Ермеков әлімхан әбеуұЛЫ



Дата18.04.2023
өлшемі16,99 Kb.
#83993

ЕРМЕКОВ ӘЛІМХАН ӘБЕУҰЛЫ

Студент: Жарылқасым Хамза


Топ: ДЯ-203
Тексерген: Кариева Тоты Амангелдіқызы
ЕРМЕКОВ ӘЛІМХАН ӘБЕУҰЛЫ

Ермеков Әлімхан Әбеуұлы (1891-1970) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш партиясы мен Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор, ғұлама ғалым, белгілі ағартушы, қазақ тіліндегі тұңғыш Жоғарғы математика курсы оқулығының иесі.


Семей облысы, Қарқаралы уезі, Темірші болысында, қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
1905 жылы Қарқаралы қаласындағы үш кластық училищені, 1912 жылы Семей ерлер гимназиясын алтын медальмен бітіріп, Томск технологиялық институтының тау-кен факультетіне оқуға түседі. Институтта оқып жүріп Г. Потанинмен танысады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, М.Дулатов сияқты зиялы қауым өкілдерімен, ғалымдармен етене жақын араласып, ұлт азаттығы жолындағы күреске қатысқан. 1917 жылы Алаш автономиясы құрылғанда, 26 жасында жаңа үкіметтің жаңа премьер-министрінің орынбасары, әрі ел шаруашылығын жоспарлау комитетінің төрағасы болып тағайындалған. Сол жылы II Бүкілқазақтық съезіне Семей облысынан делегат болып қатысып, Алашорда үкіметіне мүшелікке өтеді.
1917-1918 жылдары Алаш автономиясы, Уақытша Сібір үкіметі, Комуч, Башқұрт үкіметі, Сібір облыстық думасы, Уфа директориясы атынан Колчактың Омбы үкіметімен келіссөздер жүргізеді.
1919-1920 жылдар аралығында Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі әскери-ревком комитетінің мүшесі, әрі коллегия төрағасы, Семей губревкомының мүшесі болып, Кеңес үкіметінің саяси басқару жүйесінде қызмет істеп, қазақ жерінің тұтастығын сақтау, шекарасын анықтау сияқты маңызды жұмыстар атқарып, қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде тұтас дерлік топтастыруда айрықша еңбек сіңірген.
Ә.Ермеков Ленин басқарған Бүкілодақтық Халық комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде (Мәскеу, 1920 ж. 17-тамыз) қазақ елінің шекарасы туралы тұңғыш баяндама жасаған қазақ. Батыс Қазақстан өңірінің, Каспийдің солтүстік жағалаулары мен Семей, Ақмола облысының жерлерінің, кейіннен Коростелев даласының Қазақстанға қайтарылуына зор үлес қосады. Еліміздің саяси, әлеуметік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды өзгерістерге басшылық жасап, Қарқаралыда халық ағарту ісімен айналысқан.
1921-1924 жылдары Семей губерниялық атқару комитетінің, губерниялық жоспарлау басқармасының, Қазақ АКСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағаларының орынбасары, өнеркәсіп секциясының меңгерушісі қызметтерін атқарады. Қазақ АКСР-інің 6-7 шақырылған Орталық Атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Қарқаралыда екі сатылы мектеп пен жанында кітапханасы бар педагогикалық техникум ашуға зор үлес қосады. 1937 жылы педагогикалық техникум педагогикалық училище болып қайта құрылады (1945 жылы бұл педагогикалық техникум Абай есімін иеленіп, 1953 жылы Саран қаласына көшіріледі. Бұл қазір Саран педагогикалық колледжі деп аталады). Оқуын жалғастырып, 1923 жылы Томск технологиялық институтын бітіріп, геолог-барлаушы инженері мамандығын алып шығады. 1926 жылы ғылыми-педагогикалық қызметке ауысып, 1926-1928 жылдары Ташкент қаласындағы Қазақтың жоғары тұңғыш педагогикалық институтының жоғарғы математика кафедрасының мұғалімі, әрі жаратылыстану-математика факультетінің деканы міндеттерін атқарады. 1929 жылы Қазақ педагогикалық институтында (қазіргі Алматы Мемлекеттік университеті) доцент, 1932-1935 жылдары Қазақ мемлекеттік зоотехникалық мал дәрігерлік институтында доцент, профессор міндетін атқарып, кафедра басшысы болады. 1935 жылы мал дәрігерлік институтта кафедра басқарып жүріп, институт ғылыми кеңесінің ұйғарымымен (ВАК шешімі бойынша) тұңғыш рет математика саласынан профессор атағын алады. Кеңес өкіметіне, коммунистік-репрессиялық жүйеге қарсы қызметі, Алаш партиясын құрысып, Алашорда үкіметіне мүше болғаны үшін 1930 жылдың 22 қыркүйегінде істі болып, М.Әуезовпен бірге түрмеде отырып, үздіксіз тергеуде болады. 1932 жылдың 20 сәуірінде ОГПУ үштігінің үкімімен алдын ала түрмеде отырған уақыты есепке алынып, босатылып, бақылаушы органдардың бақылауына алынады.
1935 жылы қазақ тілінде Ұлы математика курсы кітабын, 1936 жылы Қазақ тілінің математика терминдері атты түсіндірме сөздігін жарыққа шығарған. 1935-1937 жылдары Алматы Кен-металлургия институтында (қазіргі ҚазҰТУ) математика және теориялық механика кафедрасының меңгерушісі, техникалық факультеттің деканы қызметтерін атқарады.
Қуғын-сүргін жылдары ұлтшыл, халық жауы аталып, қудалауға ұшыраған. Өзінің халық жауы емес екендігін дәлелдеп, арызданып, 1947 жылы мерзімімен бұрын босатылып, елге оралады. 1947 жылдың 15 тамызынан Шымкент технология институтында математика кафедрасын басқарып, ұстаздық етеді. Өкінішке орай, ол жалған жаламен тағыда тұтқындалып, Ішкі істер министрлігінің түрмесіне қайта жабылады. 1954 жылы ісі қайта қаралып, 1955 жылдың 7 наурызында КСРО Бас прокурорының қаулысымен түрмеден мерзімінен бұрын босатылып, 1957 жылы қарашада толық ақталды. Өмірінің соңына дейін Қарағанды тау-кен институтында (қазіргі ҚарМТУ) аға оқытушы қызметін атқарып, ықтималдық теориясы, математикалық статистика, теориялық механика, математикалық терминология мәселелері төңірегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан.
Бүгінде Қарағанды, Қарқаралы қалаларының екі орталық көшесіне, Ағадыр кентінің № 131 орта мектебі мен Ақтоғай ауданы Қаратал ауылындағы орта мектепке Ә.Ермеков есімі берілген. Қарағанды қаласындағы Ә.Ермеков көшесінде Әлімхан Ермеков атты үлкен кітап дүкені ашылған. 2000 жылдан бастап Президенттік мәдени орталығындағы мұражайжа Ә.Ермековке байланысты құжаттар мен суреттер жинақталып, алаш алыбына құрмет көрсетіліп келеді.
Дерек көзі:


Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 3 том

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет