Әож 930 (574) Қолжазба құқығында



жүктеу 1.06 Mb.
Pdf просмотр
бет8/12
Дата22.12.2016
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Ары  қарай  отырықшы  егіншілік  шаруашылығының  тез  дамуына  -  Жетісу 
жеріне Шаш және Соғдылардың келуімен байланыстырады. 
Сюань - Цзянь: Суябтан Ге - Шуан -наға дейінгі аралықтағы мемлекет Су -
ли  деп  аталады,  халықтар  бір  жазумен  жазады  және  бір  түрлі  ғана  киім  киеді, 
автор С.А. Волиннің «Сведения арабских персидских  и туркских источников», 
– деген еңбегіне сүйене отырып келтіреді. 
ХІ ғ. Шу ӛңіріндегі соғдылардың орналасуы жӛнінде нақты мәліметтер бар 
деп  зерттеуші  Махмуд  Қашқаридың  мынандай  сӛздерін  келтіреді:  «Сугдак  -
бұлар  Баласағұнда  орналасқан  халықтар  олар  соғдыдан  болып  келеді,  бірақ 
олар  түріктердің  мәдениетін,  салт  -  дәстүрін  және  басқа  ерекшеліктерін  ӛз 

 
81 
бойына  сіңірді»  дейді.  Соғдылардың  Шу  ӛңіріндегі  халықтардың  ӛміріндегі 
рӛлі  жоғары  болғанын  мынандай  жазбалардан  кейін,  ерекше  айғақ  дәлелдер 
қажет етпейді деп ӛзінің ойын келтіреді [120, 168 б.]. 
Соғдылардың  Жетісу  жерлерін  отарлауы  туралы  В.В.  Бартольд,  А.Н. 
Бернштам  еңбектерінде  келтіреді.  Егерде  Бартольд  тек  жазба  деректерге  ғана 
сүйеніп  айтса,  ал  Бернштам  археологиялық  материалдарға  сүйене  отырып, 
Жетісу  жеріндегі  Соғдылардың  алғаш  отарлауына  байланысты  сұрақтарына 
нақты  жауап  береді.  Автор  олар  егін  шаруашылығы  мен  қолӛнер  кәсібін  Шу 
ӛңіріне  алып  келді  және  оның  ары  қарай  дамуына  әсер  етті  деген  А.Н. 
Бернштамның пікіріне, Шу ӛңірінде жүгізілген осы уақыттағы материалдар VI-
VШ ғғ. Соғдыдан, Шаштан шу аймағына қоныс аударып келген адам топтары 
болғанын  айғақтайды.  Бірақ  стратиграфиялық  қазбалар  берген  мәліметтер 
бойынша;  осы  жердегі  отырықшы  -  егіншіліктің  пайда  болуы  кӛшпелі  мал 
шаруашылығының  отырықшылыққа  кӛшуімен  байланысты,  кедейленген 
малдарынан  айырылған  кӛшпелілер  отырықшылыққа  кӛшіп,  жер  игерушілер 
мен қолӛнершілердің қатарын кӛбейтті дейді. 
Шу  ӛңірін  зерттеуде  Бартольдтың  алар  орны  ерекше  дей  келе  Кожемяко 
«Археолог  емес  Бартольд  осы  ӛңірдегі  қираған  қалалар  туралы  қысқаша 
мәліметтер  келтіреді,  қоныстардың  нақты  суреттеуі  мен  жоспары  жасалмаған, 
археологиялық мәліметтер оны мүлдем қызықтырмаған» деп сын айтады. 
Бартольдтың  сіңірген  ең  үлкен  еңбегі  қалаларға  байланысты  жазба 
деректерді сӛйлете білуі және қала қоныстарын зерттеуге назар аудартуы дейді 
[120, 185 б.]. 
1954-1955  ж.ж.  П.Н.  Кожемяко  Шу  ӛңіріндегі  барлау  жұмыстарын  жасап 
62  қала  мен  елді  -  мекендерді  зерттеді,  олардың  29-ы  әдебиеттерде  белгілі,  ал 
33-і  жаңадан  ашылған  ескрткіштер.  П.Н.  Кожемяко  барлық  қалалар  мен  елді 
мекендердің  жобасын  түсіріп,  27  ескерткіште  (56  қазба,  16  кесік)  қазба 
жүргізді.  П.Н.  Кожемяко  ӛзінің  еңбегінде  Шу  ӛңірінің  тарихи  -  географиясы, 
ортағасырлық  қалалардың  зерттелу  тарихы  кӛрсетіліп,  керамикалақ 
материалдарды үш хронологиялық топқа бӛлген: VI-VШ ғ.ғ; VIII-IХ ғ.ғ; X-ХІІ 
ғ.ғ.  П.Н.  Кожемяко  Шу  ӛңіріндегі  қалалар  мен  елді  -  мекендерді  екі  топқа 
бӛлген, олар: ұзын қорғанды қалалар және шағын қоныстар, бекіністер. Шағын 
қоныстар  мен  бекіністер  орналасқан  жеріне  қарай  екіге  бӛлінеді:  1)  ұзын 
қорғандар қалалардың аймағында, жазықта орналасқан; 2) Қырғыз Алатауының 
шатқалдарынан шыға берісте орналасқан қоныстар мен бекіністер [120, 125 б.]. 
Еңбекте  Шу  ӛңіріндегі  қалалар  мен  елді  мекендердің  пайда  болып,  дамуы 
туралы жаңа кӛзқарас айтылған. Қоныстар мен елді мекендер үйсін дәуіріндегі 
қоныстардың негізінде қалыптасқан болса керек, не кӛшпелі  - бақташылардың 
отырықшылыққа  кӛшуі  негізінде  қалыптасып  дамыған,  ол  туралы  П.Н. 
Кожемяко  былай  дейді:  «Однако  наши  стратиграфические  раскопки  дают 
материал,  позволяющий  считать,  что  процесс  возникавения  и  развития  здесь 
оседло  -  земледельческих  поселений  в  значительной  мере  связан  с  переходом 
части кочевников - скотоводов к оседлому образу жизни» [120, 119 б.]. 
Кӛп  авторлар  Жетісудағы  Соғдылардың  рӛлін  Бернштамның  пікірін 
қайталайды.  Ал  Байпаков  «Средневековая  города  Казахстана  на  Великом 

 
82 
Шелковым  пути»  атты  еңбегіндегі  Тараз  туралы  бӛлімінде  Бернштам 
келтірілген  мәліметтердің  ешқайсы  келтірілмейді.  Үзінді  келтірсек:  751  жылы 
Тараз  және  Онтүстік  -  Батыс  Жетісу  аймағының  бір  бӛлігін  арабтар  жаулап 
алды,  бірақ  766  жылы  қарлұқтар  қолына  кӛшті,  ал  IX  ғасырда  Саманидтерге 
бағынады делінеді [4, 84 б.]. 
1938-1941  ж.ж.  Шу  ӛңіріндегі  ортағасырлық  қалалардың  шаруашылығын, 
құрылыс  техникасын,  сәулет  ӛнерін,  қол  ӛнерін  сәулелендіретін  аздаған 
деректер  алған  А.Н.  Бернштам  осы  деректердің  негізінде  Шу  ӛңірінде  орта 
ғасырлық қалардың пайда болуы, дамуы туралы «Соғдылық» үлгіні ұсынды. 
Дегенмен,  1938-1941  ж.ж.  жұмыстар  кезінде  Шу  ӛңіріндегі  ортағасырлық 
қалалардың  толық  қамтылмағанын,  зертеулердің  тек  кейбір  қалаларда  ғана 
жүргізілгенін,  оларда  жүргізілген  қазбалардың  кӛлемі  шағын,  ал  қазбадан 
табылған  археологиялық  заттардың  аз  екендігін  ескеретін  болсақ  А.Н. 
Бернштам  ұсынған:  «Соғдылық»  үлгінің  негізсіз,  біржақты  пікір  болғанын 
айтқан дұрыс деп келтіреді [3, 106 б.]. 
Беленицкий  А.М.,  Бентович  И.Б.,  Большаков  О.Г  «Средневековые  город 
средей  Азии»  1973  жылы  жарық  кӛрген  еңбекте  авторлар  негізінен  Ӛзбекстан 
жерінде  орналасқан  қалалар  туралы  кең  кӛлемде  мәліметтер  беретін 
зерттеулердің бірі болып табылады. Авторлар Ӛзбекстандағы Мерв, Самарқанд, 
Бұхара қалалары туралы жан - жақты талдау жасайды. Ал Қазақстан жеріндегі 
қалалар  жӛнінде  қысқаша  мәліметтер  немесе  Ӛзбекстан  қалаларымен 
салыстыра отырып жазған қосымша мәліметтер ғана бар. Беленицкий бастаған 
археологтар:  Г.И.  Пацевич  Оңтүстік  Қазақстанда  1954  жылы  кӛрсеткен 
қалалардан  да  кӛп  болған  дейді.  VIІ  ғасырға  дейін  бұл  ауданда  35,  VП-ІХ  ғ.ғ. 
65-ке  жетті,  1947-1951  жылдарғы  Оңтүстік  Қазақстан  археологиялық 
экспедициясының  есебі    1958  жылы  басылған  есеп  бойынша  6  «цитаделін 
қалаларын»  және  11  «рабадтары  бар  қалалар»,  жалпы  қалалар  саны 
айтылмайды, VIІ-ІХ ғ.ғ. 42 қаланы санайды. Г.И. Пацевич: қалалар тек саудаға 
ыңғайлы  жерлерде  ғана  емес,  сонымен  қатар  елдердің  түпкі,  ішкері 
аймақтарында да пайда болды. 
Жетісудың  ежелгі  қалалары  туралы  П.Н.  Кожемяко  қалаларды  жеке 
кӛрсетпейді, ол VI-Х-ХП ғ.ғ. ескеркіштерді бірге қарастырады. Араб географы 
Ибн Хордадбех 10 қала жӛніндегі пікіріне қарсы 18 қала бар деп жазады. Бірақ 
оның  тұжырымы  бойынша  олардың  бір  бӛлігі  Ибн  Хордадбек  жасаған 
маршруттарынан  кейін  пайда  болған  дейді.  Осыдан  шыға  П.Н.  Кожемяко  Шу 
ӛңірінде VI-VII ғ.ғ. аз дегеннің ӛзінде 13 қалалық аймақтар болды деп келтіреді 
[62, 25 б.]. 
Тараз  қаласы  шахристаны  солтүстік  цитадельмен  қоса  алғанда  (450x420). 
Шахристанда бірнеше рет (Бернштам, 1941 ж; Пацевич, 1956 ж; Сенигова 1966) 
қазба  жұмыстары  жүргізілген.  Қазіргі  уақытта  қазба  жұмыстары  жүргізу 
мүмкін емес болып отыр дейді. 
Тарихи және географиялық жағдай Жетісуды екі облысқа бӛледі: Шу және 
Іле  аңғары.  Әл  -  Истахри  ибн  Хаукалда  Тараздан  шығысқа  қарай  кеткен 
облыстар  туралы  мәліметтер  жоқ.  Ал  -  Мукаддаси  Жетісудағы  22  қаланы 

 
83 
кӛрсетеді.  Бірақ  қаланың  қай  жерлерде  орналақаны  туралы  ешқандай 
мәліметтер келтірмейді. 
Солтүстік  -  Шығыс  Жетісуда  урбанизация  соңында  жүреді.  Қалалық 
тұрақтар тек XII ғасырда қарқынды түрде отырықшылыққа кӛше бастағанымен 
байланысты. ХІ-ХП ғ.ғ. үлкен қалалардың қатарына Қойлықты (Талдықорғанға 
жақын  45  га  жерді  алып  жатқан  қала)  жатқызуға  болады.  Екі  Оғыз  (Эквиус) 
Шеңгелді де орналасқан. Қалған қалаларды үлкен қалалар қатарына жатқызуға 
болмайды.  Мысалы,  Талғар  қаласы  небәрі  7  га  жерді  ғана  алып  жатыр 
(Марғұлан,  1950).  Бұл  жерлерде  Шу  ӛңіріндегі  қалалар  сияқты  шахристан, 
рабадқа  бӛлінбейді,  ал  қалғандары  хандардың  бекіністері  болған  оларды  қала 
деп атау ӛте қиын. Іле аңғарында орналасқан ірі қалалардың бірі Ақ  - Там 4 га 
жерді ғана алып жатыр [62, 205 б.]. 
Талас  және  Жетісу  ӛңіріндегі  қалалардың  халықтары  саны  жағынан 
Азиядағы  орталық қалаларына  жол  берді  дейді.  Тараз  қалаларында  шахристан 
(15 га) 2,5 мың болуы мүмкін,  халық кӛп тұратын орталық және шығыс  рабад 
(60  га),  әр  га  100-ден  есептегенде  6-мыңдай  адам,  батыс  рабад  (27га)  1500 
тұрғын, бәрін қоса есептегенде 10 мыңнан аса адам. Баласағұн біршама  халқы 
кӛп  болған  қалаға  жатады  (Ақ  -  Бешім  деп  те  атады).  (Бұл  авторда  Бернштам 
деректеріне сүйеніп, Ақ - Бешімді Баласағұнмен шатастырады). Шахристан (20-
2  І  га)  3  мың  адам,  Шығыс  рабад  (75  га)  -7,5  мың  адам  және  қоршалмаған 
рабадта  2-З мың  адам  деп  Ӛзбекстанда  орналасқан  қалаларда  Бұхарада  ХІІІ-Х 
ғ.ғ. 18750 адам, Самарқандта Х ғ. 75-85 мың тұрғын, Термезде 33-35 мың адам 
тұрады деп салыстырады [ 62, 207 б.]. 
ІХ  ғ.  араб  жаулап  алушыларынан  кейінгі  Орта  Азия  Иран  мен  Жерорта 
теңізі  мен  экономикалық  және  мәдени  байланыстар,  қалалардың  тез  ӛсіп  бой 
кӛтеруі болды. 
Х ғ. кішігірім қалаларда  ӛздері тұтынуға ғана қажет ӛнеркәсіп және сауда 
болған болса, 50 мыңдық адамдарға дейінгі қалалар; мысалы, Мерв, Самарқанд 
сияқты  қалалар  әлемдік  ірі  астаналарға  айналды.  Олардың  кӛбі  VIІ-  VIІІ  ғ.ғ. 
қалашықтардан пайда болған. Ірі жаңа қалалардың шахристаны болды [62, 209 
б.].  Автор  бұл  қалалар  қатарына  Тараз  қаласын  кіргізбейді.  Ал  ӛзіміз  басқа 
авторлардың  айтуы  бойынша  Тараз  Қараханидтер  тұсында  да  ірі 
орталықтарының бірі болғаны белгілі. А.М. Беленицкий бастаған зерттеушілер 
Тараз,  Жетісу  ӛңіріндегі  қалаларға  байланысты  нақты  ӛз  тұжырымдарын 
келтірмей, тек басқа зерттеушілердің ойларына сілтеме жасайды. 
Жетісу  қалаларының  ішінде  ең  кӛп  зерттелген,  орта  ғасырлық деректерде 
де  кӛп  жазылған  қала  ол  Тараз  қаласы.  Ал  Алматы,  Талғар,  Қойлық,  Құлан 
қалалары  жайлы  Кеңестік  зерттеулер  жоқтың  қасы.  Сондай  зерттеу 
еңбектерінің  бірі  Бернштам  «Прошлое  района  Алма  -  Ата»  деген  1948  жылы 
шыққан  еңбекте  Алматы  жайлы  жан  -  жақты  терең  болмаса  да  біршама 
деректер  келтіріледі.  Енді  соған  кеңірек  тоқталатын  болсақ:  Қазір  Алматы 
қаласы  орналасқан  аймақта  б.д.д.  III  -II  м.ж.  адамзат  баласы  ӛмір  бастаған. 
Бүған  дәлел  Алматы  қаласының  кашғар  кӛшесінің  №  42  үйінен  табылған 
тереңдігі  1,5  м  қатпарлары.  Бұл  осы  жерде  табылған  қатпарлар  ертеден  адам 
сүргенін  дәлелдейді.  Олардың  ұрпақтары,  қола  дәуірінің  тайпалары,  былайша 

 
84 
айтқанда  б.з.д.  ІІ-І  м.ж.  осы  аймақта  ӛте  жиі  орналасқандар.  Ұзынағаш 
ауылында  және  Алексеевкада  табылған  қола  дәуірінің  ескеркіштері  бұны 
нақтылай түседі [36, 35 б.]. 
Алматы  қаласы  б.д.д.  III  м.ж.  ортасында  сақтардың  отырықшы  аймағы 
болды. 
Тарих  сахнасына  б.з.д.  Ш ғ.  шыққан  сақтардың  орнын  басушы,  солардың 
қорғандарының  жанына  ӛздерінің  тұрғын  үйлерін,  сақтардың  мәдениетін 
дамытып жалғастырушы үйсіндер ұзақ уақыт осы аймақты мекендеді. 
Алматының  ежелден  келе  жатқанын  «Горный  гиганттан»  табылған 
үйсіндердің қорғанынан кӛруге болады. Осы жерде үйсіндердің үнемі тұрғанын 
дәлелдейтін  күнделікті  қолдануға  қажетті  заттар,  ыдыс  -  аяқ,  от  жағатын 
орындар  табылған.  Бұл  табылған  тұрақ  осы  аймақтағы  отырықшылықтың 
басталғаны  жӛніндегі  талас  тудырмайтын  құжаттардың  бірі,  кейіннен  осы 
жерде Алматы пайда болды. 
Қытай  деректерінде  және  археологтар  тапқан  материалдық  мәдени 
ескерткіштер кӛрсеткендей үйсіндер сақтардан қарағанда Қытаймен саяси және 
мәдени байланысты дамыта түскен. 
Үйсіндерде  алтыннан  әдемі  әшекейлер  жасау  жақсы  дамыды.  Жоғары 
мәдениеттің  кӛрінісі  ретінде  Қарғалыдан  табылған  25  жастағы  алтын 
әшекейлер  тағылған  жас  әйелдің  денесі еді.  Бұл  әшекейлер  түйелердің  кескіні 
келтірілген жүзік, адам пішінде жасалған сырға, неше түрлі тастардан (бирюза) 
- жабайы аңдар мен құстардың кескіні келтірілген әшекейлер табылды. 
Бейбітшілік  кезеңінде  Жетісу  аймағы  Маураннахрмен  жақсы  қарым  -
қатынаста болды. Бұндай қарым -қатынас Қараханидтар тұсында дами түсті. 
Ал  Жетісу  қалалары  осы  уақытта  гүлдене  түсті.  Ескі  қалалар  ұлғайып, 
жаңа қалалар пайда бола бастады. Қалалар сауда жолдарының бойында болды. 
Бұл жол Шу ӛзенінің аңғарымен Харран Джуван қаласы арқылы, Қордай асуы 
арқылы, Іле Алатауыңа қарай Алматы аудандарына келгенде немесе Талғардың 
жанында  екіге  бӛлінеді.  біреуі  Есік,  Түрген,  Шелекке  кетіп  оңға  бұрылып, 
Сюгатин жазығы  арқылы  Кеген  -  Нарынқолға  шықты,  ал  тағы  біреуі  Іле  ӛзені 
Шеңгелді  Биже  ӛзенінің  жазығы  арқылы  Кӛксу  және  Қаратал  жазығымен 
Қойлыққа Талғардан кетті. 
Монғол  жаулап  алушылары  Жетісу  ӛңірінде  жермен  айналысудың  соңғы 
нүктесін  қойды.  Жермен  айналысу  мәдениетінің  қалдықтары  Алмалы 
облысында  орта  жоғарғы  Іле  ағысында  сақталды.  Іленің  тӛменгі  ағысындағы 
жермен  айналысуы  тек  бірінші  жылдары  ғана  сақталды,  бұл  туралы  Қытай 
саяхатшылары  Е-Люй-Чу-Цай  (1219  ж.)  және  Чан-Чунь  (1221  ж,  Рубрук  1253 
ж.).  Чжан  Дэ  (1259  ж.)  жермен  айналысу  мәдениеті  толығымен  жойылып, 
отырықшылықтың  да  жойыла  бастағанын  айтады.  Рубрук  бұл  жӛнінде: 
«жоғарғы аталған жерлерде кӛптеген қалалар болған, бірақ олардың кӛбі татар - 
монғолдар жаулап алушылығы кезінде құртылды». 
Жер игеру мәдениетінің құлдырауымен Жетісуда қалалық ӛмір де тоқтады. 
Кейбір  қалалар  ғана  ӛмір  сүруін  тоқтатпады,  олардың  қатарында  -  «Талғар 
қаласы» және ежелгі «Алматы» болды. 

 
85 
Темірдің әскерлері бірнеше рет Алматы арқылы Шарынға (1370-1389 ж.ж.) 
ӛткен. Бірақ ол қаланың ӛсіп - дамуына ешқандай жағдай жасаған жоқ. Қытайға 
шабуыл  жасау үшін  уақытша жасанды  түрде ғана ұстап  тұрды. Бұл жерлердің 
Темір экономикалық және мәдени қалдықтарын жойып, ӛзінің Қытайға жорық 
жасар  алдында  сол  қанатын  қауіпсіздендірді.  Темірдің  жорықтары  туралы 
жазған мағлұматтарда ешқандай қалалардың аты кӛрсетілмеген. 
Археологиялық  мәліметтер  кӛрсеткендей  кейбір  қалалық  орталықтар  ӛз 
деңгейлерінде  ӛмір  сүруін  жалғастырған.  Мысалы,  Талғардан  табылған  заттар 
кӛрсеткендей  ХVI-ХVII  ғ.ғ.  Моғолстанның  билігінен  кейін,  қалмақтар  кезінде 
бірқатар қалаларда ӛмір сүрді. 
Талғардан табылған Қытайдың Мин әулиеті кезіндегі (ХVI) Орта Азиялық 
шеберлердің  жасаған  фарфорлары,  Талғар  қаласының  халықтары  ӛте  үлкен 
байлықпен  тұрғанын  дәлелдейді.  Талғар  мен  Алматы  жеріндегі  құрылыстар 
күйдірілген  кірпіштен  салынған.  Қалалардың  ішіндегі  кӛшелері  анық,  ретпен 
бӛлінген. Орыстар Жетісуға келіп, Ұлы жүздің ішіне Верный бекінісін салады. 
Бекініс  қираған  Алматы  қаласының  орнына  салынады.  Осылай  бекіністің 
салынуымен жаңа қаланың тарихы басталады [62, 75 б.].  
Түйіндей  келе  айтарымыз,  кеңестік  кезеңде  Жетісу  қалаларын  зерттеу 
біршама  жүйелі  түрде  жүргізілді.  Әсіресе  Талғар  қаласында  қазіргі  Абай 
атындағы  ҚазҰПУ  оқытушылары  археологиялық  тәжірибе  ұйымдастырып 
тұрды.  Оны  ұзақ  жылдар  И.  Копылов  басқарды.  Бір  ӛкініштісі,  алынған 
материалдар  кӛп  жарияланған  жоқ.  Басқа  қалаларды  зерттеуде  үзілістер  кӛп 
болды.  Мамандардың  жетіспеуі,  жеткілікті  дәрежеде  қаражаттың  бӛлінбеуі 
Жетісу қалаларын зерттеуді тежеді. 
1991  жылы  еліміз  тәуелсіздік  алғалы  бері  қалалар  жӛніндегі  іргелі 
еңбектер дүниеге келді. Бұл Кеңестік кезеңде қарастырылмаған деген сӛз емес, 
қайта  тәуелсіздікпен  ӛзінің  жалғасын  тапқан,  ірі  мәселелердің  бірі.  Біз  осы 
тарауымызда  қарастырғалы  отырған  негізгі  мәселеміз  орта  ғасырлық  Жетісу 
қалаларының  тарихы  емес,  тек  тәуелсіздік  алғалы  бері  дүниеге  келген 
еңбектерге тарихнамалық талдау жасау. 
Арнайы тарихнамалық тұрғыдан жазылған еңбек жоқ, бірақ жалпы қалалар 
туралы, жеке қалалар туралы жазылған еңбектер кӛп. 
Алдымен, біз негізгі мәселеге тоқтауда, осы жылдары атқарылған далалық 
жұмыстарды  жүйелеп  кеткенді  дұрыс  кӛрдік.  Тәуелсіздік  жылдарында  Жетісу 
ӛңірінің бірқатар  қалаларында  қазба  жұмыстары  одан  ары  ӛз  жалғасын  тапты.  
Дәлірек  айтсақ,  бұл  жылдары  Луговое  Г  [7,  7-9  б.],  Ӛрнек  [87,  25  б.],  Тӛменгі 
Барысхан  [88,  20  б.],  қалашықтарында,  Ақыртас  кешенінде  [67,  30-31  б.] 
зерттеу жұмыстары жүргізіліп, біршама тың мәліметтер алынды.  
Сондай зерттеулердің бірі Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бірінде 
дүниеге  келген  еңбектердің  бірі  К.  Байпақов,  А.  Нұржановтың  «Ұлы  Жібек 
жолы  және  ортағасырлық  Қазақстан».  Еңбекте  Қазақстан  жерінде  барлық 
қалалардың  қысқаша  сипаттамалары  келтірілген.  Ал  қазіргі  Қазақстан 
археологиясында талас тудыртып келе жатқан «Баласағұн мәселесіне» авторлар 
ӛз тұжырымдарын келтіреді: «Тан әулеті тарихындағы» қытай бағытнамаларын 
ӛзара  салыстырған  белгілі  шығыстанушы  Томашектің  пікірінше,  Суяб 

 
86 
Ыстықкӛлдің  батыс  етегіне  қоныс  тепкен.  В.В.  Бартольд  Суябтың  орнын  одан 
гӛрі  батысқа  қарай  іздеу  керек  дейді.  Зертеуші  сондай-ақ  Баласағұнды  белгілі 
бір  аймақпен  шектеуді  ұсынды,  бастапқыда  ол  Баласағұн  мен  Бурана 
қаласының орнын бір қала десе, кейінірек Ақ Бешім үйінділерін Баласағұн деп 
есептеді.  Бұл  болжамдардың  алғашқысы  ХV-ХVI  ғасырлардағы  Мұхаммед 
Хайдардың мәліметтерімен тиянақталады, онда: «Джу елінің бір тұсында үлкен 
бір  қаланың  орны  бар,  ондағы  ғимараттардың,  күмбездер  мен  медреселердің 
қалдықтары  кей  жерлерде  сақталып  қалған.  Бұл  шаһардың  атын  ешкім 
білмегендіктен  моңғолдар  оны  Монара  деп  атаған».  Сонымен  қатар  осы  автор 
1311-1312 
жылдары  қайтыс  болған  Баласағұндық  Факих  имамның 
құлпытасының сол кезде сақталып қалғаны туралы да баяндайды. Атаулардың 
ұқсастығына  қарағанда  Монара  (Бурана)  қаласының  Мұхаммед  Хайдар 
сипаттаған  Бурана  қаласы  екеніне  дау  жоқ.  Зерттеушілер  бұны  Бартольдтың 
«Очерк истории Семиречья» еңбегінен келтіреді [89, 156 б.]. 
Сонымен  бірге,  Баласағұнның  үйіндіге  айналған  кезі  туралы  жазған 
Махмуд  ибн  Валидың  (1634-1641)  кейінірек  ұсынылған  мәліметтерге 
қарағанда,  Баласағұн  дәл  осы  Бурана  қаласының  ӛзі  деген  тұжырым  сенімді 
болжамға  айналған.  Махмуд  Ибн  -  Вали  былай  деп  жазады:  «Баласағұн  -
тарихта Моғолстан деген атпен белгілі болған Түркістан Заминнің бір қаласы. 
Монғол  шапқыншылығына  дейін  онда  таза  мұсылмандар  тұрған.  Олардың 
ішінен  кӛп  ғалым  оқымыстылар  шыққан.  Мустауфидің  айтуынша,  Баласағұн  - 
кең  байтақ  әрі  табиғаты  әсем  ел;  ауа  -  райы  ӛте  қатал.  Кейбір  жылнамаларда 
оның  тас  қабырғаларының  жалпақтығы  екі  жарым  кез  болғаны  баяндалады. 
Баласағұнда қырық күмбезді және екі жүз қарапайым мешіт, жиырма ханақ пен 
он  медресе  болған...  Моңғолдар  басып  алған  соң  монғолдардың  салт  - 
дәстүрлері ӛз әсерін тигізгенге дейін қала жайлы да гүл жайнаған күйде тұрды. 
Содан бері күні бүгінге дейін ол қаусаған және қаңырап бос қалған күйде келе 
жатыр. Әлдеқандай бір қашқарлық саяхатшы осы кітапты  жазу үстінде Балхта 
былай  деген  екен:  бірде  Қашқардың  билеушісі  қалмақтарды  жазалау  үшін 
монғолстанға  енеді.  Екі  айдан  соң  шығыстан  солтүстікке  қарай  жүре  отырып 
олар  құм  астынан  биік  -  биік  ғимараттардың,  мешіттердің,  сарайлардың, 
медреселердің  тӛбелері  шығып  тұрғанын  және  олардың  ізі  тӛрт  фарса  жерден 
байқалатын  бір  жерге  келдік.  Сол  аймақтан  кӛп  ұзамай  біз  қалмақтарды  қуып 
жетіп,  шайқасқа  түстік.  Осынау  дінсіздердің  кӛбін  тұтқындадық  та,  қайтар 
жолда  ӛзіміз  ғимарат  қалдықтарын  кӛрген  тұсқа  келгенде  тұтқындардың  бұл 
жердің қалай аталатынын сұрадық. Олар бұл жерде бұрын Баласағұн атты қала 
болғанын ғана білетінін айтты. Бір сӛзбен айтқанда, бұл шаһар бұрынғы кездері 
осынау ӛлкедегі жақсы қалалардың бірі болғанын, бірақ түбінде ол (тіпті атауы 
да ) мүлде ұмытылған». Екі автордың бір - біріне ешбір байланыссыз - ақ сәулет 
ескерткіштері, атап айтқанда мұнарасы сақталған қаланың орны туралы бірдей 
мәлімет беруі, ал Махмуд Ибн Валидің оның кӛне атауын баяндауы Баласағұн 
мен Бурананың бір қала екенін сӛзсіз дәлелдейді [89, 157 б.]. 
Бұл  пікірді  бүгінде  кӛптеген  зерттеушілер  қолдап  отыр,  олардың  ішінде 
археолог  В.Л.  Горячев  пен  нумизмат  әрі  эпиграфист  В.Н.  Настич  те  бар. 
Алайда,  соңғы  кездері  этнограф  әрі  археолог  У.Х.  Шәлекенов  ұсынған, 

 
87 
Баласағұн Шу ӛзенінің орта сағасындағы орналасқан Ақтӛбе қаласы деген тағы 
бір болжам айтыла бастады. 
Дегенмен У.Х. Шәлекенов  жоғарыда айтылған бірқатар жағдайларды еске 
ала  бермейді,  оның  үстіне  бұл  кӛзқарасты  жоққа  шығаратын  негізгі  тиянақ  та 
бар. Баласағұн XIII ғасыр мен ХІV ғасырдың басында ӛмір сүрген, олай болса 
соған  сәйкестендіріліп  отырған  қала  орнында  осынау  дәуірге  тән  қазба 
материалдар  болуға  тиіс.  Ақтӛбеде  мұндай  айғақ  жоқ,  қаланың  ӛмір  сүруінің 
соңғы  шегі  ХІІ  ғасыр  мен  ХІІІ  ғасырдың  басына  тура  келеді.  Оның  үстіне, 
Ақтӛбе Ұлы Жібек жолының негізгі арнасынан жырақта жатыр, ал қаланың ӛз 
орны (орталық үйінділері) аумағы жағынан Бурана қаласының аумағынан 5 есе 
аз деп У.Х. Шәлекеновтың пікіріне қарсы шығады [89, 158 б.]. 
Ал  М.  Елеуов  бойынша  Баласағұн  қаласының  әр  түрлі  аттары  және  осы 
қаланың  тӛңірегіндегі  жер  атаулары  жайлы  деректер  Махмұт  Қашқаридың 
«Түрік  тілінің  сӛздігінде»  келтірілген  мәселен  Баласағұнның  Құз  ұлұш,  Құз 
Орда  деп  атаған  Махмұт  Қашқаридың  осы  шығармасында  Баласағұн 
қаласының  жанындағы  Шу  қаған  салдырған  Шу  қамалы  туралы  аңызда 
берілген. 
XIII ғ. басындағы Баласағұн қаласы туралы дерек 1210 жылы осы қаладағы 
қанды  қырғынға  байланысты  берілген,  1218  жылы  қала  соғыссыз 
берілгендіктен,  оны  монғолдар  «Гобалық»  («Жақсы  қала»)  деп  атаған.  Елеуов 
мұны  Бартольд  еңбегіне  сүйене  отырып  келтіреді.  Қорыта  айтқанда,  қытай 
дерегі  бойынша  Баласағұн  Суяб  қаласынан  шығыста  20  лиде,  Шудың  сол 
жағасында орналасқан қала, ал Шудың арғы (Оң) жағасында Цзедань тауы бар. 
Араб парсы деректері бойынша Түрік керуен жолы бойындағы Навакет, Лабан 
қалалары  аралығында,  Занби  (Шамсы)  асуына  жақын  жерде  орналасқан  үлкен 
қала.  Оның  тӛңірегінде  Ұлыш,  Орду,  Құлбақ,  Бақырлығ  тәрізді  жер  аттары 
болған,  тарихи  қаланың  бірнеше  аты  болған:  Баласағұн,  Қүз  ұлыш,  Құзорда, 
кіші орда, Жақсы қала т.б. 
Баласағұн қаласының баламалануы мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ, оны 
бірқатар  қалалармен  баламалаған  пікірлер  бар.  Ағылшын  зерттеушісі  Ховорс 
тарихи  Баласағұнды  Итшеку  ӛткелінен  солтүстікке  едәуір  жерде,  Шу  ӛзенінің 
оң жағасында орналасқан аты белгісіз бір қаламен баламалаған болатын. Шуға 
Құрағаты ӛзенінің құйған жерінде Иткешу ӛткелінен солтүстік - батыста 10 км 
жерде  орналасқан  Тӛрткүл  кӛлемі  200  x  3180  м  келетін,  ҮШ-ХІV  ғ.ғ.  кезінде 
ӛмір  сүрген  ескерткіш.  Кӛлемі  шағын,  әрі  түрік  керуен  жолынан  солтүстікте 
150 км  жерде орналасқан бұл қала Баласағұн болуы мүмкін емес [3, 184 б.]. 
В.В.  Бартольд әуелі Бурананы, ал кейін Ақбешімді  Баласағұн болса керек 
деді.  А.Н.  Бернштам  Ақбешімді  Баласағұн  деп  жазады.  А.Н.  Бернштам,  Л.Р. 
Кызыласов болса Ақбешім Баласағұн емес, оны басқа жерден іздеу керек деді. 
Н.Ф.  Петровский  Баласағұнды  Шу  ӛңіріндегі  қалалармен  баламалауға  қарсы 
болды,  ал  Л.Б.  Ерзакович  болса:  «Шу  ӛңіріндегі  ХШ-ХV  ғ.ғ.  кезінде  ӛмір 
сүрген  бірде  -  бір  қала  Баласағұн  сияқты  үлкен  қалаға  сай  келмейді»  –  деді. 
М.Т. Тынышбаев Баласағұнды Қызыл ӛзен қаласымен баламалады. 
70-жылдардан 
бастап  ортағасырлық  Бурана  қаласындағы  зерттеу 
жұмыстарды қайта қолға алынып, қаланың тарихи - топографиялық құрылымы 

 
88 
мен  ӛмір  сүрген  уақыты  жӛнінде  жаңа  деректер  жарыққа  шықты,  соның 
негізінде Бурананы Баласағұнмен баламалаған зерттеушілер қатары ӛсті дейді. 
Мәселен,  Д.Ф.  Винник,  Б.Д.  Кочнев,  В.Д.  Горячева,  К.М.  Байпаков,  О. 
Караев, В.Н. Настич, Бурананы Баласағұн қаласымен баламалайды. 
Бурана  Тоқмақтан  солтүстік  -  батыста  12  км  жерде  орналасқан  ұзын 
қорғанды  қала,  орталық  бӛлігі  тӛртбұрышты  570х520  м,  оның  мәдени  қабаты 
жұқа  және  бірқатар  бӛлігін  бос  жерлер  алып  жатыр  (ешқандай  құрылыс 
қалдықтары  жоқ  -  М.Е).  Қаланың  әртүрлі  бӛліктерінде  жүргізілген  зерттеу 
жұмыстарының барысында оның Х-ХІV ғ.ғ. кезінде ӛмір сүргені анықталды [3, 
185 б.]. 
Сонымен,  жазба  деректерде  Х  ғ.  40-жылдарынан  бастап  аталатын 
Баласағұн қаласы қай қала: Бурана ма? әлде Ақбешім бе? Біздің пікірімізше дей 
отырып  автор  әл  -  Мукаддасидің  екінші  тізімінде  Орда  (Урду)  -Ақбешім 
қаласы, ал Баласағұн - Бурана болса керек. Бірақ бұл кездегі Баласағұн (Бурана) 
әл  -  Мукадаси  айтқандай,  «үлкен  бай  қала»  емес,  археологиялық  зерттеулер 
барысында  анықталғандай  -  жаңадан  салынып  жатқан,  тарихи  топографиялық 
құрылымы  әлі  толық  қалыптаспаған  ,  кӛлемі  шағын  қалашық  болған,  осы 
кездегі Баласағұн туралы В.Д. Горячева былай дейді: ... «что центральная часть 
городищца  могла  сложиться  как  загородная  (или  новая)  резиденция  туркского 
князя  Орду  (Ордукента)  окола  середины  или  во  второй  половине  X  в».  М. 
Қашқари  Орда  (Орду)  мен  Баласағұн  қалалары  туралы  былай  деп  жазады: 
«Орда-  Баласағұнның жанындағы қала.  Сондықтан да Баласағұн Күз Орда деп 
аталады»,  соған  қарағанда  бұл  кезде  осы  екі  қала  бір  -  біріне  ӛте  жақын 
орналасқандықтан оларды бір қала деп есептеген болса керек, мүмкін олар бір 
атпен «Қүз Орда» не Баласағұн» деп аталған. ХІ ғ. кейін жазба деректерде Орда 
атты  қала  аталмайды.  Жүсіп  Баласағұн  мен  М.  Қашқари  кезінде  Баласағұнды 
«Қүз ұлыш», «Құз Орда», «Кіші Орда» деп атаған [3, 187 б.]. 
Бартольд  Баласағұн  қаласының  «Худуд  ал  -  аламда»  және  ибн  Зохах 
Гардизиде  аталмайтындығын  ескере  отырып  былай  деген  болатын:  «Очень 
вероятна,  что  Баласағұн  носил  прежде  другое  название  и  упоминается  в 
Маршрутах географов ІХ-Х в.в. под этим старым названием». 
1210  ж.  Мұхаммед  Хорезм  шахтан  ойсырай  жеңілген  қарақытай  әскерін 
қалаға  кіргізуден  бас  тартқаны  үшін  Баласағұн  қатты  қиратылып,  талан  -
таражға  түскен.  Жазба  деректердің  хабарлауына  қарағанда  осы  қанды  оқиға 
кезінде  47  мың  баласағұндықтар  қаза  болған.  Шамасы  осы  апаттан  кейін 
Баласағұн  қаласы  қайта  қалпына  келе  алмаған,  оның  Монғолдарға  1218  ж. 
қарсылық  кӛрсете  алмай  «Жақсы  қала»  аталуының  бір  себебі  осында  болса 
керек.  XIII  -  ХІV  ғ.ғ.  кезінде  қаланың  кейбір  бӛліктері  ғана  ӛмір  сүрген. 
Баласағұнмен  баламаланып  жүрген  келесі  қала  ортағасырлық  Ақтӛбе.  У.Х. 
Шәлекеновтің  бірқатар  мақалары  мен  еңбектерінде  Ақтӛбе  қаласының  тарихи 
Баласағұнмен  баламаланған.  Ақтӛбе  Түрік  керуен  жолынан  солтүстікке  45  км 
жерде,  Ақсу  мен  Қарабалта  ӛзендері  жағасында  орналасқан  ұзын  қорғанды 
қала. Тарихи - топографиялық құрылымы жақсы сақталған, кӛлемі жағынан Шу 
ӛңіріндегі  үлкен  қалалардың  бірі.  Ақтӛбенің  әртүрлі  бӛліктерінде  жүргізілген 
стратиграфиялық және кең кӛлемді қазба жұмыстарының нәтижесінде қаланың 

 
89 
VI-ХІП  ғ.  басы  аралығында  ӛмір  сүргені  анықталды.  Біз  Ақтӛбе  қаласының 
Түрік керуен жолынан солтүтікте 45 км жерде орналасқанын, оның тӛңірегінде 
аттары  жазба  деректерде  аталған  ортғасырлық  қалалар  мен  елді  мекендердің 
жоқтығын  және  бұл  қаладағы  тіршіліктің  ХІІІ  ғ.  басында  -  ақ  тоқталғанын 
ескере отырып Ақтӛбе Баласағұн деген пікірге қосыла алмаймын деп М. Елеуов 
алдыңғы авторлардың пікірін қолдайды [3, 189 б.]. 
У.Х.  Шәлекенов  Баласағұн  жӛніндегі  пікірі:  Тарихи  деректер  бойынша 
Шу,  Талас  ӛңірінде  ертедегі  орта  ғасырлық  әйгілі  үш  қала  болған:  Баласағұн, 
Сужаб  (Суяб),  Талас  (Тараз).  Осы  үшеуі  де  603  жылдан  кейін  Батыс  түрік 
қағанатының астаналары болға. Олардың арасында ең үлкен, әйгілі  Баласағұн. 
Бұл  қала  Ұлы  Жібек  жолы  Жаркентке  баратын  тармағында  орналасқан.  Бұл 
қалаларға  соқпай  еш  саудагерлер,  саяхатшылар  кете  алмаған.  Осы  жолмен 
жүрген  жолаушылар  «Әулие  тауды,  басып  ӛтетін  жолмен  келіп,  Тасӛткел 
арқылы  Шудың  жағасындағы  Тасқалаға  шығып,  содан  Шудың  оң  жағын 
жағалай  отырып,  Қастек  асуы  арқылы  Ұзынағашқа  ӛткен.  Одан  әрі  Жібек 
жолымен Жаркетке тартқан. Сужаб қаласы Жібек жолының Ыстықкӛл арқылы 
ӛтетін  тармағында  орналасқан.  Баласағұн  ІХ-ХІІ  ғ.ғ.  бастап  Қарахандардың 
(Қарақидан)  (Х-ХІІ  )  астанасы,  экономикалық,  саяси  және  мәдени  орталығы 
болды. 
Тарихи  деректерге  қарағанда,  Баласағұн  қаласы  туралы  азды  -  кӛпті 
жазылып  қалған  ортағасырлық  ғалымдардың  саяхатшылардың  еңбектерінде 
кездеседі.  VП  ғасырдың  соңы  мен  ІХ  ғасырдың  басында  жасаған  ұлы  Хорезм 
ғалымы әл - Хорезми ӛзінің дүние жүзілік географиялық картасында Шу, Талас, 
жетісу ӛңірлеріндегі түрік қалалары туралы сӛз қозғайды. Х ғасырдың аяғы мен 
ХІ ғасырдың бірінші жартысында ӛмір сүрген Хорезм елінің ұлы ғалымы Әбу - 
Райхан  Бируни  жасаған  дүние  жүзінің  географиялық  картасында  Баласағұнды 
91 градуста 30 бойлықта, 44 градуста 40 ендікте орналастырылған, Таласты 89 
градуста  50  бойлықта,  43  градуста  5  ендікте  орналасқан  кӛрсеткен. 
Ӛзбекстанның  белгілі  совет  ғалымы  географ,  профессор  Хамидулла  Хасенов 
марқұм  Птоломейдің,  Әл  -  Хорезмидің,  әл  -Бирунидің,  Махмұд  Қашқаридың 
және т.б тарихи географиялық карталарымен ұзақ айналысқан. 1984 жылы осы 
ғалыммен  кездескенімде,  ол  атанған  карталардың  ӛзара  айырмашылықтарына 
тоқталып,  Баласағұн  Әл-Бирунидің  картасында  дәл  кӛрсетілген  еді.  Ол 
Таластың  шығысында  шамамен  200  шақырым  қашықтықта  орналасқан  деген 
болатын. Бұл тұжырымды  В.В. Бартольдтың болжамымен  тура  келеді  [121, 80 
б.]. 
Белгілі  ғалым,  шығыстанушы  Махмұд  Қашқаридың  да  ӛзінің  дӛңгелек 
картасьшда  Баласағұн  жетінші  климатты,  Таластың  шығыс  -  солтүстігінде 
орналасқанын  баяндаған.  Мұсылман  дүниесінде  М.  Қашқари  орталығын 
Қашқар  қаласы  етіп  алса,  ендеше  Батыс  Түркістан  картасында  орталықты 
Баласағұн  етіп  алуы  заңды  сияқты.  Бұл  ғалым  Баласағұнда  жиі-жиі  болып, 
ғылыми  еңбектер  жазған.  Сондықтан,  әйгілі  ғалым  ӛзінің  «Диуани  лұғат  ат  -
түрік»  еңбегінде  Баласағұн  жӛнінде  толығырақ  мағлұмат  берген,  ХШ  ғасыр 
аяғында  ХVI  ғасырдың  басында  ӛмір  сүрген  араб  географы  Әбу-л-Фида 
Баласағұнның  орналасуын  91  градус  50  бойлықта,  47  градус  40  ендікте 

 
90 
орналасқанын карта кӛрсеткен. Бұл қала түрік елінде 7-климатта орналасқанын 
баяндаған.  Ғалымның  Баласағұнның  орналасуына  берген  анықтауы  жоғарыда 
айтылған  Әл-Бирунидың  кӛрсеткен  мағлұматына  жақын  келеді.  Олай  болса, 
Баласағұнның  тұрған  жері  қазіргі  ортағасырлық  қаланың  орны  Ақтӛбеге  дәл 
келеді  деп  ӛз  тұжырымын  келтіреді.  Зерттеуші  ӛзінің  дәлелді  болу  үшін  ӛз 
ойын ары қарай жалғастыра түседі. 
Жоғарыда  ғалымдардың  Баласағұнның  орналасқан  жерін  картада 
кӛрсеткендері  бір-бірінен  алшақ  кетпейді.  Олардың  барлығы  Баласағұн 
Таластың  шығысында,  Шу  ӛзенінің  орталық  ағысында  екенін  бірауыздан 
баяндайды.  Тарихтан  белгілі,  Таластың  шығысындағы  Баласағұнға  дейінгі 
Жібек  жолының  бойында  жатқан  ірі  қалалар  Құлан,  Мерке,  Аспара  екені 
белгілі.  Осы  жолмен  жүргенде  Талас  Баласағұнның  арасы  осы  күннің  ӛзінде 
200-250 шақырымнан аспайды [ 122, 163 б.]. 
1938-1939  жылдары  Ленинградтық  ғалым  А.Н.  Бернштам  Институт 
Истории  Материльной  Культуры  (ИИМК)  жанынан  Жетісу  археологиялық 
экспедициясын ұйымдастырып Ақбешім қаласында, оның рабадында кішігірім 
жерде қазба жұмыстары жүргізілген. Археологиялық зерттеулердің барысында 
Ақбешімде  қолға  түскен  деректерге  негізделіп  В.В.  Бартольдтың  Баласағұн 
туралы  айтқан  болжамын  қуаттап,  Ақбешімді  Баласағұн  -  деп  жариялап 
жіберген. Бұл ашқан жаңалық ретінде кейінгі еңбектерде жарық кӛрген. 
У.Х.  Шәлекенов  МГУ-дің  профессоры,  тарих  ғылымының  докторы  Л.Р. 
Кызыласовтың  1953-1954  ж.ж.  Ақбешімде  жүргізген  бірінші  кең  кӛлемдегі 
экспедициясының  мәліметтерін  келтіреді.  Л.Р.  Кызыласовтың  жүргізген 
археологиялық  экспедицияның  нәтижелері  бойынша  86  беттік  мақала 
жарияланған.Онда  Ақбешім  ортағасырлық  қаласын  екі  жыл  бойы  зерттегенде 
ӛте бай, құнды деректерді қолға түсіргені жӛнінде жазылған. Ақбешім V-Х ғ.ғ. 
ӛмір  сүріп,  онан  кейінгі  жылдарда,  ол  тарихи  сахнадан  кеткендігі  айтылған. 
Автордың  пікірі  бойынша,  ХІ-ХІІ  ғ.ғ.  үстемдік  еткен  Қарахан  әулиеті  кезінде, 
бұл  қала  қирап,  ол  археологиялық  ескеркіш  келе  бергені  баяндалады. 
Ақбешімді  қазған  кезде  табылған  заттардың  басым  кӛпшілігі  түргештердің 
мәдениетіне  жататыны  айрықша  аталған.  Осындай  зерттеулердің  нәтижесінде 
Л.Р.  Кызыласов  мынандай  қорытындыға  келеді  деп  У.Х.  Шәлекенов 
зертеушінің  тұжырымын  толығымен  келтіреді:  «Все  выше  изложенное 
приводит  нас  к  выводу,  что  отождествление  городище  Акбешим  с 
историческим  Баласагуном,  сделанное  еще  В.В.  Бартольд,  а  в  последствии 
поддержанное  А.Н.  Бернштамом,  который  при  этом  опирался  на  так 
называемые «каракиданские» памятники из своих раскопок 1940 г. в рабаде, не 
можеть  быть  ныне  приятно.  Исторческий  Баласагун  -  блестящая  столица 
караханидов  ХІ-ХІІ  вв.,  город  просуществовавший,  согласно  письменным 
источниками, вплоть до ХІV в., - надо искать в другом месте». 
Бұнан  кейін  Л.Р.  Кызыласов  Ақбешімнің  оңтүстік  шығысындағы  5  км 
қашықтықта орналасқан Бурана қаласына кӛңіл бӛліп, ол жӛнінде ӛзінің пікірін 
білдірген:  «Бұл  қала  Бұрана  сайының  бойына  орналасқан,  онда  ХІ  ғ.  қыш 
кірпіштен  салынған  тӛрт  бұрышты  мұнара  сақталған.  Бұранада  Қарахан 
дәуіріне  жататын  ХПІ-ХІV  ғ.ғ.  қабаты  жоқ.  Кӛлемі  кішкентай,  оны  тарихта 

 
91 
әйгілі  Баласағұнмен  салыстыруға  болмайтынын  айта  келіп,  Ақбешім  мен 
Бұрана  жӛнінде  үзілді  -  кесілді,  ғалым  ретінде  тұжырымын  жазған:  «Таким 
образом,  ни  городища  Акбешим,  ни  городище  Бурана  не  могут  связываться  с 
историческим  Баласагуном.  Их  забытые  имена  еще  предстоит  устанавить 
историкам  Киргизии»  [122,  169-171  б.]    деп  У.Х.  Шәлекенов  ӛз  тұжырымын 
нақтылай түседі. 
әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университенің  археологиялық 
экспедициясы Ақтӛбе ескеркішін 1974 жылдан бастап зертей келе жатса, соның 
белсенді  қазушылардың  бірі  М.  Елеуов  келтірген  тұжырымдарына  У.Х. 
Шәлекенов қарсы пікір айтады: М. Елеуов 1) Ақтӛбе Түрік керуен жолынан 45 
км  қашықтықта  жатқанын  айтқан.  Тасӛткелдегі  Тасқаланы  М.  Елеуовтың  ӛзі 
қазды.  Бұл  солтүстік  Ұлы  Жібек  жолындағы  тарихи  ӛткел  және  сол  жердегі 
қала. Ол Ақтӛбенің солтүстік шетімен жалғасып жатыр. Солай болса, бұл қала 
әйгілі  сауда  жолында  орналасқан;  2)  Баласағұнның  тӛңірегіндегі  әдебиеттерде 
кӛрсетілген қалалардың жоқ екенін тілге тиек еткен. Бұл қаланың тӛңірегіндегі 
қалалардың  кӛп  болғанын  айтқан  деректер  бар.  Бірақ,  олардың  аттары 
аталмаған.  Тек,  Баласағұнның  тӛңірегіндегі  тарихи  жер  атамалары  М. 
Қашқариде  бар.  Қазіргі  кезде  Ақтӛбенің  тӛңірегіндегі  Қырғызстан  және 
Қазақстан  жерлерінде  қалалардың  орындары  кӛп.  Олардың  кейбіреулері: 
Қарақыршын,  Қырықүй,  Соқлық,  Степное  және  т.б.  3)  XIII  ғ.  басында  Ақтӛбе 
ӛмір  сүруін  тоқтатқанын  айтқан.  Біздіңше  де  1210  жылы  Гурхан 
(Қарақидандар)  кезінде  қирап,  одан  кейін  де  бүлінген  күйінде  жасаған.  Бірақ, 
бұдан кейін Баласағұн астана болмаған. Бұл кезде Қарақидандарды Шыңғысхан 
тарапынан  жаулап  алғаны  баршаға  мәлім.  Оның  Баласағұнды  (1218)  билегені 
тарихнамаларда  бар.  Ұзақ  жылдар  бойы  Ақтӛбедегі  археологиялық  қазбаларға 
және  ел  арасынан  жиналған  анамастикалақ  деректерді  жинауда  куә  болған 
маман  -  археолог  М.  Елеуов,  кейбір  құнды  деректерді  еске  алмағанын  түсіну 
қиын.  Ақтӛбенің  тӛңірегінде  табылған  тарихи  жерлерді  Бұрананың  тӛңірегіне 
кім алып барып орналастырар екен. Бұндай жерлерді Қырғызстан жерінен табу 
екі талай деп қатал сын айтады [ 122, 175 б.]. 
1974  жылы  С.М.  Киров  (қазіргі  әл-Фарби)  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінің  археологтары  Ақтӛбені  кӛріп,  оның  үлкен  қала  екендігіне 
кӛздері жетіп, осы жылдан бастап Ақтӛбеде археологиялық қазбалар жанданды. 
Сол  жылы  ұйымдастырылған  университеттің  археологиялық  экспедициясы 
(УАЭ)  жоспарлы  түрде  әр  жылы  зерттеу  жұмыстарын  Ақтӛбе  қонысында 
жүргізіп келеді. 
Ақтӛбенің  жалпы  кӛлемін  анықтау  үшін  1980  жылы  мамырдың  5-де 
самолетпен  масштабы  1:2000  аэрофотосы  түсіріліп,  қала  орны  анықталды. 
Сурет сапалы түсірілген. оны зерттеп, бір жүйеге, тәртіпке (системаға) келтіріп, 
Ақтӛбенің картасы жасалды. Осы картада Ақтӛбенің орталық жерінің кӛлемі 70 
шаршы  шақырым  екені  кӛрсетілген.  Қала  ормен  бірнеше  рет  қоршалған. 
Әсіресе,  Ақтӛбенің  батыс  жағының  бекінісіне  кӛп  кӛңіл  бӛлінген.  Ордың 
сыртынан ені 8-10 м. су жүйесін жергілікті тұрғындар Дода (рудың аты) тоғаны 
деп атайды. Одан аққан су егістік жерлерді суарумен қатар, қаланың қорғаны да 
болғанға  ұқсайды.  Қала  бірнеше  қабат  ормен  қоршалған.  Оған  қоса  саздан 

 
92 
соғылған  қорған  -  дуал  бар.  700-800  жылдай  қирап  жер  астында  жатса  да, 
биіктігі  4-5-6  м.  және  ені  18-20  метрлік  бұл  дуал  жақсы  сақталған.  Жалпы 
картада  кӛрсетілген  қорғанның  ұзындығы  52  шақырым  (карта).  Қалаға  кіретін 
бірнеше  қақпалар  (дарбазалар)  болған.  Бекіністің  тек  ішінде  ғана  емес,  оның 
сыртында  да  кӛптеген  қала  тұрғындарының мекен  еткені  байқалады.  Олардың 
қоныстары  үлкенді  -кішілі  тӛбелер  болып  қазірге  дейін  сақталған.  Ол 
тӛбелердің  арасында  табиғи  тӛбелер  кездеспейді,  барлығы  да  қоныстардың 
қалдығы.  Бұл  тәрізді  тӛбелер  кӛп.  Олардың  аралары  25-80  м  қашықтықта 
орналасқан. Бекіністің ішіндегі және сыртындағы сансыз тӛбелер қоныстардың 
орны  болып,  олар  бір  -бірімен  тығыз  байланыста  екені  анықталды.  Ол 
қоныстардың  қатарында  тұрғындардың  қора  -  қопсылары,  бау  -  бақшалары 
және  тұрмысқа  қажетті  құрылыс  орындары  салынған.  Қаланың  тұрғындары 
қазіргідей кӛшенің екі жағына салған [122,  182 б.]. 
Ұшақпен  түсірілген  Ақтӛбе  қаласының  картасына  сипаттама  беріп, 
қаланың  гүлденіп  ӛскен  кезеңіндегі  тұрғындардың  санын  шамамен  жобалауға 
болатынын  белгілі  самолетпен  суретке  түсіру  маманы  К.В.  Шишкин  айтқан 
болатын.  Қаланың  орталығындағы  салынған  құрылыстың  кӛлемін  700  гектар 
деп  алсақ.  Таяу  шығыстағы  мұсылман  елдерінің қалаларының  тұрғындары  бір 
гектар  жерде  500  адам  тұрған  болса,  осы  есепті  негізге  алып,  Ақтӛбенің 
қаласында  350  мыңдай  адам  тұрған.  Тағы  да  мұсылман  елдерінің  есебі 
бойынша,  бір  гектар  суармалы  жерде  50  адам  тұрса,  Ақтӛбедегі  суармалы 
жердің  кӛлемі  1500  гектар  мӛлшерінде.  Олай  болса,  егістік  жердегі  қала 
тұрғындарының саны 75 мың адамдай болуы  тиіс. Жиілете салынған үйлердің 
орны  1000  гектарға  жетеді.  Мұндай  жерде  250  мың  адам  тұрған.  Бәрін 
қосқанда,  Ақтӛбеде  675  мың  адам  ӛмір  сүрген.  Қаланың  қорғанының 
сыртындағы  жерді қоса  есептегенде,  Ақтӛбенің  жалпы  кӛлемі 150  мың  гектар 
болса,  қала  тұрғындарының  саны  бір  миллионнан  асады.  Бұл  әдіс  жалпы  қала 
халықтарын есептеу шығару заңдылығына қайшы келмейді. 
К.В.  Шишкиннің  бұл  келтірген  демографиялық  есебін  кӛпшілік 
тарихшылар  шындыққа  тура  келмейді  деген  пікір  айтады.  Мұндай 
күмәнданудың да жӛні бар сияқты.  Осы күнге дейін Орта  Азияда осынша  кӛп 
адамдар  қоныстанған  қалалардың  бар  екенін  ешкім  жазбаған.  К.В.  Шишкин 
осы  қаланы  тарихта  белгілі,  Алдыңғы  Азияның  ірі  қалаларымен  салыстырып, 
XII  ғасырдағы  Ақтӛбенің  тұрғындарының  есебін  шығарған.  Бұл  есеп  орта 
ғасырды  зерттеп  жүрген  қазіргі  тарихшылардың  пікіріне  тура  келмейді. 
Мәселен,  К.М.  Байпаков  Қазақстанның  оңтүстігінде  ірі  ортағасырлық 
қалалардың тұрғындарының санын тӛмендегіше берген: Таразда (Таласта)  – 10 
мың,  Отырарда  -  15,5  мың,  17,460  адам  тұрған;  Испиджабта  (Сайрамда)  –  40 
мың; Баласағұнда – 6 мың; Шелекте - 1,2; 5 мың; Сүмбеде - 2,2 мың; Дүнгенде - 
5600;  Антоновскийде  –  13  мың  адам  тұрғанын  айтады.  Бірақ  бұл  келтірілген 
қалалардың  тұрғындарының  есебіне  де  күмандануға  болады.  Себебі, 
кӛрсетілген  тұрғындардың  санын  қандай  деректерге  сүйеніп  алғанын  К.М. 
Байпақов  кӛрсетпеген.  Біздіңше  дейді  У.Х.  Шәлекенов:  Орта  Азиядағы  және 
Қазақстандағы орта ғасыр қалалары тұрғындарының саны дұрыс кӛрсетілмеген. 
Жоғарыда  келтірілген  Ақтӛбе  қаласының  ұзындығы  52  шақырымнан  астам 

 
93 
бекіністі 6 мың тұрғыны бар Баласағұн қаласының тұрғындары тұрғыза ала ма? 
Осындай  сұрақтарды  аты  аталған  қалалардың  барлығына  қатысты  қоюға 
болады.  Ӛйткені  отаршылдық  жылдары  біздің  аймаққа  келген  Ресей 
империясының  ғалымдарының  кӛпшілігі  жергілікті  халықтардың  отырықшы 
мәдениеті  жоқ  деген  пікірді  ұстанғандықтан,  ортағасырдағы  қалалар 
тұрғындарының  санын  анықтауға  кӛңіл  бӛлмеген.  Басқасын  былай  қойғанда, 
Орта  Азия  халықтарының  тарихын  жазуда  үлкен  үлес  қосқан  белгілі 
шығыстанушы  академик  В.В.  Бартольдтың  еңбектері  де  осындай  кӛзқарастан 
құр  емес  екенін  байқауға  болады  деп  У.Х.  Шәлекенов  қалалардағы  халықтың 
саны  жӛнінде  басқа  да  авторлардың  тұжырымдарына  сүйене  отырып,  ӛз 
пайымдауын осылай келтіреді [122, 186-187 б.]. 
Жетісудың солтүстік-шығысындағы ортағасырлық қалалардың бірі Талғар 
қаласына  1978  жылдан  бері  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  Ш.  Уәлиханов 
атындағы  Тарих,  археология  және  этнография  институтының  Талғар 
археологиялық  отряды  Іле  Алатауының  солтүстік  бӛктеріндегі  ортағасырлық 
аса ірі ескерткіш болып саналатын - ортағасырлық Талғар қаласының орнында 
қазба  жұмыстарын  жүргізіп  келеді.  1978-1983  ж.ж.  қаланың  орталық  бӛлігі 
қазылып.  Ол  жерден  екі  кӛше  мен  12  үйдің  орны  ашылды.  1986  жылдан  бері 
Талғардағы  қазба  жұмыстары  жалғасты,  тағы  да  2  мекен-жай  ашылды,  осы 
қазбадан  26  қалашық  пен  8  елді-мекен  табылды.  1990-1993  ж.ж.  қазба 
жұмыстардың  барысында  кӛптеген  заттар  табылды.  1994  жылдан  бері  қазба 
жұмыстарына 
америкалық 
ғалымдар, 
Германия, 
Жапония, 
Израил 
зерттеушілері  қатыстырыла  бастады  [5,  57  б.].  Бұл  экспедицияның  барлығын 
Т.В.  Савельева  басқарған.  Біздің  осы  қала  жӛніндегі  қарастырғалы  жатқан 
еңбегіміз Т.В. Савельва және К.М. Байпаков, К. Чанг үшеуінің бірігуімен 2005 
жылы  шығарған  «Средневековые  города  и  поселение  северо-  восточного 
Жетысу»  атты  зерттеу  жұмысы.  Бұл  еңбек  ұзақ  жылдар  бойы  археологиялық 
зерттеулер  барысында  жинақталған  материалдар  негізінде  ортағасырлық 
дәуірдегі  Солтүстік-шығыс  Жетісудың  қалалары  мен  қоныстарының  дамуы, 
олардың  құрылыс  ісінің  сипаты,  транзиттік  сауданың  ӛсу,  Ұлы  Жібек  жолы 
бойымен  мәдениет  дәстүрлері  мен  діни  наным  -  сенімдердің  таралуы  жайлы 
түсінік беріледі. 
ІХ-ХШ ғғ. Талғар, Алмату, Шелек, Қаялық сынды ірі қолӛнер орталықтары 
қалыптасады. Қазба жұмыстары нәтижесінде мыс ӛңдеу, қыш ыдыс пен шыны 
даярлайтын,  әсіресе  темір  бұйымдар  жасайтын  ӛндіріс  орындары  анықталды. 
Алматуда теңге шығаратын сарай жұмыс істеді. 
Кӛршілес  елдермен  және  кӛршілес  халықтармен  Ұлы  Жібек  жолымен 
байланысқан,  мұндағы  қала  мәдениеті  -  Евразиядағы  мәдениеттер  мен 
ӛркениеттер  жүйесінің  арасындағы  ӛзіндік  ерекшелігі  бар  ӛркениеттің  ошағы 
болған [6, 5 б.]. 
Талғар  қалашығы  Алматы  қаласынан  оңтүстік  -  шығысқа  қарай  25  км 
қашықтықта  орналасқан.  Қала  Талғар  ӛзенінің  оңтүстігінде,  Іле  Алатауының 
етегінде орналасқан. Қаланың алып жатқан аумағы, солтүстік  – шығысы  - 300 
м, Солтүстік-батысы – 298 м, оңтүстік – батысы – 280, оңтүстік -шығысы- 302 
м, 9 га жерді алып жатыр. Талғар қаласының алып жатқан территориясы туралы 

 
94 
жоғарыда  келтірілген  А.М.  Беленицкий  бастаған  авторлар  1973  ж.    7  га  деп 
келтіреді.  Бұл  жерде  шындыққа  жанасатыны  Савельеваның  тұжырымы,  себебі 
Беленицкий  бастаған  авторлар  Талғар  туралы  жанама  ғана  мәліметтер 
келтіреді.  1978  ж.  бастап  қазіргі  уақытқа  дейін  аталған  мәселемен  айналысып 
келе жатқан Савельеваның қате кетуі мүмкін емес. 
Бұл  еңбекте  авторлар  солтүстік  -  шығыс  жетісу  ӛңіріндегі  ірі  қалалармен 
қатар  ұсақ  қалаларға  да  анықтама  беріп  зерттеген.  Олардың  қатары  60-тан 
асады,  VШ-ІХ  ғғ.  жататын  Талғар,  Шелек,  Дүнгене,  Антоновская,  Сүмбені 
жатқызуға болады. 
Талхир  қаласы.  Алдымен  X  ғасырдың  соңғы  жылдарында  географиялық 
шығарма  белгісіз  автор  жазып  қалдырған  парсы  тіліндегі  «Худуд-әл-Әлем» 
(«Әлем  шекаралары»)  еңбегінде  кездеседі.  Кӛрнекті  шығыстанушы  В.В. 
Бартольд  пікірінше:  «белгісіз  автордың  Орта  Азия  географиясы  бойынша 
түпкілікті  білімі  болған.  Әсіресе,  ол  ӛзінің  замандастарына  қарағанда,  Орта 
Азияның шығыс бӛлігі туралы анағұрлым білген». 
Аталған  шығармада  ертеде  ержүрек,  батыр  халық  -  түркілері  мекендеген 
Тонг  және Талхир  қалаларының аттары аталады. Бұл елді  - мекендер жікілдер 
мен  қарлұқтардың  шекарасында,  Ыстықкӛлге  жақын  маңда  орналасқан 
делінген. 
Талхир  (Талхиз).  Бұл  атау  қаншама  ғасырларды  басып  ӛтіп  бізге  жетіп 
отыр.  Сол  сияқты  Талғар  (топонимі)  да  -  ӛте  кӛне  сӛз.  Екі  түбірден  құралған 
бұл атаудың «ғар» бӛлігі үндіевропа тіліне жатады және «тау» деген мағынаны 
береді [5, 56 б.]. 
Анықталып  отырғандай,  қала  VIІІ  ғасырдың  аяғы  мен  ІХ  ғасырда  салына 
бастаған  да,  X  ғасыр  мен  XIII  ғасырдың  басы  аралығында  жақсы  ӛмір  сүрген. 
Бұл кезеңде ол аса ірі экономикалық, саяси және мәдени орталыққа айналады. 
Онда  ұста,  қыштан,  шыныдан,  сүйектен  бұйым  жасау,  металл  ӛңдеу  кәсіптері 
қанат  жайған.  құрылыс  ісі  ерекше  орын  алған.  Мұның  бәрін  қала  орнынан 
табылған  деректер  толық  дәлелдейді.  Олардың  ішінде  ұсталардың  құрал  -
саймандары  -  тӛстер,  ожаулар,  сонымен  қатар  темірден  құйып  жасалған  соқа 
тістері, балта, пышақ, таға, шынжыр секілді түрлі  - түрлі бұйымдар бар. Қазба 
жұмыстары  кезінде  әсіресе  күйдірілген  саздан  жасалған  бүтін  ыдыстар, 
кӛбінесе  олардың  сынықтары  жиі  табылады.  Олардың  ішінде  дән  сақтайтын 
200 литрлік үлкен ыдыстар да, жасыл және қоңыр құймамен боялған шырақтар 
да  бар.  Саз  балшықтан  ұсақ  ыдыс-  аяқ,  жылқы  мүсіндері  сияқты  балалар 
ойыншықтары да жасалған [6, 125 б.]. 
Сүйектен бұйым жасау ерекше ӛркендеді:  түрлі әшекейлер, түймелер мен 
доғабастар  жасалды.  Қала  орнынан  сүйектен  жасалған  шахмат  фигуралары  да 
табылды. 
Талғар  батыс  пен  шығысты  жалғастыратын  керуен  жолдарының 
қиылысында  тұрды,  сол  себепті  де  бұл  жерден  орта  шығыста  жасалған  аса 
кӛркем  металл  бұйымдар  табылды.  Атап  айтқанда,  сондай  олжалардың  бірі  -
қанатты сақтар бейнесі бейнеленген мыс табақша. 
Қаланы  қарлұқтар,  жікілер,  түхсилер,  үйсіндер,  дулаттар  сияқты  түркі 
тілдес тайпалар мекендеген. 

 
95 
Х-ХІ  ғасырларда  қала  тұрғындары  мұсылман  дінін  қабылдады.  Мұны 
қазған кезде ӛз орнынан да, қаланың оңтүстік шетіндегі тау етегінде орналасқан 
қалалық бейіттен табылған мұсылмандар қабірлері айғақтайды. Дегенмен қала 
тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінде де, жерлеу рәсімдерінде де шаманизммен, 
кӛк пен жерге табынумен, жануарларға сыйынумен байланысты сипаттар әлі де 
болса  сақталып  қалды.  Мәселен,  ит  сүйегі  жерленген  қабір  табылды,  ал  итті 
киелі  санау  кӛптеген  түркі  тілді  халықтар  мен  тайпаларға  тән  нәрсе.  Атап 
айтқанда, Алтай мен Сібірді мекендеген түркі тайпаларында соңғы кезге дейін 
итті жерлеу дәстүрі сақталған. Оны тӛбе басына, биік жерлерге қоятын болған. 
Бұл арада итте, ӛз қызмет еткен адамдардың ӛлгеннен кейін баратын жеріне, о 
дүиеге барады деп саналады. 
Талғардың  тіршілік  тынысы  Жетісуда  ХШ  ғасырдың  басында  татар-
монғолдар  жаулап  алғаннан  кейін  әлсірей  бастайды.  Мұнда  негізінен  мал 
шаруашылығы  үстем  бола  бастады,  егіншілік  пен  қала  ӛмірі  құлдырап,  ХІІІ 
ғасырдың екінші жартысында қала ӛмір сүруін тоқтатты [123, 131 б.]. 
Автор  бұл  жерде  ешқандай  ӛз  тұжырымын  келтірмейді.  Тек  қала  туралы 
мәлімдеме жасайды. 
Ал  «Средневековые  города  и  поселения  северо-восточного  Жетысу»  атты 
еңбекте  суретпен  келтірілген  Талғар  қаласындағы  ХІ  ғ.  жататын  қыштан 
жасалған,  тігінен  бір  -  бірінің  жанында  тұрған  трубалар  табылған.  Трубаның 
жанынан  ашық  ошақтың  орны  бар.  Талғар  -  III  12,5  м  32  керамикалық  труба 
табылған.  Қаладардағы  халықтардың  саны  жӛнінде  осы  еңбекте  зерттеушілер 
ӛз тұжырымдарын келтіреді: ХІІ-ХШ ғ. басында Талғар қаласының халқы 4000-
4500 адамды құрады, авторлар Талғар қаласы бойынша Шелек, Сүмбе, Дүнген, 
Антоновск  қалаларында  қанша  адам  тұратынын  есептеп  шығарды.  Шелекте 
4200-5000 адам, Сүмбеде 1870-2200 тұрғын, Дүнген қаласында 4760-5600 адам, 
Антоновск  10000-13000  адам  болды  есептеп  шығараған.  Келтірілген  есептер 
бойынша ХІ-ХІП ғғ. 25-30 мың адам болған дейді. Іле аңғарында жерлерде үсақ 
100-ге дейін тұратын, орташа 100-250 аралықта, ірілері 250-ден асатын адамдар 
тұратын ауылды жерлер болған. Іле аймағындағы ауылдық жерлердегі бардық 
халықтарды  қоса  есептегенде  13000-18000  адамды  құрайды  делінеді.  Қамалы 
жоқ  елді  мекендерде  13000-18000  мың  адам  болған.  Үшінші  қалашық 
баспаналарда феодал байлар мен әскери адамдар ғана тұрған, әрқайсында 100-
250  адам  аралығында  болған,  егер  бұндайлардың  тӛртеу  екенін  ескерсек, 
олардың  саны  небәрі  400-1000  аралықты  құрайды.  Осы  санның  бәрін  қосып 
алып  есептесек  Іле  ӛңірінде  44-64  мың  адам  тұрған.  Зерттеушілер:  бұл  санақ 
бойынша  ауылды  жердің  халқы  біраз  ғана  қалалық  халықтан  кӛп  дейді. 
Ауылдық  жердің  тек  отырықшы  халқының  санын  ғана  келтіріп  отырмыз,  ал 
кӛшпелі  халықтың  сандары  әлі  белгісіз,  сондықтан  толығымен  қанша  халық 
болғанын дӛп басып айта алмаймыз дейді [6, 70-72 б.]. 
Антоновка (Қойлық) Іле бойында орналасқан VШ-ХІV ғ.ғ. ең ірі қала. Қала 
Ащыбұлақ  ӛзенінің  жағасында  Антоновка  (Қойлық)  селосының  шығыс 
бӛлігінде  орналасқан.  Қаланың  кӛлемі  оңтүстік  батыстан  оңтүстік  шығысқа 
қарай  1,2  км,  солтүстік-батыстан  солтүстік  -шығысқа  қарай  І  км  қашықтықта 
созылып жатыр. Әр 20-25 м-де бір мұнарасы бар қала қабырғасының солтүтік - 

 
96 
шығыс жақтары жақсы сақталған. Қаялық қаласы туралы монах Г. Рубрук 1253-
1256  ж.ж.  Монғолияға  жасаған  сапарында  Қаялық  қаласы  туралы  мәліметтер 
қалдырған. Осы қалада 12 күн жатқан саяхатшы Қаялықтың үлкен қала екенін, 
саудагерлер  кӛп  екенін  айтады  және  Қаялықтан  4,5  км  несториандық  елді 
мекенді  кӛріп  ішіне  кіргенін  айтады.  Бұл  елді  мекен  Лепсі  ӛзенінің  жартасты 
сайынан  шыға  берісте,  сол  жақ  жағалауда  орналасқан  Лепсі  қаласына  сәйкес 
келеді.  Ол  арадан  елшілер  үш  күннен  кейін  кейін  теңізге  жетеді.  Теңіз 
елшілерге  «мұхиттай  буырқанып  кӛрінеді».  Жолдасым  теңіз  суын  тартып 
кӛрмек  болып,  жағалауға  жақындап  барды.  Дәмі  кермек  татиды,  дегенмен  де 
ішуге жарамды екен. Биік  таулар арасында оңтүстік-шығыс бағытқа қарай кең 
жазық дала созылып жатыр. Содан ары таулардың арасында тағы да бір үлкен 
теңіз бар. Осы жазық арқылы бірінші теңіз бен екіншінің арасын жалғайтын бір 
ӛзен  ӛтеді.  Жазық далада  ылғи  да  толассыз  күшті  жел  соғып  тұрады.  Әрі-бері 
ӛтіп бара жатқан адамдар тіптен теңіз алып кетер ме екен деп қатты қорқатын. 
Осынау  бір  «мұхиттай  буырқанған  теңізді»  Алакӛл  екендігін  білу  қиын 
емес. Рубрукқа дейін осы жолмен П. Карпинидің елшілік тобы ӛткен. Қызығы, 
Карпини де Алакӛлдің күздің күнгі желінің күштілігін баса кӛрсеткен. Ол тіпті 
«жартастың арасынан соғып тұратын жел» туралы аңызда қалдырған [5, 95 б.]. 
Қойлық қаласында қазірдің ӛзінде археологиялық экспедиция жүргізілуде. 
Жоғарыда кӛрсетілген «Средневековаые города и поселение северо -восточного 
Жетысу»  атты  еңбекте  Қаялық  қаласы  жӛнінде  жан  -  жақты  мәліметтер 
берілген,  қазба  жұмыстары  барысында  үйлердің  орындары,  монша,  будда 
храмы  табылды.  Будда  храмы  тік  тӛртбұрыш  және  дӛңгелек  пішінді 
тӛбешіктер.  Олар  жеке  тұрғын  үйлер  мен  қоғамдық  құрылыстардың  үйіндісі 
болып  табылады.  Қала  қабырғасының  сыртындағы,  солтүстік  жақта  іргесінен 
бастап ӛлшегенде 30-35 м, биітігі 5 м болатын текше түріндегі тӛбе бар. Мұнда 
жүргізілген  қазба  жұмыстарының  негізінде  оның  салыну  жобасына  қарап, 
будда  храмы  сияқты  құрылыстарға  ұқсастығын  байқауға  болады  деп  болжам 
айтады. Қазірге бұны нақты дәлелдейтін мүсіндер, заттар табылған жоқ.  Храм 
XI  ғ.  соңы  мен  ХІІІ  ғ.  басына  жатады.  ХІ-ХШ  ғасырларда  буддизм  Жетісуге 
Уйғыр мемлекетінен, Тибет және Таңғут имперясынан келді. Жобасы бойынша 
60х60 м текше түріндегі құрылыс. Ортасында кӛлемі 4,5x4,6 м болатын Құдайға 
құлшылық  қылатын  залы  бар.  Оның  тӛрт  қабырғасын  айналдыра  дәліздер 
салынған.  Дәліздердің  кеңдігі  2,5  м-ден  2,8  м-ге  дейін  жетеді.Құрылыстың 
қабырғаларына  ӛлшемі  36x36x18  см  сабан  кірпіштер  қолданылған.  Сақталған 
қалдықтарына қарағанда ғибадатхананың едені күйдірілген кірпіштен тӛселген. 
Ғимаратқа  кіретін  қақпа  оңтүстік  батыс  қабырғада.  Басты  кіреберіс  тас 
блоктардың  үстіне  орнатылған  екі  кең  колонналармен  ӛрнектелген.  Олар  - 
жуан,  діңі  түзу,  лаймен  сыланып,  тігінен  қосылған  бӛренелер.  Сыртқы  есіктің 
ені 2,8, ішкі есіктікі - 3,5 м. Зертеу барысында храмның салынуының екі кезеңі 
анықталды.  Алғашқы  ғимарат  құлап  қалған.  Шамасы  жер  сілкінісінен  болса 
керек.  Қабырғалырын  тегістеп  қалдырып,  оның  үстінен  екінші  құрылыс 
жүргізген. Бұрынғы қабырғалары тӛменгі бӛлігіне екі қатар күйдірілген кірпіш 
қалап,  қабырғаларын  қайтадан  тұрғызған.  Құрылыс  жобасы  сол  қалпында 
қалған  ӛзгермеген.  Солтүстік-шығыс  ,  солтүстік  -батыс  дәліздердің  едендері 

 
97 
малта тастармен толтырылып, топырақ, ұсақ тастар тӛсеу арқылы биіктетілген. 
Бұған оңтүстік-батыстағы дәліздің едені кірер есіктен бастап жоғарылай белбеу 
кӛтеріле  түсуі  дәлел.  Соңғы  ғибадатхана  -  қабырғасының  биіктігі  3  м-ге 
жететін, сабан кірпіштерден салынған.  Тек сыртқа қарай сәл  кӛлбеу салынған, 
Тӛбенің  кейбір  белағаштарын  ішкі  қабырғаны  бойлата  жерге  қазылып 
орнатылған  тіреу  бағаналар  ұстап  түр.  Бағаналар  еден  деңгейіне  дейін 
тереңдетілп  орнықтырылған  кеспелтек  ағаштардың  үстіне  қойылған.  Тӛбенің 
жапқан  белағаштарының  үстіне  балшықпен  қалың  етіп  сыланған  қамыс 
салынған.  Белағаштар  темірден  соғылған  әр  түрлі  ӛлшемдегі  шегелермен 
бекітілген.  Олардың  арасында  25см-ге  жететін  ұзындары  да.  5-7  см  болатын 
қысқалары да бар, тіпті тӛрт бұрыш шегелерде кездеседі [123, 41 б.] 
2001  жылы  археологтардың  еңбектері  нәтижесінде  қазіргі  Антоновка 
орнында  орналасқан  ортағасырлық  қала  Қаялықта  хаммам  -  монша  аршылып 
алынып, зерттелді. 
Моншаның  сырт  кӛрінісі  тӛртбұрышты  (11,36х8,9  м)  құрылысты 
аңғартады.  Ол  орталық  залды  және  шығыс  жақтан  шығарылған  есікті 
айналдыра  салған  сегіз  бӛлмеден  тұрады.  Оның  құрылысына  крест  түріндегі 
жоба қолданылған. 
Моншаның солтүстік жағында үйге жапсыра шағын айбан салынған. Осы 
жерден  табылған  тӛменгі  бӛлігінде  тесігі  бар  хумдар  (оларда  шарап 
сақталынған) айбанның моншадан шығып дем алатын орын екенін дәлелдейді. 
Моншаның  негізгі  немесе  орталық  қақпасы  тамбур  тәріздес  дәліз  түрінде 
жасалынған.  Осы  дәліз  арқылы  №  1  бӛлмеге  кіруге  болады.  Бұл  бӛлменің 
солтүстік  жағында  кішірек  астауша  бар  (кӛлемі  100x50,  тереңдігі  40  см-ден 
жоғары).  Бӛлменің  батыс  жақ  бұрышынан  шығатын  тар  дәліз  орталық  залға 
апарады. Ол орталық залдан моншаның кез - келген бӛлмеге шығуға болады. 
Моншаның әр бӛлмесінің неге арналғанын да анықтауға болады. Кешеннің 
бірінші бӛлмесі шешінуге және аяқ - қолды жуып шаюға арналған. Онда жылы 
суы бар терең, алайда онша үлкен емес астауларда болған. Осы арада моншаға 
түспес бұрын дене, аяқ - қолдарын шайынатын болған. Мұндай бӛлмелар «аяқ 
жуатын бірінші және екінші бӛлмелер» деп аталған. 
Бұл  бӛлмелер  бу  қабылдайтын,  емдік  массаж  жасайтын  қызметтері  бар 
«орталық  залдың»  кіреберісінде  орналасқан.  Тап  осындай  қызметтер  орталық 
залға қосарлай салынған бӛлмелерде де (№ 2) кӛрсетілетін болған. 
Монша  кешеннің  ішінен  жуынуға  келген  адамдарды  қажетінше  ыстық 
сумен  қамтамасыз  ету  үшін  арнайы  «шаруажай»  («№  3»)  бӛлінген.  Мұнда  су 
ысытатын ыдыстар қойылған. 
Келесі екі бӛлмеде (№ 4,6) орташа кӛлемді астаулар орналасқан. Ал бұдан 
басқа  тағы  екі  бӛлмеде  (№  7,  8)  оларға  қарағанда  үлкендеу  астаулар  тұрған. 
Бұлар жууынуға арналған бӛлмелер. Әдетте бӛлмелердің температуралары бір - 
бірінен  ерекшеленген.  Олар  орташа  температурадағы  «суық»  және 
температурасы жоғары «ыстық» бӛлмелерге бӛлінген. 
Кешеннің  бес  бӛлмесінде  астаулар  орналасқан.  Барлық  астаулардың 
қабырғалары  су  ӛткізбейтін  ақ  түсті  қалың  қырмен  сыланған.  Қырды 
дайындаудың әдісі ӛте қызық. 

 
98 
В.Л.  Воронина  ташкенттік  қарт  шеберден  жазып  алған  осындай  сылақ 
дайындаудың  әдісін  келтіреді.  «Алдыменен  таңдалып,  сұрыпталып  алынған 
таза  әкті  қамыстың  күлімен  жақсылап  арластырады.  Бұл  арада  күл  әктің 
тӛрттен  бірі  немесе  үштен  бірі  шамасындай  кӛлемде  қосылады.  Әдетте  күлді 
құмыра  жасаушылардан  немесе  тері  илеушілерден  алған.  Содан  кейін  әк  пен 
күлді  жақсылап  ұнтақтап  араластырады.  Ол  үшін  қоспаны  таяқпен  ұзақ  пісіп 
сабайды.  Одан  соң  алынған  ұнтақ  қоспаны  ыдысқа  салып,  үстіне  су  құяды. 
Олардың  жақсы  бірігуі  үшін  қамыстың  басындағы  ұлпасын  қосады.  Бұдан 
кейін бір ыдыс қоспаға 20-30 жұмыртқа салынады. Дайын болған қойыртпаққа 
жүзім  сірнесін  қосса  да  (жарты  немесе  бір  шелек)  болады  екен.  Содан  соң 
сылақ  жүргізу  басталып,  ол  бірнеше  күнге  созылады.  Алдымен  бірінші 
жүргізілген  сылақты  кептіреді.  Кепкен  қыр  бірнеше  күннен  соң  жарылып 
кетеді. Жарықтар пайда бола бастаған кезде, ол жерлерге әбден сіңгенше жүзім 
сірнесі араласқан су сеуіп отырады. Одан соң жұмыр таспен үйкіліп, оның бетін 
тегістейді». Бұл сылақтың жақсы ұсталып, ұзақ сақталуына мүмкіндік береді [6, 
50  б.].  Зерттеушілер  келтірілген  мәліметтер  негізінен  қазба  кезінде  табылған 
заттарға,  қоныстарға  зерттеу  жүргізу  барысында  берілген.  Қаялық  Кеңес 
кезеңіндегі  авторлардың  еңбегінде  кездеспейтін  қалалардың  бірі  болып 
табылады.  Кеңестік  кезеңде  1968  жылы  қазба  жұмыстары  жүргізілген,  алайда 
қала  туралы  толықтай  мәлімет  берілмеген,  ал  қазір  Қаялық  қаласында  зертеу 
жұмыстары  жүргізілуде,  алдағы  уақытта  қала  туралы  бұдан  да  басқа  да 
еңбектер  жарық  кӛретініне  сенімдеміз.  Қала  жайлы  жасалынған  мәліметтерді 
жүйелеп,  нақтылап  басқа  еңбектермен  салыстыра  алмауымыздың  басты  бір 
себебі, қала туралы зерттеліп жазылған еңбектің жоқ болуы. 
Осы еңбекте К.М. Байпаков, Т.В. Савельева, К.Чанг ӛздеріне дейінгі кейбір 
зерттеушілердің отырықшы мәдениеттің Жетісу жеріне монғолдардың келуімен 
күйзеліске  ұшырап,  қалалардың  қирауымен  байланыстырған  ойларына 
қосылмай  ӛзіндік  пікір  қалыптастырады.  Олар:  Ӛлкедегі  отырықшы 
мәдениеттің  дамуының  келесі  кезеңі,  оның  ХІІІ  ғ.  Монғол  империясының 
құрамына кірумен байланысты. Монғол татарлардың Іле аңғарын жаулап алуы 
барысында  жергілікті  қалалар  қырғынға  ұшырамады.  Ұлы  Жібек  жолы 
бұрынғыдай  қызмет  атқара  берді.  Бұл  кезде  басты  торапқа  Алакӛл  маңынан 
басталып, Тарбағатай арқылы ӛтіп Моңғолияға - Қарақорымға апаратын тармақ 
қосылады.  Солтүстік  -  шығыс  Жетісудың  Талхир,  Алмату,  Ілебалық,  Эквиус 
жӛне  ХІІІ  ғ.  бірінші  жартысындағы  «облыс  астанасы»  Қойлық  қалалары 
транзиттік  сауданың  ірі орталықтарының  бірі  болатын.  Талғар  қаласында  XIII 
ғасырға  жататын  құрылыс  учаскелері  ашылып,  қыш  ыдыстар  табылды.  Сол 
дәуірде  айналымда  болған  теңгелердің  кӛмбелері  мен  жекелеген  олжалар  бар. 
Алматыда  ӛзіндік  таңбасы  басылған  шағатайлық  келпеттегі  теңгелер 
шығаратын  сарайлар  істеді.  Мұндай  теңге  сарайы  Талхирде  де  болуы  мүмкін 
дейді. 
Бірақ  зерттеушілер  мұнымен  монғолдардың  келуімен  қалалар  мүлдем 
қирамады  деген  пікір  қалыптастырмайды,  XIII  ғ.  аяғында  Алматы,  Талғар, 
Шелек қалаларының қирағанын Моңғолдың Ұлы ханы Мӛңкенің ӛлуімен, таққа 

 
99 
таласу  кезіндегі  соғыстар  барысында  қираған  деп  ӛз  тұжырымдарын  келтіреді 
[6, 132 б.]. 
Егер біз тарихты  халықтың болмысы деп түсінсек, оған тарих кез  -келген 
халықтың  ӛткені  мен  келешегінің  айнасы.  Халықтар  оған  қарап  бой  түзейді. 
Тарих ғылымы сол халықтың даму заңдылықтарын зерттейді, ал халықтар оны 
қабылдаудың нәтижесінде келешекке барар жаңа жолдың соқпақтарына түседі. 
Құлаған «Совет ӛкіметінің біздің елімізде» коммунстік орнатпақ болып жӛнсіз 
байбалам  салып,  халқымыздың  жергілікті  даму  заңдылықтарын  басып  - 
жаншып, қырып  - жойып әлек салған  жорықсыз әрекетінен ешнәтиже шыққан 
жоқ.  Оның  басты  себебі,  әрбір  халықтың  жергілікті  жағдайына  байланысты 
даму заңдылықтарының бұзылғандығынан болған іс еді. 
Әрине,  бұл  ойдан,  онда  қазақтар  малмен  мәңгі  бақи  малмен  айналысуы 
керек  екен  ғой  деген  ой  тумаса  керек.  Әрбір  туған,  пайда  болған  жаңалық 
жергілікті  жағдаймен  қабысуы  қажет.  Әрбір  елдің  ескісі  мен  жаңасы,  жаңасы 
мен  ескісі  бірін-бірі  қолдау  қажет.  Оларды  іске  асыратын  ұлттық  кӛсемдер 
болуы  тиіс,  және  олар  ондай  ұлы  кӛштерді  ӛздері  басқаруы  керек.  Жаңалық 
сонда  ғана  баянды  болады.  Сондықтан  біз  халқымыздың  ӛткендегі  ӛмірінің 
жақсы жақтарына сүйенбей келешекке жол сала алмаймыз. 
Тарихнамада  алғашқы  кезеңде  түркілер,  жалпы  кӛшпелі  халықтар  дамуы 
жағынан  артта  қалған,  кембағал  мәдениет  иелері  деген  пікірлер  қалыптасты. 
Бірақ  әлемдік  дамуда  орын  алған  ӛзгерістер,  сондай-ақ  тарих  ғылымының 
тамаша  жетістіктерге  жетуімен  мәселелені  зертеуде  жаңа  кезең  басталды. 
Сондықтан түркі халықтарының ортағасырлық қалалар мәселелері ӛткен ғасыр 
басында  жандана  түскен  археологиялық  зерттеулердің  нәтижелеріне 
байланысты  кӛшпелі  мәдениет  және  отырықшы  ӛркениеттердің  ӛзара 
байланысы мен әсерлесуі деген мәселесі кӛтерілді. 
Тарихи  білімдердің  кеңейуі  мен  жаңа  деректер  тобының  ғылыми 
айналымға  енуі  нәтижесінде  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісу  аумағындағы 
қалалық  мәдениеттің  қалыптасуы  мен  дамуы  және  осы  кезеңдегі  рӛлі  туралы 
нақты  зерттеулер  жүргізіліп,  дәлелденген  кесімді  пікірлер  айтылды.  Бірақ, 
тарихнамалық  ойдың  даму  үрдісін  бақылай  отырып,  кей  зерттеушілердің 
тарихнамадағы  ескірген  кӛзқарастар  шеңберінен  әлі  де  болса  шыға  алмай 
отырғандығын  кӛреміз.  Осы  соғдылық  мәселесі  туралы  біздің  зерттеуіміздің 
ауқымында  А.Н.  Бернштам  пікірлерін  кеңестік  кезеңдегі  авторлардың  кӛп 
бӛлігі  қолдады.  Бұған  қарсы  пікір  айтқан  М.  Елеуов,  У.Х.  Шәлекеновтер 
пікірлері кӛңілге қонымды, алайда кең кӛлемде арнайы зерттеуді әлі де болсын 
қажет етеді. 
Біздің  бұл  жұмысымызда  Жетісу  қалалары  жӛнінде  жазылған  еңбектерге 
біршама  тарихнамалық  талдау  жасалынды.  Кеңестік  кезеңдегі  еңбектерде 
Жетісу  ӛңірінің  қалаларының  негізгі  кӛп  зерттелгені  Шу,  Талас  аймағындағы 
қалалар,  сонымен  қатар  қазіргі  Қазақстандық  археологтар  арасындағы  талас 
тудыртып  келе  жатқан  «Баласағұн  мәселесі»  ӛзінің  бастауын  осы  уақыттағы 
авторлардан алады. 
Жетісу  ӛңірінің  Қазақстандық  тарихнамасы  тарауында  кеңестік  кезеңдегі 
авторлардың еңбектерімен салыстыра отырып, қалалардың біразына тоқталдық. 

 
100 
У.Х.  Хамзаұлы,  М.  Елеуовтың,  К.М.  Байпақовтардың  «Баласағұн  мәселесі» 
туралы пікір - таластарын, ой - тұжырымдарын келтірдік. 
Сонымен  қатар  ұзақ  жылдар  бойы  жинақталған  археологиялық 
материалдарды  ой  сараптарынан  ӛткізу  арқылы  солтүстік  Шығыс  Жетісудың 
ортағасырлық  қалалары  мен  қоныстары  жайлы  толық  түсінік  беретін  К.А. 
Байпаков,  Т.В.  Савельева,  К.  Чанг  атты  үш  автордың  «Средневековые  и 
поселения  Северо  -  Восточного  Жетысу»  еңбегі  Іле  ӛлкесіндегі  VIІІ-ІХ 
ғасырлардың мәдени қабаттары бар қатарына жататын Талғар, Шелек, Дүнгене, 
Қойлық, Алмалы қалалары туралы мәлімет беретін бірден-бір еңбек. Біз еңбекті 
қарастыра  отырып,  Талхиз,  Қойлық  қалаларына  тоқталдық.  Еңбекте  осы 
ӛлкедегі  отырықшылық  мәдениеттің  сонау  қола  дәуірінен  бастау  алатыны 
дәлелденді. 
Жетісу ӛңірі туралы еңбектердің кӛбі Тараз, Ақтӛбе, Талғар, Құлан, Мерке 
қалаларына  арналған,  қазіргі  уақытта  жан  -  жақты,  терең  зерттеле  қоймаған 
қалалар  қатарына  ӛзіміздің  ірі  орталықтарымыздың  бірі  Алматы  қаласын 
жатқызуға  болады.  Қала  әлі  де  ӛз  тарихын  ішіне  бүгіп  жатыр,  Алматыны 
зерттеп ғылыми еңбек шығару болашақтың, яғни біздің еншімізде.  
Соңғы  уақыттарда  қаланың  (Алматының)  іргетасы  қай  уақытта 
салынғандығы  туралы  кӛпшілік  арасында  пікір-талас  туындады.  Шовинистік 
пиғылдағы  ӛлкетанушылар  (Поздеев-Башта  А.Г.,  т.б.)  1854  жылы  мұнда 
салынған  Заилийск  (кейіннен  Верный)  бекінісіне  орай  қаланың  150  жылдық 
тарихын  тойлауды  ұсынды.  Бұған  бұқаралық  ақпараттар  кӛзінде  бірнеше 
мақалалар  жарияланды.  Кӛпшілік  мақалаларда  «Бабырнама»,  «Тарих-и-
Рашиди»  сияқты  кӛне  деректемелердегі  Алмату  қаласының  тарихы  орта 
ғасырлармен  мерзімделетіндігі  айтылып,  мұндай  олқылықтарға  жол  берілмеуі 
қажет  екендігі  айтылды.  Олардың  арасынан  тарихшы  Досалы  Салқынбектің 
«Алматы  қаласы  қашан  пайда  болды?»  деген  «Қазақ  тарихы»  журналына 
шыққан  (2004,  №1)  мақаласын  ерекше  атап  кетуге  болады.  Ол  ғалым  қаланы 
зерттеуге  үлес  қосқан  мамандардың  еңбектерін  саралай  келе,  мұндай 
бассыздыққа жол берілмеуі тиіс екендігін жазды.  
Кезінде В.Н. Настич анықтаған Алмату қаласының хронологиялық мерзімі 
Х-ХІІІ  ғасырлардан  басталатынын  білмейтін  ӛлкетанушылар  бірқатар 
ғалымдардың  еңбектері  жарияланғаннан  кейін  бұл  мәселе  күн  тәртібінен 
алынып  тасталды.  Қала  тарихына  қатысты  іргелі  зерттеулердің  қатарына  З. 
Самашев,  Ф.  Григорьев,  Г.  Жумабекова  сынды  археологтардың  «Древности 
Алматы»  [61]    атты  еңбегін  жатқызуға  болады.  Онда  қала  тӛңірегін  ілкі 
замандардан  мекендеген  ата-бабаларымыздың  археологиялық  нысандары 
жайлы нақты ақпараттар берілген.   
Мәдени  мұраларды  зерттеу,  сақтау  және  оны  қолданудағы  бетбұрыс 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  бүгінгі  Қазақстанның  алдында  тұрған  маңызды 
міндеттермен  қатар  мәдени  мұрамызды  дамыту  мәселесі  жайлы  айтқан 
үндеуімен  тығыз  байланысты.  Осыған  орай  2004-2006  жылдарға  арналған 
«Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарламасы жасалды. 
Қазіргі  уақытта  кӛптеген  қалаларда  зерттеу  жұмыстары  қолға  алынып, 
жүргізіліп  жатыр.  Мұндай  археологиялық  ескеркіштер  қатарында  Антоновка 

 
101 
(Қойлық),  Талғар  (Талхир),  Ақыртас,  Жуантӛбе  (Усбаникент),  Қараспан 
(Қарасман қаласы), Отырартӛбе (Отырар), Сауран, Жайық қалалары бар. 
Осылайша  қорытындылар  болсақ,  Жетісу  жеріндегі  қалаларды  зерттеу 
негізгі  үш  кезеңге  бӛлінеді.  Біріншісі  –  кеңестік  дәуірге  дейінгі,  екіншісі  – 
кеңестік  дәуірдегі  және  үшіншісі  –  тәуелсіздік  жылдарындағы  зерттеулер. 
Әрбір  кезеңнің  отандық  тарихнамада  ӛз  орны  бар.  Оларды  жеке-жеке 
қарастырмай,  тек  тұтас  қарастырғанда  ғана  Жетісудағы  қалалық  мәдениеттің 
қыр-сырына терең үңілуге болады.  
 

Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін
upload -> Серіктестігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет