«Әркімнің өз қылығы өзіне жөн» Биыл 37000 Бүлдіршін



жүктеу 4.38 Mb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата15.03.2017
өлшемі4.38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«арқасының миы» деп орысша «спинной 

мозгтан» тәржімалай салатын сана-

сыздар қазақ телеарнасында қызмет 

істемек түгіл қазақ журналистикасының 

маңына жақындауының өзі күнә емес 

пе?!

Қайран қазақ сөйлеп тұрғанда әр 



сөздің өз орнымен айтылып, өзіңе 

тиісті қызметін ғана атқарып тұруына, 

оның көрікті, ажарлы айтылуына қатты 

мән берген. О заманда бұ заман қазақ 

«жаңалық орын алды» дегенін кім естіген? 

Кейбір телеарна жүргізушілерінің «Осы 

аптада орын алған жаңалықтар легі (?)» 

Қазақ  нан, ет, сүт сияқты жалпы жан-

сыз заттарды «иесі» деп өлтірсең де айт-

пайды. Осы «ұлттық арнадан» қазақта 

әлімсақтан қалыптасқан «отымен кіріп, 

күлімен шығады» деген қанатты сөзді 

«күлімен кіріп, отымен шығатын» деп 

өзгертіп айтқанын, тағы біреудің белгілі 

жазушының белгілі шығармасын 

мақтаймын деп «ортақол шығармасы» 

дегенін де естідік. 

Қазір әншілер ән мәтінін бүлдіріп 

«өзінше» айта беретініне құлақ үйреніп, 

еті міз өліп кетті. Мысалы, әнші Жеңіс 

Ысқақова «Самал болар толған дырған 

айдын шалқар көл бетін» (дұрысы 

«толқындырған» дегеніне де ренжиміз. 

Алуан түрлі мәдени іс-шара, әрқилы 

форумнан-форум өткізіп дүркіретіп 

жүрген қазақ  әлемдегі ең бай, ең шы-

райлы, ең шұрайлы тілдердің бірі өз 

тілін өз телеарналары арқылы осылай-

ша алашұбар тілге,  орысшаның аудар-

ма тіліне айналдырып бара жатқанына 

қарсы тұратын, қарсы шара қолданатын 

кез келді. 

Ауызды ұдайы қу шөппен сүрте 

берсек күнәһар боламыз. Қазақ бүгінде 

небір білімді де білікті, тәжірибелі 

тілі мен ділін жетік меңгерген, өмірін 

осы салаға арнаған дерлік мамандар-

дан кенде емес. Солардың бірі белгілі 

журналист-қаламгер Айдос Үкібай 

деп батыл сеніммен айтуға әбден бо-

лады. Ол басқарып отырған «Хабар» 

бүгінде ең басты, ең аузы дуалы теле-

арна ретінде қалың елге танымал әрі өте 

беделді арна. Сол сияқты, арпа ішінде 

бір бидай дегендей ұлттық тіліміздің 

небір сөлді, шырын-шекерлі сөздерін 

орын-орнымен байланыстыра, төгілдіре 

пайдаланатын телеарна журналистері де 

жоқ емес. Мұндайда, әсіресе, белгілі 

журналист Арман Балтабай басқарып 

отырған 24 KZ телеарнасы жас та болса 

алдымен ауызға ілінер еді. Арман Бал-

табай бауырымызға еңбегің жана берсін 

дегеннен басқа айтарымыз да жоқ. 

Ал жалпы қазақ телеарналарындағы 

некен-саяқ болса да кездесіп қалатын, 

сауаты кемшін журналистердің тілімізге  

әлгіндей кесір-қияпаты тиіп отырғаны 

да рас. Бұған тиісті шұғыл шара 

қолданбасақ, тағы да қайталап айтайық, 

тіліміз өзіндік сөз саптау ерекшелігі 

жоқ, көркем кестелі сән-салтанатынан 

мүлде айырылған, әйтеуір орысшаның 

аударма тіліне айналып бітері сөзсіз.

Сосын... Сосын ұтыры келгенде 

айта ке тейік. Бүгінгі телеарналардағы 

«Той-бестстар», мектеп оқушылары 

мұғалима сына бала көтертіп қоятын 

«Нысана», «Алтын таға» қыз-жігіттің 

бетіне опа-далап жағу «техникасын» 

үйрететін «Қыздар арасында» сияқты 

бағдарламалар телевизия, тележурна-

листика талабына сай болуын қалар 

едік. 


Қазір көшедегі, мекемелердегі, ай-

тулы-айтулы іс-шаралардағы сөйлеп 

тұрған қазақтардың сөзіне құлақ 

түрсеңіз, телеарналардағы әлгіндей сөз 

саптауды айнытпай қайталап сөйлеп 

тұрғанын анық аңғарасыз. Мысалы, 

«жанұя» деген өте бір тұрпайы сөз «от-

басы», «үй-іші», «шаңырақ», «шаңырақ 

асты» деген қасиетке толы сөздердің 

орнын осы телеарналар арқылы басып 

алды. Ойланайық, оянайық, ағайын!

2. Ұзын жолға шығатын автобус.

Иә, орысшаны жақсы көргендіктен 

бе кім білсін әйтеуір, дүниеге некесіз 

келген сәбидей мына шикіөкпе сөздерді 

де  телеарналардан бас-аяғы 5-10 ми-

нутта түртіп алдық (10.06.15).

1. Айтарлықтай басымдыққа қол 



жеткізді (Достигли значительных пре-

имуществ).

2. Үлкен қызығушылық танытуда 

(Бұл «проявляют большой интерестің 

жолма-жол аудармасы).

3. Алматы қаласының үлесі 28 пай-

дегені тілімізді «ұлы орыс халқының» 

тілінен некесіз туған баладай ету емес пе?  

Біз телеарналардың бас-аяғы 5-10 минут-

та осындай «орын алған жаңалықтарының» 

мынадай «лектеріне» қа рық болдық.

«Қай ата-ана болмасын баласы-

нан аянып қалмасы анық». Атам қазақ 

«болмасын» деген оңбасын дейтін еді. 

Бұл жерде орысшаны қазақтың өз сөз 

саптауымен айтсам бір бәлеге ұшырап 

кетермін деп қорықты ма, әлде білім-

білігінің жеткен жері сол ма кім білсін, 

«31 арна» жүргізушісі, журналист Мақсат 

Павлодарда қазақ халқының ұлы ақыны, 

хакім абайдың туғанына 170 жыл толуына 

орай өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында 

«абай оқулары» атты облыстық байқау өтті. 

Облыстың қала, аудандарынан келген 

қатысушылар екі кезең бойынша, атап айтқанда, 

Абай шығармаларын мәнерлеп оқу және «Абай 

жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен 

орындау бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде 

І жүлделі орынды Качир ауданының үміткері 

Дина Коструба, ІІ орынды Екібастұз қаласының 

қатысушысы Аделина Овчаренко, ІІІ орынды 

Баянауыл ауданынан келген Ангелина Нико-

лаенко иеленді. Сайысқа қатысушылардың 

барлығы диплом, алғыс хаттармен  қоса бағалы 

сыйлықтармен  марапатталды. Облыстық 

байқаудың жеңімпазы қыркүйекте Семейде 

өтетін республикалық байқауға жолдама алды. 

Шара аясында «Достық» үйінде С.Торайғыров 

атындағы облыстық әмбебап кітапханасының 

кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бір айта 

кетерлігі, «Абай оқулары» байқауына қатысатын 

өзге ұлт өкілдерінің жастары қатары көбейіп 

келеді. Бұл Абай шығармашылығына деген 

құрметтің белгісі болса, екіншіден қазақ тілі – 

мемлекеттік тілдің меңгеріп келе жатқан этнос 

өкілдері көбейіп келе жатқандығы сөзсіз. 



ернұр СаҒЫМбаЙҰлЫ

ПАВлОДАР


«абай оқулары» өтті

бӘЙДібеК аУДаНЫ

бәйдібек  ауданы – облыстың 

солтүс тігінде орналасқан. Оның 

аумағы Қаратау жотасының оңтүстік-

б а т ы с   б е т к е й і м е н   ш е к т е с е т і н 

қыратты жазықты алып жатыр. Жері 

топырақты, жусанды. Аудан орталығы 

– Шаян ауылы Шымкент қаласынан 

110 шақырым жерде Шаян өзенінің 

бойында орналасқан. Аудан 1930 жылы 

Шаян болысы негізінде Шаян ау-

даны болып құрылып, 1962 жылы 

Сайрам, Созақ, Түркістан, Бөген ау-

дандарына қосылуына байланыс ты 

таратылған болатын. Кейін 1965 жылы 

аудан қайта құрылып, «Алғабас» деп 

аталған. Бәйдібек ауданы 1996 жылға 

дейін Алғабас ауданы болып келген. Ал 

оның алдында Шаян ауданы болған. 

Орталығы – Шаян ауылы. Бәйдібек 

кім? Бұл есімнің ауданға берілу себебі 

неде? Бәйдібек – қазақ елінің жал-

пы тұтастығы мен елдігін сақтап, 

халқымыздың өз алдына дербес ел 

болып қалыптасуына үлкен азаматтық 

таныта жүріп, зор үлес косқан аса бір 

ірі тарихи тұлға.

Бәйдібек өз заманында туған жер, 

өскен елін сыртқы жаулардан қорғап

елді бірлікке бастаған қолбасшы 

болған. Түсінік-танымы мол, қандай 

бір жағдайда болмасын қолға алар ісін 

он ойланьп, жүз толғанып, әбден ой 

елегінен өткізіп барып іске кірісетін. 

Бәйдібек сөзін бүкіл ел тыңдайтын, 

халық қолдар соншалық ойшыл, 

халықшыл адам болған.

Осыдан бірнеше ғасыр бұрын 

Қаратау өлкесінде өмір сүріп, дүниеден 

өтсе де, халқы ұмытқан емес. 

Бәйдібек мазары – бұл күндері 

оның өткен жолын, рухын қастерлеуші 

ұрпақтың бас иіп көрсетер қасиетті 

орынға айналған. Бұл мазарға ұлы 

бабаның аруағын қастерлеуші жұрт 

қазақ жерінің әр атырабынан үздіксіз 

келіп жатады.

Міне, осындай биік тұлғалы, елім 

деп еңіреп, халықтың жайын ой-

лай білген Бәйдібек бабаның есімін 

ардақ тұтқан Оңтүстік өңірінің халқы 

ауызбірлік пен үлкен ынтымақ таны-

та отырып, оның атын мәңгілік есте 

қалдыру үшін Елбасына ұсыныс хат 

жолдап, нәтижесінде 1996 жылы қазан 

айының 23-і Президент Нұрсұлтан На-

зарбаев облысқа іссапармен келген кез-

де, Бәйдібек баба жатқан кесене басын-

да бұрынғы Алғабас ауданын Бәйдібек 

атымен атау жөніндегі Жарлыққа қол 

қойды.


Шаян – ауыл. Шаян ауылдық окру-

гі нің орталығы. Елді мекен атауы ту-

ралы тарихи мәліметтерге сүйенсек, 

бұдан бірнеше ғасырлар бұрын сонау 

Қытай елінен Орта Азияның кіндігі 

әрі ірі сауда орталығы Тәшкен ара-

сына сауда-саттықпен айналысатын 

керуен тобы жиі қатынайтын болған. 

Содан айшылық жол жүрген керуен 

басы Шань-Янь деген Қытайдың үлкен 

саудагері ары-бері өткенде қазіргі Шаян 

өзенінің бойына арнайы тоқтап, екі-

үш күн қона жатып, демалады екен. 

Атақты керуен басының атқосшылары 

«Шань-Янь шақыртып, керек етіп жа-

тыр» деп жан-жақтағы ауыл-аймақтан 

ұста іздестіреді екен. Содан не керек, 

бұл өңірдін адамдары келген-кеткенде 

Шань-Янь тоқтаған жерден келеміз, 

сонда баратын едік» деп жүріп, әлгі 

өзен Шаян, ал оның маңындағы шағын 

ғана қыстақ Шаян ауылы болып аталып 

кеткен екен.

Ал кейбіреулер болса, «Шаян – 

таң нұры, таң шапағы» деген ұғымды 

білдіреді дегенді айтады. Егер байыппен 

қараған кісіге ұғымды білдіру бір басқа 

да, ал сол Шаяннын шығу, аталу тарихы 

ол тіптен өз алдына басқа дүние. Со-

нымен қаншама ғасырлар бұрын Қытай 

мен Орта Азия арасындағы керуен бай-

ланысы болғанын ешкім жоққа шығара 

алмасы анық.

«Оңтүстік Қазақстан облысындағы 

жер-су, елді мекен атауларының 

қысқаша тарихы»  кітабы бойынша 

дайындаған өлкетанушы 

Молдияр СеРіКбаЙҰлЫ

оңтүстік қазақстан облысы

ұлы дала атаулаРы

сөз тапҚанға ҚолҚа жоҚ

сөз мәйегі

сөз сыРы


байҚау

БіРЕУі ЖЕңДіМ ДЕйДі, 

БіРЕУі КӨНДіМ ДЕйДі

Б

із тақырып қып алып отырған 



бұл мақалды қайран қазекем 

өзінің әрбір ұлағатты сөзіне не 

ұл, не қыз құлақ аспай, білгенін істеп, 

аузына келгенін айта беретініне әбден 

көзі жеткесін шарасыздықтан шаршап 

айтқан. Бүгінде Қазақстанда  аузына 

келген сапырмай сөзді ең көп айтатын, 

бұның қалай дегенге жауап бермек түгіл 

пысқырмайтындар екеу болса, соның 

бірі қазақша телеарна журналистері. 

Шығыстың Нострадамусы атанған өз 

заманынан кейінгі үш ғасырдың түр-

Толықбай орыстың «какой бы ни был» 

дегенін со күйінде алып отыр. Бұны 

есі дұрыс қазақ «Қай ата-ана болса да» 

немесе «қай ата-ана да» дейді. Жалпы, 

жалғыз М.Толықбай емес, көптеген 

қазақ осылай «кім болмасын», «қай жерге 

бармасаң», «қайсысын алып қарамасаң» 

деп орысқа еліктеп сөйлейтін болды. 

Соған қарап «халқым надан болған соң 

қайда барып оңайын» деген сөз еске 

еріксіз түседі.

«Сөз ұғар жігіттерге сөзім–дәрі» 

деп ғұлама шайыр Әбубәкір Кердері 

айтқандай сөз ұғар қазақ ойланар, 

ойланар да бұл телеарналардың қазақ 

сөзін бұлайша бүлдіруіне кедергі 

қоюдың бір жолын табар деген үмітпен 

енді сол телеарналардағы журналист 

емес «журналистердің» әулие Мөңке 

би айтқандай «алашұбар»  сөздерін 

талдап, түзетіп отырмай-ақ со күйінде 

келтірейік.

1. Киік қырылу жағдайын тіркемеді

(Бұл ауылшаруашылық  вице-министрі 

Е.Нысанбаевтың орысшасының «аудар-

масы») «31 арна». 27.05.2015.

2.  Теңіз толқыны түстес күртеше 

болған (Ербол Төлеген).

3. «аңдар саны» жыл санап көбейіп...

4. Өңірде резонанс туғызған (28.05).

5. Байқау 4 ай бойы жалғасын таппақ 

(Ж.Жолтаева «31» арна 24.06.15).

6. Вирустық аурулардың туындау 

қаупі бар («31» арна. 27.05.15).

7. Білікті мамандармен қамтылған 

(«Нысана» 31.05.15).

8. Сиқыршылар– қай ортаның болма-



сын (?) сәні. 

 «Сөздің шыны керек» бағдарла ма-

сынан (31 арна):

1. автобустардың қатысуымен болған 

жол апаты (13.08.15).

ызды құрап отыр (составляет 28 %).

4. 224 млрд. теңгені құрап отыр.

5. 2016ж. екінің орнына екі жарым 



пайызды құрайды.

6.Ұзақ уақыт сақтала алатын өнім 

(дұрысы «сақталатын» ғой!).

7. Сауыт өте бағалы сайман (?).

8. Жәдігерлер залдың ауқымды 

бөлігінде орналасқан.

9. Су құю жазда 35-ке дейін баруы 

мүмкін.

1. Олар өз кезегінде оның пәтерге 



жүгіріп кіргенін айтты.

2. Ас пышағын кеуде қуысына сұғу 

арқылы өлтірген («Таң» 22.06.15).

Құдайшылығын айтыңызшы, осы 

соңғы қос сөйлем қазақша дей аласыз 

ба? Мұндағы «өз кезегінде «в свою 

очередь» деген орысшаның сандырақ 

қайтармасы емес дей аласыз ба? Ал 

«кеуде қуысына сұғу арқылы өлтірген» 

ше? Бұл қайран қазақ тілінің кеудесіне 

(«кеуде қуысына» емес!) пышақ салып 

өлтірудің өзі емес пе?!

  « Қ а з а қ с т а н »   т е л е а р н а с ы н ы ң 

«ет пен сүт әрқашан сұранысқа ие» 

(10.06.15) дегені қазақша емес. Өйткені 

бұл да орысша «пользуется спросом», 

«всегда имеет спросттың» заңсыз да 

некесіз туған «нәрестелері». Бүйте 

берсе, қазақты ұлттығынан айыруы 

әбден мүмкін мұндай «нәрестелердің» 

туғанынан тумай туа шөккені жақсы. 

С ү м б і л е   а т а у ы н ы ң   қ а й д а н 

шыққанына көңіл аударар болсақ, 

мынадай деректерге сүйенуге тура 

келеді. Ертеректе егін жинайтын 

қыркүйек айында Күн айналасына 

жиналған топ жұлдыздарды жұлдыз 

картасына түсіріп, оны бау бидайды 

құшқан бойжеткен (Бикеш) бейнесімен 

таңбалаған. Осы лек жұлдыздар парсы 

тілінде Сүмбіл деп аталған, ал орыс 

тілінде Дева деп қолданылған. Осындай 

науқан кезінде түн ортасына дейін жарқ 

етіп көрінетін бұл жұлдызды Сүмбіле 

атауды жөн көрген. Халық танымынан 

туған осындай көне атаулар тілімізде 

этнографизм ретінде ұғынылады. 

Қазақ арасында бұл жұлдызды суық 

жұлдыз деп те атайды. Себебі күзде 

көтеріліп, қыс бойы жоғарылай береді. 

Тамыздың 20-сы қарсаңында таң ал-

дында, сағат 5-те туған Сүмбіле күннен-

күнге ертелетіп, қыркүйекте таңғы 

сағат 3 кезінде, қазанда түн ортасы 

ауа, қарашаның басында ел жатпай-ақ 

көкжиектен қылтиып көрініп тұрады. 

Мамырдың 10-да жерге түсіп, үш жа-

рым айдай жерде жатады. 



Сүмбіле туғаны – қоңыр күздің 

белгісі. Бұл Шортанбай жыраудың өлең 

жолдарында айқын берілген:

Сүмбіле туып, күз болмай,

Көкорай шалғын болар ма? 

Кәрілік келсе қайтадан,

Жасарып адам толар ма?

Сүмбіле туса, жаз аяқталып

мал семіреді, Сүмбіледе сорпа майлы, 

сүмбіле туса су суыр деп жоритын қазақ 

халқы Сүмбіле туа бастағаннан қысқа 

қамданып, отын-суын бірыңғайлауға 

кірісе бастайды. Демек, бұл жұлдыздың 

да жыл мезгілін айғақтайтын белгілері 

бар. Және оны қазақ халқы дәл бақылай 

білген. Ал мысырлықтар Сүмбілені 

Сотис-Ниль жұлдызы деп атайды да, 

Ұлы Сотис көкте жалтырағанда арна-

сынан шығып Ниль тасиды деп болжай-

тын болған. 

Е с е п ш і л е р   С ү м б і л е   ж ұ л д ы з ы 

туып, Үркер жұлдыз шоғыры көкке 

көтерілген уақыт аралығын «қыс» ай-

ларына жатқызып, қыс есебін күн мен 

түн теңелген қыркүйек айындағы мизан 

тоғыстан (19 тоғыс айы) немесе қазан 

айының басындағы тоғыстан бастайды. 

Сондықтан бұл тоғыс есепшілер тілінде 



мизан түскен кезең деп аталған.

Бір күні Абылай хан билері бас қосып 

отырғанда:

– Дүниеде тозбайтұғын нәрсе бола ма, 

өлмейтұғын жан бола ма? Тозбайтұғын не нәрсе, 

өлмейтұғын не нәрсе? Осыны тауып беріңдер де, 

менен қалағандарыңды алың дар, – депті.

Сонда отырғандардың біреуі:

– Тас тозбайды, темір тозбайды. Асқар тау 

өлмейді, аққан су өлмейді, кара жер өлмейді, 

Ай мен Күн өлмейді – деп бірі оны, бірі мұны 

айтыпты. Бұл сөздер ханның көңіліне қона 

қоймапты. 

Сонда түбі-тегі Қыпшақ, Таймас Жұдас деген 

жұпыны киімі бар бір кісі тамам билер гуілдесіп, 

дүрілдесіп отырғанында ләм-мим деп тіл қатпай, 

сөз тыңдапты. Сонан бір орайы келгенде орны-

нан ұшып тұрып Абылай ханның алдына шарт 

жүгініп, отыра қалып сөйледі.

– Алдияр тақсыр! Бұлардың айтып отырғаны 

тозатұғын нәрселер, өлетұғын нәрселер. «Тозба-

сты ұста соқпаған, өлместі Құдай жаратпаған»  

демей ме? Міне, мен тозбайтұғын не, өлмейтұғын 

не айтып берейін. Құдай дескен құда болады, 

құшақтасқан дос болады. Дос болғанда бірінен 

бірі жүйрік ат алады, қыран құс алады, түзу 

мылтық алады. Жүйрік ат өледі, қыран құс 

ұшады. Түзу мылтық қисаяды. Достық сондай-

мен тозады. «Төсекте бас қосылсын, төскейде 

мал қосылсын» деп құда болады. Киіт саларда 

бір дау, мал берерде екі дау, үйге енгізерде үш 

дау, ұзатарда төрт дау, осы даулардың бәрі де 

тозады. Бірімен бірінің құдалығы да тозады. 

Ө з а р а   с ө й л е с у ,   т і л д е с у д і 

қарапайым қазақ қатысу деп атай-

ды. «Қатысым» сөзі сөздік қордағы 



«қатыс», «қатысу» сөзінен алынған. 

«Бір-бірімізбен араласпай қалдық, 

байланыспай қалдық» деген ұғымды 

білдіргісі келсе, «көптен қатыспай 

қалдық» дейді. Демек, «қатыс» – 

қазақтың байырғы сөзі, «байланыс, 

қатынас» дегеннің баламасы, ал 

-ым оған жалғанған сөзжасамдық 

жұрнақ. Демек, қатысым қағидалары 

дегеніміз – адамдардың тіл арқылы 

бір-бірімен түсінісу, пікірлесу, 

ой алмасуына қойылатын жалпы 

талаптар, заңдылықтар дегенді 

білдіреді. Ал сол заңдылықтар 

мен қағидаларды қазақтың мақал-

мәтелдерінде көптеп кездестіреміз.

Жалпы сөз құдіреті мен қасиеті 

туралы түйінді ойларға мақал-

мәтелдерде көбірек орын берілген. 

Солардың бірнешеуін келтіре 

кетейік:  «Сіз-біз деген жылы сөз - 



тіршіліктің ғанибеті», «Тіл тас жа-

рады, тас жармаса, бас жарады», 

«Тіл қылыштан өткір», «Көз жетпе-

ген жерге сөз жетеді», «Жақсы сөз 

– жарым ырыс».

Тілді қолданушының, яғни 

сөйлеушінің пайым-парасаты, 

білімі, таным-түсінігі оның сөз сап-

тауынан байқалады. Оны қазақтың 

мақал-мәтелдері өзі-ақ айтып тұр: 



«Адам тілінен жазалы, мал мүйізінен 

жазалы», «Шешен сөз бастар, ба-

тыр қол бастар, көсем ел бастар», 

«Артық тұз асқа залал, артық сөз 

басқа залал», «Ине көзінен сынады, 

шешен сөзінен сынады», «Жүзден біреу 

– шешен, мыңнан біреу – көсем», 

«Аузы жаман ел былғайды, аяғы 

жаман төр былғайды», «Аңдамай 

сөйлеген  ауырмай өледі», «Асыл ердің 

белгісі – аз сөйлеп көп тыңдар», 

«Өзі шынашақтай, сөзі келсаптай», 

«Ойы түзу адамның, сөзі қисық бол-

майды»... Сөз қадірін,  тіл қасиетін 

ұ ғ ы н д ы р а р   б ұ л   м а қ а л д а р   с ө з 

саптаушыға қойылар талаптар-

мен қатар оған сөз сапасын, яки 

сөз тазалығы, дәлдігі, дұрыстығы, 

байлығы, сапасы, бедері туралы 

түсінік бере отырып, сөз сөйлеудің 

қағидаларын үйретеді.

Ел есінде жатталған «тоқсан ауыз 

сөздің тобықтай түйіні» аз сөзге 

көп мағына сыйдыруды, сөз бояуы 

қанық болып, тыңдаушының есінде 

сақталуын міндеттейді.

Тіл мәдениетін арнайы зертте-

ген профессор М.Балақаев былай 

деп атап көрсетеді: «Айтқан сөзің 

қысқа әрі тұжырымды болсын. 

Аз сөзбен айтуға болатын ойды 

керексіз көп сөздермен езгілеп, 

өзгенің уақытын алып отыратын, 

тыңдаушысын әбден ығыр қылатын 

адамды қазақ «көкмылжың» дейді. 

Мылжың, көкмылжыңдардың сөзін 

өзгелер ешуақытта зейін қойып 

тыңдамайды. Ондай жаман атқа 

ілінбеу үшін, шешендік кәсібіңе 

кір келтірмеу үшін, артық сөздерді 

а й т ы п   л а ғ ы п   к е т п е .   Қ ұ р а ғ а н 

сөйлемің ықшамды, ұғынуға оңай, 

қолданған сөздерің жұртқа таныс 

әрі мазмұнды болсын. Аз сөзбен 

көп нәрсе айтуға тырыс». Ал осын-

дай ғылыми тұжырымды  халық 

нақылдары былайша түйіндейді: 



«Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір», 

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай 

түйіні», «Көп сөздің азы жақсы, 

аз сөздің өзі жақсы», «Санаулы сөз 

салмақты», «Ақылы қысқаның – тілі 

ұзын»,  «Ұзын тілдің ойы шолақ», 

«Ұзын тіл жыланға барабар, ауыз-

дан шақса мойынға оралар», «Ұзын 

тіл өмірді қысқартады», «Сөздің 

азы жақсы, Қыздың назы жақсы», 

«Пышақ жетесінен, сөз келтесінен», 

«Байлауы жоқ шешеннен үндемеген 

есті артық», «Сөзшеңді үндемеген 

жеңеді», «Көп сөйлеген көптен ай-

ырылар»...

Тіл мәдениетіне қойылатын 

келесі шарт – сөз барысында ой 

жүйелілігі мен қисынын бұзбау, 

белгілі бір логикалық байланыс-

ты сақтау. «Жүйелі сөз белгілі бір 

мазмұнға, өзара тығыз байланысты 

желіге құрылады. Бір ойды айтып, 

екінші ойға көшерде берік байланыс 

болмай, әрдененің басын бір шалып 

айтқан сөзде де табан тірер тиянақ 

болмайды, ондайды тыңдау да қиын».  

Дана халқымыз осы талаптарды сөз 

мәйегі – мақал-мәтелдерде былайша  

нақылдайды:  «Жүйелі сөз жүйесін 

табар, жүйесіз сөз иесін табар», «Ау-

зынан сөзі түскеннің қойнынан бөзі 

түсер», «Сөз жүйесін тапса, Мал 

иесін табар», «Икемді тіл инеден 

өткір», «Сөздің жүйесі – ойдың иесі», 

«Сөз қисынын жүйесі білер», «Өз иесін 

тыңдамаған ит жаман, Сөз жүйесін 

танымаған би жаман».

Шаршы топ алдында жақсы 

сөйлеудің басты шарты – даярлық. 

Даярлықсыз сөз саптаған адам 

аңдамай сөйлейді. Ал «аңдамай 

сөйлеген ауырмай өледі». Ой шашы-

рап, сөздің әрі қашпас үшін сөйлер 

сөзді алдын ала ой елегінен өткізіп, 

дайындық жасау орынды. Қайда? 



қашан? кімге? қарата сөйлеріңді ой 

елегінен өткізіп алған ләзім. Себебі 

«сөйлей-сөйлей шешен боларсың». 

Шешендік қандағы қасиетпен 

келеді десек те, ойды өсіріп, тілді 

шыңдамай оған қол жеткізу мүмкін 

емес. Даярлықсыз сөйлеген сөздің 

көбіне кесек шығатыны туралы 

мына төмендегідей мақал-мәтелдер 

«дәл тауып айтады»: «Жаман сөз – 



жанға кірген тікен», «Құлақтан 

кірген суық сөз көңілге барып мұз 

болар»,  «Жақсы сөйлесе, аузынан 

гүл төгіледі, жаман сөйлесе, аузы-

нан жын төгіледі», «Сөзін жоғалту 

– өзін жоғалту», «Жақсы тауып 

сөйлейді, Жаман қауып сөйлейді», 

«Жаманның тілі – ащы, Көк мияның 

гүлі ащы», «Жаманның тілі өз аяғын 

шалар», «Жаманның тілі тигенше, 

қылыштың жүзі тисін», «Сөзің 

қисық болса, ағайынға өкпелеме, 

бетің қисық болса, айнаға өкпелеме», 

«Сөзде қаңқу жаман, ауруда шаншу 

жаман», т.б.

Қорыта келгенде, сөз саптаудың 

негізгі ережесі, қағидасы, мәдениеті 

қазақтың мақал-мәтелдерінде айқын 

көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер 

даурықпа, бос сөзге жаны қас қазақ 

үшін сөз бен істің үйлесімділігін тү-

сіндіреді, сөз мәдениетін сақтауды та-

лап етеді. Тілдің қадіріне жеткеннің, 

сөз мәдениетін сақтағанның, орам-

ды, ойлы сөз айтқанның «Туар адам, 

өлер өзі – ат қалар, Кеткендердің сон-

да сөзі жатталар» деп Ж.Баласағұни 

айтқандай, сөзі ұрпақтан-ұрпаққа 

мирас болып қала берері даусыз.




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет