б.]
 
деп  жазады.  Отырар  қаласының 
тарихта саяси маңызды орын алғандығын аңғармайды, ӛздері кӛне қаланың екі 
тарихи  ірі  оқиғаларға  қатысты  екендігін  жазады.  Олар  Отырар  қаласының 
Шыңғыс хан шабуылына ұшырағанын, Ақсақ Темір әмірдің осы жерде қайтыс 
болғанын  кӛрсетеді.  К.  Кларе  және  А.  Черкасов  еңбектерінен  тағы  бір 
байқайтынымыз  -  Отырардың  басқыншылар  қолынан  жиі қирағанын,  қаланың 
бір  билеушілерден  екіншілерінің  қолына  ӛтуіне  байланысты  мәдени 
ӛркендеуіне  кедергі  келді  деп  жазғаны.  Олар  үшін  Отырар  қаласының  қандай 
шекарада тұрғандығына ерекше мән бермеген болса керек. Оның үстіне  қазақ, 
қырғыз,  ӛзбек  халықтарының  тарихын,  Сырдария  бойы  қалаларының 
этникалық  құрамын  олар  жете  түсіне  алмаған  еді.  Отырар  қаласының  тарихи 
орнын  кӛрсетуде  К.  Кларе,  А.  Черкасов,  негізінен,  шығыстанушы  В.В. 
Бартольдтың еңбегіне сүйенген. Сондықтан да отырықшы шаруашылықтан мал 
шаруашылығы басым болған аймақтың қиылысында орналасқан, ортағасырлық 
Сырдария  бойы  қалалары  туралы  үстірт  ой  қалыптасқан.  Олардың  пікірі 
бойынша,  Орта  Азияның  дамыған  жер  шаруашылығы  мәдениетінің  орталығы 
— ӛркениеттің дамыған жері, ал Сырдария мен Қаратау беткейіндегі қалаларға 
сауда  керуен  жолдарының  бойындағы  Шығыс  пен  Батысты  жалғастырушы 
дәнекер ретінде қарады. Соның әсерінен К. Кларе, А. Черкасов ӛздерінің қазба 
жұмыстарында Отырардың цитадель бӛлігіне траншея (кесік) салу арқылы ғана 
барлау  жүргізген.  Оның  ӛзінде  де,  жүргізілген  5  траншеяға  ғылыми  тұрғыда 
топырақ  қабатын  анықтау,  не  болмаса  одан  шыққан  кӛне  ыдыстар 
салыстырмалы  түрде  болса,  қай  ғасырға  жататындығын  меңземеді,  олардың 
қазба  жұмысының  ғылыми  әдісіне  дайын  еместігін  кӛрсетеді.  Бұл  кемшілікті 
зерттеушілер ӛздерінің еңбектерінде кӛрсетіп кетеді. 
К. Кларе, А. Черкасовтың еңбектерінде Отырар қаласының орнын анықтау 
мәселесіне  едәуір  орынды  кӛңіл  бӛлінеді.  Олар  XIV  ғасыр  Пеголеттидің 
Қытайға  жол  жазба  сапарына  сүйене  отырып,  ибн  Арабшахтың  тарихи  еңбегіне 
және  тағы  басқа  деректерге  сүйеніп,  Отырардың  Арыс  ӛзенінің  Сырдарияға 
құяр  сағасына  орналасқан  кӛне  қаланың  қалдығына  сәйкес  келетіндігін 
дәлелдейді. Бұл зерттеушілердің еңбектеріндегі  қалдырған деректер мен фото-
суреттер кейінгі ғалымдар үшін, жалпы Отырар археологиясының дамуы үшін, 
алғашқы  бастама  болды  деуге  болады  [30,  12  б.].    И.А.  Кастанье  1910  жылы 
орыс  және  француз  тілдерінде  жарияланған  «Қырғыз  даласы  мен  Орынбор 
ӛлкесінің кӛне кӛздері»  кітабында  А. Черкасов пен  А. Кларенің 1904 жылы 14 
қарашасында Отырар қазбасы жӛнінде жасаған баяндамасын жазады. 
Сыр бойының қалалары туралы дерек Д.Н. Люшиннің мақаласында да бар. 
Д.Н.  Люшин  1911  жылы  Чиназдан  Перосвкге  дейін  ӛзен  бойын  зерттеп, 
Шардара,  Байырқұм,  Сүткент,  Оқсыз  қалаларының  орнын  суреттейді.  Оқсыз 

 
28 
қаласының  айналасында  ескі  каналдардың  орны  барын,  олардың  кейбірін 
қазақтардың  әлі  де  пайдаланып  отырғанын  жазады.  1916  жылы  Археология 
комиссия  хабарлары  мен  1917  жылы  Түркістандық  Курьер  атты  басылымға 
И.А.  Кастаньенің  Бӛген  ӛзенінің  бойындағы  Бұзық  тӛбені  кӛріп  зерттегені 
туралы мақаласы жарияланады. 1915 жылы В.Д. Городецкий Шымкент уезінің 
жерінде бірқатар ескерткіштерді есепке алып, оларға ӛз бағасын берді. 
Ұлы  Жібек  жолының  бір  тармағы  Каспий  теңізінің  солтүстік  жағы,  яғни 
Қазақстанның батысындағы қалалар арқылы Қара  теңізге  қарай ӛткені белгілі. 
Қазақстанның  батыс  ӛңірлерінің  қалалары  Еуропа  мен  Азия  сынды  екі  алып 
құрлықтардың  шекарасында  болғандықтан  саяси  ӛзгерістерге  жиі  ұшырап 
отырды.  Бұл  ӛлкедегі  қалалардың  құрылысына  ӛз  әсерін  тигізіп  отырды. 
Сондықтан  да  біз,  әлі  тың  зерттеулер  күтіп  тұрған  еліміздің  батыс  ӛңірінен 
негізгі зерттеу нысаны етіп Сарайшық пен Жайық қалаларын қарастырсақ деген 
ойдамыз. Жазба деректермен қазба материалдарын салыстыру арқылы мұндағы 
қалалардың қаншалықты дәрежеде Еуразия тарихында орын алғандығын кӛруге 
болады.  Бұл  қалалардың  тарихы  ертеден  басталатындығын  зерттеушілер 
кезінде жазған болатын  [31, 18 б; 72, 73, 74, 75]. 
Батыстағы  Қазақстан  жерлері  туралы  ең  кӛне  мәліметті  «тарих  атасы» 
атанған  Геродоттан  табуға  болады.  Б.з.д.  V  ғ.  жазылған  оның  «тарихында» 
Каспий теңізі туралы ұшырасатын мәліметте, оның айтуынша одан әрі «жазық 
ұшы  қиырсыз  кеңістік»,  ал  тағы  онан  әрі  «тастақ  және  шоқалақ  жер»,  одан 
кейін  «биік,  асу  бермес  таулар  орналасқан».  Бұл  суреттеуде,  артқы  жағында 
«биік»  Орал  таулары  тұрған,  «тастақты  және  шоқалақ»  Жалпы  Сырт  пен 
Оралдың  алдыңғы  жағына  ұласатын  Каспи  маңайының  жазықты  далаларын 
оңай аңғаруға болады.    
Белгілі  араб  саяхатшысы  және  жазушысы  Ибн  Фадланның  қалдырған 
жазбалары  қызықты  болып  табылады.  Ол  921-922  жылы  Халифтың  елшісі 
ретінде  Еділдік  Бұлғарияда  болды  және  оның  жолы  Орал  ӛзенін  бойлай 
созылып жатқан-ды. 
Екінші мыңжылдықтың басында араб елдері және Орал мен Еділ қосӛзені 
халықтары  арасындағы  байланыс  тұрақтанады.  Шығыс  географтарының  бұл 
алыс  ӛлке  туралы  мәліметтері  жақсы  деңгейде  болды.  1154  жылы  араб 
географы  әл-Идриси  Руза  ӛзенін  суреттеп,  асылы  Жайықпен  теңестірді,  бірақ 
Руза  туралы  басқа  пікірлерде  бар.  Ол  бойынша  Жайықпен  Даранда  ӛзені 
салыстырылады.  
Жайық  ӛзенін  ортағасырлық  Батыс  Еуропалық  кӛпестер,  миссионерлер, 
елшілер  талай  рет  кесіп  ӛтіп  және  оны  ӛздерінің  жол  күнделік  жазбаларында 
белгілеп  қойған.  Ортағасырлық  Сарайшық  қаласы  ауданына  Жайық  арқылы: 
басында рим папасы Иннокентий IV елшісі Джовани Плано Карпини (1249), ал 
сәл кешірек француз корольі Людовик IX елшісі Гильом  де Рубрук (1253) ӛтті. 
Жайық  арқылы  Қырымнан  және  онан  әрі  шығысқа  ӛтетін  жол  туралы, 
Франческо Бальдучи Пегалотти «Сауда тәжірибесі» атты ӛзінің шығармасында 
жазады.  Тан  ӛзенінен  Сарайшыққа  баратын  жолдың  ерекшелігін,  ӛтетін 
тауарлар және жергілікті тұрғындармен саудаласуға ыңғайлы ақшалар жӛнінде 
де суреттей кетеді. 1333 жылы ӛзенді Марокколық белгілі араб саяхатшысы, ел 

 
29 
кезуші  кӛпес  Ибн  Баттута  кесіп  ӛткен.  Бірақ,  Орал  аймағы  туралы  жалпы 
мәліметтер  мардымсыз.  Оңтүстік  Орал  далаларын  және  Орал  маңайын 
қарқынды тарихи зерттеу тек XVI ғ. соңында басталды. 
Орал  облысы  ескерткіштері  туралы  ең  ерте  мәліметтер  П.И.  Рычковтың 
1762 
ж. 
жарияланған, 
«Орынбор 
губерниясының 
топографиясы» 
шығармасында жарық кӛрген болатын. П.И. Рычковтың еңбегі шыққаннан соң 
сегіз жылдан кейін Кіші және Орта жүздің жерлеріндегі ескерткіштер жӛнінде 
Ресей  (патшалық)  Ғылым  Акедемиясының  академигі  П.С.  Палластың 
еңбектерінде  ұшырасады.  Ӛлкенің  заттық  мәдениет  ескерткіштері  жӛніндегі 
келесі мәлімдемелер ХІХ ғ. пайда болады. «Ішкі қырғыз ордасы», яғни Бӛкейлік 
басқармасының  Орынборлық  кадеттік  корпусын  аяқтағаннан  кейін,  Салық 
Бабажанов ӛз зерттеулерін бастайды. 
ХІХ  ғ.  80-ші  ж.ж.  соңында  Орынборда  Ғалымдық  архивтік  комиссияның 
негізі  қаланып,  ол  1917  жылға  дейін  бүгінгі  Батыс  Қазақстан  аумақтарында 
ӛлкетанулық жұмыстардың бәріне басшылық еткен болатын. 
1889  жылы  этнограф  A.  Харузин  ортағасырлық  22  обаны  қазуды 
ұйымдастырып  және  қазба  жұмыстарын  жүргізді,  ал  ерекше  тапсырмалардың 
шенеунігі  И.A.  Кастанье  ХІХ  ғ.  соңына  таман  ӛлкенің  ескерткіштері  туралы 
мәлімдемелер  жинауды  бастап  және  1910  ж.  «Орынбор  ӛлкесі  мен  қырғыз 
даласының кӛне ескерткіштері» атты ескерткіштердің тізімін дайындады. 
Қазіргі  Атырау  қаласынан  50  шақырым  жерде,  Жайық  ӛзенінің  оң 
жағасында,  бір  кездегі  ұлы  да  атақты  Сарайджук  (қазіргі  атауы  -  Сарайшық) 
қаласының  қираған  құландысы  жатыр.  XVIII  ғ.  зерттеушісі  П.  Рычковтың 
сипаттамасы  бойынша:  "Сарайшық  -  Жайық  ӛзеніндегі  ғаламат  қала  елесі, 
Гурьевке  50  верст  жетпейді,  Сарайшық  қазіргі  форпост.  Ол  жерден  тіпті  күні 
бүгінге  дейін  кӛптеген  шатырлар  (ғимараттар)  табылады.  Осы  арада  айтулы 
адамдардың  зираттары  кӛп"  [76].  Адамдардың  сұлулық  бейнелері  поэтикалық 
формада Сарайшық тұрғындарының жадында сақталған, соған мысал, мына бір 
шумақ: 
"Сарайшықтың саздары, 
Қаңқылдайды қаздары. 
Су сұрасаң бал берер 
Ноғайлының қыздары." [77]. 
Тарихшы  И.  Казанцевтың  жазуынша  XIX  ғасырдың  бірінші  жартысында 
Сарайшық қамалының маңында қазақтың әлімұлы, байұлы және жетіру сияқты 
рулары  кӛшіп-қонып  жүрген,  олар  сауда  керуендеріне  не  атқосшы,  кейбірі 
керуен-басы болған [32, 49 б.].  
Мыңдаған  жылдар  бұрын  саудагерлер,  әскери  бӛлімдер,  басына  оқиға 
іздеген елкезбе жиһанкездер салған дала соқпақтарымен ғасырлар бойы есепсіз 
керуендер қатынап жатты. Екі мың жыл бойы бұл жол жұртқа терістіктегі Ұлы 
Жібек жолы ретінде белгілі болды. Жауынгер қосындар, сауда керуендері және 
қоныс аударған кӛшпелілер ұзаққа созылған жорықтарынан кейін жұтаған жұрт 
пен тӛрт түлікке тіршілік сыйлаған арнасы кең, ағысы қатты ӛзеннің жағасына 
тоқтап  тыныс  алған.  Бұл  ӛзенді  кӛне  дәуір  географтары  ауызға  алады,  ал 
бірінші  Ұлы  түрік  қағанаты  құрылған  заманда  ол  Жайық  деген  атпен  белгілі 

 
30 
болды.  Зәмзәм  суы,  тайдай  тулаған  балығы,  шүйгін  шӛбі  және  қыстың 
боранына ықтасын болған қоғалы қамысы. Тәңірі ұлдары жаратқан Жайық иесі 
рухының  кӛрінісі  деп  есептелді.  Жайықтың  борышы  -  "Кісілерді  барлық 
жамандықтар  мен  зұлымдықтан  қорғап,  оларға  ӛмір  сыйлау"  болған.  Ӛзен,  ӛзі 
шырайлы да қуатты, әрі кірпияз болды.  
Әбілғазы  Бахадүр-ханның  (XVII  ғ.)  Сарайшықтың  негізін  Батухан  (билік 
құрған уақыты 1221-1256 ж.ж.) салған деген тарихи пікірімен келісуге болады. 
Әбілғазы  былай  деп  жазады:  "Берке  хан  болғаннан  соң  ұлық  той  жасап,  кӛп 
сыйлықтар  берді.  Барлық  аға-інілеріне  Батухан  бағындырған  ұлыстарды  бӛліп 
берді,  қағанға  кӛп  сый-сияпат  жіберді.  Одан  соң  кұдай  тағала  бір  күні  Берке 
ханның  кӛңіліне  мұсылмандықтың  ұрығын  сеуіп,  ӛз  дінінің  бос  нәрсе  екенін 
білдірді.  Бір  күні  аттанып,  ағасының  салдырған  Сарайшық  атты  шаһарына 
барды. Мұнда Бұхарадан кӛп керуен  келіп жатыр еді. Ол  керуеннің ішінен екі 
жақсы  кісіні  бір  аулақ  жерге  шақыртып,  мұсылмандықтың  шарттары  мен 
тарихын сұрады. Бұл кісілер мұсылманшылықты жақсы баян қылды. Берке хан 
таза  жүрегімен  мұсылман  болды.  Одан соң  кіші  інісі  Тоқай-Темірді  шақырып, 
бұл  сырын  оған  айтты,  ол  да  мұсылман  болды.  Сосын  ол  халқына  исламға 
сенуге жарлық берді" [78, 99 б.]. 
Сарайшық  ӛзге  қалалармен  қатар,  Ертістен  Дунайға  дейінгі  ұлан-байтақ 
ӛлкені  билеген,  кейінірек  Алтын  Орда  аталған  империя  -  Жошы             
Ұлысының алғаш құрылған бірінші онжылдығында салынған.  Бұл қалалардың 
құрылыстары алғашында нӛкер, ноян  және басқа да ел басқарушы шонжарлар 
үшін  Сарай  және  әкімшілік  ғимараттар  ретінде  бой  кӛтерген.  Ондағы  орталық 
ғимараттың  тӛңірегінен  кейінірек  біртіндеп  қолӛнершілер,  еркін  түрғындар, 
кӛпестер және  т.б. әр түрлі адамдарға арналған үй  - жайлар салынған [79,  114 
б.]. Сарайшық сондай қалалардың бірі еді. Оның стратегиялық жағынан Европа 
мен  Азияның  түйісер  тұсынан  ұтымды  орнығуы,  Европа  елдері  мен  Еділдің 
бойындағы Алтын Орда астаналарынан (Сарай-Бату және Сарай-Берке) Хорезм 
шаһарларына,  Иранға,  Үндістанға  және  Қытайға  баратын  кұрлық  аралық 
керуен жолының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 
Кӛптеген  кӛпестер  мен  саяхатшылардың  осынау  жолдардың  бағыт-
бағдарлары  туралы,  тауарлардың  сипаты  мен  бағасы  және  қатынас  тәсілі 
туралы  жазбалары  мен  хикаялары  бізге  дейін  жетіп  отыр.  Сарайдан 
Сарайшыққа,  одан  әрі  Үргенішке  дейінгі  сауда  жолының  соқпақтарында 
құдықтар  болды  және  керуен-сарайлар  қызмет  етті.  XIII-XIV  ғ.ғ.  осы  жол 
Шығысты Батыспен негізгі жалғастырушы болды. 
XIII-XIV ғ.ғ. керуенші сауда жолдарының қауіпсіздігі  туралы  Итальяндық 
Франческо  Пеголоттидің  мәліметтері  бойынша  айғақтауға  болады:  "Таныдан 
Қытайға  баратын  жол,  сонда  саяхат  жасаған  кӛпестердің  айтуынша  күндіз  де, 
түнде  де  аса  қауіпсіз  кӛрінеді,  тек  қана,  егерде  кӛпес  бара  жатқан  не  кері 
қайтқан жолда кӛз жұмса, онда оның барлық мал-мүлкі ӛзі қайтыс болған елдегі 
патшаға табысталатын болған, ал егерде оның жанында ӛзінің туысқаны немесе 
жақын  дос-жараны  бірге  болып,  ӛзін  қайтыс  болған  кісінің  туысқанымын  деп 
айтса,  онда  ӛлген  кісінің  мал-мүлкі  соған  тапсырылып,  аман  сақталатын 
болған"  [80,  357  б.].  Осылайша,  Сарайшықта  салтанатты  сәулетті  сарайлар, 

 
31 
керуен-сарайлар,  моншалар,  мешіт-медіреселер  және  басқа  да  ғаламат 
ғимараттар  салынған.  Оларды  атақты  сәулет  ӛнері  мектептерінен  ӛткен 
дарынды  шеберлер  тұрғызған.  Қаланың  ӛте  тамаша  жобаланып салынған  түзу 
де  кең  кӛшелері  мен  аландары  болған.  Қаланың  келбетінен  шығыстың  әсері 
айырықша  байқалады.  Керуен  саудасынан  келетін  түсім,  әскери  олжа, 
жергілікті  халық  тӛлейтін  салық  және  аса  мол  арзан  еңбек  күшінің  есебінен 
Сарайшық  қаласы  тез  ӛсті.  Қала  аумағының  тез  кеңеюіне  оның  бекініс 
қамалдарының болмауы себеп болған. Онсыз да қала әрқашан хандық биліктің 
бақылауында,  әрі  тақ  таласындағы  жеңімпаздар  тарапында  болуға  мәжбүр 
болды, ал жеңімпаздар болса оның қауіпсіздігіне кепіл болды. 
Кейбір  зерттеушілер  Алтын  Ордалық  Сарайшықтың  тӛменгі  мәдени 
қабаттары  Х-ХІІ  ғасырлардағы  хазар  және  қыпшақтардың  қалалары  немесе 
қоныс-тұрақтарының  қалдықтары  деп  есептейді.  Алайда  соңғы  жылдардағы 
археологиялық  қазба  жұмыстарының  нәтижелері  әзірше  ол  заманның 
қабаттарын  кӛрсете  қойған  жоқ.  Десе  де,  осы  арада  Алтын  Ордаға  дейінгі 
қоныстар  болуы  мүмкін.  ХШ-ғасырға  тән  бір  құрылыстардың  бұрышынан 
қыпшақтардікіне  ұқсайтын  ошақтың  (қазандық)  және  қолмен  жапсырылып 
жасалған  қыш  ыдыстың  қалдықтары  табылды.  Ал  ерте  орта  ғасырлық  қоныс 
тұрағы  орналасқан  жағаның бір  кӛрнекілеу  жерін су  орып  кеткен,  немесе  XIII 
ғасырда үстіне жаңа қаланы салғанда, ескі қоңыстардың орны сырылып кеткен. 
Демек,  онда  Моңғол  дәуіріне  дейінгі  адамзат  тіршілігінің  іздері  бар,  немесе, 
кейін бір кезде табылады деп сеніммен айтуға болады.  
Сарайшық туралы неғұрлым ертерек мәлімет бергендердің бірі араб кӛпесі 
әрі  жиһангезі  Ибн-Батута  еді.  Ол  мұнда  1333-1334  жылы  келді.  Ибн-Батута 
ӛзінің «Саяхатнамасында» былай дейді: "Сарайдан шығып, он күннен кейін біз 
Сарайджук  деген  қалаға  жеттік,  джук  -  "кіші"  деген  мағынаны  береді.  Ол 
Ұлысу  деп  аталатын  үлкен  әрі  ағынды  ӛзеннің  жағасына  орналасқан.  Онда 
Бағдаттың  кӛпіріндей  қайықтардан  жасалған  кӛпір  бар...  Осы  қалада  біздің 
аттылы-арбалы сапарымыз аяқталды. Біз онсыз да арып-жүдеген ат-кӛлігімізді 
қаладағы арзаншылыққа байланысты, әр жылқыны тӛрт күміс динарға бағалап, 
тӛмен  бағамен  саттық.  Арбаға  жегу  үшін  біз  түйелер  жалдадық.  Бұл  қалада 
түркіден  шыққан  құрметті  тақуа  діндар  кісінің  тұраржайы  (Завия)  бар,  оның 
аты -  Ата. Ол бізді қонақ қылды әрі батасын берді.  Бізді тағы да осы  қаланың 
аты-жӛні  менің есімде  қалмаған  бір  қазысы  қонаққа  шақырды.  Біз осы  арадан 
Хорезмге  дейін  отыз  күн  суыт  жүрдік,  жол  бойы  тек  екі-ақ  сағат,  бірде  түс 
әлетінде,  ендігі  бірде  ақшамда  ғана  аялдадық"  [78,  180  б.].    Саяхатшылардың 
ӛздері жазуынша, керуен жолында жүрген кісілер алыс сапарға шығар алдында 
кӛбінесе  мұсылман  зираттарының  жанында  тұратын  шейх-хазіреттердің 
батасын  алып  аттанып  отырған.  Олардың  рухы  да  жолда  керуенді  желеп-
жебеуші болады деп есептесе керек. 
Сарайшықтың  ұлылығы  -  онда  тек  мұсылман  діндарларының 
жерленгендігінде  ғана  емес,  ең  алдымен  оның  Алтын  Орда  хандарының 
қасиетті  зиратханасына  айналғанында.  Әбілғазы  Бахадүрханның  жазуынша 
мұнда  Алтын  Орда  хандары,  мәртебелі  кісілер  және  шонжар-ұлықтар 
жерленген.  Сарайшықтағы  хандар  пантеонында  ең  алғаш  жерленген  кісі  деп 

 
32 
1266-1280  ж.ж.  билік  құрған  Мӛңке  Темір  ханды  атайды  [81,  83  б.].  Мұнда 
келесі жерленген кісі  - 1280 жылдан 1312 жылға дейін ел билеген  – Тоқтамыс 
хан. Оны Марко Поло кезінде "Батыстың патшасы" деп атаған [81, 90 б.].  
Сарайшықтың  қирандылары  мен  жәдігерлерін  ғылыми  тұрғыдан  зерттеу 
жұмыстарының  екі  ғасырдан  астам  тарихы  бар.  XVIII  ғ.  60  ж.  соңында 
қалашықты  П.С.  Паллас  кӛріп  қайтты.  1834  ж.  Ф.  Гебель  осында  шағын  қазба 
жұмысын  жүргізді.  Қала  туралы  қызықты  мәліметтер  ХVШ-ХІХ  ғ.ғ.  П. 
Рычковтың, А. Левшиннің, Н. М. Карамзинның шығармаларында бар. 
Қорыта  айтқанда,  кеңестік  дәуірге  дейінгі  немесе  патшалық  Ресей 
кезіндегіт  Ұлы  Жібек  жолы  мен  оның  бойындағы  қалаларды  зерттеген  сан 
алуан  ғалымдар  мен  ӛлкетанушылар  айтарлықтай  дәйекті  материалдар 
қалдырды.  Осы  уақыттағы  мамандардың  кӛптеген  ескерткіштерге  берген 
сипаттамалары  күні  бүгінге  дейін  ӛз  мәнін,  мағынасын  жойған  жоқ.  Олардың 
кӛбі  уақыт  ӛте  келе  жойылды,  бүлінді  немесе  қирады.  Сондықтан,  осы  кез 
зерттеушілерінен  сақталып  қалған  мәліметтер  олармен  танысудың  жалғыз 
деректік  кӛзі  болып  табылады.  Бұл  жұмыстар  Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы 
қалаларды  сипаттау  мен  тіркеуге,  материалдардың  жинақталуы  мен 
қорлануына  бастама  болған  еді.  Оңтүстік  Қазақстандағы  кӛне  және 
ортағасырлық  ескерткіштерді  зерттеу,  біз  жоғарыда  шолу  жасағанымыздай, 
алғашқы  зерттеулер  бірнеше  бағытта  жүргізілгендігін  байқаймыз.  Мынадай 
тұжырымдар  жасауға  болады.  Түркістан  археологиялық  үйірмесі  құрылғанға 
дейін  зерттеудің  ӛзінің  бағыты  болды.  Онда  Орта  Азия  және  Қазақстан  жерін 
жаулап  алған  патша  үкіметінің  әскери  қызметкерлері  мен  шенеуніктерін  ең 
алдымен  таңқалдырғаны  кӛне  ескерткіштердің  кӛптеп  кездесуі  еді.  Олар  бұл 
жерде кӛне ӛркениеттің жоғары дәрежеде дамығандығынан хабарсыз болатын. 
Сондықтан  олардың  ішінде  "бағалы"  заттарға  қызығушылар  мен  алдыңғы 
қатарлы оқыған азаматтардың кӛзқарастары қалыптасты, соның ішінде, оқыған 
азаматтардың  ескерткіштер  туралы  кӛрген-білгендерін  жазу  нұсқалары 
ғылымға едәуір деректер қалдырды. 
Екіншіден,  Түркістан  археологиялық  үйірмесінің  құрылуының  ӛзіндік 
маңызды  орны  бар,  олар  кӛне  ескерткіштерге  деген  қамқорлық,  әрі  ғылыми 
зерттеудің  кейінгі  кезде  дамуына  жол  салды.  Бірақ  Түркістан  үйірмесінің 
мүшелерінің  ішінде  археолог  мамандардың  болмауы,  алғашқы  зерттеушілердің 
қазба  жұмыстарды  үстірт  жүргізуіне  алып  келді  [71,  343  б.].  Сонымен  қатар 
Орта  Азия  тарихын  кӛтеруге  деген  құлшыныстың  жоғары  дәрежеде 
болмағандығы себепті, қазба жұмыстарына қаржы аз бӛлінді. Осы мәселелерді 
айта  келіп,  Сырдария  ағысы  бойындағы  қалалардың  Орта  Азия  қалаларынан 
тарихи,  географиялық  жағынан  орналасуының  ӛзгешелігіне  кӛңіл  бӛлуге, 
алғашқы зерттеушілердің мүмкіншілігі болмағандығын аңғарамыз. Олар сонда 
да болса алғашқы бағыт-бағдар сілтеп, кейінгі зерттеулердің дұрыс жүргізілуіне 
себебін  тигізді.  Қазіргі  танда  Оңтүстік  Қазақстан,  оның  ішінде  Сырдарияның 
тӛменгі және орта ағысы қалалары археологтар тарапынан зерттеліп, Орта Азия 
және  Қазақстан  археологиясында,  тарихында  қазақ  халқының  ата  тарихында 
алар орны дәлелденіп отыр. 
Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін
upload -> Серіктестігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет