Ерте жастағы және күштеп қиылатын некелердің алдын алу



жүктеу 1.57 Mb.
Pdf просмотр
бет4/9
Дата30.12.2016
өлшемі1.57 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Еркін таңдау құқығы. 

Қазақстан Респуб-

ликасының Конституциясы, біздің мемле-

кетіміз бекіткен 



БҰҰ «Әйелдерге қатыс ты 

кемсітушіліктердің барлық түрін жою 

туралы», «Бала құқықтары туралы»

 

халықаралық құқықтық нормалар біздің 

еліміздің әйелдері мен қыздарына кем-

сітушіліктен, зорлық-зомбылықтан және 

құқықсыздықтан жан-жақты қолдауға, 

қорғауға кепілдік береді

. Қыз балалар, 

болашақ әйел және ана ретінде өмір 

жолын еркін таңдау, білім алу, қызмет 

бабымен сәтті өсу, бақытты отбасын құру, 

яғни толыққанды және қауіпсіз өмір сүру 

құқықтарын қамтамасыз ететін барлық 

құқықтарға ие.

Өкінішке  қарай,  ресми  мәлімет-

тер Қазақстанның түрлі аймақта-

рында  кәмелет  жасына  толмаған 

қыз балалардың көбінесе мәжбүр-

лікке,  зорлық-зомбылыққа  және 

сексуалдық  тұрғыдан  пайдала-

нуға душар болып жататындығын 

көрсетеді.  Бұған  және  мектеп 

партасынан  жаңа  ғана  шыққан 

қыз баланы күштеп күйеуге беру 

немесе  «алып  қашу»  оқиғалары 

да жатады. Біздің қоғам әлі күнге 

мұндай оқиғаларға «көзді жұма» 

қарап,  мұны дәстүрлі  әдет-ғұрып 

деп  есептейді.  Алайда,  бұл  қыз 

баланың  құқығын  бұзу,  оған 

қарсы  жасалған  қылмыс  болып 

табылады.  Өйткені,  ерте  жастағы 

некені  күштеп  қию  мен  сексу-

алдық  қанау  көбінесе  білімінің, 

жұмысының  және  қолдаудың 

жоқтығынан  жарымжан  психи-

каға,  денсаулықтың  сыр  беруіне 

және  әлеу меттік  оқшаулануға 

алып келеді.

Өз мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді сақтай 

отырып, біз әйелдер мен қыздарды төмен-

дететін ескі салт-дәстүрлерді өткенге қал-

дыра келе, өз қыздарымызға, жалпы қыз бала-

ларға аман-есендік пен бақытты болашақты 

қамтамасыз етуге тиістіміз!

Кәмелетке толмағандарға қатысты бірде 

бір зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу оқиға-

лары назардан тыс қалмауы керек! Жер-

гілікті құқыққорғау органдарына барудан 

қорықпаңыздар.

Сіз мынаны білуге тиістісіз:

 



ҚР Заңдары қыз алып қашуға тыйым салады 



және адам ұрлығына қатысты мұны қылмыс деп 

санайды;


 

ҚР Заңдары егер кейбір ерекше жағдайларға 



байланысты болмаса, кәмелет жасына толмаған-

дарды некеге тіркеуге тыйым салады;

 



ҚР Қылмыстық Кодексі кәмелет жасына тол-



мағандарды жезөкшелікпен айналысуға 

мәжбүрлегені үшін 132-бап бойынша мүлкін 

тәркілей отырып, 5 жыл бас бостандығынан 

айыруды қарастырады.



Қыз алып қашу тәжірибесі шариғатқа да қайшы 

келеді,  оған  сәйкес  міндетті  түрде  неке  қияр 

кезде үйленетін қыздың келісімі берілуі тиіс 

(Сахих Хадис).

30

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Жеткіншектер үшін

 

«Сіздер есейіп келесіздер»  



атты тақырыптық сабақтар өткізуге арналған материалдар

Кездейсоқ ештеңе жоқ

Жеткіншектер арасында жыныстық өмірге деген көзқарастар кереғар 

түсіп  жатады  және  ересектер  арасында  қабылданған  түсініктермен 

жанаса бермейді. Кейбір жастар ерте жастағы жыныстық қатынасты 

жақтағысы келеді, ал пәктікті, тазалықты маңызды санайтындар бұл 

мәселені ер жетіп есейгенге дейін қалдыра тұрады.



Жыныстық қатынас өмірінің басталуы – бұл әрбір жас жігіт пен қызға 

зор жауапкершілікеі жүктейді. Бұған физиологиялық тұрғыдан пісіп-

жетілу аздық етеді, мұнда сондай-ақ әлеуметтік пісіп-жетілу де бар және 

екі адамның өздеріне, өз денсаулықтары мен тағдырлары үшін өзара 

жауапкершілікті сезіну бар. Кейбіреулер әуесқойлықпен сексуалдық 

тұрғыдан белсенді болғысы келеді, өйткені мұндайды оның достары 

жасап жүр, өзгелері серіктесінің қысымына жол береді. Кейде жағдай-

дың әсерінен шешім қабылданып жатады. Шешім қабылдамас бұрын 

ерте  жастан  жыныстық  қатынасқа  түсудің  салдары  туралы  ойлану 

керек. 


Ерте жастағы жыныстық қатынастың ең кең таралған 

салдары – қажетсіз жүктілік, ВИЧ/СПИД-ті қосқанда, жыны-

стық жолмен жұғатын инфекциялар. Дүниежүзілік денсау-

лық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, жеткіншек 

жастағы жүктіліктің 75%-ы оны үзумен аяқталады екен.

Қажетсіз жүктілік 

Жеткіншек жасында жүктілік бола қалған жағдайда жеткіншектердің 

сасқалақтауы  кең  таралған  құбылыс. 

Жыныстық  өмірді  талқы-

лау жабық тақырып болғандығын ұмытуға да тура келеді, 

өйткені бұл мәселелерді ескермеу ауыр салдарға ұрынды-

рады. 

Бұл  мәселелер  бойынша  көмек,  кеңес  және  барлық  қажетті 



мәліметтерді алу үшін балалар емханасының (14 жасқа дейінгі қыз 

балаларға) білікті мамандарына, өз ауданыңдағы акушерлік-гинеко-

логиялық қызметіндегі әйелдер кеңесіне, студенттер емханасындағы 

медицина  мамандарына  (жеткіншектер  кабинеті  –  15-18  жастағы 

қыздарға) баруға болады.

Түсік тастау

Бұл егер де алғашқы жүктілік үзілген жағдайда денсаулық үшін айтар-

лықтай асқыну қаупі бар тәуекелдің бірі. Көптеген түсіктер – отаның 

өзіне  де,  түсік  тастауға  алып  келетін  жағдайларға  да  байланысты 

болатын ауыр психологиялық жарақат. Түсік туралы шешім қабылдау – 

жеке бастың мәселесі, ең дұрысы жақындарыңмен бірге отырып шеш-

кен дұрыс. 

Егер де сенде осы проблема туындай қалса, біз 

оны ата-анаңмен, өзің сенетін үлкендермен немесе сенім 

кабинеттерінің мамандарымен сөйлесуге кеңес береміз.



31

Әдістемелік құрал 



Есте сақтаңыз: Асығыс-үсігіс шешім қабыл-

дамаңыз  және  түсік  жасату  қауіпсіз  деп 

есептейтіндерге  сенбеңіз.  Ол  денсаулыққа 

да, өміріңізге де өте қауіпті

Жыныстық жолдар арқылы берілетін инфекциялар 

(ЖЖАБИ)

Бұл  ауруларды  вирус  жұқтырған  серіктесі  сексуалдық  байланыс 

кезінде екінші біреуге жұқтырады. Жыныстық жолдарымен берілетін 

кем дегенде 25 ауру бар. Көбінесе гонорея, сифилис, хламидиоз, три-

хомониаз, В гепатиті сияқты аурулар жиі кездеседі. ЖЖАБИ арасында 

СПИД ерекше орын алады. ЖЖАБИ ішінде ортақ сипаттағы ауру бел-

гілері  мыналар:  қышу,  жыныс  мүшелерінен  әдеттен тыс  не  ағыл-те-

гіл  бөлінетін  заттар,  жыныс  мүшелері  маңындағы  түрлі  бөртпелер, 

несептің жиі және ауыртып шығуы. ЖЖАБИ-дің кейбір белгілері емде-

усіз-ақ  жоғалып  кетеді,  бірақ  бұл  аурулардың  өтіп  кеткенін  білдір-

мейді.

Біршама  уақыттан  кейін  ауру  қайта  бұрқ  ете  қалуы  мүмкін.  СПИД-



тен басқа барлық ЖЖАБИ аурулары егер диагноз дұрыс қойылса, ал 

емдеу шаралары өз уақытында және соңына дейін жүргізілсе, емде-

луге  болады.  ЖЖАБИ-ді  анықтау  және  емдеу  мақсатында  тексерілу 

үшін  аудандық  тері-венерологиялық  диспансерлерге,  ауруханалар-

дың  мамандандырылған  бөлімдеріне,  клиникаларға,  институттарға, 

жастар орталығына баруға болады. Кейбір мекемелердегі тексерулер 

жасырын жүргізілуі де мүмкін.

Есіңде болсын: Ешқа-

шан өз-өзіңді емдеумен 

айналыспа. Тек қана маман 

дәрігерлерге қаралған 

дұрыс!

Ең дұрысы, өзіңді және өз денсау-

лығыңды қорғау үшін – «Жоқ!» деп 

айта біл!

Жыныстық  қатынасқа  түспес  бұрын  ойлан!  Егер 

сенде  шамалы  болса  да  күдік  болса,  «жоқ»  деп 

айта  білу  қажет  және  олай  айтудан  қорқуға  бол-

майды.  Ерте  жастағы  жыныстық  өмірге  «жоқ»  деп 

айту арқылы Сіз қажетсіз жүктілікті, жыныстық жол-

мен берілетін ауруларды, жан азабы мен тән азабы 

мәселелерін шешесіз.

«Жоқ» деген  сөз  бұл  мүмкін  болатын  про-

блемалардан жүз пайызға қорғануға кепіл-

дік беретін ең жақсы әдіс.

ӘДІС

ТЕМЕЛІК


 АҚПАР

АТ


32

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Бұл  Сізді  қажетсіз  салдардан  ғана  сақтамайды,  сонымен  бірге 

Сіздің  сезіміңіздің  қаншалықты  шынайы  екендігін,  таңдауды  дұрыс 

жасадыңыз  ба  немесе  қарым-қатынасыңыз  тек  қысқа  мерзімді 

жасөспірімдік қызығушылық па екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Жас өсе келе құндылықтар мен қызығушылықтар өзгеруі мүмкін, ал 

жасөспірімдік ұшқарылық келеңсіз жағдайларға ұрындыруы мүмкін. 

Бүгін  «Жоқ»  деп  батыл  айта  білу  бұл  жыныстық  өмірден 

біржолата бас тарту деген сөз емес, алайда оны лайықты, өз 

уақытында және қауіпсіз бастауға мүмкіндік береді.

 Жыныс-


тық қатынаста байыптылық пен абайлағыштық және серіктесін таңдай 

білу есейе келе пайда болады, сондықтан да асығудың еш қажеті жоқ. 

Сонымен бір мезгілде табанды түрде «Жоқ» деп айта білу Сіздің сек-

суалдық дамуыңызды шектемейтіндігін, керісінше қарым-қатынастың 

баламалы  түрлерінен  тәжірибеңізді  байыта  түсетіндігін,  денсаулық 

пен қауіпсіз болашаққа кепіл болатын маңызды шешімдерді саналы 

түрде  қабылдауға  әзірлейтіндігін  атап  өту  маңызды. 

Тағы да  жет-

кіншек  жастағы  ұстамдылық –  бұл  қалыпты  жағдай  және 

денсаулық үшін зиянды емес екендігін қайталап айтқымыз 

келеді.

Егер  де  жыныстық  қарым-қатынас  басталған  болса,  онда  мына  бір 



нәрсені  түсіну  керек  –

  контрацепциясыз  секс  қауіпті  болуы 

мүмкін!

  Контрацепцияларды  пайдалану  адамның  жауапкершілігін 



білдіреді, оның кемелденіп толысуының белгісі болып табылады. Сон-

дықтан да дұрыс таңдау жасау қажет.



Қорғануды таңдау

Мүшеқап (презерватив)

Бойға бала бітіртпейтін ең танымал заттардың бірі – мүшеқап. Мүшеқап 

шә  уеттің қынапқа еніп кетуіне кедергі келтіреді, осылайша жүктілік-

тің алдын алады. Мүшеқаптың маңызды артықшылығы – ол қажетсіз 

жүктіліктен сақтап қана қоймай, сонымен бірге жыныстық жолдармен 

берілетін  аурулардан,  оның  ішінде  СПИД-тен  (ЖИТС -  жұқтырылған 

иммун тапшылығының синдромы), ВИЧ–тен (АИТВ), адамның иммун 

тапшылығы вирусын жұқтырудан қорғайды.

Мүшеқаптарды егер дұрыс пайдалана алса, өте тиімді (олар-

дың тиімділігі шамамен 95%-98%-ды құрайды). Ол ешқан-

дай қосалқы жанама әсерлер бермейді.

Бойға бала бітірмейтін дәрілер

Бойға бала бітірмейтін дәрілер әйелдердің организмі жасап шығара-

тын сол жыныстық гормондардан тұрады. Бұл гормондар овуляцияға 

кедергі келтіріп, жүктілікті болдырмайды.



33

Әдістемелік құрал 

Дәрілер  бүгінде  ең  тиімді  бойға  бала  бітірмейтін  құрал-

дардың бірі 

(дұрыс  пайдаланған  жағдайда  тиімділігі  99%–ға  жақындайды). 

Қазіргі  бойға  бала  бітірмейтін  дәрілер  бұрынғы  шығарылған  дәрі- 

дәрмектерге  қарағанда  жыныстық  гормондардың  болуы  анағұрлым 

аз.  Есіңізде  болсын:  дәрілер  СПИД/ВИЧ-тен  қорғамайды.  Егер  де 

жұқтыру қаупі болса – мүшеқапты пайдалану қажет.

Бойға бала бітірмеу үшін инемен жіберілетін дәрілер

Олар  әйел  организмдері  жасап  шығаратын  жыныстық  гормондар-

дан  тұрады.  Бұлар  овуляцияға  кедергі  келтіріп,  жүктілікті  ескертеді. 

Бойға  бала  бітірмеу  үшін  инемен  жіберілетін  инъекциялар  міндетті 

түрде  медициналық  қызметкерлер  тарапынан  бұлшық  етке  салы-

нады.  Бойға  бала  бітірмеу  үшін  салынатын  уколды  дұрыс  қолданса 

өте сенімді болмақ (олардың тиімділігі 99%-ды құрайды). 

Бір инъек-

ция дәрінің түріне қарай әрбір 1 немесе 3 айда жасалады

Егер  де  сіз  бойға  бала  бітірмеу  үшін  инъекция  жасатқыңыз  келсе, 



дәрігердің  кеңесіне  жүгініңіз. 

Жадыңызда  ұстаңыз:  инъекция 

ЖЖАБИ/ВИЧ-тен қорғамайды. Егер де жұқтыру қаупі болса 

– мүшеқапты пайдаланған абзал.

Спермицидтер

Бұл  аталық  ұрықты  жатырға  жеткізбей  жоятын  заттар.  Олар  жақпа 

май,  свеча, таблетка,  көбікті  аэрозоль түрінде  болады  және  жыныс-

тық қатынасқа түскенге дейін қынапқа енгізіледі. Олардың тиімділігі 

қазіргі заманда бойға бала бітірмейтін өзге құралдарға қарағанда өте 

жоғары емес (50-70%). Спермицидтерді кедергі келтіретін әдістермен 

(мәселен, мүшеқаппен) пайдалану анағұрлым тиімді. Кейбір сперми-

цидтер  жыныстық  жолмен  берілетін  ауруларды  жұқтыру  деңгейін 

төмендетеді.

Жатырішілік құралдар (ЖІҚ)

Есіңізде болсын: Жатырішілік құралдар жеткіншек қыздарға 

емес, тек бала тапқан әйелдерге қолдану ұсынылады.

Спираль  жыныс  мүшелері  арқылы  берілетін  жұқпалы  аурулардың 

ағысын  күшейтуі  мүмкін.  Сондықтан  да,  ол  бірнеше  серіктесі  бар-

ларға ұсынылмайды. Спираль ЖЖАБИ/ВИЧ-тен қорғамайды. Егер де 

жұқтыру қаупі болса – мүшеқапты пайдаланған дұрыс.

Қажетсіз жүктілікті ескертудің басқа да әдістері

Жедел


  («күйіп  тұрған»)  контрацепциялар  тек  шұғыл  жағдайларда 

пайдаланылады, мәселен егер мүшеқап жыртылып қалса немесе зор-

лап кеткен жағдайда. Мұндай кезде жоғары гормондары бар арнау-  

лы  дәрілер  қабылдаған  дұрыс. 

Мұны  қорғансыз  жыныс тық 

ӘДІС


ТЕМЕЛІК

 АҚПАР


АТ

34

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

қатынас болғаннан кейінгі 72 сағаттың ішінде жасау керек.

 

Қанша  ертерек  пайдалансаң,  сонша  жақсы.  Бұл  қажетсіз  жүктіліктің 



алдын алады. Дәрілерді дәрігерден алуға не дәріханадан сатып алуға 

болады. 


Алайда,  мұндай  дәрі-дәрмекті  жиі  қолдануға  болмайды.  Тек  қана 

ерекше жағдайларда пайдалану қажет. Жоғары доза адам организміне 

қауіпті. Сол үшін де осындай таблеткаларды әр ай сайын қабылдауға 

жол  берілмейді. Тұрақты  түрдегі  жыныстық  қатынас  болатын  болса 

төменгі дозадағы бойға бала бітірмейтін дәрілерді не өзге де контра-

цептивтерді пайдалану қажет.

Жыныстық қатынасты үзу әдісі 

қиындау әдіс (кез келген еркек 

өзін-өзі  бақылай  алмай  қалады).  Есіңізде  болсын:  сперманың  бір 

тамшысы ғана қыздың жыныстық мүшесіне түсетін болса, жүкті боп 

қалу мүмкіндігі зор болады.

Овуляция  күндері  («қауіпті  күндер»  деп  айтуға  болады)  жыныстық 

қатынастан  сақтана  тұру  үшін 

күнтізбелік  әдісті 

айтуға  болады. 

Теория бойынша «қауіпті күндер» етеккір циклінің (соңғы етеккір кел-

ген күннен бастап саналады) екінші аптасына сәйкес келеді. Алайда, 

өмірде  бәрі  өздігінше  болады.  Кейбір  қыздарда  «қауіпті  күндер» 

етеккір циклінің түрлі күндеріне сәйкес келе беруі мүмкін. Осыдан-ақ, 

бұл тиімділігі аз әдіс болғандықтан, бұған аса бір үміт артуға болмай-

тындығын түсінуге болады.

! Бұл әдістердің бәрі 

де ЖЖАБИ/ВИЧ-тен 

қорғамайды!

Егер де жұқтыру 

қаупі болса – 

мүшеқапты пайда-

лану қажет!



35

Әдістемелік құрал 



Әрбір жеткіншектің білуі тиіс заңдары

Біздің елімізде қылмыстық заңнамада кісіге қастандық 

келтіретін сексуалдық сипаттағы бірқатар қылмыстардың 

заңды жауапкершілігі қарастырылған. Бұл жағдайда құқық 

нормалары адамгершілік нормаларымен сәйкес келеді – 

қоғамдық санадағы сексуалдық қылмыстардың бәрі сөзсіз 

теріске шығарылады.

Сексуалдық  зорлық-зомбылық  пен  сұраншақтықтың  құрбаны  бол-

мауы үшін Сіз ҚР Қылмыстық кодексте мынадай нәрселер қарасты-

рылғанын білуге тиістісіз:

 



жыныстық тиіспеушілік пен адамның жыныстық еркіндігіне 



қарсы қылмыстар 

(-зорлау, -сексуалдық сипаттағы зорлық-зом-

былық іс-әрекеттер, - 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық 

қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекет-

тер, - азғындық іс-әрекеттер),

 



қоғамдық ізгілікке қарсы бірқатар қылмыстар

 (- жезөк-

шелікпен айналысуға тарту, - жезөкшелер ұясын ұйымдастыру не 

ұстау, - порнографияларды заңсыз тарату),

 



денсаулыққа қарсы бірқатар қылмыстар 



(- венерологиялық 

ауруларды жұқтыру , ВИЧ-инфекциясын жұқтыру). 

Қоғамдық  үлкен  қауіпке  орай  аталған  қылмыстарды  Қылмыстық 

кодекс те оларға қатаң жазалар қарастырылған. 



Зорлау мен нәпсіқұ-

марлық  сипаттағы  зорлық-зомбылық  іс-әрекеттерге  бірқатар 

жағдайларда 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде 

жаза қолданылуы мүмкін. Мұнда қылмыстардың бұл түріне 16 

жастан  емес,  кейде  14  жастан  да  қылмыстық  жауапкершілік 

қарастырылады. Жезөкшелікпен айналысуға тарту бас бостан-

дығынан 6 жылға айырса, жезөкшелер ұясын ұйымдастыру мен 

ұстауға 5 жыл беріледі, азғындық жасағаны үшін 3 жыл, вене-

рологиялық  ауруларды  жұқтыру  мен  порнографияны  тарату 

қылмысына 2 жыл беріледі.

Шұғыл жағдайларда – зорлық-зомбылық 

қаупі туындаса не фактісі орын алса 

«102» телефонына полицияға хабарла-

сыңыз немесе жастар мен жеткіншектер 

үшін «150» Ұлттық сенім телефонына 

қоңырау соғыңыз.

ӘДІС


ТЕМЕЛІК

 АҚПАР


АТ

36

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

«Репродуктивті денсаулық»  

тақырыбында жеткіншектер үшін тренинг өткізудің болжалды жоспары



1.  Кіріспе

Сәлемдесу. Бағдарлама мақсатын негіздеу – қатысуға тілек білдірген 

әрбір  адамды  өмірдегі түрлі  жағдайларда дұрыс  әрекет  етуге,  олар 

қандай болмасын жағымсыз оқиғаға қалай түспеу керектігі жөнінде 

толығырақ ақпарат беру. Мәселен, қажетсіз жүктілік немесе тіпті қажет 

етпейтін ауру түрлері туралы. Қалайша нашақор болмау, қалайша ВИЧ 

жұқтырмауға болады. Өзіңді қалай түсінесің және т.б.

Сабақ қарым-қатынас түрінде болады және жыныстық қатынас сала-

сын қоса алғанда қиын жағдайларда қауіпсіз мінез -құлық пен одан 

шығу жөнінде айтарлықтай білім мен ептілікті үйретеді.



2.  Танысу

Жүргізуші әрбір қатысушыға өзінің екі жақсы және екі нашар қасиетін 

айтуын ұсынады.

3.   Топтардың жұмыс ережелерін қабылдау

4.  Ақпараттық блок: ерлердің және әйелдердің репродук-

тивті жүйелері

5.  Ақпараттық блок: ерлердің және әйелдердің репродук

тивті жүйелері 

 



Адамзат екі жартыға бөлінді деп алалық: ерлер және әйелдер. 

Қатысушыларға қарата: қалай ойлайсыздар, біздің қалай құралға-

нымызды не үшін білуіміз керек? («Шеңберден» шығып кеткен 

жауаптардан басқасының бәрін қабылдаймыз...)

 



......... Елестетіңізші, сіз дәрігерге келдіңіз, сіздің мысалы шабыңыз 



ауыр ды делік (жалпы әдеттегі нәрсе ғой), сіз дәрігерден осыны 

сұрамақшы болдыңыз. Қалай сұрайсыз? (Егер жауап: «шапта» 

болса, сұрақ қойыңыз: «Нақты қай жеріңіз?... Ал мен шештім, .... 

аяғыңыз»).



Тренинг өткізудің 

жоспары.

№  Кезеңнің атауы

1.  Кіріспе

2.  Танысу

3.  Топтарды қабылдау ере-

жесі


4.  «Бой-бойыңмен тұруға 

тырыс» ширату ойыны

5.  Ақпараттық блок: 

ерлердің және әйел-

дердің репродуктивті 

жүйелері


6.  Контрацепция 

7.  «Жыныстық қатынас 

өмірінің басталуы «Қол-

даймын» және «Қарсы-

мын» дәлелдері» миға 

шабуылы


8.  Жұмыстың аяқталуы. 

Рефлекция

9.  «Жағымды сабағыңыз 

үшін рахмет» жаттығуы



37

Әдістемелік құрал 

 



Ал қандай дәрігерге барасыз? Гинекологқа ма, 



ал жас жігіттер ше? ....

Күрделі  ме?  Мұның  бәрі  өйткені  ненің  қалай  ата-

латынын білмейміз және кімде қалай ауыратынын 

айта алмаймыз. 



6.  Контрацепция 

 



Контрацепция - бұл жүктілікті ескертудің әдісі 

немесе құралы.

1.  1.  Контрацепцияның анықтамасын жазып 

шығу.


2.  Әр командадан 5-7 адам барлық білетін кон-

трацепция құралдарын атап шығу. 

3.  Қазіргі заманғы контрацепциялық әдістерді 

атау (құрылым сызбасын келтіру, сызбада 

ұрықтануға кедергі келтіруі мүмкін нәрселерді 

көрсету).

4.  Контрацептивтерді мынадай бөліктерге бөлу:

1) Кедергі келтіретін және химиялық (ПР, қал-

пақшалар, спермицидтер);

2) Гормондық;

3) Күнтізбелік (физиологиялық);

4) Хирургиялық;

5) Үзілген жыныстық қатынас;

6) Жатыр ішіне салынатын құралдар (ЖІҚ);

7) Жыныстық қатынастан бас тарту.

7.  Миға шабуыл

Жүргізуші қатысушылардан мына сұрақтарға ойла-

нып жауап беруін сұрайды:

 



Жастар жыныстық қатынас өмірін не себеп-

тен ерте бастайды? Оған кім немесе не түрткі 

болады?

Сынып  екі  топқа  бөлінеді.  Топтар  «Қолдаймын» 

деген дәлелдерді (бірінші команда) және жыныстық 

қатынас  өмірін  ерте  бастауға  «Қарсымын»  (екінші 

команда)  деген  дәлердерді  көбірек  жинақтауға 

тапсырма алады. Жүргізуші физиологиялық, психо-

логиялық, әлеуметтік тұрғыдан алғанда 15 жастағы 

жеткіншек үшін жыныстық қатынас өмірінің баста-

луының  оң  және теріс  жақтарын талқылауды  ұсы-

нады.


Топтар  кезек  кезегімен  айтып  шығады,  тақтаға 

түсіріледі.

Әдетте  «махаббат»  деген  себепті  тек  4-9-ыншы 

қатысушы ғана айтуы мүмкін. Егер топ бұл «себепті» 

мүлде  ұмытып  кетіп  жатса,  онда  «Шынайы  өмірде 

қандай болуы керек?» деген сауал тасталуы керек. 

Қорытынды  шығара  отырып,  жүргізуші  жеткіншек 

жасында жыныстық қатынас өмірін бастауға шешім 

қабылдаған  жасөспірім  бұл  аса  маңызды  қадам 

екенін түйсінуі керек.



8.  Жұмысты аяқтау. Рефлексия

Енді  біз  өзімізде  қалай  орналасқанын  және  не 

үшін олай орналасқанын түсінеміз. Бірақ та, бұл тек 

органдар ғана, ал біз адамбыз. Бізді жансыз заттар-

дан психикамыз, күрделі мінез-құлқымыз, сезіміміз 

және эмоциямыз ерекшелендіреді. 



Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files
files -> Отбасы тұрмысының қолайсыздығын қалай
files -> Өзін- өзі тану пәні мұғалімі Асаева Дилдора Валихановна
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың ҚҰҚЫҚЫҚтарын қОРҒау комитеті
files -> «Батыр» жазғы шатырлы лагері (Ерейментау ауданында орналасқан)
files -> Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»
files -> Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме
files -> ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті
files -> Информация о мероприятиях
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың ҚҰҚЫҚтарын қОРҒау комитеті
files -> Жазғы мектеп


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет