“Ерте жүктіліктің алдын алу” Психологпен кездесу



Дата07.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#18727
түріСабақ

“Ерте жүктіліктің алдын алу” Жасөспірім қыздарға арналған тренинг сабақ


БІЛГЕНІҢНЕН

БІЛМЕЙТІНІҢ

КӨП ӘЛІ...

Жастар арасында  ерте

 жүктілік белең алып барады.

Ерте жүктіліктің алдын алу

Мақсаты:Жас жеткіншектір арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.

Қатысушылар: 8-11 сынып оқушылары

Ұйымдастырушылар: педагог-психологтар Капарова Сакып Куташевна және Жирен Балауса Жанысбекқызы


Қыз баланың жыныстық жетілуінің алғашқы белгілері 8-9 жаста пайда болады. 1-ші фазада бойдың өсуі, дене массасы ұлғаяды, сүт бездері ұлғаяды, жамбас сүйектері өсіп, бөксесі шығады. 2-ші фазада сыртқы жіне ішкі жыныс мүшелерінің құрылысы өзгереді, етеккір келе бастайды. Ол организмде болып жатқан күрделі , әрі алуан түрлі циклдың өзгерістері, 28 күнге созылады, бұл қалыпты физиология. Бұл күндері ауыр салмақ түсірмеу керек , салқын тигізбеу керек. Етеккір кезінде сыртқы жыныс мүшесін таза ұстап, төсеме қолдану қажет, ванна жіне моншаға жуунуға , суда жүзуге болмайды. Қыз бала ер балаға қарағанда ерте жетіледі.

ЖЫНЫСТЫҢ ЖЕТІЛУІ ДҰРЫС ӨТУІ ҮШІН КЕЛЕСІ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ КЕРЕК: 1. Тар іш киім , шалбар кимеу өйткені олар жыныс мүшелерінің қан айналымын тарылтады. 2. Жыныс мүшелеріне суық тигізбеу. 3. Шылым шекпеу.

Әлемдік статистикаға сүйенетін болсақ, қазіргі таңдағы жас бойжеткендердің 14 жастағы әрбір оныншы жасөспірім, пәктігінен айырылып үлгерген.

Олардың 12%-ы ұл, 8%-ы қыз. Ғалымдар, жігіттерде жыныстық өмір – 22-24 жаста, ал қыздарда – 19-20 жаста басталуы керек дейді.

Сарапшылардың пікірінше, ұлдар үшін жыныстық қатынас – өз достарының алдында беделін көтеруге мүмкіндік беретін құрал. Ал қыздар оны сүйіспеншіліктің белгісі деп түсінеді.

Дәрігерлер ерте басталған сексуалдық белсенділік, келешекте жаман нәтижеге әкеледі деп айтуда.

Кездейсоқ жүктілік–қазіргі біздің қоғамдағы ең бір түйткілді мәселелердің бірі. Дәрігерлердің деректеріне сүйенсек жылына елімізде 130 мыңға жуық жасанды түсік жасалады, соның 30 мыңға жуығы Алматы қаласында екен. Түсік жасатқандардың ең жасы 13-14 жастағы жасөспірім қыздар. Бүгінде 14 жастағы жасөспірімдердің 10 пайызы, 15-17 жастағы қыздардың 21 пайызы жыныстық қатынас тәжірибесіне ие.

Қазақстанда жасөспірім қыздар арасындағы жасанды түсік Еуропамен салыстырғанда 3-4 есе көп. Сондай-ақ елімізде 21 мың АҚТҚ дертін жұқтырған адам болса, соның 40 пайызы 15-29 жас аралығындағы жастар. Осындай түрлі себептерден елімізде 17 мың отбасы бала сүйе алмай отыр. Сондықтан біз мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу үшін балаларымызға жыныстық тәрбиені 12 жастан бастап жүйелі, сауатты түрде жүргізуіміз керек.


Ерте жүктілік дегеніміз не?

Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады.

Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді.

Медицинада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.


Ерте жүктілік неге әкеліп 

соқтыруы мүмкін?

.

Қыз баласы физиологиялық тұрғыдан ана болуға әлі дайын емес уақытындағы ерте 



жүктілік ауыр асқынуларға әкеліп соқтырады.

Ерте жүктілік немен қауіпті?

  • Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры,эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады.
  • Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені.
  • Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!

Ерте жүктіліктің нәтижесі

Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі: білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды.

Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктілік салдарынан болатын, жиі кездесетін оқиға.

Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?

Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді.

Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар?

Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану.Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу.Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.


Бұл жағдайға жол жоқ

Мұндай оқиғаға

жол бермейміз

Бейнебаян

https://www.youtube.com/watch?v=lY76VhfZVOU



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет