Ерте жастағы балалардың Әлеуметтік дағдылары мен ӛзін-ӛзі ҥйрету дағдыларын



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата04.04.2023
өлшемі0.91 Mb.
#79072
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ерте жаста ы балаларды леуметтік да дылары мен зін- зі йрету
Бауырсақ ертегісі, Музыка(1) 08-Feb-2023 17-06-08


 
 
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК 
ДАҒДЫЛАРЫ МЕН ӚЗІН-ӚЗІ ҤЙРЕТУ ДАҒДЫЛАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША 
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК ҦСЫНЫМДАР 
 
Нұр - Сұлтан 
2019


 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген 
 
 
 
 
 
Ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен ӛзін-ӛзі үйрету 
дағдыларын қалыптастыру деңгейін анықтау бойынша педагогтерге арналған 
әдістемелік ұсынымдар - Нұр - Сұлтан, 2019ж.- 39 бет 

 
Пікір жазғандар: 
С.Н.Жиенбаева, педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
З.М. Иманбаева, меңгеруші 
Ш.Т.Хамитова, әдіскер 
Әдістемелік ұсынымдар ерте жастағы балалардың әлеуметтік 
дағдылары мен ӛзін-ӛзі үйрету дағдыларын қалыптастыру деңгейін анықтау 
мәселелерінде педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында 
әзірленді.
Аталған әдістемелік ұсынымдар мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог 
қауымға, ата-аналарға, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы 
бойынша ЖОО мен колледждердің студенттеріне арналған.
Әдістемелік ұсынымдар ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке 
дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ғылыми-әдістемелік 
кеңесінде қаралып, ұсынылған (2019 ж. 5 маусымдағы № 4 хаттама). 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» 
 
республикалық орталығы, 2019ж. 




 
ТҤСІНДІРМЕ ЖАЗБА 
Ерте жас - бұл баланың қоғамдық нормалардың, құндылықтар мен 
мәдениеттің белгілі бір жүйесін қабылдап, меңгеретін кезеңі.
Мектепке дейінгі ұйым - қоршаған орта жағдайларының, күн 
тәртібінің, тамақтану сипатының, құрдастарымен және ересектермен қарым-
қатынас 
жүйесінің 
ӛзгеруімен 
қатар 
жүретін 
баланы 
қоғамда 
әлеуметтендірудің алғашқы сатысы. Ӛмірдің жаңа жағдайларына бейімделу 
процесі белгілі бір қиындықтармен байланысты күрделі процесс. Баланың 
балабақшаға бейімделуінен оны тәрбиелеу мен оқытудың табысты болуы 
тәуелді.
Әдістемелік ұсынымдар Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 
қаңтардағы «Тӛртінші ӛнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа 
мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына 
сәйкес әзірленген, яғни 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай балалардың ерте 
дамуы үшін әлеуметтік дағдылар мен ӛзін-ӛзі үйрету дағдыларын дамытатын 
бағдарламалардың бірыңғай стандарттары енгізілуі қажет. 
Баланың әлеуметтік қарым-қатынастар әлеміне енуі, оның әлеуметтену 
процесі үшін мектепке дейінгі кезең ерекше маңызды, Л.С. Выготскийдің 
айтуы бойынша бұл кезең адамзаттық мәдениетке ену ретінде 
қарастырылады. Кӛптеген ғалымдардың пікірі бойынша (Л. И. Божович, Л. 
А. Венгер, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, М. И. Лисина. ) бала ӛмірінің 
алғашқы жылдары - оның әлеуметтік, зияткерлік және тұлғалық дамуы үшін 
маңызды кезең. Дәл осы жаста адамның ӛзіндік санасы және ӛзі туралы 
алғашқы түсініктері, тұлғааралық қарым-қатынастардың тұрақты формалары 
қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет