Еркокше Шарифа (2-курс Исламтану (қыздар) "бә" тобы)



Pdf көрінісі
Дата07.01.2022
өлшемі58,84 Kb.
#17360


Еркокше Шарифа (2-курс Исламтану (қыздар) “бә” тобы) 

Эссе 


Сопылық және Йассауи 

Қожа Ахмет Йассауидің дүниетанымының қайнар көзі – Құран мен 

Сүннет жолы. Оның дүниетанымының қалыптасуы іске асқан ортасында, 

нақтырақ айтқанда, Әбу Ханифа мәзһабын ұстанған аймақ – Түркістан 

аймағында Ислам әлеміне белгілі сопылық дәстүрдің тұлғасы ретінде өмір 

сүрді. 


Йассауидың “Диуани хикметінде” сопылық ұстанымы мен тақуалық 

жолы дәріптеледі. Оның бұл мұрасының қасиеті адам баласын ислами 

тұрғыдан кемелденуге, иманын жетілдіруге, парасат пайымын тереңдетуге 

шақырған сопылық ұстанымдары болып табылады. 

Йассауи жолының түркі тілдес халықтар үшін дүниетанымдық, 

ділдік және құндылықтық тұрғыдан жақын болуының сыры - сопылық 

ілімін поэззия жолымен насихаттауында жатыр. “Диуани хикметтен” 

мысал ретінде келесідей үзінділерді келтіруге болады: 

“Құл Қожа Ахмет, хақтың атын есте сақта,  

Қақтан қорқып, тынбай жылап түнде жатпа,  

Намаз оқып, ораза ұста әр ақшамда

Солай болып, мұратыма жеттім міне.”  

Және 

“Ғашық болсаң ғашық жолына қой қыл қадам, 



Дүниені талақ қылғыл мысал Адхам

Ақылға ерсең дүние үшін жемеген қам, 

Қиямет күні жазаларын берер, достар. 

Сыр шарабын ішкен ғашық өзін білмес,  

Бұл дүниенің ләззатын көзіне ілмес,  

Жүз мың рет кеңес айтса ақыл алмас

Гүлгүл жайнап өзін білмей жүрер, достар.” 

Ойшыл бар ғұмырын сопылыққа (тасаввуфқа) арнағаны мәлім. Оның 

өмірлік жолы мен еңбектері  түркі халықтары үшін рухани бағдарға 

айналған.  




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет