Ертегілерді оқытуда әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімді тәсілдері



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі57,34 Kb.
#17032
  1   2   3

Арынтаева Дидар Өнерқызы

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

«№23 ЖББОМ» КММ

Қарағанды қаласы




Ертегілерді оқытуда әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімді тәсілдері

Әдебиет-сөз өнері. Ал мектепте оқытылатын қазақ әдебиет пәні – өнер пәні. Ұлтымыздан шыққан дана да, дара ұлағатты тұлғаларымыз әдебиет пәнін адамтану, адам тәрбиелеу құралы деп таныған болатын. Ол жас ұрпаққа сөз маржандарынан жеміс жинауға ғана үйретпей, өмірдің қыр-сырын танытады. Әдебиет - адам жанына әдемілікті, әсемдікті, руханиятты ұялатады. Әдебиетті сүйіп оқыған азаматтан түбінде өмірдің қыр-сырын түсінетін, кез келген өмірдің қиылыстарынан мүдірмей өтетін, адам шығатыны сөзсіз.

Қазақ әдебиетін оқып-үйрену арқылы біз ұлтымыздың салт-дәстүрін, наным-танымын, психологиялық даму деңгейін танып білуге болады. Мектепте оқытылатын әр пәннің өз орны, өз маңызы бар. Ал қазақ әдебиеті пәні барлық пәндердің анасы деп айтатын болсақ, артық айтпаған болар едік. Өйткені, әдебиет арқылы біз әр түрлі тағдырларды оқып қана қоймай, оларды өз ой елегімізден өткізіп, жан-дүниемізбен берілеміз. Шығарма қаһармандарына жанашырлық, сүйіспеншілік сезімдерімен бірге жиіркеніш, наразылық сезімдерін де оята алады. Сонда көркем әдебиетті оқи отырып, әр оқырмандар өздерін жаңа қырларынан танып, өздерін қайта тәрбиелеу мүмкіндігіне ие болады. Бір ғана әдебиет пәнінің ішінен бейнелеу өнерін, дүниетануды, география пәнін, тарих пәнін т.б. танып-білуге болады. Әдебиет-ақыл-ойдың, салт-сананың дәрісі. Мектеп оқушысы әдебиет пәнін оқи отырып, өмірдің сан қырлы қатпарларынан, қиындықтар мен өткелдерінен ойша өтіп, өмір қиындықтарына дайындала береді. Сол сияқты бақытты сәттерді де кейіпкерлермен бірге басынан өткеру мүмкіндігіне ие болады. Ал мектеп мұғалімі оқушыларға әдеби талдау арқылы әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, жан дүниесін оятады. Әдебиетті оқуда, шығарманы түсініп-түйсінуде әсіресе, мәнерлеп оқу ерекше орын алады. Мәнерлеп оқу, ең алдымен, оқушылардың көркем туындыны барлық бітім-болмысымен толық түсіне білуге алып келеді. Ал көркем туындыны түсіне білу, әдеби талдауды жеңілдетеді.

Әдеби талдау барысында мұғалім үнемі мәнерлеп оқуға аса назар аударғаны жөн болады. Кейіпкерлерге мінездеме бергенде, жазушы стилі, көркем тіл айналасында сөз болғанда, оны мәнерлеп оқусыз жүзеге асыру қиындық туғызады. Өзге тілді /орыс/ мектеп бағдарламасындағы ертегілер 5-6 сыныптарда оқытылады. Қай жанрда жазылған ертегі болсын, балалар оны ерекше қызығушылықпен оқиды. Балаларды тартатын –оның қиял-ғажайып оқиғалары, бас кейіпкерлердің басынан кешетін небір қызықты істері, батырлығы, жүректілігі сияқты қасиеттері. Ертегіні оқытуда аса көңіл аударатын

мәселелер төмендегідей:

-ертегінің жанрлық ерекшелігін таныту, әдеби-теориялық ұғымдар беру;

-сюжет пен композициядағы бір тұтастық;

-шығарманың ұйқаспен келуі, баяндау, суреттеу, портретпен келуі;

-шығармадағы бейнелі сөздердің мол кездесуі;

-ертегідегі сөздердің ұлтымыздың салт-санасымен, әдет-ғұрпымен бірге жасасып келе жатқан көнерген сөздердің кездесуі;

-ертегдегі психологиялық кейіпкердің арман-тілегі, жақсылықты, мәнді де, сәнді өмірді армандауы;

-ертегі кейіпкерлерінің қарапайымдылығы, ақылдылығы, данышпандылығы;

-адамдарға табиғат құбылысының жақтастығы сияқты мәселелерге аса көңіл бөлгенде ғана оқырман ертегіні бар жан дүниесімен сезіне алатындығына шүбә жоқ.

Мектеп бағдарламасындағы ертегіні оқыту барысында қандай әдіс-тәсілдерді, оқыту формалары мен сабақ типтерін пайдаланған жөн болар екен деген сұрақ әр пән жетекшісін алаңдататыны белгілі. Менің практикамда ертегіні оқыта отырып, ең назар аударатын мәселе ертегі мазмұнын меңгерту керектігіне көз жеткіздім. Мазмұнды меңгерте отырып, оның негізіндегі идея, айтайын деген терең ой туралы ой қозғау. Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны тұтас сақталынған толық жоспар, ең басты оқиғаға негізделген тұжырымды жоспар, бөлімдерге бөлу,бөлімдерге ат қою, сұрақтар мен тапсырмалар ойластыру. Оқушылардың қабілеттеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар ойластыру сияқты жұмыстардың барлығы мұғалімнің мойнында. Орыс тілді мектептердің 6 сыныбында «Алтын сақа» ертегісі берілген Сол ертегіні оқыту жолдарын қарастырайық.

Ертегі мазмұнын толық меңгерту, мәтінді оқыту мақсатында, әрі мұның оқушы мемлекеттік тілде оқығалы отырған тұңғыш көлемді шығарма екендігін ескерген мұғалім оны эпизодтарға бөліп, интерактивті тақтаға көрнект іетіп жазып қояды. Оқу, талдау барысында ол бөліктерге оқушыларға ат қойғызады. Ертегіні төмендегідей эпизодтарға бөлеміз:

І. Байдың балаға зар болуы

ІІ. Байдың жалмауыз кемпірге ұсталып қалуы

ІІІ. Байдың басын арашалап қалу жолы

ІҮ. Байдың баласын жалмауыз кемпірге ұстап беруі

Ү. Жылқы мен баланың /табиғат/ арасындағы байланыс

ҮІ. Бала мен жылқы малының айласы

ҮІІ. Кемпірдің баланы қууы

ҮІІІ. Сиқырлы тістер

ІХ. Қотыр тайдың адалдығы

Х. Мәуелі бәйтерек

ХІ. Түлкілердің балаға көмек беруі

ХІІ. Құстар. Қарлығаш-адамның досы

ХІІІ. Адал иттер

ХІҮ. Бала отбасымен қауышты

ХҮ. Анасы үшін кек алмақ болған қыз

ХҮІ. Баланың жалмауыз кемпірді өлтіруі

Ертегі оқу барысында мұғалім: «Балалар,қазір мына эпизодтарды оқимыз,онда қандай оқиғалар болады екен,қане тыңдап отырайық,»- деп, оқушылардың назарын үнемі тақтада жазылған эпизодтарға аударту қажет. Шығарманы оқып болғаннан кейін, әсіресе, орыс сыныптарында сұрақ беру арқылы қолма-қол баяндатып алу, кейінгі жұмыстардың дұрыс жүргізілуіне жол ашып беретіні сөзсіз.

Мәтін бойынша алдын ала дайындалған сұрақтар:


  1. Ертегі қандай сөздер мен басталады?

  2. Бай суға не үшін келеді?

  3. Суда жүзіп жүрген өкпені бай немен түртеді?

  4. Өз жанын сақтап қалғаны үшін бай жалмауыз кемпірге не ұсынады?

  5. Жалмауыз кемпір байдан не сұрайды?

  6. Бай баласын қалай, қай жерде бермек болады?

  7. Бала қандай жылқыны мінетіндігі туралы кіммен ақылдасады?

деген сияқты сұрақтарға оқушылардың қолма-қол жауап бергендігі жөн болады. Мазмұндап болғаннан кейін, эпизодқа тақырып қою жұмысын жүргізу керек. Мұғалім эпизодтарға ат қоюда сол эпизодтың ең басты, негізгі оқиғасы төңірегінде қойылатындығы екендігін түсіндіреді. Ертегі мазмұнын меңгерту кезеңінде қызықты эпизодтарынан төмендегідей қойылым /инсценировка/ көрсетуге болады:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет