«Ер жігіт – ел қорғаны»



Дата16.05.2023
өлшемі12,65 Kb.
#93825
түріСабақ

Ағымдағы жылдың 5 мамыры күні «Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен Аудандық полиция бөлімі мен Өрт сөндіру бөлімінің ер-азаматтары арасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер жігіт – ел қорғаны» тақырыбында аудандық іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шара 5 кезеңнен тұратын сайыс сабақ түрінде ұйымдастырылды. Іс-шараға Аудандық Полиция бөлімінің «Достық» командасы мен Өрт сөндіру бөлімінің «Бірлік» командасы қатысты.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп аталатын 1-кезеңде ер-азаматтарымыз ҚР Қарулы күштеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің ұшқыр ойлары мен білімдерін көрсетті. «Кім шапшаң?» кезеңінде ер жігіттер автоматты бұзып және қайта жинап жарысты. «Кім мықты?» деп аталатын 3-кезеңде қайсар жігіттеріміз қол тірестіріп, мықтылықтарын танытты. «Кім мерген?» кезеңіңде қатысушыларымыздың мергендігі сыналды. «Күш - білекте» деп аталытын соңғы айналымда ер-азаматтарымыз арқан тартысып, күш сынасты.
Жүректе патриоттық сезім оятып, тамаша көңіл-күй сыйлаған сайысымыз жоғары деңгейде өтті. Аталмыш іс – шараға қатысқан ер-азаматтарымызға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Мереке құтты болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет