«Әркімнің өз қылығы өзіне жөн» Биыл 37000 Бүлдіршін



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата15.03.2017
өлшемі4,38 Mb.
#9876
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Әркімнің өз қылығы 

өзіне жөн»

Биыл 37000 Бүлдіршін 

1-сыныпқа Барады!



www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№33 (1291) 

20 – 26 тамыз 

2015 жыл


Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

Республикасы Үкiметiнiң 2014-жылғы 

8-сәуiрдегi №327«Қазақстан Респуб-

ликасы мен Моңғолия арасындағы 

әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы 

ынтымақтастық туралы келiсiмнiң күшiн 

жою туралы» Қаулысына сәйкес аталған 

Келiсiмнiң 2014-жылғы 9-қарашада 

күшi жойылды. Осының негiзiнде, қазiргi 

таңда Қазақстан Республикасында 

зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшiн 

Моңғолия Республикасындағы еңбек өтiлi 

есепке алынбайды» деген сөздермен 

түйінделген. Мұны қалай түсінуге бо-

лады? Сонда Азамат Қағибат сияқты 

қандасымыздың Моңғолия еліндегі 

21 жылдық еңбегі зая кеткені ме? 

Оның енді заңды зейнет демалысына 

шығып, бейнетімнің зейнетін көрем 

деп отырғанда осындай жағдайға тап 

болуы әділетті ме? Құқық мәселесін 

айтпағанның өзінде, адамгершілікке 

жата ма?

Бір айта кетерлігі, мұндай жағдайға 

тап болған адамдар еліміз бойынша аз 

емес екен. Бір Павлодар қаласының 

өзінде 63 адам тиісті зейнетақысына қол 

жеткізе алмай, пұшайман болып отыр. 

Олар – Бұрхан Шаяхмет, Жиғанбай 

Дубай және т.б. Демек, мәселе өте 

күрделі. Бұл мәселе Үкіметтік деңгейде 

шешілуі тиіс. Өйткені кез келген адам 

заңды түрде атқарған еңбегіне сай 

зейнетақы алуына құқығы бар емес 

пе? Ол Моңғолия елінде жұмыс істей 

ме, басқа елде жұмыс істей ме, мәселе 

онда емес, мәселе маңдай терін сіңірген 

адал еңбектің лайықты әрі әділетті 

бағалануында болып отыр. Елім, жерім 

деп келген қаракөздеріміздің сырт елде 

атқарған еңбек өтілдерін есепке алмау 

оларға жасалған қиянат емес пе? Азамат 

Қағибаттың айтуы бойынша, 1993-2013 

жылдар аралығында Қазақстан Үкіметі 

мен Моңғолия Үкіметі арасында екі ел 

азаматтарын әлеуметтік қамсыздандыру 

жөнінде келісім-шарт жасалған екен. 

Моңғолиядағы еңбегі ескерусіз қалды...

Сол уақыт аралығында зейнеткерлікке 

шыққандарға Моңғолиядағы еңбек өтілі 

толығымен есептелген. Осы келісім-

шарт аяқталған соң Қазақстан Үкіметі 

оны созуға мүдделілік танытпаған. 

«Әйтпесе, – дейді Азамат Қағибат, – ол 

келісім-шартты ұзартуға әбден болу-

шы еді. Енді біз сол келісім-шарттың 

жасалмағанынан зардап шегіп отырмыз. 

Егер бәрі дұрыс есептелетін болса, мен 

өзімнің еңбек өтіліме тиіс 60-70 мың 

теңгенің аралығында зейнетақы алуым 

керек еді». 

Амал не, осындай мәселелердің 

елімізде дұрыс реттелмеуінен және оған 

тиісті дәрежеде мән берілмей отыруынан 

Азамат Қағибат тәрізді қандастарымыз 

бүгінде 20 мың 700 теңгені қанағат етуге 

мәжбүр болып отыр. Бұл мәселенің 

тиісті шешім табуына және әділеттіктің 

қалпына келтірілуіне еліміздің Үкіметі, 

Сыртқы істер министрлігі тарапынан 

Моңғолия Үкіметімен келісім-шарт жа-

салып, арнайы іс-шаралар қабылданады 

деген сенімдеміз. 



Дәуіржан Төлебаев

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!

ҚазаҚстан Республикасы 

Үкіметінің назаРына!

бет Қатталып жатҚанда:

баспасөз – 2015



 Көкшетау қаласының 

іргесіндегі Красный яр иппод-

ромында Кеңес Одағының 

Батыры, академик Мәлік Ғаб-

дуллиннің 100 жылдығына ар-

налған ұлттық ат спортынан 

рес публикалық  чемпионаттың 

ашылу рәсімі өтті.

 Қызылорда қаласы мен 

облыс аудандарында 8 мектеп,  

1 ба  лабақша пайдалануға берілді. 

 Спорт мерекесіне орай Ал-

матыда «Медеу» мұз айды-

нында алғашқы қазақстандық 

«CrossFit Bolashak Astana Games 

2015» жарысы өтті. 

 Астанада жасөспірімдер 

арасындағы  велоспорттан  

әлемдік жарыс өтуде.  Сайысқа 

200 спортшы қатысуда.

 2015 жылдың соңына дейін 

Елордада 240 орындық 10 бала-

бақ ша пайдалануға беріледі.

 Алматы әлемдегі өмір 

сүруге қолайлы қалалардың 

үздік жүздігіне кірді. 

«Economist Intelligence 

Unit» зерттеу компа-

ниясы 140 қал аның 

тізімін жасады.

Қ

А

зп

О

шт

А

индекс


мерзімі

алматы


аймақ/қала

аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

3 ай


692, 16

740, 10


778, 32

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

3 ай


1324, 56

1372, 50


1410, 72

біРтҮйеР


8

Жуырда редакциямызға павлодар қаласының тұрғыны Азамат Қағибат есімді 

азамат хабарласты. Мәселесін айтып, мұңын шақты. 1992 жылы Моңғолия 

Республикасынан Қазақстанға қоныс аударып, отбасымен көшіп келіпті. 

Моңғолияда мемлекеттік қызмет саласында 21 жыл қызмет атқарыпты. 

Мамандығы – экономист, қаржыгер екен. Атамекеніне келген соң оқу-ағарту 

саласында еңбек еткен. Биыл 63 жасқа толуына байланысты 9-мамыр күні 

зейнеткерлікке шыққан. 

Сел қаупін қалай 

Сейілтуге болады?

Қарғалы өзенінде болған сел тасқыны 

қалың жұртшылықты бейжай қалдырмай, 

алаңдатқаны белгілі. Жасыратын несі бар 

көпшілік селдің пайда болу себептерін, 

одан қорғану шараларын біле бермейді. 

Осы орайда он жылға жуық уақыт 

«Қазселденқорғау» мекемесінде қызмет 

еткен, бүгіндері әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-дың география  және табиғатты 

пайдалану факультеті метерология және 

гидрология кафедрасының профессоры, 

география ғылымының кандидаты Марат 

МОЛДАХМЕтОВпЕН сұхбаттасудың сәті түсті. 

мәселе


Кеше  еліміздің бірқатар банктері мен 

айырбастау пунктері доллардың бағамын 

198 теңгеге дейін көтерді. 15-шілде күні 

Ұлттық банк валюта дәлізінің шекті 

мөлшерін 198 теңге деп белгілеген. Осыған 

дейін   айырбастау пунктерінде доллардың 

құны 188,189 теңге бағамына жеткен еді. Ал 

кеше бұл көрсеткіш тағы да өсті.  

Доллар бағамының өсуі әлеуметтік 

желілерде кеңінен талқыға түсті. Алайда 

ұлттық банк тарапынан ешқандай ресми 

мәлімет берілмеді. Республикамыздың ірі 

банктеріндегі жағдай да әртүрлі болды. 

Мәселен, «Қазкоммерцбанкте» долларды 

сатып алу – 195,54 теңге болса, сату 

–198,67 теңге. «ЦентрКредит Банкінде» 

сатып алу – 195,50 теңге, сату –197,50 

теңге деп белгіленген. Қалай болғанда да, 

доллар құнының өсуі ел экономикасына 

әсер етпей қоймасы анық. Бұл орайда 

Үкімет теңгеміздің құлдырауын болдырмау 

мақсатында нақты шаралар қабылдайды 

деген сенімдеміз. Әйтпесе доллар бағамы 

бас берер емес. 



  Доллар бағамы бас берер емес

9-бет

12-бет

5-бет

білім көкжиегі



«Ақ  Жайықтан – 

толқынды 

тобылға»

«Әдебиет ешқашан 

жойылмайды»

Сөзтаным

даналыҚ мәйегі

Ертеректе Алтайдың оңтүстік 

бөлігін, оның ішінде Қатонқарағай 

өңірін мекендеген жұртты жаппай 

Қаратай елі атаған көрінеді. Осында 

жалпақ жұртқа ақындығы мәлім, 

тіпті шектес Алтай өлкесінің Қо-

сағаш, Жазаба елді мекендеріне де 

аты кең тараған Қатшыбай ақын 

аталған адам өмір сүрген екен.

Бірде жанында екі жігіті бар 

Қатшекең жолаушылап келе жатып 

Шәңгіштай бойындағы қалың тал 

арасында киіз үй тігіп отырған Аяған 

бидің ауылына әдейі бұрылады. 

О н д а ғ ы   о й   б ә й б і ш е с і   қ а й т ы с 

болғаннан кейін алған Аяғанның жас 

тоқалы Сәтиманы көріп сынау екен.

Барса, би бір жаққа жолаушы-

лап кетіпті. Сылаңдаған жас тоқал 

қызметші әйелдерге қымыз құй ғызып, 

күтеді. Қатшыбай ақсақал қымызды 

татып алмайтын адам екен. Жолдаста-

ры бір-бір кеседен қымыз ішкен соң, 

ақынға: «Бізге қымыз емес, саумал 

беріп отыр»  деп сы быр лайды.

Ақынның қымыз ішпейтінін 

білген соң Сәтима шай жасатады. 

Дастарқанға аз ғана бауырсақ салып, 

бір-бір кеседен шай құяды. Сонда 

дастарқан мәзірін қомсынған ақын:

Озады егіншіден терген масақ, 

Келемін Аяғанмен бірдей жасап. 

Тарбайтып бес саусақпен бір 

сипасам, 

Орнында қалар емес бір бауырсақ. 

Әркімнің өз қылығы өзіне жөн, 

 Салады-ау кейбір қатын ұялмай-ақ. 

Бір күнде мен сендердің бағарың ем, 

Шынымен осы күні қайтты ма бақ! – 

деп үйден шығып жүре береді. 

Осыны айтып Қатшыбай жол-

дастармен аттанып кетеді. Артын-

ша бұны естіген Аяған би беделді 

атқосшы жігіттерінің бірін жіберіп, 

ақынды бір көш жер – Қиынжырадан 

алғызып, арнайы қонақ етіп, кешірім 

сұрапты. 

(«Ел аузынан»,

 «Жазушы», 1989 ж.) 

Толғандырған мәселесінің жан-

д ы   ж е р і   –   ө з і н е   т а ғ а й ы н д а л ғ а н 

зейнетақысын алған кезінде қолына 

небәрі 20 мың 700 теңге тиген. Анық-

қанығын сұрастыра келгенде, зейнетақы 

тағайындалған кезде бұл азаматтың 

Моңғолиядағы еңбек өтілі Қазақстанда 

мүлдем есепке алынбай тасталған.

Азамат Қағибат өзін толғандырған 

мәселе бойынша қалалық «Нұр Отан» 

партиясына шағымданыпты. «Нұр 

Отан» партиясы ол кісінің жазған ары-

зын қарап, Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік 

даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік 

қорғау және көші-қон комитетіне жол-

дапты. Көп ұзамай аталған комитеттің 

төрағасы А.Сарбасовтан жауап хат та 

келген. Хаттың тоқетері: «Қазақстан 



Санаулы күндерден кейін елімізде 

жаңа оқу жылы басталады. Қазір 

жер-жерде осынау маңызды іске 

дайындық жұмыстары жүргізілуде. 

Облыс, аудан орталықтарында 

жыл сайынғы дәстүрлі тамыз 

конференциялары өтуде. Биыл 

ел мектептерінің табалдырығын 

37 мың бүлдіршін аттайды деп 

күтілуде. Ал мектеп бітірген 

түлектердің саны 124 346 болса, 

82865 оқушы Ұлттық бірыңғай 

тестілеуге қатысқан. 14 420 

түлек100 баллдан жоғары нәтиже 

көрсетті. «Алтын белгі» иегері 

болып табылатын 2 205 оқушы 

күткендегідей білім көрсеткіштерін 

байқатты. Республика бойынша 

ең жоғары 125 балды - 5 

түлек жинаған. Кеше жаңа оқу 

жылына байланысты Қазақстан 

Республикасы президентінің 

жанындағы Орталық 

коммуникациялар қызметінде 

мектептерді оқулықтармен 

қамтамасыз етуге байланысты  

Білім және ғылым министрі 

А.Сәрінжіповтің қатысуымен 

баспасөз конференциясы өтті. 

Бұл күндері еліміз бойынша жаңа 

оқу жылына дайындық қызу 

жүріп жатыр. Облыстық білім 

басқармаларының бұл бағытта 

атқарып жатқан жұмыстарымен 

газетіміздің 3-бетінен таныс бола 

аласыздар. 

қолөнер шебері тұрсынбай Шаянов туралы толғаныс



3

№33 (1291) 

20 – 26 тамыз 

2015 жыл


АНА ТІЛІ

2

№33 (1291) 



20 – 26 тамыз 

2015 жыл


АНА ТІЛІ

Қызылорда облысында ҚР 

білім және ғылым министрі ас-

лан Сәрінжіповтің және облыс 

әкімі Қырымбек Көшербаевтың 

қатысуымен мұғалімдердің жыл 

сайынғы конференциясы өтті.  

Алқалы басқосуда  алғаш рет 

аудан тұрғындарымен  байланыс 

ұйымдастырылды,  олар   министр ге 

онлайн режимінде сұрақтар қоюға 

мүмкіндік алды. Аслан Сәрінжіпов: 

«Қызылорда білім саласындағы 

өз жетістіктерімен қуантады» 

деп  аймақтың білім саласына 

жоғары баға берді және Қызылорда 

облысындағы  әріптестердің 

жұмысына табыс тіледі. 

К о н ф е р е н ц и я   б а р ы с ы н -

да, бірқатар мұғалімдер «Ыбы-

рай Алтынсарин» және «Білім 

беру ісінің құрметті қызметкері» 

төс белгісімен, облыс әкімінің 

дипломдарымен және алғыс 

х а т т а р ы м е н   м а р а п а т т а л д ы . 

А р н а й ы   м а р а п а т   № 9   қ а з а қ -

түрік лицейіне табыс етілді.  

Халықаралық жарыстардағы 

көптеген жеңістері және тұрақты 

жоғары көрсеткіштеріне орай 

лицей ұжымы 17 миллион теңге 

көлемінде грантқа ие болды.

Б і р   а й т а   к е т е р л і г і ,   Қ ы -

зылорда облысында  жаңа оқу 

жы лының басында 14 мектеп 

пен 2 балабақша ашылады. Бү-

гінде аймақтағы «Балапан» бағ-

дарламасы бойынша балаларды 

мектепке дейінгі тәрбиемен қам-

тамасыз ету іс жүзінде  100%-ға 

орындалған, балабақшалар көп-

шілігі  мемлекеттік-жеке мен-

шік серіктестік негізінде са-

лынған. Ағымдағы жылы тағы 61 

жекеменшік балабақша ашу жос-

парлануда. Облыстың 22 мектебі 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» 

үлгісіне сәйкес бағдары өзгермек, 

олар дың мұғалімдері біліктілігін 

арттыру курстарын өтетін болады. 



Мұқан аСЫлбаев 

ҚЫЗЫлОРДА 

ЖетіСтіктер 

қуантады


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан 

мемлекеттік университетінде қоғам қайраткері, 

б е л г і л і   ж а з у ш ы ,   з е р т т е у ш і   Н а ғ а ш ы б е к 

Қапалбекұлының 65 жасқа толуына және 

шығармашылығына 50 жыл толуына орай 

«ардагер. Қайраткер. Қаламгер» атты ғылыми-

тәжірибелік конференция өтті.

Б а с қ о с у д ы   у н и в е р с и т е т   р е к т о р ы , 

техника ғылымының докторы, профессор 

Жұмахан Мырхалықов кіріспе сөзімен ашып, 

жүргізіп отырды. «Сұраншы батыр» ғылыми-

зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымының кандидаты 

Болаттемір Алтаев «Нағашыбек Қапалбекұлының бүгінгі қоғам 

өміріндегі қайраткерлігі», қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 

доценті, филология ғылымының кандидаты Құрманғали Оразбаев 

«Н.Қапалбекұлының тарихи тақырыптағы шығармалары», Ақжол 

Қалшабек «Нағашыбек нақыштары» атты тақырыпта баяндамалар 

жасады. Университет ректоры Ж.Мырхалықов жазушы-зерттеуші 

Нағашыбек Қапалбекұлына университеттің «Құрметті профессор» 

атағын беріп, дипломын тапсырды.  



алматы циркінің өнерлі хайуанаттарының 

қатысуымен шаһардағы басты көшелердің 

бірі абай даңғылының бойымен мерекелік «13 

керемет» атты салтанатты шеру жүріп өтті. 

 Қазақ мемлекеттік циркінің алдынан бастау 

алған салтанатты шеруге қолтырауын, қоңыр 

аю, ешкі мен павлин, түйелер керуені, жонглер, 

артистер, «Номад» шабандоз акробаттары 

мен цирк балеті қатысты. Қазақ Мемлекеттік 

циркінің директоры Дәулет Досбатыров бұл 

туралы «Мұндай ауқымды шеру бізде бірінші 

рет өтіп отыр. Осыдан 3 жыл бұрын қалада пілдер шеруі ғана болған 

еді. Бүгін біз бұл шараны мейлінше кеңейтіп өткізудеміз» деді. 

Алдағы уақытта цирктің сүйікті көрермендері үшін «13 ғажайып» атты 

театрландырылған қойылым көрсетілімі болмақ.



Оңтүстік Қазақстан облысы, Қаратау ауданы, Сайрам ауылында 

2003 жылы шаңырақ көтерген өзбек драма театры Қазақ хандығының 

550 және Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай 

б.есенәлиевтің «Мұхаммед Хайдар Дулати» тарихи трагедиясын, 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай а.Пратовтың «ерлік пен махаббат» 

спектаклін сахналады. 

Репертуарлық ізденістерімен, ұйымшылдығымен аймақтық және 

халықаралық шараларда белсенді атсалысып, өзіндік өрнегімен 

ерекшеленіп жүрген ең жас театр репертуарында  қырықтан астам 

қойылымдар бар. 

«бүгінде елдің бәрі компьютер мен көгілдір экранға телмірген, 

ешкім кітап оқымайды» деген пікір қалыптасқан. бұл – қате сөз. Соңғы 

жылдары халықтың әл-ауқаты жақсарып, кітап оқуға деген ынта, 

ықыласы арта түскенін өмірдің өзі көрсетіп отыр. 

Кітап оқымайды емес, кітап құмарларға, әсіресе, алыс елді 

мекендердегі оқырмандарға жетпейді. Сыйдың төресі – кітап. Осыны 

ескерген жазушы Сәбит Досанов жақында туған жерінде өткен 

мерейтойы кезінде Қостанай облысы, Аманкелді ауданының орталық 

кітапханасына бес жүз кітап сыйлады.

Сол бес жүздің арасында жазушының «ХХ ғасыр» роман-эпопеясы 

бастаған  өз шығармаларымен бірге әлем әдебиетінің жуһарлары 

да бар. Сәбит Досановтың кітапханаларға кітап сыйлауы дәстүрге 

айналған, анабір жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт 

ауданына бес жүз кітап, Кеңес үкіметі кезінде Аманкелді ауданының 

орталық кітапханасына бір мың кітап сыйлаған болатын. Осы өнегелі 

істен өзге қаламгерлер үлгі алса нұр үстіне нұр. 

«Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесі қарсаңында 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша 

департаментінің ұйымдастыруымен Тараз қалалық Мәдениет үйінде 

оңтүстік аймақтық департаменттер арасында «Тіл мәртебесі – ел 

мәртебесі» байқауы өткізілді.  

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырып, қалыптастыру, мемлекет-

тік тілді пайдаланудың ауқымын кеңейту және мамандардың шығар-

ма шы лық әлеуетін шыңдауды мақсат тұтқан байқауға «Қыран», 

«Жетісу жастары», «Жалын», «Тіл жанашырлары» және «Тілсауыт» 

топтары қатысты.

Нәтижесінде, үшінші орынды Алматы облысынан келген «Жалын» 

тобы, екінші орынды Жамбыл облысы атынан «Қыран» тобы иеленсе, 

бірінші орынды Алматы қаласынан келген «Жетісу жастары» алды. 

Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталып, ерекше 

өнер көрсеткен қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.  

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 

«абай» ескерткіш монеталарын айналымға 

шығарды. алтыннан, күмістен және нейзильбер 

қоспасынан жасалған монеталардың бет және 

сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. 

Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Рес-

публикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге 

сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы 

республикалық мемлекеттік кәсіпорны 

д а й ы н д а ғ а н .   М о н е т а л а р д ы ң   д и з а й н ы 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 

жылғы  25-қыркүйектегі №1193 Жарлығымен 

бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта 

банкноттары мен монеталары дизайнының 

тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Ұлы 

жеңіске

ж ы л

әрқайсысының өздеріне хан сайлап аламыз де-

ген шешімдеріне көнуге мәжбүр болды. Алайда 

губернатор хан сайлаушы екі жаққа мынаны 

ескертті: сайланатын хандарды бұрынғыша ақ 

киізге отырғызып көтермелеуге әзірше бол-

майды. Мұны Петербордағы патша ағзамның 

нақты шешімі бекіп келген соң ғана жасауға 

болады. 

Сонымен хан сайлау 1811 жылдың 25-қыр-

күйегіне белгіленді. Осы күні қазақтардың 

белгіленген жерде хан сайлау рәсімін бақылау 

үшін генерал-майор Гердценберг бастаған 

орыстар келді. Алайда жауласқан қазақтардың 

екі жағы орыстардың үгітін көзге ілместен, ашу 

жетегімен біріне бірі тап берді. Араға киліккен 

орыстар кек алудан туындаған қазақтар ара-

сында қан төгістің орын алуын әзер дегенде 

тоқтатты. Ойлағандары орындалмаған, қанды 

кекті қайтара алмаған Шерғазы Айшуақұлын 

жақтайтын қазақтар орыстардан қол үзіп, 

далаға кетіп, Шерғазыны өз беттерінше ақ 

киізге отырғызып, хан көтерді. Ал орыстар-

мен бірге қалған қазақтардың екінші тобы 

қарсылығына қарамастан Бөкей сұлтанды ақ 

киізге отырғызып, хан көтеруге әрекеттенді. 

Де генмен,  ел тыныштығын ойлаған Бөкей айт-

қан ға көнбеген еді. Алайда белсенді сұлтандар 

бұған мән бермей, келесі күні оны бәрібір 

хан сайлады. Ал енді мұны орыстар қалай 

қабылдады дегенге келер болсақ, өз дегендері 

болмаса да олар, Кіші жүзде екі ханның пайда 

болуынан да өздеріне пайда іздестірді. Мұның 

өзі шынында да қазақтарды жікке бөліп, 

олардың орыстарға қарсы ұйымдасуларына 

мүмкіндік қалдырмады. Сондықтанда патша 

далада сайланған хандарды бекітті. 

Бөкейдің қалыптасқан жағдайда отаршыл 

саясатты қазақтардың жағдайын жақсартуға 

пайдалануға тырысқан әрекеті айтарлықтай 

жемісті болды. Алғаш ол, Жайықтың арғы 

бетіне көшкенде, оған бағынатын қазақтар от-

басы бес мың ғана болған болса, ал 1825 жылы 

олар 10490 үйге жетті. Ол қазақтарға көрші, 

тілі де, діні де бөлек Жайық казактарымен, 

ата жау Еділ қалмақтарымен, татарлармен, 

отаршыл орыс жер иеленушілерімен қарым-

қатынастарда қол астындағы қазақтардың 

мүддесін қорғайтын ақылды да, бейбіт сая-

сат ұстанды. Көршілермен сауда-саттықты 

өркендету қазақтардың тұрмыс жағдайын 

жақсартуға игі әсерін тигізді. Сондықтанда 

көптеген сұлтандар, рубасылары Бөкейге 

сеніп, оған адал қызмет жасады. Олардың 

арасында әйгілі Исатай Тайманұлы да бар еді. 

Алайда Жаратушы белгілеген күн де келді. Ше-

мен ауруы әбден меңдеген, өзінің әділетті сая-

саты арқасында халықтың да отаршылдардың 

да көңілінен шыққан Бөкей хан да төңірегін 

қайғыға бөктіріп, бұл дүниеден өтті. Бұл қасірет 

1815 жылы мамыр айында орын алған еді. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет