Еріткіш қатысында «Қарсы ағЫС» Әдісімен стационарлы катализаторда өсімдік майларын төмен температурада гидрлеу


Қосымша АНЫҚТАМАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР



бет13/15
Дата27.10.2022
өлшемі0.91 Mb.
#45638
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Қосымша


АНЫҚТАМАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР


Ерітінді - еріген заттан, еріткіштен және олардың өзара әрекеттесуінен түзілетін өнімдерден тұратын гомогенді жүйе. Еру процесі - физикалық-химиялық құбылыс. Ерітінді механикалық қоспа емес. Кейбір белгілері бойынша ерітінді химиялық қосылысқа жақын. Мәселен, зат еріткіште ерігенде міндетті түрде энергия сіңіріледі немесе бөлінеді (еру жылуы) және көлемнің өзгерісі жүреді. Яғни, еріген заттың бөлшектерімен еріткіш молекуласы арасында берік емес қосылыс – сольваттар (судағы ерітінділер үшін - гидраттар) түзіледі. Кейбір жағдайда сольваттардың (гидраттардың) түзілуі еріген заттың қасиетін шұғыл өзгертетінін тікелей бақылауға болады. Мысалы, иодтың әртүрлі еріткіштерде еруі.
Еру процесі нәтижесінде тек ғана еритін заттың қасиеті өзгеріске ұшырамайды, сонымен қатар еріткіштің де қасиеті өзгереді. Сұйытылған ерітінділер үшін бұл өзгерістер екі типке бөлінеді: еритін заттың табиғатына тәуелді және табиғатына мүлдем тәуелсіз. Бірінші типке сольваттардың түзілуі жатады. Ал екінші типте еріткіште басқа заттың молекуласы таралғанда еріткіштің бос молекуласының концентрациясының төмендеуімен байланысты. Ерітіндінің жалпы көлемінің көп үлесін еріген заттың молекуласы алғанда бұл күшті байқалады, яғни олардың концентрациясы жоғары болған сайын күшті болады. Еріткіштің бос молекуласының концентрациясының өзгеруімен тікелей байланысты құбылыстардың бірі осмос болып табылады. Ерітіндінің маңызды сипаттамасы – оның концентрациясы болып табылады. Концентрация – ерітінді немесе еріткіштің белгілі бір мөлшеріндегі еріген заттың құрамын көрсетеді.
Ерітіндінің проценттік концентрациясы (Р) – 100 г ерітіндідегі еріген заттың мөлшері (г).
Ерітіндінің молярлық концентрациясы (М) – көлемі 1 литр ерітіндідегі еріген заттың моль саны.
Ерітіндінің нормальды (эквивалентті )концентрациясы (N) - көлемі 1 литр ерітіндідегі еріген заттың эквиваленттік масса саны.
Ерітіндінің моляльды концентрациясы (m) – массасы 1000 г еріткіштегі еріген заттың моль саны.
Ерітіндінің титрі – көлемі 1 мл ерітіндіде қанша грамм еріген зат болатынын көрсетеді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет