Ерте жастағы балалардың тамақтануының бұзылу мысалдары



Дата12.03.2022
өлшемі0,56 Mb.
#27699

Ерте жастағы балалардың тамақтануының бұзылу мысалдары

Тобы:ББ-П-20

Студент:Ақтаева Аида

1-мысал. Ер бала, аты - Дәулет, 9 айлық. Бала ІІ жүктілікте және ІІ рет босану кезінде

  • 1-мысал. Ер бала, аты - Дәулет, 9 айлық. Бала ІІ жүктілікте және ІІ рет босану кезінде
  • уақытынан бұрын туылған. Анасы жүкті кезінде қан аздығымен ауырған, емделмеген. Туған
  • кездегі салмағы - 3200 грамм, бойы - 51 см, бас шеңбері - 35 см. Бала 4 айға дейін тек емшек емген. 4-айдың соңына қарай анасы көршісінің кеңесі бойынша балаға бөтелкемен үйде
  • дайындалған нәрлі тамақ (1:1 мөлшерде сумен араластырылған сиыр сүті) бере бастаған. Осыдан соң бала емшек емуді азайтқан. 5 айлығында баланың салмағының өсу қарқыны азайғаны
  • байқалады. Оның үстіне анасы үнемі үй жұмыстарымен айналысып, аз демалады әрі жеткіліксіз
  • мөлшерде тамақтанады. Бұл мәселені шешу үшін медициналық қызметкерлер әйелдің
  • жұбайымен сөйлесіп, бала емізетін әйелге қажетті жағдай туғызу, атап айтқанда, толық демалып, құнарлы тамақ жеуіне жағдай жасау қажеттігін айтып, әңгіме өткізді. Баланың анасына
  • емізуді жалғастыру (күніне 3 рет), тамақ барынша қою әрі алуан түрлі (кемінде 3 компоненттен
  • тұруы), тамақ беружиілігімен саны бойынша жеткілікті және қауіпсіз болуға тиіс, балаға жиірек
  • көңіл бөлу – көбірек көтеру, аймалап, еркелету;қан аздығын қалпына келтіруқажеттігі туралы
  • ұсынымдар берілді.

2-мысал. Әсем атты қыз бала, 11 айлық. Қыз бала ІІІ жүктілікте және ІІІ рет босану кезінде

  • 2-мысал. Әсем атты қыз бала, 11 айлық. Қыз бала ІІІ жүктілікте және ІІІ рет босану кезінде
  • уақытынан бұрын туылған. Туған кездегі салмағы - 3100 грамм, бойы - 50 см, бас шеңбері -
  • 36 см. Анасы жүкті кезінде орта сатыдағы қан аздығымен ауырды, 3 апта бойына құрамында
  • темір бар дәрілерді қабылдады. Бала емшекте. Алғаш 7 айында балаға ұнтақ ботқа түрінде
  • тамақ берді, бала одан басқа ештеңе жеген жоқ. Графиктен көрініп тұрғандай, 7 ай толар кезде
  • қыздың салмақ қосу деңгейі төмен екені байқалады, бұл мерзімде оның салмағы - 6,5 кг, ол осы
  • мерзімге тиісті салмақтың 81 %-ын құрайды, яғни осы кездің өзінде қыздың дене салмағынан
  • тамақ жетіспеушіліктің жеңіл түрі байқалады. Қыздың анасына балаға тамақ беру (тамақтың
  • қоюлығы, жиілігі, қауіпсіздігі ) мен емшек емізуді жалғастыру бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
  • Алайда бір аптадан кейін қыз жедел тыныс ауруымен ауырды. 8 айында қызды өлшеген кезде оның осы кезеңде салмақ қоспағанын айғақтайтын деректер алынды. Қыз тиісті ем алды,
  • ұсынымдарға сәйкес тамақтандыру дұрыс жолға қойылды, оның үстіне 100 000 МЕ мөлшерде А
  • дәрумені капсуласын қабылдады. Соңғы жүргізілген өсу және даму мониторингінде (11 ай) қыз
  • ауырған жоқ, тиісті тағамды қабылдады. Оның нәтижелерін қисықтардан көруге болады: салмақ
  • қосуы жақсарды, өзінің қатарластарын қалыпты өсуімен және дамуымен қуып жете бастады.
  • Бойының өсуінде олқылықтар болған жоқ

3-мысал. Мақсат атты бала, 14 айлық, V жүктілікте және IV рет босану кезінде уақытынан бұрын

  • 3-мысал. Мақсат атты бала, 14 айлық, V жүктілікте және IV рет босану кезінде уақытынан бұрын
  • туылған. Анасы жүктілік кезінде қан аздығымен ауырды, гестоз байқалды. Емді жүктіліктің соңғы
  • үш айында қабылдады. Баланың туған кездегі салмағы - 3000 грамм, бойы - 50 см, бас шеңбері
  • - 36 см. Бала емшек емеді. Алғаш 7 айлығында тамақ берілді. Анасы үй шаруасынан босамайды.
  • Бала респираторлық аурулармен жиі ауырады, диарея байқалды. 6-айдан бастап салмақ қосуы
  • азайды. 7-айдан бастап бала салмақ қоспады. 8-айдан бастапбойының өсуі азайды, ал жыл
  • аяғында бойының өсуінде тежелу байқалды. Бала орташа деңгейдегі қан аздығына шалдықты,
  • айқын білінген мешел. 11 айында пневмониямен қатты ауырып, қарқынды ем қабылдады.
  • Осы кезеңде (11 ай) бала әбден арықтады және бойының өсуі тежелді. Бала психомоторлық
  • дамуы жағынан кенжелеп қалды. Балаға тамақ беру және емізу, қан аздығын қалпына келтіру
  • және тапшылықтың жай-күйі туралы тиісті ұсынымдар берілді. 13 айлығында бала 200 000 МЕ
  • мөлшерде А дәруменінің капсуласын қабылдады. Қазір бала 14 айлық, жағдайы бір қалыпқа
  • түсіп келеді, өсуі мен дамуының көрсеткіштері жақсарып келе жатқаны байқалады.
  • Алиментарлық факторға байланысты бойдың өсуінің ерте тоқтауы, өлім
  • -жітімге, моториканың тежелуіне, танымдық қабілеті мен мектептегі үлгерімінің нашарлауына зор қауіп төндіреді.

Ерте жастағы балалардың тамақтануының бұзылуының салдары қандай болмақ? Видеоны мұқият тамашалайық! https://youtu.be/jYGQOcCA2JM



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет