Еріткіш қатысында «Қарсы ағЫС» Әдісімен стационарлы катализаторда өсімдік майларын төмен температурада гидрлеу



бет3/15
Дата27.10.2022
өлшемі0,91 Mb.
#45638
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Химия факультеті


Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы
Газометрді градуирлеу


АЛМАТЫ


Газометрді градуирлеу


Газометр - процесс барысында бөлінген газды жинауға және анализдеуге арналған. Сонымен қатар технологиялық қондырғының саңылаусыздығын (герметикалығын) газометр арқылы тексереді. Оның көлемдік сыйымдылығы әртүрлі болады, берілген лабораториялық жұмыстарда көлемі 5, 10,20 литрлі газометрлер қолданылады. Газометр (2-сурет) келесі бөліктерден: газ жинайтын негізгі құты (1), құтыға киілген тубустан (2), шөлмектен (3), жоғарғы (4), ортаңғы (5), төменгі (6) крандардан тұрады. Газометрді жұмысқа дайындау алдында барлық бөліктерінің дұрыстығы мұқият тексерілуі керек. Әртүрлі газдармен жұмыс жасағандықтан оның құрамын анықтау жылдам әрі сапалы жүру үшін газ жиналатын газометр өте таза болғаны дұрыс. Сондықтан газометрдің әрбір бөліктерін сақтықпен өте жоғары деңгейде тазалап жуады. Таза жуылған газометр бөліктерін кептіреді. Содан кейін әрбір бөліктерін арнаулы майлағышпен (смазка) майлап жұмысқа

1

2

3

4

5

6



2-сурет. Газометр

жоғары ұқыптылықпен жинастырады. Газометрдің жұмысы негізгінен аталған крандар арқылы жүзеге асырылады. Төменгі кранды жауып, жоғарғы және ортаңғы крандарды ашып негізгі бөлігін дистилденген немесе крандағы сумен толтырады. Сумен толтыру барысында ауа толығымен ығыстырылып шығарылуы керек. Оны жүзеге асыру үшін ортаңғы кран арқылы тубустағы ауа көпіршіктерін қосымша резина түтікшемен шығарады. Жоғары кранды жауып, ортаңғы кранды ашып, тубусты негізгі бөліктен баяу көтеру арқылы барлық ауа көпіршіктерін шығаруға болады. Содан кейін барлық кранды жауып, тек ғана төменгі кранды ашу арқылы газометрдің саңылаусыздығын тексереді. Егерде төменгі кранды толық ашқанда негізгі бөліктен су ақпайтын болса, газометр саңылаусыз, жұмысқа дайындауға болады. Ал егерде су ағып тоқтамаса кранды жауып, газометр бөліктерін тағы қайта бір нығыздап бекітіп, саңылаусыздыққа қайта тексеру қажет. Толық тексерілгеннен кейін газометрдің сыртын жақсылап құрғатып, градуирлеу жүргізу үшін миллиметрлік қағазды өлшеп қиып, ұқыптылықпен жапсырады. Содан кейін төменгі кранды ашып, арнаулы қысқыш көмегімен өлшегіш циллиндрге ішіндегі суды 200 мл ағызу арқылы градуирлейді. Градуирлеуді қарындашпен жүргізеді, оқытушы немесе лаборант тексергеннен кейін ғана нақтылап жазу қажет. Жұмысқа градуирленген газометр жиналатын газдардың табиғатына байланысты қаныққан тұз ерітіндісімен немесе дистилденген сумен қайта толтырылып, процеске қосылады.


әл-Фараби атындағы Қазак Ұлттық Университеті






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет