Ерлікке тағзым



Дата07.01.2022
өлшемі6,22 Mb.
#20089

Ерлікке тағзым


Республикада жасақталған әскери құрамалар Ұлы Отан соғысының басты майдандарында болып, жеңіс жолында аянбай жаумен шайқасты. Солардың бірі болып Мурзагалиев Барадос атай еді. Ол 1919 жылы Батыс Қазақстан обылысы Тасқала ауданында Семиглавый Мар ауылында дүниеге келген. Отбасы көп балалы болған . Ата-аналарынан ерте жетім қалған. .Әжесінің тәрбиесінде кішкене тентектеу болған, әжесі қайтыс болғасын балаларды балалар үйіне жастарына қарай тапсырылған, сол кезде бауырларынан айырылған. Сосын 16 жасынан еңбекке араласып, ФЗО-ға барған. 1937 жылы 18 жасында Отан қорғау борышын өтеуге аттанады. Содан 1939 жылы елге қайтамын деп жүргенде Кеңес- Фин соғысы басталып сол соғысқа қатысқан. 1941 жылы 26 маусымда артиллерияның 595 гвардиялық құрама полкінде болып, соғыс басталған күннен кейін 5 –інші күні соғысқа кірген.1942 жылдың шілде айында сол көзінен жарақат алып бір көзінен айырылған , содан кейін жарақатына байланысты соғыстан босатамыз дегеніне көнбей қайтадан соғысқа сұранған, ауылға келместен соғысқа қайтадан қатысқан. 1942 жылы атайға Қызыл орденмен марапатталған. Ол соғыста барлаушы болған.Украйна жерінің картасын жатқа білген қай жерде қай ауыл екенін соғыстан кейінде айтып жүрген. Ол дерек қалай қалғаны туралы мынадай естелік бар. Атай соғыстан кейін Вавилин ауылында тұрған сол ауылда геолог қызметін атқарған Қиясова Гуля деген болған сол геолог жұмысты Украйнада істеген кейін денсаулығына байланысты жұмыстан қалған Ол да осы ауылда тұрған екен. Екеуі әңгіме айтады екен сол кезде Барадос атайдың Украйнаның барлық ауылын картаға қарамай жатқа айтқанына өте таң қалатын көрінеді екен. Барадос атай өте зиялы адам болған деседі, киінгені жүріс-тұрысы адамдармен қарым –қатынасы және немістілі мен француз тілінде еркін сөйлеген.Ол туралы оның жалғыз қызы Света апай былай «Менің достарымның бірі Алматы қаласында шет тілінде бес жыл оқығандары бар үйге қонаққа келетін сонда мен оларға әкем французша білем дейді сөйлесіп көрші десем сөйлескенде өте таң қалды. Біздер бес жылда тілімізді бұрап кейбір сөздерді айтуға қиналамыз сенің әкең қайда оқыған еш қиналмай сөйлеп отыр» деді. Соғыста қандайқызмет атқарғаны туралы өзі айытпаған тек соғыстан кейінгі жылдары қайта-қайта әскери адамдар алып кетіп қайтадан әкеліп тастаған туралы деректерді әйелі мен балалары айтады. Неліктен алып кетті? деп сұраған кісілерге мынадай жауап қатады екен: «Менің фамилиямен ұқсас Мурзагалиев деген аудармашы болған солмен шатастырып алып кеткен ғой». Енді аудармашы шатастырмаған сияқты себебі Ол кісі жоғарыда айтып кеткендей неміс тілі мен француз тілінде өте жақсы сөйлеген және соғыс болған жерлерді өте жақсы картасыз-ақ біледі екен соған қарап әрі барлаушы, әрі аудармашы болған шығар деп ойлаймын. Соғыстағы әскери билеті жоқ екен, басқа құжаттарының барлығы бар неліктен әскери билетін бермеген екен сол билетте қандай қызмет етілгені жазулы тұрады ғой. Сол кезде барлығы құпия болды емеспе. Аудан мұрағатында ешқандай дерек жоқ.Берлин қаласында шайқасқа қатысып,Германияны азат еткені үшін медальмен 1945 жылы марапатталған, осы жазу әскери міндеттен босатылғаны туралы куәлікте жазылған және тағы да мынадай жазулар «21 тамыз 1944жылдан 18 наурыз 1946 жылға дейін 3320 арнайы тексеру пунктінде болған» бар, аман есен елге тек 1946 жылы оралғаны туралы көз көргендерде айтады.Ауылға Отан соғысының батыры Шамов Михайльмен бірге 1946 жылдың желтоқсан айында осы Семиглавый Мар станциясынан түскен екен. Содан соң еңбекке араласып барлық адамдар сияқты жұмыс істеген. Ол кісі соғыс ардагерімін деп ешқашан мақтанбаған, қарапайым балған, тек сәл тентектеу мінезі қалмаған.Ауылға келгеннен кейін үйленген бір бала бір қыздары болған. Балаларының анасы ауырып 1954 жылы әйелі қайтыс болған. Екі баламен жетім қалған сондада мойымай екі баласына ана болар анаға үйленген . Ол Жұпар апай еді , балаларды өз баласынан кем көрсетпей өсіріп жетілдірді. Бір бала мен екі қызды қатарынан кем қалдырмай өсіріп тәрбиелеп отырды. Сол апайдан жалғыз қызы ауылда әкесінің қара шаңырағында отыр. Жалғыз ұлын аяқтандырып екі қызын құтты орынға қондырып бақытты ата-ана аттанды.Колхозда қой баққан. Содан соң басқа да жұмыстар істеген. Ұлы Отан соғысының 20 жылдығына орай КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен 7 шілде 1965 жылы мерей той мебальмен марапатталды. Кеңес Одағының қарулы күштеріне 50 жылдығымен мерей той мебальмен марапатталды. Ұлы Отан соғысының 25 жылдығына орай 1970 жылы мерей той мебальмен марапатталды. « Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін » КСРО-ның қорғаныс министрі Кеңес Одағының Маршалы А.Гречко. Ұлы Отан соғысының 30 жылдығына орай КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен 25 сәуір 1975 жылы мерей той мебальмен марапатталды. Кеңес Одағының қарулы күштеріне 60 жылдығымен мерей той мебальмен марапатталды. Ұлы Отан соғысының 40 жылдығына орай КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен 12 сәуір 1985 жылы мерей той мебальмен марапатталды. Кеңес Одағының қарулы күштеріне 60 жылдығымен мерей той мебальмен марапатталды. 28 қаңтар 1988 жыл. Еңбектегі ерлігі үшін29 қазан 1981 жылы марапаталған. 1979 жылы зейнеткерлікке шыққан. Зейнеткерлікке шықсада шаруасын дөңгелетіп 30 шақты қой мен 4 бас сиыр ұстап баққан. Атай 1996 жылы 77 жасында 7 қарашада дүниеден өткен. Қасиетті де киелі адам болған екен, барлық сан 7 киелі санда болған.

Қосымшалар:

Соғыс кезінде досымен бірге



Соғыстан кейінгі кезде.

Әскери міндеттен босатылғаны жөніндегі куәлігі.



Марапаттаулардың құжаттары.









Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет