Әр адамның өмірде үлгі тұтатын идеалы болады. Менің идеалым мені жарық дүниеге әкелген анам. Оның бойындағы барлық қасиеттерді өз бойыма сіңіруге тырысамын



Дата05.11.2022
өлшемі13,94 Kb.
#47719

Әр адамның өмірде үлгі тұтатын идеалы болады. Менің идеалым - мені жарық дүниеге әкелген анам. Оның бойындағы барлық қасиеттерді өз бойыма сіңіруге тырысамын. Оның қарапайымдылығы, қамқорлығы,мейірбандылығы жалғыз маған емес өзге адамдарға да үлгі деп есептеймін. Менің анам үлкен жауапкершілікті арқалаған ұстаз. Олай дейтін себебім тек бір адамның баласын емес, ұлттың баласын тәрбиелейді, Қазақстанның болашағына бір кірпіш боп қаланатын өскелең ұрпаққа білім береді. Сондықтан оған артылатын жүк өте ауыр. Кішкентай кезімде мен де анам сияқты ұстаз болуды армандаушы едім.
Арман қуып үлкен қала Алматыға аттандым. Анамның артқан сенімін ақтау үшін білім алып, сауатты маман болу басты мақсатым. Кішкентайымнан құлағыма құйған ақылдарын қалай ұмытайын?! Сабырлы бол, ақылды бол, ешкімнің ала жібін аттама, ешкімге жамандық жасама, қандай жағдай да шыдамдылық адамды биікке жетелейдІ шыдамды бол деген әрбір сөзі есімде. Бойыма дарытқан ақ сүті мен маған артқан сенімін ақтау үшін барымды салып жүрмін. Менің әрбір жетістігімнің куәсі де, себепшісі болғандықтан оның жүзін мұң шалғанын қаламаймын. Қолындағыны алдыма үйіп төгіп, қатарымнан кем қылмай өсірген анашымның маған деген көңіліне сызат түсіргім келмейді! Мен үлгі тұтатын жанның жүзінен күлкі кетпесінші!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет