«Ер қаруы – бес қару» түрлері мен атаулары және қолданылу тәсілдері Еpтеде қазақ жауынгерлері «Ер қаруы – бес қарудың түріне»



Дата02.03.2022
өлшемі14,69 Kb.
#26851

«Ер қаруы – бес қару» түрлері мен атаулары және қолданылу тәсілдері

Еpтеде қазақ жауынгерлері «Ер қаруы – бес қарудың түріне» қаpу бiткеннiң бəpiн жатқыза бермеген. Бес қаpуға тек: садақ, найза, қылыш, шоқпаp, айбалта сынды жекпе-жекте қолданылатын қаpулаpды ғана жатқызған. «Ер қаруының» санының бесеу болып қалыптасуы олардың айқаста бірін-бірі ауыстыра алмайтын тек өзіндік жеке қызметінің (функциясының) болуына байланысты болып келеді. Соғыс қаруының негізгі жұмсалу тәсілі бес түрлі болып қалыптасқан. Олар: ату (садақ), кесу (қылыш), түйреу (найза), шабу (балта) және соғу (шоқпар) қарулары.


Садақ. Ежелгі сақ, ғұн дәуірі заманынан бастау алып, ХVІIІ ғғ. дейін қолданыста болған. Садақ негізі екі бөліктен тұрады. Иіле келген серпінді ағашы – «адырна» және жебе салып тартуға арналған – «кіріс» деп аталатын керме жіптен тұрады. Ертеде бұндай садаққа керілген «кірісті» малдың ішегінен немесе тарамыстан өріліп жасалған.

Жебе. Садақтың құрамдас бөлігі – атылу арқылы жарақат салатын элементі. Жебелер басының формасына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, ұшы сүңгі сияқты үшкір және балтаның жүзіне ұқсас доғал болып келеді. Үшкір ұшты жебелер «сауыт бұзар» деп аталса, балтаның жүзіне ұқсас түрі «доғал оқ» деп аталған. Ол жаугершілік уақытта адамды немесе аңшылықта аң-құстың денесіне жарақат салып қана, тірідей ұстауға арналып жасалған.

Шоқпар (Күрзі). Қарсылас жауды ұрып жығуға арналған суық қарудың бір түрі. Алғашқы күрзілер неолит дәуірінде пайда болып, жоңғар шапқыншылығы кезеңінде де қолданыста болған. Шоқпардың металдан құйылған басы күрзі (гүрзі) деп аталып, оған жұмыр ағаштан сап кигізліп жасалған.

Найза. Жақын қашықтықта, бетпе-бет айқаста түйреу мақсатында қолданылатын қару түрі. Сауытты бұзуға арналған металдан жасалған ұшы – «сүңгі» ал, қолға ұстауға арналған бөлігі «сабы» деп аталады.
Айбалта. Жауынгердің шабу қаруының бір түрі. Жазба және археологиялық деректерге қарағанда бұндай айбалталар б.з.д. II мыңжылдықтардан бастап – ХІХ ғасырдың соңына дейін қолданыста болғандығын аңғаруға болады. Айбалтаның басы металдан, ал сабы ағаштан сапталады. Кейде айбалтаның басына ою-өрнек бедерлеген метал жапсырмалар бастырылып әшекейленеді.

Қылыш. Кесу, шабу арқылы жарақат салатын қару түрі. Қазақтың ауызша және жазба дерекетерінде қылыштарының түрлері мен пошымына қарай – семсер, селебе, алдаспан, зұлпыһар деген түрлері кездеседі. Назарларыныңза ұсынылған бұл қылыш қазақтың соңғы ханы – Кенесарының қарындасы, әйгілі Бопай ханымға тиесілі болған. 1845 жылы Санкт-Петербург қаласында жасалған.

Қорғаныс жарақтары:

Қалқан. Жауынгердің қорғаныс жарағы. Ол денеге найзаның түйреп немесе қылыштың шауып кетуінен қорғанатын құралы. ЕЕртеде қазақ жауынгерлері қалғанды малдың иленген көн терісінен жасаған болса, металл өндіріп оны өңдеу ісі қолға алына бастаған замандардан бері металдан жасалған түрлері кеңінен таралған.

Жеңсе. Жауынгерлердің білегіне киюге арналған қорғаныс жарағы. Қолды қылыштың шауып кетуінен сақтайтын қызмет атқарады.

Дулыға. Басқа найзаның түйреп немесе қылыштың шауып кетуінен сақтайтын қызмет атқарады. Қазақ батырларының дулығалары сыртқы түріне қарай бірнеше түрлері кездеседі. Тұтастай кесек металдан соғылып төбесі күмбезделіп және бірнеше сайдан құрастырылып төбесі конус пішінді болып келеді. Назарларыңызға ұсынылған дулығаның төбесі бірнеше сайдан құрастырылып конус пішінді болып келген, Төбесіне жылқының қылынан «айдар» тағылып, желкесіне торлы сауыт бектілген.

Қазақ қару-жарақтары мен қорғаныс құралдарының ұмыт бола бастаған түрлері мен атаулары жайында айтпағымыз осы. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет