Ержан тәтішев қорының «бес тiрек» білім гранттары бағдарламасының ережесі кіріспе



бет1/4
Дата26.03.2023
өлшемі99,5 Kb.
#76185
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

ЕРЖАН ТӘТІШЕВ ҚОРЫНЫҢ «БЕС ТIРЕК»
БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
КІРІСПЕ
"БесТірек" бағдарламасы — PBL (practice based learning) деп аталатын тәжірибе негізінде оқытуға бағытталған бағдарлама. Бағдарлама атауында оның негізін құрайтын бес тірек бар: стипендиаттың жеке басы мен әлеуеті, қорды гранттық қолдау, университетте алынған білім, менторларды қолдау және АҚШ-тың Бостон қаласындағы Бабсон колледжінде жазғы тағылымдамаға ішкі грант шеңберінде алынған білім.
Бағдарламаның мақсаты – айқын көшбасшылық қабілеті және кәсіпкерлікпен айналысуға ұмтылысы бар ең үздік студенттерді анықтау және қолдау.
Бағдарлама байқауына кәсіпкер ісін игеруге және өз ісін ашуға ниет білдіретін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан және балалар үйінен шыққан мектеп пен колледж түлектері шақырылады.
Ержан Тәтішев Қорының білім гранттары байқаудың іріктеу нәтижелері бойынша тағайындалады, олар, ең алдымен, үміткердің көшбасшылық қасиеттерін, оның академиялық білімдері мен жетістіктерін анықтауға, сондай-ақ жеке тұлғалық дербес қасиеттерін анықтауға негізделеді. Білім гранты Қор тарапынан бүкіл оқу кезеңіне беріледі.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Ержан Тәтішев Қорының (бұдан әрі Қор) білім гранттары Алматы Менеджмент Университетінде (бұдан әрі АлмаУ) «кәсіпкерлік саласында бизнес әкімшілік» мамандығы бойынша оқуға мүмкіндік береді. Білім гранттарына жоғары оқу орнына алғашқы рет түсіп отырған, байқаудың барлық іріктеу кезеңдерінен өтіп, қаржылық көмекке мұқтаж екендігін құжатпен растаған мектеп және колледж түлектері үміткер бола алады. Байқауға Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жастар шақырылады.
Іріктеу үрдісі үш айналымнан тұрады:
1-айналым – үміткердің өзі туралы және қаржылық жағдайы туралы ұсынылған құжаттар негізінде өтетін іріктеу кезеңі.
2-айналым – интерактивті ойын түрінде өткізіледі. 2-айналым 1-айналымнан өткен және алдын-ала іріктеу тізіміне кірген үміткерлер арасында жүргізіледі.
3-айналым – алдыңғы екі айналым нәтижесі негізінде қорытынды шешім қабылдау және жеңімпаздардың атын атау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет