«Есептеу техникасы мен бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығының арнайы пәндерін оқытуда акт-ны пайдаланудың әдістемелік мүмкіндіктері



бет1/2
Дата10.09.2022
өлшемі23,54 Kb.
#38806
  1   2

«Есептеу техникасы мен бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығының арнайы пәндерін оқытуда АКТ-ны пайдаланудың әдістемелік мүмкіндіктері

Бекмолдаева Қарлығаш Байкеевна-педагог-зерттеуші, арнайы пән оқытушысы



Бүгінгі таңда мұғалімде «қос құзыреттілік» деп аталатын, яғни таза дәстүрлі кәсіби білімнен басқа, ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудің жоғары ақпараттық мәдениеті болуы керек.
Информатика саласының маманы болу үшін өте терең білім керек, өте үлкен ізденіс пен ой еңбегі қажет. Қазіргі замандағы ақыл-ой еңбегін ең көп талап ететін сала бұл, ең жылдам дамып, күнделікті ақпарат-білім көлемі еселеп өсіп отырған ғылыми-технологиялық сала .
Мен 1304000 «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтасыз ету» мамандығына «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері», «Web бағдарламалау және Интернет технологиялар» пәндерінен дәріс беремін. Бұл пәндер осы мамандықта ең негізгілерінің бірі, арнайы пәндер деп айтуға болады.
Әдістемелік тақырыбым:«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығының арнайы пәндерін оқытуда жаңа технологияларды қолдану»
Мақсаты: Білім берудің жаңа технологиясын , тиімді түрлерін, педагогикалық және ақпараттық жаңалықтарды ұтымды пайдаланып, студенттерді өз ісін жете білетін, бәсекеге қабілетті маман етіп тәрбиелеу, жан-жақты, сапалы білім беру, кәсіби шеберлікті қалыптастыру
Қойылған мақсаттарды шешу міндеттері:

  • Жеке, топтық жұмыстар ұйымдастыра отырып студенттердің ақпараттық, коммуникативтік, кәсіптік құзіреттіліктерін үздіксіз жетілдіру идеясын іске асыру;

  • Студенттің шығармашылық қабілетін дамыту;

  • Ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыру;

Студент бойындағы қабілетті ашу арқылы өз-өзіне сенімді, таңдаған мамандығын сүйетін сапалы маман тәрбиелеу
Келесі оқыту технологияларын сабақтарымда кеңінен қолданамын:

  • Жобалап оқыту,

  • Модульдік оқыту,

  • Ақпараттық-коммуникативтік технология,

  • Кәсіби бағдар беру,

  • Интерактивті оқыту технологиялары

Сабақты жоспарлау барысында сабақтың әр кезеңінде АКТ ны қолдануға тырысамын. Сабақтың ұйымдастырушылық кезеңінде сабаққа толық жұмылдыру үшін тақырыпты әдетте мәлімдеу мен мақсаттарды тұжырымдаудан басқа зерделенетін тақырыпты көрсету, проблемалық жағдайды туғызу мәселелерін бейне/фото немесе таныстырылым түрінде көрсетуге болады. Бұл Yandex, Youtype, Google cандық карталары т.б болуы мүмкін. Тапсырмалары мен сұрақтары бар таныстырылымдар, бейнероликтер,картиналар сабақтың мақсаттарын зерделеуге аударады.
Студенттердің өтілген материалдың білімін бекіту кезінде түрлі нысандағы тапсырмаларға АКТ құралдарын ішінде Kahoot (getkahoot.com), Quizlet, LearninApps онлайн-сервистерін айтуға болады. Ол компьютерлер, планшеттер, ұялы телефондар және басқа да құрылғылар арқылы орындауға болатын тестілерді, сұрақ-жауаптарды, тапсырмаларды интерактивті тәсілмен жасауға мүмкіндік береді. Орындалған тапсырмалардың нәтижесін сервис электронды кестеге шығарып береді. Лезде бағаланады.
Google компаниясының құралдарының кең мүмкіндіктеріне лайықты баға беруіміз керек. Үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексерген кезде тек тестілер ғана емес, сонымен қатар мультимедияның барлық түрлерін –суреттер, анимация, аудио т.б алуан нысандарды құрастыруға болады.
Сонымен қатар мен өзім сабақтарымда білімді тексеру және бекіту кезінде жиі қолданатын LearningApps.org онлайн сервисін ерекше атап өткім келеді. Интерактивті жаттығулар және ойын нысанында жаттығулар жасауға жол береді.
Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады. «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнінен бірнеше оқу құралдарын Фолиант баспасынан тест жинағы және зертханалық жұмыстар жинағы шығарылды. 2006 жылы 1 –ші басылым, 2016 жылы 2-ші басылымы шығарылды. Колледж кітапханасына 50 данасын өткіздім. ЦӘК оқытушылары күнделікті сабақтарында осы оқу құралдарын кеңінен пайдалануда.
Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді.
Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет