Ерлердің ісі бітер ме? ҚОс арнаның тоғысы


Ақылмандарды  әспеттеуден  ұтылмаймыз.  Бұл  –  болашақ  үшін



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата22.12.2016
өлшемі0,9 Mb.
#108
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Ақылмандарды  әспеттеуден  ұтылмаймыз.  Бұл  –  болашақ  үшін 
керек қарекет. 
– 
Әлемге  әйгілі  ғұлама,  екінші  ұстаз  атанған  Әл-Фараби  атындағы 
ұлттық  университет  жанынан  бүгінде  Абай  институты  ашылды.  Бұл  да 
ұлылар үндестігінің бір бір көрінісі болса керек. Ал енді осы ғылыми-зерттеу 
институтының  болашағы  атқарар  іс-шаралары,  мақсат-міндеттері 
қандай? 
– 
75 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
– 
Қазақстанның  аса  ірі,  іргелі  оқу  орны.  Университет  мыңдаған  маман 
кадрлар  дайындап  келеді.  Сонымен  бірге  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ 
Қазақстан ғылымының дамуына аса зор үлес қосып отыр. Отандық тіл білімі, 
ғылымының  дамуында  өзіндік  орны  бар,  қазақ  руханияты  өркендеуінің 
көшбасшысы  саналатын  университеттің  маңызды  бөліктерінің  бірі  – 
қоғамдық  ғылымдар  саласы.  Университеттің  гуманитарлық  ғылымдарының 
бастауында академик-жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов тұрды. Ол қазақ 
әдебиетінің  тарихын  жоғары  мектепте  оқытудың  негізін  қалап,  Абай 
мұрасын  зерттеуді  осы  университет  қабырғасында  жүйелі  жолға  қойып, 
абайтану  ілімінің  қалыптасуын  жүзеге  асырды.  Бүгінде  сол  ұлы  М.Әуезов 
қалыптастырған  дәстүрді  жаңғыртып,  уақыт  сұранысына  сай  әл-Фараби 
атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  ғылыми  әлеуетін  жұмылдыру 
арқылы абайтану ілімінің кеңге қанат жаюына негіз салып ғылыми саладағы 
іс-шараларды үйлестірудің  қажеттігі  туып отыр.  Сондықтан  да  университет 
жанынан Абай институтын ашу – замана талабы десе де болады. Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаев:  «Абай  өз  халқының  ойшылы  болды.  Осынау  «қайғы  ойлап 
қажыған»  кемеңгердің  жан  жылуы  бүкіл  халқын  қамтыды.  Сондықтан 
қазақтар  Жер  бетінде  өмір  сүрген  кезінде  осынау  ұлы  адамның  шарапатын 
сезініп  өтетін  болады»  -  деп  ұлы  тұлғаның  мәңгі  өлмес  рухани  мұрасының 
мән-мағынасын  ашып  берген  еді.  Осы  ойлар  институттың  алға  қойған 
мақсаттарының бағдаршамы іспетті болмақ. Оның ең бастысы Абай мұрасын 
танып-білу, Абай әлемін кеңінен зерттеу, абайтану ілімін жаңа биікке көтеру. 

Институт жан-жақты білікті, білімді маман дайындауды жетілдіре түсу, 
мемлекеттік  тілдің  мәртебесін  бекіту,  қазақ  әдебиетінің  рухани  өрістегі 
құндылығын  тың  зерттеулермен  толықтырып,  негіздей  түсу  бағытында 
ғылымның  соңғы  жетістіктерін  оқу  үдерісіне  қосып  отыру  үшін  құрылмақ. 
Бұл,  ең  алдымен,  Абай  мұрасын  зерттеу  мен  зерделеу  арқылы  жүзеге 
асырылады. 
Институт  оқу  үдерісінде  әдебиеттану  ғылымының  қазіргі  кезеңіндегі 
басты нәтижелерін пайдалануды, тәжірибелік мәнде қолданысқа түсіруді, ол 
үшін қазақ әдебиеті тарихының әлі де терең зерттелмей жатқан салаларына 
баса  назар  аударып,  олардың  оқу  процесіне  ыңғайлы  қысқаша  тарихын 
жазуды  қолға  алады.  Әсіресе,  төл  әдебиетімізді  азатшыл  идея,  ұлттық  идея 
мәселелерінің,  қазіргі  әдебиеттегі  тәуелсіздік  идеясы  көркемдік  көрінісінің 
концепциялық  тұжырымдамасын  жасауға,  оларды  оқу  бағдарламаларына 
ендіруге,  әдебиеттің  осы  кезеңдерін  оқытудың  тиімді  жолдарынайқындау 
бағытында жұмыстар жасайды. 
Әлемдік  тәжірибеде  іргелі  университеттер  жанынан  ұлт  руханиятының 
ұлы тұлғалары атындағы зерттеу институттары кеңінен өріс алып отырғаны 
белгілі  (Германиядағы  Гете  институты,  Ресейдегі  Пушкин  институты, 
Қытайдағы  Конфуций  институты  т.б.)  Олардың  ұлт  руханиятын  зерттеуге 
қосып отырған үлесі аса зор.  
Абай  институтын  ашу  туралы  ұсынысты  Университет  ұжымы  өзінің 
үлкен  Ғылыми  Кеңесінің  отырысында  бір  ауыздан  мақұлдап,  шешім 
қабылдады.  Ақсақалдарымыз,  елге  танымал  ғалымдарымыз  Т.Кәкішев, 
С.Сартаев,  М.Әбділдин  сынды  ағаларымыз  институттың  болашағына 
байланысты,  оның  ертеңгі  күні  қандай  тақырыптарға,  қандай  тұлғаларға 
назар аудару қажеттігі туралы құнды-құнды пікірлер айтты. 
Институтқа  Абай  есімінің  берілуінің  астарында  үлкен  мақсаттар 
жатқаны  анық.  Абай  мұрасының  ауқымында  біз  енді  гуманитарлық 
ғылымдардың  барлық  саласындағы  іргелі  мәселелерді  қамтып  зерттеуге 
мүмкіндік  алдық.  Университетіміздегі  гуманитарлық  ғылымдар  саласын 
өркендету,  жаңа  белеске  көтеру  мақсатында  осындай  үлкен  бір  серпіліс 
әкелетін  ғылыми-зерттеу  құрылымы  керек  еді.  Соның  қара  шаңырағымыз 
үшін  сәтімен,  игілігімен  оралғанын  жақсы  нышанға  балап  отырмын. 
Елбасымыздың  бастамасымен  жемісті  жүзеге  асып  жатқан  мемлекеттік 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  да  бұл  институттың  алдынан  үлкен 
мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. Түйіп айтсақ, осынау жаңадан ашылған Абай 
институтының  университет  игілігіне  салатын  олжасы  аз  болмайды  деп 
ойлаймын.  
– 
Ал  енді  өзіңіздің  жаныңызға  жақын  бір  сұрақ  қойғым  келіп  отыр. 
Қазақ  университеті  құрылғалы  бері  оның  бастауында  тұрған 
факультеттің  бірі  ғылым-білімнің  патшасына  саналатын  математика 
іліміне  баулитын  математика факультеті  екен.  Ұлттық  университеттегі 
осы  ғылым  саласы  мен  оны  оқытудағы  бүгінгі  жетістіктер  жайлы  ой 
сабақтасаңыз. 

Өткен  жылдан  бері  ҚазҰУ  қалашығында  жаратылыстану  факультет-
теріне  арналып  жаңа  үлгідегі  оқу  ғимараттарының  құрылысы  үлкен 
қарқынмен жүргізіліп жатыр. Университет әлемдік тәжірибеде қабылданған 
ИНТЕРНЕТ компьютерлік-коммуникациялық желісіне негізделген оқытудың 
кредиттік  жүйесін  сөз  жүзінде  емес,  іс  жүзінде  енгізіп  отыр.  Бұл  жүйенің 
басты  жетістігі  –  тек  оқу  үдерісін  басқаруды  автоматтандырудың  жоғары 
деңгейіне көтеріп қана қоймай, сонымен бірге, студенттерді ынталандырып, 
олардың  оқу  нәтижелеріне  қызығушылығын  арттыру  болып  табылады. 
Бүгінгі  күн  талабына  сай  оқу  мен  оқыту  әдістемелері  де  жақсы  жолға 
қойылған.  
Әл-Фараби  университеті  маған  етене  таныс  физика-математика  саласы 
бойынша 75 жыл ішінде көптеген жоғары білімді мамандар дайындады. Олар 
қазір  өздері  қызмет  етіп  жүрген  ортадағы  ең  білімді  де  білікті  кадрлар 
санатында  есптеледі.  Әсіресе,  ондай  түлектердің  көп  бөлігі  ғылым,  жоғары 
білім  беру  мекемелерінде  немесе  банктерде,  жоғары  технологиялық 
орталықтарда жұмыс атқарып жүр.  
Бұл  оқу  орны  өз  еліміздегі  білім-ғылым  саласына  қатысы  бар 
орындармен  ғана  емес,  есептеу-ақпараттық  технологиялары  бойынша 
семинар-кеңесті  2003  жылдан  Ресей  Ғылым  академиясының  Сібір 
бөлімшесінің Есептеу технологиялары институтымен бірлесіп өткізіп келеді. 
Айталық,  алғашқы  семинар-кеңес  2003  жылы  Новосібірдегі  академиялық 
қалашықта болса, оның жалғасы әл-Фараби университетінде өткен еді. Содан 
бері  бұл  дәстүрге  айналған  мәртебелі  басқосуларда  әл-Фараби  атындағы 
Қазақ ұлттық университетінің математиктері ғылым мен білімнің көкжиегін 
кеңейтуге өзіндік үлесін қосуда.  
Биылғы жылдың наурыз айында өткізілген осы ақпараттық және есептеу 
технологияларына арналған Ресей мен Қазақстанның жетекші ғалымдары бас 
қосқан алқалы жиын қазақтың аса көрнекті математигі Шалтай Смағұловтың 
60  жылдық  мерейтойына  орайлас  ұйымдастырылды.  Осы  жиынды  ашқанда 
мен  екі  ел  ғалымдарының  шекараны  білмейтін  ақыл-ой  жемісі  бәрімізге 
ортақ  екенін  тілге  тиек  етіп,  кеңестің  негізгі  мақсаты  –  жаңа  ақпараттық 
технологияларды,  бірлескен  ғылыми  жобаларды  жасауға  және  жүзеге 
асыруға,  Қазақстан,  Ресей,  Қырғызстан  ғылым-білімінің  жинақталған 
қорларын  ақпараттандыруға,  телекоммуникациялық  жүйелерді  дамытуға, 
математикалық  модельдеуге,  жоғары  өндірісті  есептеулердің  болашағын 
айқындауға  негізделгенін  атап  өттім.  Сол  жиынға  қатысқан  Ресей  Ғылым 
академиясының академигі, РҒА Сібір бөлімшесінің Есептеу технологиялары 
институтының  директоры  Юрий  Шокин,  Ресей  Ғылым  академиясының 
корреспондент-мүшесі,  РҒА  Сібір  бөлімшесінің  Красноярск  қаласындағы 
есептеу  арқылы  модельдеу  институтының  директоры  Владимир  Шайдуров, 
Қырғызстан  Ұлттық  ғылым  академиясының  академигі  Аманбек  Жайнақов, 
сондай-ақ  Қазақстан  оқымыстылары  математикалық  ғылым  мен  білімді 
әлемдік  үрдіске  сай  дамыту  мәселесін  жан-жақты  әңгіме  арқауына 
айналдырды. Нақтылай түссек, олар өз сөздерінде Қазақстандағы математика 
ғылымы  өз  тамырын  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінен 

алатынын  және оның бастауында  академиктер  Константин  Персидский  мен 
Орынбек  Жәутіков  тұрғанын  назарға  салып,  атақты  тұлғалардың 
дифференциалдық теңдеулер теориясы және оның шешімінің орнықтылығы 
бағытында  ғылыми  мектепті  қалыптастырғанын,  олардың  бұл  бағытын 
ізбасарлары  С.Айсағалиевтың,  Қ.Қасымовтың,  Д.Үмбетжановтың  одан  әрі 
жалғастырғанын мақтанышпен еске алды.  
Жалпы, қазақ математиктерінің, соның ішінде ҚазҰУ математиктерінің 
еңбектері төрткүл дүниеге кеңінен мәлім. Бұл іргелі ғылымның іргетасының 
мықтылығын, оның уақыт көшінен қалмай ілгері жылжып, дамып отырғанын 
дәйектейді.  Алдыңғы  толқынның  ізін  кейінгі  толқын  жалғастырып, 
зерттеулерді  сала-сала  бойынша  жетілдіріп  отырудың  нәтижесінде  біздің 
математиктеріміз  бүгінгідей  биік  мәртебеге  ие  болып  отыр.  Мәселен, 
математиканың  сан  түрлі  салаларында  зерттеу,  зерделеу  жұмыстарын 
жүргізген  айтулы  ғалымдар  А.  Тайманов,  Т.Аманов,  У.Сұлтанғазин, 
Б.Оразбаев,  Т.Кәлменов,  Ш.Смағұлов,  Н.Блиев,  т.б.  оқымыстылардың  жөні 
бөлек.  Бұлардың  өнегелі  ісін  жалғастырып,  қазір  әлемге  аттары  танылған 
ғалымдар Шалтай Смағұлов, Асқар Жұмаділдаев, Уәлібай Өмірбаев ҚазҰУ-
дің түлектері.  
Бір  замандары  қазақ  математиктері  Новосібір  мемлекеттік 
университетінде оқып, оның аспирантурасын тәмамдап жататын болса, енді 
сондай  үрдіс  Қазақ  мемлекеттік  университетіне  жүктеліп  отыр.  Осыдан  7 
жыл  бұрын,  басталып,  қалыптасқан  Қазақстан  мен  Ресей  ғалымдарының 
“Ғылым,  техника  және  білімдегі  есептеу  технологиялары  және 
математикалық модельдеу” атты халықаралық конференцияныөткізуді әдемі 
жалғастырып келеді. Бұрын Қазақстанның Өскемен, Павлодар, Атырау және 
Алматы  қалаларында  болса,  биыл  Сербияның  Копаоник,  Черногорияның 
Будва  қалаларында  тамыз  айының  аяғы  мен  қыркүйек  айының  басында 
өткізу жоспарланып отыр. 
Мен  осындай  алқалы  жиындарға  қазақ  математиктері  туралы  шет 
жұрттықтардың лебізін естігенде шын көңілден марқайып қалатыным бар. 
Біздің  Ш.Смағұлов  Нарғозы  Данаевпен  бірге  1975-1993  жылдары 
жүргізген  “Сұйық  және  газ  динамикасын  сандық  модельдеу.  Теория  және 
есептеу  эксперименті”  атты  ғылыми  жұмыстарымыз  Қазақстан  Республика-
сының  ғылым,  техника  және  білім  саласындағы  Мемлекеттік  сыйлығының 
лауреаты  атанды».  Бұл  сыйлық  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дің  математик 
ғалымдарына және іргелі ғылыми зерттеулерге берілген әділ де жоғары баға 
болатын. 
Сондай-ақ,  университетте  Түркі  тілді  елдердің  дүниежүзілік 
математикалық  қоғамының  ІІІ  конгресін  2009  жылдың  маусым  айында 
өткіздік. Мені түркітілдес елдер математикалық қоғамының Президенті етіп 
сайлады,  бұның  өзі  барлық  ғылымдардың  патшасы  саналатын  математика 
ғылымы  әл-Фараби  университетінде  әлемдік  деңгейде  дамып  келетіндігіне 
дәлел деп білемін.  
Бүгінде  механика-математика  факультетінің  мәжіліс  залы  мен 
дәрісханалары 
жаңа 
техникалық 
құралдармен, 
технологиялармен 

жарақталды. 
Мысалы, 
механика 
ғылыми-зерттеу 
институтында 
Отанымыздағы  ең  қуатты  “URSA”  жоғары  өнімді  суперкомпьютерінде 
математикалық  физика,  сұйық  және  газ  динамикасы,  экология  есептері 
шешілетін  болса,  бұл  кешеннің  негізіне  операциялық  жадысының  жалпы 
көлемі 56 гигабайт, жады дискілерінің жалпы көлемі 2 терабайтты құрайтын 
төрт ядролық процессордан тұратын есептеу кластері қойылған. Робот және 
манипуляторлар  динамикасы,  машиналар  мен  роботтар  механикасы  зертха-
наларында  3  дәрежелі  жылжымалы  модульді  оқу  роботы,  өндірістік  иілгіш 
оқу  жүйесі,  механика  негіздерін  тереңдетуге  арналған  зерттеу  кешені, 
интеллектуалды  роботталған  оқу  жүйесі,  т.б.  жаңа  қондырғылар  іске 
қосылған.  
Мұның ғалымдармен қатар, олардың күні ертең ізін басып, ісін жалғас-
тыратын жастар үшін де берері мол деп білемін. 
Өмекең қалдырған ізбен өрге таратып келеміз 
– 
Уақыт – зымыран. Бүгінде 75 жылдығын тойлағалы отырған Қазақ 
ұлттық  университетінің  өз  алдына  жеке  қалашыққа  айналып,  қазығын 
қаққанына да 40 жылдай болып қалыпты. ҚазҰУ құрылысы түрлі қоғамдық 
және  әлеуметтік-экономикалық  жағдайларға  байланысты  ұзаққа  созылып 
кеткені  белгілі.  Міне,  енді  қалашық  құрылысының  екінші кезеңін  бастауда. 
Сіз  ректор  болған  кезеңге  тұспа-тұс  келіп,  Сіздің  еншіңізге  бұйырыпты. 
Осы бағыттағы атқарылып жатқан істер туралы айтып кетсеңіз. 
– 
Біздегі  бір  математик-ғалым  ағамыз  «Өмір  деген  қызық  ғой,  керек 
жерін  сызып  қой  »  деген  сөзді  жиі  қайталаушы  еді.  Былайша  жеңілдеу 
айтылғанмен,  осының  екінші  жолында  байыппен  қараған  адамға  үлкен  мән 
жатыр.  Адам  өз  өмірінің  әрбір  белесін  есте  сақтап,  ұмытпай  жүрген  абзал. 
Осы  ел  аузында  «КазГУград»  аталып  кеткен  ҚазҰУ  қалашығы  менің  көз 
алдымда өсті десем артық айтқандық емес. Оның өсіп-өркендеуіне, гүлдене 
түсуіне өзімде бір кісідей үлес қостым дей аламын. Әсіресе, жоғарыдағыдай 
астын  сызып  айтатын  өмірдің  бір  сәті  туған  университетімінің  50  жылдық 
мерейтойы тұсында болған еді. Онда ҚазҰУ-дің бас ғимараты, басқа да оқу 
ғимараттары және жатақханалар берілгенімен көп нәрселер жетіспей жатқан 
болатын. Әсіресе, бас ғимараттың алдындағы алаң, ҚазҰУ-ге кіре беріс тұс 
алқам-салқам күйде болатын. Ол кезде мен шаруашылық-экономикалық істер 
жөніндегі  проректор  едім.  50  жылдыққа  келер  қонақтарды  атына  заты  сай 
кереметтей  қалашықта  қарсы  алуға  лайықты  жағдай  жасау  маған 
жүктелгенді.  Өмірбек  Арсыланұлы  басшылығымен  аз  уақыттың  ішінде 
күткендей  нәтижеге  қол  жеткіздік.  Ол,  әрине,  ең  алдымен  Өмірбек 
Арсыланұлының ақыл-ойымен, іскерлігі мен ұйымдастыра білуінің нәтижесі 
еді. Сонымен бірге біздің жастық жігерімізбен еңбекқорлығымыздың да үлесі 
бар деп білем. Ол кезде менің жиырмадан жаңа асқан кезім еді. Таңғы 6-7-
ден  құрылыс  алаңынан  табылып,  түн  ауғанша  жоспарлаған  жұмыс 
бітпейінше қайтпаушы едік. Соның арқасында ҚазҰУ қалашығы қонақтарын 
өз уақыт талабына сай әсемдік, сәндікпен күтіп алды. Қарап отырсақ, оған да 
ширек  ғасыр  уақыт  өтіпті.  Бір  кезде  өзім  басы-қасында  болған  құрылыс 
орындарын  университеттің  75  жылдығына  орай  жаңалап-жаңарту,  замана 

талабына  сай  сән-салтанатын  келтіру  тағы  менің  еншіме  тиіп  отыр.  Өзім 
бастауына  ат  салысқан,  істің  жаңа  жалғасын  табуына  мұрындық 
болғанболудың маған тап келуін – мен тағдырдың маған тартқан сыйы деп 
білемін. 
1961  жылы  бұған  дейін  де  аталмыш  оқу  орнын  басқарған,  таяуда  ғана 
мерейтойы  аталып  өткен  профессор  Асқар  Закарин  қайтадан  ректор  болып 
тағайындалады.  Бұл  басшының  кезінде  де  университет  көркейіп,  гүлденді, 
жаңа  сатыға  көтерілді.  Тиісті  орындардың  тапсыруымен  жас  мамандар 
даярлаудың  сапасын  көтеру  үшін  оларға  толық  жағдай  жасау  мақсатында 
Алматы  қалалық  кеңесі  университеттің  жаңа  оқу  ғимараттарына  жалпы 
аумағы  70  гектар,  оның  60  гектары  “Таулы  қырат”  кеңшарынан  және 
Тимирязев  көшесінің  оңтүстік  жағындағы  Ботаника  бағы  мен  Көктем 
өзенінің арасында орналасқан 10 гектар қалалық қордан жер бөледі. Осыған 
сәйкес 1970 жылдың желтоқсанында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі ҚазМУ 
кешені құрылысының бірінші кезегін бастау жөнінде шешімге қол қойды.  
Ректорат,  биология,  география  төрт  гуманитарлық  факультет 
корпустарын; 1850 орындық акт залын; 200 орындық сауықтыру кешені мен 
күніне 250 адам қабылдай алатын емхананы, 800 орындық асхананы, 2,5 млн. 
кітап  сақтайтын  қоймалары  бар  кітапхананы,  4400  орындық  студенттік 
жатақханалар мен спорт кешенін салуға кетеді деп есептелген жобаның құны 
сол кез үшін өте қомақты қаржы – 46 млн. соманы құрапты.  
1971  жылдың  сәуірінде  Ұлттық  университеттің  бас  ғимаратының 
іргетасын  қалау  салтанаты  мен  қалашық  құрылысының  жобасы  жүзеге 
асырыла  бастады.  80-жылдардың  басына  қарай  бірнеше  студенттер 
жатақханасы,  гуманитарлық,  биология  мен  география  факультеттерінің  оқу 
корпустары, тамақтану комбинаты, сауда орталығы, өндірістік-шаруашылық 
инфрақұрылымдарының  бірқатар  нысандары,  т.б.  пайдалануға  берілді. 
Қазақстандық  жастар  университет  қалашығын  екпінді  құрылыс  деп 
жариялады. 80-ші жылдардың ортасына қарай болашақ Студенттер сарайын 
қоспағанда,  қалашық  кешенінің  бірінші  кезеңі  сап  түзеп,  қызмет  көрсете 
бастады. 
Ұлттық  университетке  1970  жылы  ғұлама  ғалым,  қазақ  ақыл-ойының 
көрнекті  өкілі,  академик  Өмірбек  Жолдасбеков  ректор  болып  келді.  Оның 
беделінің,  қуаты  мен  табандылығының  арқасында  жоғарыдағы  керемет 
жобаны  жүзеге  асыру  үшін  университет  қалашығының  құрылысына  қо-
сымша көп қаржы бөлінді. Сол кездегі Қазақстанның басшысы Дінмұхамед 
Қонаевтың  және  республика  үкіметінің  тікелей  қолдауымен  Қазақ 
мемлекеттік  университеті  дәуіріне  қарай  төрт  құбыласы  түгел  оқу-ғылыми 
және  тұрғын  үй  кешеніне  ие  болғанына  бүкіл  ел  куә.  Осы  жылдары 
университет  барлық  жағынан  алдыңғы  орынға  көтеріліп,  еліміздегі 
көшбасшы білім ордасына айналды. 
Университеттің  негізгі  даму  кезеңдерінің  көпшілігі  қиын  уақытқа  тап 
келді  және  университет  одан  сапалы  түрде  жаңарып,  өз  әлеуетін  көтеріп 
шықты.  Заманын  таңдап  өмір  сүру  құқы  пендеге  берілмеген,  сондықтан 

уақытты  қиын  деп  кіналағаннан  гөрі  сол  уақытта  толыққанды  өмір  сүрген 
жөн. 
Бүгінде  әлемде  қаржылық  дағдарыс  етек  жаюда  және  бұл,  әлбетте, 
Қазақстанға да, жоғары білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізбей қоймайды. 
Соны  сезе  отырып,  дегенмен,  қиындықтар  өткен  жолға  жаңаша  қарауға, 
кемшіліктерді  анығырақ  көруге  және  жаңа  жол  іздеуге  мүмкіндік 
беретіндігін  айта  кеткім  келеді.  Біз  қазіргі  кереғар  кезеңнен  де  абыроймен 
шығатындығымызға сенімдіміз.  
Бүгінгі  жаңарған  талаптар  қоғамы  ең  алдымен  нағыз  маманды  көбірек 
бағалайды. Кәсіби шеберлігі жоғары маман дайындау – ежелден келе жатқан 
дәстүрлі міндетіміз. Сондықтан болашақта еліміздің іргесін ұстайтын ұрпақ 
даярлау жолында ел алдындағы жоғары жауапкершілікті біз жақсы түсінеміз. 
Университеттің  барлық  қадамдарына  жауаптымыз.  Өзімізден  бұрын  оқу 
орнының мәртебесі біз үшін аса қымбат. Үнемі бізбен еліміз мақтанса деген 
өр арманымыз бар.  
Осы  тұрғыда  бүгінгі  күні  өмірлік  ұстазым  –  Өмекең  бастап  берген 
университеттік  өмір  дәстүрінің  жалғасы  –  университет  қалашығы 
құрылысының екінші кезеңін жүзеге асыру миссиясы маған жүктелгені үшін 
Елбасымыз бен тағдырыма ризамын!  
 
Университеттің  іші  мен  сыртының  эстетиканың  биік  талаптарының 
деңгейінде  болу  керектігін  бүкіл  ұжым  бірден  түсінді.  Екінші  кезегі 
басталғанмен  қаржы  жетпеуіне  байланысты  тоқтап  тұрған  университет 
қалашығының  құрылысы  басталып  кетті.  Қазір  алты  нысан  бойынша 
қатарлас  қызу  жұмыс  жүріп  жатыр.  Қазірде  оқу  кешені,  кітапхана 
құрылыстары  өз  жұмыстарын  жандандырып  жатыр.  Ең  бастысы, 
университетімізде  барлық  мәселеге  байланысты  жаңаша  көзқарас,  жаңаша 
межелеу,  жаңаша  ойлау  талабының  іс  жүзіне  аса  бастағаны  айқын.  Әрбір 
студенттің  және  оқытушының  ішкі  мәдениетінен  бастап,  білім  ордасына 
кіріп,  шығуының  өзіне  үлкен  мән  берілетініне,  еңбек  тәртібі  мен  білім 
сапасының бүгінгі заман талабына сай ұйымдастырылуына айырықша назар 
аударылды. Күзге қарай ҚазҰУ-дың ірге көтергеніне 75 жыл толу мерейтойы 
қарсаңында  бұл  ғимараттар  пайдалануға  берілуі  мүмкін.  Ө.А.  Жолдасбеков 
атындағы  Республикалық  студенттер  сарайы  мен  университеттің  бас 
ғимараты арасындағы, шыға беріске дейінгі алаңға гранит тақталар төселіп, 
әсем  күйге  еніп,  гүлзар  бағы  жаңғырып,  жасарды.  Универсиеттегі  барлық 
факультет  соңғы  үлгідегі  мыңдаған  компьютерлермен,  техникалық  құрал-
жабдықтармен,  мүлік-жиһаздармен  жеткілікті  дәрежеде  қамтамасыз  етілді. 
Ғимараттарға  жөндеу  жүргізу  жалғаса  берді.  Ректормен  оқытушы-
профессорлар  ұжымы  алдында  бұл  бағыттағы  мақсат-мүдделері  мен  ашық 
бөлістім.  Университетте  жер,  әрбір  нысан  үшін,  оны  сақтау,  ұлғайту 
жолында қажырлы күрес жүргізілетіне бәрі де сенімді. 
– 
Әңгімеңізге рахмет! 
2009 
 

«ОРЫС   БАСЫЛЫМДАРЫНДАҒЫ 
МӘСЕЛЕНІ 
ҚАЗАҚ 
БАСЫЛЫМДАРЫ  КӨТЕРМЕЙДІ»  ДЕГЕН  ТӘРІЗДІ  СӨЗДІҢ 
УАҚЫТЫ ӨТТІ 
 
«Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры – Редакторлар кеңесінің 
төрағасы  Жұмабек  КЕНЖАЛИННІҢ    «Алаш  айнасы»  газетіне  берген 
сұхбаты 
 

 
Қоғамда  белгілі  бір  тілдегі  ақпаратқа  сұраныс  тудырмай,  сол 
тілдегі басылымдардың дамуы да кенжелеп қалмақ. Біздегі мемлекеттік 
тілдегі  басылымдарды  алайықшы.  Қазіргі  жағдайға  қарағанда 
мемлекеттік 
тілдегі 
басылымдардың 
ақпаратына 
сұраныс 
болмағандықтан,  болмаса  сұраныстың  аздығынан  да  ана  тілімізді 
керекті  деңгейде  дамыта  алмай  жатқандай  көрінеміз.  Осы  қазақ 
басылымдарының  кемшілігі  неде  деп  ойлайсыз?  Оны  қалай  жөндеуге 
болады? 

 
 
Кемшіліктен  бұрын  мәселенің  озық  жақтарын  айтқан  жөн  болар.  Біз 
көбіне  өзімізді  орыс  басылымдары  озып  кетті,  біз  қалып  қойдық  дегенге 
сендіріп  алғанбыз.  Шынын  айтқанда  «орыс  басылымдарындағы  мәселені 
қазақ  басылымдары  көтермейді»  деген  тәрізді  сөздің  уақыты  өткен.  Бұл 
осыдан  бес-алты  жыл  бұрынғы  жағдай  еді.  Қазір  мүлде  басқа  сипат  үстем 
алып  келеді.  Бес  –  алты  жыл  бұрын  демократияның  елең-алаң  тұсында 
орыстілді  басылымдар  өңшең  бір  «алып  кетті»,  «соғып  кетті»,  «өлтіріп 
кетті», «бөктіріп кетті» деген жайларға негізделген «қуырылған фактілерді» 
беретін.  Сондайда  орыстілді  басылымды  ұрлық-қарлық,  қарақшылық 
тақырыптары  ғана  жайлап  алған  болатын.  Ал  біздің  қазақ  басылымдары 
ұлттық  мәселені  көтерді.  Руханият  жайына  баса  назар  аударды.  Қазақтілді 
басылымдар  қазір  де  осы  бетінен  айныған  жоқ.  Тіпті  қазақ  басылымдары 
іргелес  елдер  басылымдарына  көшілгері  алға  кеткен  жайы  бар.  Соны  баса 
айту керек. Өйткені біздің ішкі мәселемізді бізден артық ешкім білмейді. Бұл 
жағына келгенде қазақ басылымдары ішкі мәселені талдап-бұтарлап, талдап-
талқандап  жатыр  деуге  негіз  бар.  Осыдан  біраз  бұрын  қазақ 
басылымдарындағы  мақалаларды  орыс  тіліне  аударып  беретін  «Дайджест» 
деген  басылым  шыға  бастаған  болатын.  Бірақ  неге  екені  белгісіз,  қазір  сол 
газет  тоқтап  қалды.  Бұл  басылым  қазақша  басылған  дүниелерді  аударып 
басып, қазақтілділер мен орыс тілділер арасындағы алтын көпір тәрізді еді. 
Мұндай газеттің шығуының өзі да қазақ басылымдарының өресі қаншалықты 
өскендігін көрсетсе керек.  
Ал  тіл  мәселесі  –  мемлекеттің  күре  тамыры.  Ол  ешқашан  да  күн 
тәртібінен түспек емес. Қазір соған байланысты заңдар, нормативті құжаттар 
қабылданып  жатыр.  Осы  ретте  біздің  серіктестікке  қарасты  «Ана  тілі» 
газетінде бүкіл министрлерге, бүкіл әкімдерге бес сауал жолданып отыр. Бұл 
сауалдар  тіл  туралы  заң  қабылданған  берідегі  аралықта  тиісті 
ведомстволардың  нақты  шаралар  атқарғандығын  айқындауға  бағытталған. 

Осыған министрлер, әкімдер және тиісті құзырлы орындар жауап қайтарып 
жатыр. 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет