Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете-дамыту көмегін көрсету үдерісінде атқарылатын іс-шаралар



бет1/4
Дата12.09.2022
өлшемі30,74 Kb.
#38917
  1   2   3   4


Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете-дамыту көмегін көрсету үдерісінде атқарылатын іс-шаралар

Кажимгалиева К.У, кабинет меңгерушісі


5 Құрманғазы аудандық психологиялық педагогикалық түзету кабинеті


Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете-дамыту көмегін көрсету үдерісінде атқарылатын іс-шаралар
Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми- әдістемелік дамуына көп көңіл бөлінуде.Инклюзивтік білім берудегі педагогтік құзіреттілік оқыту мен тәрбие үрдісінде балаға қайтіп, қалай көмек беру жолдарын білу. Инклюзивтік білім беруде балаға деген педагогикалық ықпалдың позитивтік мүмкіндігі , ол дер кезінде жоғарыда айтылған эмоциялық дағдарыстағы баланы байқап, көру болып табылады. Қазіргі демократиялық қоғамда әр адамның өзін өзі дамытуға, осы қоғамда айқындалуына, қабілетін шыңдауға, шығармашылықпен айналысуға таңдау бостандығы бар,өмірін толыққанды етуге, былайша айтқанда өз тағдырына қатысты субъект болып, өмірін мағыналы етуге құқылы. Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа біткен,тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарыынан қаршадай бастарынан қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда.Әрбір елде ерекше білімді қажет ететін балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрлерін қажет ететін жандар.Осындай балаларға арнайы көмек көрсету қазіргі таңда біздің елде өзекті мәселелердің бірі.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Ондай жандарға қамқорлық көрсетілуі керек-бұл біздің қоғам алдындағы үлкен парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады»,-делінген Елбасы Н. Назарбаевтың жолдауында. Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған білім беру қызметтерін Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің ҚР білім беру заңында белгіленген тәртіппен арнаулы ұйымдар психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері қызмет көрсетеді.
Психологиялық, педагогикалық түзету кабинеті өз қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, « Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын», Қазақстан Республикасының білім беру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асырып келеді.
Құрманғазы аудандық психологиялық педагогикалық түзету кабинеті 2005 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.
Жыл бойына жасы 8-ге толған ерекше білімді қажет ететін балалар есептен шығарылып отырады, бірақ оның орнына ерекше білімді қажет ететін балалар бірінші рет есепке алынады. Жоғарыдағы Үкіметтің қаулысына сәйкес № 5 Құрманғазы ауданының психологиялық, педагогикалық түзету кабинетіне 2016-2017 оқу жылында дамуында әр түрлі кемістігі бар 0 жастан 8 жас аралығындағы 62 бала түзету алды. Кабинет бойынша логопед-мұғалімнің, педагог-психологтың, дефектолог-мұғалімнің, әлеуметтік мұғалімнің, емдік дене тәрбиесінің жаттықтырушысының бөлмелері бірінші кезектегі түзету жабдықтарымен жасақталған. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беру жүйесін қайтадан құру жұмысы оқыту үдерісін жеке тұлғаға, денсаулықты сақтауға бағытталған.
Нақты оқу үдерісінде аталған тенденциялар маманның әрбір баланы қамтамасыз етуге міндетті психологиялық жайлы жағдайды құрудан және білім беру сапасын жоғарылатудан байқалуға тиісті. Кабинетке келіп түзету алатын балалардың ауруының түріне қарай түзету бағдарламасын кабинеттің әр маманы жасап, оқу жылының аяғында қорытынды нәтижесін жасап шығарады.
Кабинеттің әдіскері мамандар өткізетін түзету сабақтарының кестесін шығарып, әр маманның күнделікті түзету сабақтарының жоспарын бекітіп, ұсыныстарын жасап, балалармен өтетін түзету сабағының тиімді болуына, түзетуіне және балалардың ой-өрісінің дамуына бағыттап отырады. Кабинет мамандарымен өткізілген педагогикалық кеңестерде түзету сабағын өткізген кезде мамандардың жаңа технологияға көңіл бөлуіне баса назар аудару керектегін айтып, балаларды түзету кезінде өзіне-өзі қызмет ететін жағдайға жеткізуге жәрдемдесу және оларды еңбекке баулудың кәсіпкерлікке бейімдеудің қажеттілігі бірінші тұратыны ескертілуі және оның орындалуы талап етіледі. Балаларды түзету кезінде жалпы және ұсақ моторикамен жұмысты міндетті түрде мамандардың естен шығармауы үнемі қадағаланады.
Кабинет мамандары әлеуметтік ортаның баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез құлықты, білімді болуға жету жолында кабинетке келетін барлық балалардың ақыл-ойының, сөйлеу тілінің дамуын, сөз қорынның молаюын және баланың жеке ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз ету үшін жұмыстанып келеді. Күнделікті жұмыстарды түзету кезінде шеберлікпен ұғындырудың арқасында кабинеттің педагог-логопеді сөйлеу қабілеті дамымаған фонетикалық, фонематикалық кемістігі бар, жазу, оқу бұзылыстары бар, сөйлеуі бұзылған балалармен жұмыс жүргізіп бірқатар сөйлеу кемістігі бар балаларды түзеді. Тілінде кемістігі бар балалармен жасалатын логопедия кабинеттің жабдықтары жеткілікті. Аудан бойынша есепте тұратын 0 жастан 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын бақылау аудандық балалардың бас дәрігерінің және аудан көлеміндегі дәрігерлік, учаскелік ауруханалар мен селолық амбулаторияның бақылауында болып және олармен тікелей байланысып отырамыз.
Әрбір балаға жеке дамыту бағдарламасы баланың жас ерекшелігін есепке ала отырып кешенді зерттеуден кейін төмендегідей мақсат пен міндеттерді жүзеге асыра отырып жасалады.
Мектеп жасына дейінгі арнайы тәрбиенің негізгі мақсаты - баланың эмоционалды, әлеуметтік, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау; жеке басының қасиеттерін қалыптастыру;
Міндеттері: баланы кешенді зерттеу (медициналық-психологиялық-педагогикалық) және дамыту жеке бағдарламасын құрастыру;

  • Зияты бұзылған балалардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып мектепке дайындау

  • Коррекциялық жұмыс баланың дамуында екіншіреттік ауытқуларды алдын алу және жоюға бағытталған болады.

Зияты бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу типтік арнайы бағдарламасымен жұмыс жасаймыз. Бұл бағдарлама арнайы мектеп жасына дейінгі білім берудің негізгі мақсатын жүзеге асыруға бағыталған. Ол дегеніміз, зияты зақымдалған балалардың әлеуметтік дамуына эмоционалды жағдай жасап, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Арнайы мектеп жасына дейінгі білім берудің міндеттері: түзете- дамыту үрдісін ұйымдастыру, танымдық үрдістердің дамуы үшін екіншілік ауытқушылықтардың алдын алу; қоршаған ортамен өзара байланысуды меңгеру жолдарын қалыптастыру; баланың жасына сай бала әрекетінің барлық түрлерін қалыптастыру; зияты зақымдалған әр баланың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып мектепке оқытуға дайындау.
Мектеп жасына дейінгі түзету педагогикасының негізгі қағидалары

  • Генетикалық (онтогенетикалық)

  • Дамыта оқыту

  • Дамудағы ауытқулықтарды түзету мен диагностикалаудың бірігіп жүру

  • Біріншілік және екіншілік ауытқулықтардың ара қатынастығын ескеру

  • Түзету және орынбасу (компенсация)

  • Баланың психикалық үрдістері мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тұлға болып дамытуда негізгі әрекетін ескеру қағидасы.

Бағдарлама зияты зақымдалған балалардың моторлы, сенсорлы, ақыл ойдың, сөйлеу тілінің, эмоциясының және әлеуметтік тұлғалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін, негізгі әрекетінің сипатын, қатынас түрлерін ескере отырып құрастырылған.
Түзетушілік-педагогикалық үрдіс білімнің келесі аймақтарымен жүзеге асырылады:

  • “Денсаулық”

  • “әлеумет”

  • “Таным”

  • “Қатынас”

  • “Шығармашылық”



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет