Ерте жастағы және күштеп қиылатын некелердің алдын алу


А. Қыз балалар арқылы адам құқықтарын жүзеге асыруды



жүктеу 1.57 Mb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата30.12.2016
өлшемі1.57 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

А. Қыз балалар арқылы адам құқықтарын жүзеге асыруды 

көтермелеу және қорғау

Үкіметке,  жергілікті  билік  органдарына,  үкіметтік  емес  ұйымдарға 

және  азаматтық  қоғам  институттарына,  сондай-ақ  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымы жүйесіне тиістілік бойынша қабылданатын қажетті шаралар:

 



бала саудасын, балалар жезөкшелігі мен порнографиясын 



болдыр  мау мен түп тамырымен жою жөніндегі шараларға қатыс ты 

Бала құқықтары туралы Конвенцияға факультативтік хаттама 

әзірлеу жолымен балалармен, әсіресе адам құқықтары тиесілі қыз 

балалармен жүзеге асыруға одан әрі қолдау көрсету;

 



жеткіншек қыз балаларға және жас аналардың хал-жағдайларына 



ерекше көңіл бөле отырып, Бала құқықтары туралы Конвенцияны 

және Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою 

туралы Конвенцияны сақтауды насихаттау мен бақылау бойынша 

жергілікті комитеттер құра отырып, төменгі деңгейде шаралар 

ұйымдастыру;

 



қоғамдық көшбасшыларды, діни ұйымдарды, ата- 

аналар мен отбасының басқа да мүшелерін, әсіресе ер азамат-

тарды қоса алғанда адамдарды жұмылдыруға шақырған насихат-

тық науқан өткізу. Атап айтқанда, қыз балаларға ерекше назар 

аудара отырып, бала құқығын сақтау және қалыптасқан қарым-қа-

тынастың өзгеруін бақылау; 

 



қыз балаларға ерекше көңіл бөле отырып, бала құқығына қарай 



құқыққорғау органдарының және сот төрелігі жүйесінің лауа-

зымды тұлғаларына бағдарланған насихаттық науқандар мен 

гендерлік тәрбиені ұйымдастыру; 

 



насихаттық науқандар мен гендерлік тәрбиелеудің көмегімен тек 

қана ұлдарға артықшылық берілетін дәстүрлер мен салттарды 

жою; 

 



даму процесінде қыз балалар мен ұлдардың үлесін тану және 

көтермелеу;

 



отбасында қыз балаларды және ұлдарды кемсітпеу шілікті көтер-



мелеу және осыған байланысты оларға азық-түлікке, білім алуға 

және денсаулық сақтауға теңдей мүмкіндікті қамтамасыз ететін 

шаралар қабылдау.

Қыз баланың құқықтарын көтермелеу



Халықаралық деңгейде қыз балалардың құқықтарын қорғау және көтермелеу 

бірінші орынға енгізіледі.

2

 Әйелдердің хал-жағдайы жөніндегі Комиссия әйел-

дердің хал-жағдайы жөніндегі Дүниежүзілік төртінші конференцияда қабыл-

данған іс-қимылдың Пекин платформасын, әсіресе IV.L «Қыз балалар» тарауын, 

Венада адам құқықтары жөніндегі Дүниежүзілік конференцияда қабылданған 

2

«Іс-қимылдың Пекин платформасында белгіленген маңызды проблемалық салаларына қатысты әйелдердің хал-жағдайы жөніндегі (БҰҰ)



Комиссияның келісілген қорытындыларынан» шығару. 1998/IV. Қыз балалар.

13

Әдістемелік құрал 



В. Қыз балаларға білім беру және  

кеңшілік беру

Үкіметке,  оқу  орындарына  және  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  жүйесіне 

тиесілі қажетті шаралар қабылдау:

 



1997 жылы қазанда Аддис-Абебада өткен жеткіншек қыз бала-

лар мен олардың құқықтары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы 

сарапшылар тобының Кеңесіндегі қорытындылар мен ұсыны-

старды қолдану жөніндегі мәселелерді қарастыру; 

 



міндетті бастауыш білім беруді енгізу туралы мәселе қарастыру; 



 

барлық қыз балалардың мектепте оқуын және оны тастап кетпеуін 



қамтамасыз ету, сондай-ақ қыз балалардың базалық білім алуына 

кепілдік беру үшін аяғы ауыр жеткіншек қыз балалар мен жас 

аналарды үздіксіз білім алумен қамтамасыз ету; 

 



қоғамның барлық мүшелерін, оның ішінде ата- 

аналарды, үкіметті және үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдағы 

гендерлік тәрбиені күшейтетін білім саласындағы осындай сая-

сатты жүргізуге қолдау білдіруге жұмылдыру; 

 



мектеп әкімшілігі, ата-аналар мен барлық мектеп ұжымы үшін 



жергілікті әкімшілерді, қызметкерлерді, оқытушыларды, мектеп 

кеңесі мен оқушыларды гендерлік проблематикаларды ескере 

отырып оқытуды ұйымдастыру;

 



әйелдер мен қыз балаларда өзіне өзі оң баға бере білу жолымен 

өз қадір-қасиетін арттыру үшін оқулықтарды қоса алғанда оқу 

материалдарына шолу жасау және қоғамдағы, оның ішінде бас-

шылық қызметтегі, дамудағы, мәдениеттегі, тарихтағы, спорттағы 

және өзге де әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірдің өзге 

де салаларындағы әйелдердің тиімді ролін көрсету арқылы бұл 

материалдарды қайта қарап шығу;

 



білім беру мәселелерімен жұмыс істейтін үкіметтік ведомстволар-

дың қызметкерлерін гендерлік проблематиканы ескере отырып, 

дағдыландыруды тәрбиелеудің бағдарламасын әзірлеу және олар-

дың мұқтаждықтарын өтеуге ыңғайланған оқу материалдарын 

дайындау; 

Вена декларациясын және іс-қимыл Бағдарламасын, Әйел-

дерге қатысты кемсітушіліктердің барлық түрін жою туралы 

Конвенцияны және Бала құқықтары туралы Конвенцияны 

мақұлдайды; ондағы IV.L тарауының стратегиялық мақсатта-

рын жүзеге асыруды жылдамдатуды ұсынады:

ЖА

ЛПЫ 



АҚПАР

АТ

ТАР



 

14

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

 



қиын жағдайларда қалып қойған қыз бала-



лардың, оның ішінде мигранттар отбасының, 

босқындардың, этникалық аз ұлттардың және 

байырғы тұрғындардың қыздарының, жетім 

қыздар мен мүгедек қыздардың ерекше қажет-

тіліктерін айқындап, олардың қажеттіліктерін 

қанағаттандыруға қажетті ресурстар ажырату; 

 



ерекше қажеттіліктері бар, шешім қабылдау 



процесіне ұйымдастыруға қатысатын және 

олардың жеке қажеттіліктерін анықтау және осы 

қажеттіктерді қанағаттандыруға бағытталған 

саясат пен бағдарламаларды әзірлеу, жоспарлау, 

жүзеге асыру кезінде оларды толыққанды және 

белсенді әріптеске айналдыратын қыз бала-

ларды тарту; 

 



қыз балаларға көшбасшы болуға үйрететін 

мүмкіндіктер жасау, тәрбие жұмыстарын жүргізу 

және шиеленістерді реттеу; 

 



қыз балалар мен ұлдарды, әсіресе ауылдық 

ұжымдарда әр жыныстағылардың айыр-

машылығы туралы зерттеулер жүргізу мен ақпа-

раттар жинақтау жолымен үй шаруашылығын-

дағы ақы төлемейтін еңбегіне назар аудару, 

онда базалық және одан арғы білім алу мен 

қызмет бабымен өсу үшін қыз балаларға теңдей 

мүмкіндіктердің болуына үй шаруашылығын-

дағы жұмыстар қалай әсер ететіндігін анықтау

сондай-ақ үйлесімсіздіктерді еңсеру мен кем-

сітушіліктерді жою жөніндегі шаралар қабыл-

дау;


15

Әдістемелік құрал 



С. Қыз балалардың денсаулық сақтау саласындағы  қажеттіліктері

Үкімет, азаматтық қоғам және Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің ұйымдары тиісті жағдай-

ларда қабылдауды қажет ететін шаралар; 

 



сексуалдық пайдалану мен сексуалдық қорлаудың барлық түрінен, мәселен, заң 

актілерін әзірлеу мен жүзеге асыруды қоса алғанда, тиісті шараларды қабылдау 

жолымен жас балалар мен қыздарды қорғау; 

 



ата-аналарды, мүдделі ұйымдар коалициясын және әсіресе саяси жетекшілерді, 

атақты адамдар мен қауымдық қайраткерлерді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат 

құралдарын жеткіншек қыздардың репродуктивті денсаулығы мен жыныстық гигие-

насын қоса алғанда, балалар денсаулығы мүддесін қолдауға шақыру; 

 



әйелдердің адам құқығының бұзылуы және әйелдерге адам құқығы мен негізгі 



бостандықтарын толық ұсыну жолдарына кедергі болып табылатын әдеттегі және 

дәстүрлі тәжірибелерге тыйым салатын ұлттық заң актілері мен саясатын әзірлеу 

мен жүзеге асыру және әйелдер мен қыз балалардың денсаулығы үшін зиян кел-

тіретін тәжірибелерді қолданатын адамдарды сот тәртібімен қуғындау; 

 



әсіресе, репродуктивті денсаулық пен жыныстық гигиена, жыныстық жолмен 



берілетін аурулар мен жеткіншек жастағы жүктілік жөнінде адамдардың өзара 

қарым-қатынасы бойынша қыз балалар мен жеткіншек ұлдарды кеңейтілген ақпа-

раттармен қамтамасыз етіп, консультациялық қызмет көрсетулер ұсыну, ал мұндай 

ақпараттар мен қызметтер тек қана құпия түрде, оңай қолжетімді болуы тиіс және 

қыз балалар мен ұлдардың жеке жауапкершіліктерін де атап өту тиіс;

 



жеткіншек қыздарға медициналық қызметкерлердің медициналық-санитарлық 

қызмет көрсетуін жақсарту және медқызметкерлерге тиісті кәсіби даярлығы үшін 

мүмкіндік жасау, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің қыз балаларға аса қажет 

екендігін түсінуі үшін олардың жұмыстарын ынталандыру;

 



аяғы ауыр жеткіншектер мен жас аналарды мойындау және оларды кемсітушілік-



терден қорғау, сондай-ақ ақпараттарға, медициналық қызмет көрсетулерге, тамақта-

нуға, білім алуға және кәсіби даярлыққа тұрақты түрде қол жетімділігін қамтамасыз 

етуге қолдау білдіру;

 



қыз балалар үшін репродуктивті денсаулық саласында және медициналық-сани-

тарлық ақпараттық орталықтардың жұмысында үкіметтік емес ұйымдар қызметіне 

қолдау білдіру; 

 



некеге тұру жасының ең төменгі мөлшеріне және қажет жерінде некеге тұру жасы-

ның ең төменгі жасын көтеруге қатысты заңдар қабылдау, бұл бала құқықтары 

туралы Конвенцияда қарастырылғандай, бала құқықтарын сыйлауды қамтамасыз 

етеді;


ЖА

ЛПЫ 


АҚПАР

АТ

ТАР



 

16

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Тұрмыс

тық зор


лық

-зомбылық 

түр

лері:


1

2

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу



Ерте жастағы және мәжбүрлі неке проблемалары қыз балаларға қатысты 

зорлық-зомбылықтармен және олардың құқықтарының бұзылуымен 

астасып жатады

Күш көрсету  

зорлық-зомбылығы

Статистика бойынша әрбір бесінші әйел жиі-жиі 

дәрігерге және полицияға жүгінуді қажет ететін 

ұрып соғу, жарақат алу сипатындағы отбасында 

тұрақты түрде және қатал күш қолдану жағдайына 

тап болады.

 

Тұрмыс



тық зор

лық


-зомбылық 

түр


лері:

Әлемде кісі қолынан қаза тапқан әйелдердің 



40%-

70%-ы

 отбасындағы зорлық-зомбылықтың салда-

рынан серіктесінің қолынан қайтыс болған. 

Күш көрсету әйелді әлсіз ете түсу үшін әрі абыройын түсіру үшін қол-

данылады. Бұл оның қарсыласуының әлсірей беруіне, ақыр аяғында 

жүйкесі жұқаруына алып келеді. 

Әдетте күш көрсету 

зор-

лық-зомбылығы

 өз құр-


банын жәбірлеу мен қатер 

төндіруі (



97%

 жағдайда) 

қатар жүреді, 

ал

 

үй ішін-



дегі зорлық-зомбылық 

жағдайында да нәпсіқұ-

марлық қысым (31%)

 

– 



адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қор-

лау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге 

немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, 

дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекет-

терді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы 

мен абыройын кемсіту. 

(«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын 

алу туралы» ҚР Заңының 4-бабы).

 

Психологиялық 

(эмоциональдық) 

зорлық-зомбылық

 

Психологиялық зорлық-зомбылық та 



өте кең таралған және отбасындағы күш 

көрсетулердің барлық жағдайларында 

дерлік кездеседі. 

Қайталана берген зор-

лық-зомбылықтар белгілі дәрежеде 

психологиялық зардап шегушілікке, 

жарақат алғаннан кейінгі күйзеліске, 

торығуға, үрей сезімінің билеп алуына 

алып келеді, 

кейде бұдан да ауыр сал-

дарға ұрындырады, мәселен өзіне өзі қол 

жұмсауға әркет етуі де мүмкін.

және 

экономикалық 

күш көрсету (28%) 

қатар болады. 

 – 

дене  күшiн  қолданып,  дененi  ауыртып 

денсаулыққа қасақана зиян келтiру.

 («Тұрмыстық 

зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңы-

ның  4-бабы)



Бұл  зорлық-зомбылық  іс-әрекет-

терінің кеңірек таралған және қауіпті түрі. 


17

Әдістемелік құрал 



3

4

Тұрмыстық зорлық-зомбылық 

– бұл өз жақын-

дарына билік жүргізу мен бақылау жасау мақсатында ұрып-соғу, сексуалдық, ауызша, 

эмоциональдық және экономикалық жәбірлеу циклдарының қайталанып арта түсуі.

Тұрмыс


тық зор

лық


-зомбылық 

түр


лері:

 – әйелдердің жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық 

еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, 

сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық 

сипаттағы іс-әрекеттер. 

(«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 

алдын алу туралы» ҚР Заңының 4-бабы). 

Сексуал   дық 

зорлық- 

зомбылық 

Отбасы жағдайында сексуалдық зорлық-зомбылықтар жиі болға-

нымен, әдетте ол туралы ешкім ештеңе айта бермейді. Алайда, бұл 

қылмысты ешкім елей бермейтіндіктен, тікелей әйел денсаулығына 

әсер етеді. 

Сексуалдық өмірге және репродуктивті денсаулыққа 

қатысты шешім қабылдауда тәуелсіз емес әйелдер көбінесе 

өздері қаламаған төсек қатынасына барады немесе жүктілік-

тен сақтанатын дәрі-дәрмек пайдаланады. Осылайша қажетсіз 

жүктілік тәуекелі туындайды.

Экономикалық 

зорлық-зомбылық

 – әйелдерді заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, 

тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру. 

(«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңының 

4-бабы). 

Әрбір төртінші әйел өз өмірінде бір рет те болса экономикалық 

қысымның осы түрімен, тыйым салу немесе әйелдердің еңбек бел-

сенділігіне немқұрайлы қараумен бетпе-бет келді. 



Экономикалық 

тәуелділік әйелді ерекше әлсіз етеді және тұрмыстық зор-

лық-зомбылықтың болу мүмкіндігін арттыра түседі. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың балаларға 

қатыс ты түрлері мен белгілерін түсіну маңызды. 

Бұл өз уақытындағы қорғауды және кәмелетке 

толмағандарға, оның ішінде зорлық-зомбылыққа 

ұшыраған қыз балаларға қажетті көмек көрсетуді 

қамтамасыз етуі мүмкін.

ЖА

ЛПЫ 



АҚПАР

АТ

ТАР



 

18

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ



ЖАС САНАТЫ

ЭМОЦИЯСЫ

САНА-СЕЗІМІ

МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ 

БАЛАЛАР

 

Балалар бұл жаста 



дәрменсіз әрі тез 

жәбірленгіш болады.

Айғай-сүрең, 

мазасыздық. Ажырасу 

туралы дабыл. 

Эмоционалдық 

естен айырушылық, 

ашушаңдық. 

Оқиғаларды тез ұмыту. 

Зорлық-зомбылықты 

шамалап түсіну. 

Отбасының қайта 

бірігуін қалау.

Жиі жылайды. 

Ашушаңдық, ойға 

беріліп кету, селқостық, 

ұстамсыздық, 

өзімшілдік. 

Бастығырылу, ұйқының 

бұзылуы.


МЕКТЕП 

ОҚУШЫЛАРЫ 

Бұл жастағы балалар 

зорлық-зомбылыққа 

белсендірек қарсылық 

әрекеттер жасайды. 

Күйзеліс, жабырқаңқы 

жағдай, мазасыздық, 

жазықты болу 

мен ұят сезімі. 

Жауапкершілікті 

және дәрменсіздікті 

сезінеді, үлкендерге 

деген сенімсіздік. 

Зорлық-зомбылық 

жасайтын (бір 

мезгілде шын 

берілгендік пен 

күдіктену) ата-анаға 

қатысты екі жақты 

сезім.


Ойды бір жерге 

жинақтай 

алмаушылық, беймаза 

ойлар мен зорлық-

зомбылық кейпі. 

Зорлық-зомбылық 

құрбанын немесе 

отбасын босатуға 

байланысты құрғақ 

қиялдар. Зорлық-

зомбылықты түсінуге 

ұмтылыс.


Мектептегі сабақ 

үлгерімінің төмендеуі. 

Психо-соматикалық 

сипаттағы (іші, басы 

ауру) шағымдар. 

Өзгелерге деген 

агрессивті және қатал 

қатынас.


Ешкімді 

тыңдамаушылық 

және қиқар мінез. 

Қатарластарымен 

қарым-қатынастың 

бұзылуы. Зиянды 

әдеттердің қалыптаса 

бастауы.


ЖАСӨСПІРІМ 

ЖАСТАҒЫЛАР

Отбасында ылғи 

да шыдамсыздық 

және күш көрсету 

көріністері баланы 

жасөспірім 

жасында отбасынан 

бөлектенуіне алып 

келеді. Соның 

салдарынан 

жеткіншектер өз 

отбасыларын тастап 

кетіп, әлеуметке 

қарсы және өзін-

өзі күйрету мінез-

құлықтарын көрсете 

бастауы мүмкін.

Жазықты болу және 

ұят сезімі, өзін-өзі 

өлтіру идеясы. Ашу, 

ыза, ағынан жарылу, 

агрессияшылдық 

көріністер. Күйзеліс 

және үмітсіздік сезімі. 

Ата-аналардың біріне 

берілгендік. Өзгелерді 

аяушылықтың 

болмауы, үлкендерге 

күдікпен және 

сенімсіздікпен қарау.

Мазасыз ойлар және 

зорлық-зомбылық 

кейпі. Ойды бір 

жерге жинақтай 

алмаушылық. 

Махаббат пен күш 

көрсету ұғымдарының 

араласып кетуі. 

Зорлық-зомбылық 

қалыпты жағдай 

дегенге сену. Өз 

әрекеттері үшін кінәні 

өзге біреуге аудара 

салу.


Мектептегі сабақ 

үлгерімінің төмендеуі, 

сабаққа қатыспау, 

үйден қашып кету. 

Жоғары сексуалдық 

белсенділік. Әлеуметке 

қарсы мінез-құлқы, 

құқықбұзушылық, 

ішімдікке, есірткіге 

құмарлық.

Ересектермен 

ынтымақтаса жұмыс 

істеуден бас тарту, 

жеке адамдар 

арасындағы қарым-

қатынаста қоқан-

лоққы және күш 

көрсету мінез-құлқы. 

Сүйіктісіне күш 

көрсету және жәбірлеу.

Кесте 

Балаларға қатал қараудың салдары

3

18.02.2014 ж. жағдай бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.



19

Әдістемелік құрал 



Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын басты құралдардың бірі «Тұр-

мыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы»

3

 Мемлекет басшысы 2009 

жылы 4 желтоқсанда қол қойған №214-4 ҚР Заңы болып табылады.

1-бап. Негізгі ұғымдар 

1)  жәбірленуші  -  өзіне  қатысты  тұрмыстық  зорлық-зомбылықпен 

моральдық  зардап,  дене  зардабы  және  (немесе)  мүліктік  зиян 

келтірілді деп ұйғаруға негіз бар жеке адам;

1-1) көмек көрсету жөніндегі ұйымдар – осы Заңға сәйкес жәбір-

ленушілерге арнаулы әлеуметтік кызметтер және (немесе) 

көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

2)  отбасы-тұрмыстық  қатынастар  –  ерлі-зайыптылар,  бұрынғы 

ерлі-зайыптылар,  бірге  тұратын  немесе  бірге  тұрған  адамдар, 

жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасын-

дағы қатынастар;

3)  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  -  отбасы-тұрмыстық  қатынастар 

аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зарда-

бын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру 

қаупі  бар  құқыққа  қарсы  қасақана  әрекеті  (іс-әрекеті  немесе 

әрекетсіздігі);

4)  тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы – тұрмыстық зор-

лық-зомбылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыра-

тын, отбасы-тұр мыстық қатынастар аясында адамның және аза-

маттың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды 

мүдделерін  қорғауға,  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  алдын 

алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін 

себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған 

құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық 

шаралар кешені;

5)  тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері 

-  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасын  жүзеге  асы-

ратын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару орган-

дары, ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары.

17-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профи-

лактикасының шаралары

2-пункт. 

1)  профилактикалық әңгімелесу;

2)  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау не қорғау 

нұсқамасын шығару үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған 

адамды ішкі істер органдарына жеткізу;

3)  қорғау нұсқамасы;

4)  әкімшілік ұстау;

5)  медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;

6)  құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;

ЖА

ЛПЫ 



АҚПАР

АТ

ТАР



 

20

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ



Жәбірленуші мен 

оның отбасы мүше-

лерін күзету және 

қорғау үшін сот 

ерекше жағдай-

ларда тұрмыстық 

зорлық-зомбылық 

жасаған адамға 

осы адамның басқа 

да тұрғын жайы 

болған жағдайда, 

жәбірленушімен 

бірге жеке тұрғын 

үйде, пәтерде 

немесе өзге де 

тұрғын жайда 

тұруға тыйым салу 

түрінде әкімшілік-

құқықтық ықпал 

ету шарасын да 

қолдануға құқылы. 

7)  әкімшілік жаза қолдану;

8)  ата-ана құқығынан айыру не оны шектеу, бала (ұл, қыз) асырап 

алудың  күшін  жою,  қорғаншыларды  және  қамқоршыларды  өз 

міндеттерін  орындауынан  босату  және  одан  шеттету,  баланы 

патронаттық  тәрбиешінің  тәрбиесіне  беру  туралы  шартты 

мерзімінен бұрын бұзу;

9)  іс  жүргізудің  мәжбүрлеу  шаралары  және  қылмыстық  процесте 

жәбірленушілердің қауіпсіздік шаралары;

10) сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар.



Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files
files -> Отбасы тұрмысының қолайсыздығын қалай
files -> Өзін- өзі тану пәні мұғалімі Асаева Дилдора Валихановна
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың ҚҰҚЫҚЫҚтарын қОРҒау комитеті
files -> «Батыр» жазғы шатырлы лагері (Ерейментау ауданында орналасқан)
files -> Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»
files -> Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме
files -> ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті
files -> Информация о мероприятиях
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың ҚҰҚЫҚтарын қОРҒау комитеті
files -> Жазғы мектеп


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет