Әсет мұҚашбеков


Ауа ерекшелігі және оның сапасы



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#9523
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Ауа ерекшелігі және оның сапасы: суық, жеңіл, құрғақ, өткір, қозғалғыш, 
өзгергіш,  тез,  айқын.  Ауа  ерекшелігі  басым  адам  да  осындай  қасиеттерге  ие. 
Өздеріңіздің, 
балаларыңыздың, 
туысарыңыздың, 
жақындарыңыздың, 
таныстарыңыздың  дене  бітімдерін  анықтау  үшін  төмендегі  сұрақтарға  жауап 
беруіңіз  керек.  Денесінде  ауа  басым  ерекшеліктері  бар  адамдардың  бітімінің 
қасиеттері мен сапасы сұрақтардың соңынан баяндалады. (Балдық көрсеткіш 1-
6  дейінгі  сандармен  ерекшеліктерге  бейімділіктің  арту  дәрежесін  көрсетеді.  6 
саны сіздің сол ерекшеліктегі адам екеніңізді көрсетеді).  
 
Дене бітімінде Ауа ерекшеліктері бар адамдарды анықтау сұрағы: 
 

 
91 
Сұрақтар   
орташа  бұл мен 
1.  Дене  бітімі:  нәзік,  аласа 
бойлы,  сүйекті,  тарамыс  келеді. 
Ұзын бойлылары да бар. 
 

2.  Салмағы:  жеңіл,  ұзын 
бойлылырының  дене  бітімдері 
арбиған сүйекті, арық.                           
 

3.  Терісі:  құрғақ,  тұрпайы, 
қабыршақтанған  суық,  қаралау 
мең таптары бар қара қошқыл.                                       

 
4.  Шашы:  қара  бұйра,  тез 
сынатын құрғақ.           

 
5.  Тістері:  үлкен,  қисық,  тістері 
дұрыс айқаспайды.                                                                     
 

6. 
Көздері: 
өлеусіреген 
кішкентай,  қабағы  мен  қасы 
білер  білінбес,  алшақ  қаралау 
шүңірек болады.                                                  

 
7. Ұнататын дәмі: тәтті, қышқыл, 
тұздалған.           
 

8. Тәбеті: тұрақсыз                                                       
 

9.  Дәреті:  аз  мөлшерде  құрғақ 
болады.                      
 

10.  Ақылы:  мазасыз,  тұрақсыз, 
құбылмалы.                
 

11.  Ұйқысы:  ауық-ауық  оянады, 
құс ұйқы.                  

 
12. Сөзі: тез және асығыс.                                              
 

13. Жүрісі: тез, асығыс, шалт.                                        
 

14. Ақша жағадайы: еш уақытта 
байымайды,  алған  қарызын 
жылдам ұстап қояды.                                 

 
15.  Қолы  суық,  аяқ-қолы  жиі 
тоңып жүреді.                 
 

16.  Қорқыныш  пен  үрейден 
зәресі ұшып жүреді.                                                                                    
 

17.  Күншуақты,  жылыны,  суды 
жақсы көреді 
 

18. 
Қан 
қысымым 
жиі 
көтерілетіндіктен, 
мен 
тез 
шаршаймын.                                                             
 


 
92 
Жиыны:                            
21 
78 
 
 
 
 
 
 
    
Барлық Ауа     99   
 
 
Бұл  ұпайларды  жинау  көрсеткішінің  мысалы.  «Орташа»  деген  бөлекте  сіз 
нақтылы  жауабыңызға дүдәмалсыз. Соңғы «6» деген санды қойған бөлікте сіз 
қойылған сұрақпен келісесіз, өзіңіздің бітіміңізде осындай ерекшеліктердің бар 
екенін мақұлдайсыз. 
 
 
Дене бітімінде Ауа ерекшеліктері бар адамның мінездемесі 
 
Дене бітімінде Ауа ерекшеліктері бар адамдар әлсіз болып, иықтары мен 
жанбастары  қушиып,  аяқ-қолдары  кішкентай,  сүйектері  білініп  тұрады.  Егер 
ұзын  бойлы  болса  арбиған  сүйекті,  қолы  күректей,  аяғы  үлкен,  тамырлары 
адырайып еңкіштеніп жүреді. Бұл адамдар арықтықтан жиі запа шегеді. Бірақта, 
әдемі қимылды қосамжарланған ерекшеліктері бар Ауа бітімді адамдар да бар. 
Олардың  кеуде  сүйектері  тегіс,  қан  тамырлары  мен  сіңірлері  көрініп  тұрады. 
Терілері  суық,  меңі  көп  қаралау  болады.  Терілері  көбінесе  құрғақ,  қолы 
қабыршықтанып, өкшесі тілініп, ерні жарылып жүреді. Толқынданған шаш өте 
сирек  кездесіп,  шашының  түрі  бозғылт  немесе  қара  қоңыр,  қабағы  мен  қасы 
білер білінбес болады. Көздері жансыз, кішкентай, шүңірек, не жақын, не бір-
бірінен  алыс  орналасуы  мүмкін.  Тырнақтары  тұрпайы  жиі  сынады.  Бұл 
адамдардың  ақылы  мен  қуаты  ауа  сияқты    құбылмалы.  Бұлар  өте  тынымсыз, 
бірақ  тез  шаршайды.Тұрақсыздық  күшінде  де,  сезімінде  де  сезіліп,  көңіл 
күйлері  күніне  бірнеше  қабат  өзгереді.    Өздерінің  ісіне  батыл,  сенімді  емес, 
сондықтан да өрескел қателер жіберіп нәтижесі болжамсыз болуы мүмкін. Кей 
кездерде  сауысқаннан  да  сақ.  Олардың  мінездеріндегі  негізгі  ерекшеліктері  – 
мазасыздық  пен  тынымсыздық.    Ақылдың  тынымсыздығынан  қан  қысымдары 
көтеріліп, қорқыныш пен үрейдің жетегіне жиі ереді. Олар ыстық, майлы сұйық 
тамақты,  тәттіні, қышқылды, тұз  ащы болғанын ұнатады және тамақ таңдауда 
да  тұрақсыз.  Олардың  көп  жеуі  де,  мүлдем  жемей  қоюы  да  мүмкін,  суды  аз 
ішеді,  белгілі  тамақ  ішетін  уақыттары  жоқ.  Бұл  адамдар  тоңғақ  болғандықтан 
жылы киініп, ызғырықты жақтырмайды. Сырттағы суық, ішіндегі суыққа деген 
сезімін үдетіп жібереді. Суық денесіндегі ауаны құрсаулап тастағандықтан, тез 
шаршап,  қимылышаңдығынан  айрылып  қалады.  Салқын  болғанда  аз  сөйлейді, 
үнемі алаңдап жүрексініп, қозғалысы баяулап, тынымсыздығын жоғалтады. Бұл 
адамдар  көп  сөйлегендіктен  қуатының  деңгейі  тез  төмендейді.  Кіші  дәреттері 
толық  шықпай,  үлкен  дәреті  құрғақ,  аз  мөлшерде  ғана,  жиі-жиі  іштері  қатып 
қалады.  Ұйқылары  мазасыз,  құс  ұйқы,  түні  бойы  түс  көреді.  Ойының 
тынымсыздығынан көпке дейін дөңбекшіп ұйықтай алмайды, түнде оянып кетсе 
тағы да ұйықтауы қиындайды. Тістері үлкен, тістеуі дұрыс емес, алдыңғы өткір 
екі  азу  тісі  ақсиып  алдыға  шығып  тұрады  немесе    кішкентей.  Көптеген  аласа 
бойлы адамдардың дене бітімдері жақсы қалыптасқан. Кей кездерде қисық аяқ – 
талтақ,  омыртқалары  қисық  болады.  Олардың  ішінде  байлар  сирек,  ақша  көп 

 
93 
тұрақтамайды,  қалай  болса  солай  шашып  ұстайды,  қор  жинамайды,  қарызға 
белшесінен батып жүреді, өздерінің ақылдарының тынымсыздығынан көп өмір 
сүрмейді.  Орташа  ғұмырлары  65  жас.  Бұлар  шабытты,  сақ,  тынымсыз, 
әрқашанда  бір  жаққа  асығып  жүреді,  олардың  байсалды  жүрген  қалпын  өте 
сирек  көресіз.  Олар  ақпаратты  қалай  тез  қабылдаса,  солай  жылдам  ұмытады. 
Сана күшінің қуаты төмен, құпияны сақтай алмайды, білген нәрсесін қолма-қол 
жария етеді. Ерік күш жігерлері, өзіне деген сенімділігі мен жүректілігі аз және 
шыдамсыз. Ауа ерекшеліктеріндегі адамның бітімі тепе-тең қалыпта болса, өте 
доссжар,  көмекке  дайын  тұрады,  бірақта  дұрыс  өмір  сүре  білмегеннен, 
мазасыздық  пен  үрей  елесі  ақылын  божытып  жіберетіндіктен  өзіне-өзі  сеніміз 
болып,  әңгімені  дау-дамайға  айландырып,  сіркесі  су  көтермейді.  Қылқынып, 
буынып сөйлейді. 
 
Ауа бітіміндегі адамдардың, ауа алмасуының бұзылуынан болатын негізгі 
аурулары  –  жүйке  жүйесінің  бұзылуы,  жүйке,  буын,  сүйек,  іш  қату,  секіріп 
тұратын  қан  қысымы,  хандроз,  күйзелу  т.б.  аурулар.  Денедегі  ауа  ағымының 
бұзылуынан дене 83 ауруға шалдығуы мүмкін, себебі тәнде ауа басты орында, 
ауаның  дұрыс  ағым  жасамауынан  денедегі  от  пен  судың  да  ағымы  бұзылады. 
Денесінде  Ауа  ерекшелігі  бар  адам  тепе-теңдік  қалыптан  шыққан  уақытта, 
өмірден  орнын  таба  алмай,  айналасындағыны  түгелдей  сынайды,  мінейді, 
өмірге наразы болғандықтан бәрін керісінше істейді. 
 
Бітімінде  Ауа  ерекшелігі  бар  адам  қоршаған  ортаның  өзгеруіне  өте 
сезімтал,  қатты  шуды,  дыбысты  жақтырмайды.  Тепе-теңдік  жағдайда  көңілді, 
сөзшең,  қиялы  мол,  тынымсыз.  Бұндай  адамдар  күні  бойы,  ауық-ауық  15-20 
минуттан  үзіліс  жасап  дем  алулары  қажет.  Оларға  –  ауыр  жұмыс,  спорттың 
ауыр  түрлері:  алысқа  жүгіру,  футбол,  хоккей  т.б.  шұғылдануға  болмайды. 
Оларға  ұзақ  уақыт  ораза  тұтып  аштық  ұстауға  болмайды,  керісінше  1-2 
күндік ораза қажетЕң дұрысы апта сайын 24-36 сағат ашығу ұстау. Суық 
емес,  жылы  сумен  құйынғандары  жөн.  Сондай-ақ  қатты  әсер  ететін: 
қорқынышты,  ауыр  фильмдерді  көруге  болмайды,  онда  жүйкесі  жұқарып 
ұйқысысыздыққа  ұшырайды.  Оларға  қайырымды,  мейірімді  адамдармен 
араласу,  жылы  ауа  райы,  жылы  ванна,  ыстық  тағам  жақсы  әсер  етеді.  Суық 
күндері  аяқтарын  тоңдырмай  жылы  шұлық  киіп,  жатар  алдында  аяғын  жылы 
суға малып, өкшесін, табанын маймен уқалап, сылап-сипау қажет. Осының бәрі 
жылылық сақтау шаралары. Олар резеңке етік, әсіресе суық ауа райында киіуге 
болмайды; резеңке аяқты тоңдырып, қуаттың бәрі аяқ арқылы шығып кетеді де, 
суық – қан жүру мен ауа алмасуын баяулатып жібереді. Бұлар күніне үш уақыт 
тамақтанып,  ауаның  сапасын  өзгертіп  жіберетін  қоймалжың,  өткір,  ащы 
дәмдерді  және  тамақты  құрғақтай  жемеулері  керек.  Осы  адамдардың  басты 
ережесі – қай жерде, қандай жағдайда болмасын өзін өзі зорламауы, қинамауы 
шарт. 
 
Ізденуші Әсет Ризаұлының төртінші толғауы. 

 
94 
Тақырыбы:  Дене  бітімінде  болатын  ерекшеліктердің  түрлері,  осылардың 
сапасы мен қасиеттері.  
 
 
Дәрі-дәрмек  атаулысының  таңдаулысы  –  жақсы  демалыс  пен  нәпсіні  тежеу.               
 
 
 
 
 
 
Бенджамин Франклин 
 
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, адамның дене бітімінде болатын ерекшеліктердің 
түрлері қандай? 
Жауап:  –  Қастер  Сарқытқанұлы,  бұл  сұрағыңызға  кеңінен  тоқталып 
өтейін. 
 
Қосамжарланған дене бітімдері 
 
Табиғатта  дене  бітімдерінде  жалғыз  және  үш  ерекшеліктері  бар  адамдар 
сирек  ұшырасады,  негізінен  адамның  бітімі  қосамжарланған  ерекшеліктерден 
құралады.  Болашақ  адамның  дене  бітімі,  ұрықтанған  кезде  ата  анасының 
денесінде  болатын  ауа,  от,  судың  ара  қатынас  мөлшерімен  анықталады. 
Балалардың келбетінің де ата анасына ұқсауының да себептері осыдан шығады. 
Осы  екі  ерекшелік  адам  ағзасына  қалай  әсер  ететінін  түсіну  үшін,  ауа  райын 
бақылауымыз  қажет.  Жылдың  белгілі  бір  ауыспалы  кезеңінде  әрбір  ерекшелік 
жеке  байқалады.  Ол  жылдың  мезгіліне  байланысты  болады.  Адамның  қос 
ерекшеліктері  бір  мезетте  байқалмайды.  Мысалы,  жылдың  төрт  мезгілі  үш 
ерекшелікке байланысты, Ауа – суық қыс айлары, көктемнің басы, От – ыстық 
жаз айлары, көктемнің аяғы мен күздің басы, Су – қар еріген, су тасыған көктем 
айлары. Жыл мезгілдерінің алмасуы да, бізідің дене бітіміміздегі ерекшеліктерді 
алмастырады.  Мысалы,  ыстық  жаз  айларында  суық  тамақ  ішуді  қалаймыз,  ал 
майлы,  ыстық  тағамдарды  ішкіміз  келмейді,  себебі  ыстық  жазғы  уақытта, 
ішіміздегі отымыздың да қызыуы арта түседі. Дене бітімінде қос ерекшеліктері 
бар адамдар жыл мезгілінің өзгерістерін есепке алып жүрулері қажет. Егер қыс 
болса  дене  бітімінде  ауа  ерекшелігі  бар  адам  өзін  жылы  ұстап,  ыстық  сусын, 
ыстық  тамақ  ішіп,  суық  тамаққа  (балмұздақ,  суық  салат  т.б.)  өздері  де 
жоламайды. 
 
 
Дене бітімдерінде Ауа-От ерекшеліктері бар адамдар 
Бұндай  адамдардың  дене  бітімі  онша  нәзік  емес,  арық,  қимылдары  жылдам, 
сөзшең,  көпшіл,  бірақта  салмақтырақ,  есті,  аңғарымпаз  келеді.  Оларда  артық 
мазасыздану,  орынсыз  күйгелектену  деген  болмайды.  Денесіндегі  отқа 
байланысты ас қортулары жақсы, суықты онша елемейді, себебі қан айналымы 
да  жақсы  жұмыс  істейді.  Аяқ,  қолдары  онша  тоңбайды,  қан  қысымдары  да 
тұрақты.  Ерекшеліктері  тепе-теңдік  қалыпта  болғанда  көңілді,  көпшіл,  қарым 
қатынасқа  жақсы,  мазасыздану  мен  күйгелектікке  онша-мұнша  бой  бермейтін, 
сабырлы  болады.  Егерде,  ерекшеліктердің  тепе-теңдігі  бұзылған  жағдайда  Ау 
мен  От  ерекшеліктерінің  жаман  жақтары  бірден  білінеді,  үрей,  қорқыныш, 

 
95 
мазасыздану,  ызы  мен  ашу,  көре  алмаушылық  белең  алып  кетеді.  Бұндай 
адамдар ең мазасыз болып, емдеуі өте күрделі болады. Олар ұйқысыздық, жүйке 
жүйесі,  жүйке  ауруларына,  арқалары  ауырып,  ішке  жара  түсіп  От  пен  Ауа 
ерекшеліктерінің ауруларына шалдығады, бірқалыпта болмай, жүгенсіз кетеді. 
 
 
 
 
Дене бітімдерінде От-Ауа ерекшеліктері бар адамдар 
Бұндай адамдардың дене бітімдері қалыпты, орта бойлы, бұлшық еттері жақсы 
дамыған,  қайратты  жандар.  Бұлар  табанды,  алған  бетінен  қайтпайтын,  анау-
мынауыңнан ұялмайтын, тәуекелшіл, қандай істі болмасын жігерленіп істейді. 
Ауа  ерекшелігінен  гөрі,  От  ерекшелігі  басым  болады,  жетекші  орында  От, 
сондықтан да оларда Оттың ерекшелігі анық білініп тұрады. Бірақта, олар осы 
ерекшеліктерге  тән  –  қорқыныш,  ашу  сезімдерін  бастарынан  өткеріп  тұрады. 
Ауаға  тән  ерекшелік  –  күмәндану,  іс-әрекектке  кіріскенде  сенімсіздік  белең 
алады  да  мазасызданып,  өзін  қоятын  жер  таба  алмай,  шалт  қимылдар  жасай 
бастайды.  Бұлар,  әсіресе  тепе-теңдік  бұзылған  жағдайда  ерекше  айқындала 
түседі.  Басқа  дене  бітімдегі  адамдардың  ерекшеліктермен  салыстырғанда, 
Ауаның  қатты  қозуынан,  Оттың  жарылуына  бейім  тұрады.  Бұндай  адамдар 
қорқыныш  пен  ызаның  әсерінен  жанжалшыл  болып,  өзінің  дәрменсіздігін 
сездірмеу үшін, басқаруға көнбей кетеді. 
 
Дене бітімдерінде От-Су ерекшеліктері бар адамдар 
Бұндай  адамдар  өте  күшті,  құрыш  денелі  келеді.  Бұлар  табандылығымен, 
қаттылығымен,  мінезінің  тұрақтылығымен,  денсаулығының  мықтылығымен 
ерекшеленеді. Денелері тығыз, бұлшық еттері жетілген еңгезердей адам болуы 
мүмкін.  Бұларда  тұрақтылық,  байсалдылық,  бірқалыптылық  барлық  істеген 
істерінен  байқалып  тұрады.  Су,  Оттың  бет  алды  лап  етіп  жануын  тежеп, 
қимылына  бірқалыптылық  пен  байсалдылық,  сабырлылық  беріп  отырады. 
Оларды  байсалдылық  қалпынан  тайдыру  өте  қиын.  Бұл  адамдардың 
денсаулықтары  өте  жақсы,  Су  күш  пен  шыдамдылық  бергендіктен  тамаша 
спортшы  болады.  Олар  спортпен  шұғылданғанда  жақсы  жетістіктерге  жетеді, 
себебі  От  жалын  берсе,  Су  тұрақтылық  пен  шыдамдылық  береді,  осы 
қасиеттерінің  арқасында  алдына  қойған  мақсатына  жетпей  тынбайды.  Дене 
бітімдерінде  От  пен  Су  ерекшеліктері  бар  адамдардың  денесі  құрыштан 
құйылғандай әдемі болады. Осы адамдар – От тамақтың жақсы қортылуын, ал 
Су  андай-мұндайға  бой  бермейтіндіктен  өте  тамаша  денсаулықпен 
жабдықталған. Бұл адамдар да дене бітімінде От бар адамдар сияқты тамақсау, 
қарындары  ашса  қоршаған  адамдарын  жақтырмайды,  қазекең  мұндай 
адамдарды: «ақылы тамағында» – деп қалжыңдайды. 
 
 
Дене бітімдерінде Су-От ерекшеліктері бар адамдар 

 
96 
Бұл  адамдар  дене  бітімдерінде  От-Су  ерекшеліктері  бар  адамдармен 
салыстырғанда  анағұрлым  дәу,  семіз  болады.  Беттері  толық,  майлары  көп, 
бұлшық еттері дамыған, ұзын немесе орта бойлы, дөңгеленіп келеді. Жүрістері 
баяу,  балпаңдап  жүреді.  Осы  адамдардың  денесінде  Су  басым  болғандықтан, 
судық  қасиеттері  дарыған.  Бұндай  адамдар  махаббатқа,  кешіруге  бейім,  өте 
шыдамды, қамқоршы, мұқият. Осы адамдар үнемі өздерінің денелеріне жұмыс 
беріп отыруы тиіс, сол кезде өздерін жақсы сезінеді, әйтпесе тез семіріп толып 
жалқаулық  басып,  бей-жай  күйге  түсіп,  еш  нәрсе  істегілері  келмей  қалады,  ал 
бұларды  орнынан  қозғау  дене  бітімінде  От-Су  ерекшеліктері  бар  адамдарды 
қозғаудан да қиын. Бұл адамдардың да ас қорту мүшелері де мүлтіксіз, керемет 
жұмыс  қылады,  егер  жалқаулықтың  нәтижесінде  Судың  тепе-теңдігін  сақтай 
алмай  қалмаса,  аурудың  не  екенін  білмей,  дендері  әрқашанда  сау  болады. 
Олардың  денесінде  күшті  өмір  күші  бар,  осы  өмір  күші  ағзадағы  уларды, 
қалдықтарды  уақтылы  шығарып  отыратындықтан  денсаулықтары  тамаша 
болады. Денеде улы заттар неғұрлым аз болса, өмірлік күш-қуат соғұрлым мол 
болады,  сондықтан  да  осы  адамдардың  шыдамдылығы,  төзімділігі  де  артық, 
олар  күрес,  ауыр  атлетикамен  шұғылданса  тамаша  нәтижелерге  жетіп,  жақсы 
спортшы бола алады. Денесіндегі Судың мол мөлшеріне байланысты үнемшіл, 
есепшіл,  ал  денедегі  От  байлыққа,  шоғырлап  жинауға,  даңққа,  атаққа 
құмарлығын  арттырып,  өмір  сүру  ағымындағы  жанталас  күресте  қуат  беріп 
отырады. 
 
 
Дене бітімдерінде Ауа-Су ерекшеліктері бар адамдар 
Бұл  адамдарды  анықтау  қиынға  соғады,  себебі  Ауа  мен  Су  бір-біріне  қарама-
қарсы  жағдайда.  Әдетте  бұндай  адамдар  аласа  бойлы,  себебі  денесінде  Ауа 
басым,  олар  онша  арық  емес,  сүйектерінің  жіңішкелігіне  қарамай  араларында 
толық,  семіз  адамдар  да  кездеседі,  ал  негізінен  орташа,  тұрақты  салмақта 
болады.  Егерде,  өлі  және  су  жинайтын  тамақтарды  іше  берсе  өзгеріп  Судың 
қасиетіне ие болуы мүмкін. Онда олар семіріп, тамақсау, тәттіге құмар болады. 
Бұлар салмақты, байсалды, бірақ жайбасар, бәрін тексеріп өлшеп-пішпей жауап 
бермейді, сауысқандай сақ, іске кірісерде жанданып, қуаттанып кетеді. Олар өте 
үнемшіл,  ақшаны  бет  алды  шашпайды.  Ас  қортуы  бірқалыпты  емес,  баяу. 
Егерде дене бітімдерінде тек Ауа ерекшеліктері бар адамдар мазасыз, тынымсыз 
болса,  бұларда  керісінше  –  онша  көп  сөйлемейді,  байыпты,  сыртқы  ортаның 
қолайсыз  жағдайларына  беріле  қоймайды.  Судың  қасиетінің  арқасында 
денсаулықтары мықты. Дене бітімінде Ауа-Су ерекшеліктері бар адамдарға ішкі 
мазасыздықтан да, қоршаған орта көбірек әсер етеді. Жанұядағы не жұмыстағы 
келеңсіздік, ағзадағы Ауаны көбейтіп жібергендіктен, ол өзінің сабырлы қалпын 
жоғалтып,  ұйқысы  қашады,  тәбеті  жоғалады,  үрей  билеп,  өзіне-өзі  сенімсіз, 
бәрінен  күмәнданып,  қорқыныш  билеп  мазасызданады  да,  Судың  тұрақтылық 
қасиетін тұмшалап тастайды. 
 

 
97 
 
 
Дене бітімінде Су-Ауа ерекшеліктері бар адамдар 
Бұлар  дене  бітімдерінда  Ауа-Су  ерекшеліктері  бар  адамдарға  қарағанда  тіпті 
жайбасар,  үлкендеу,  денелері  әдемілеу  және  өмірлік  күш-қуат  қоры  молырақ 
келеді.  Өздері  аласа  бойлы,  дөңгелген,  бет  әлпеттері  толық  болады.  Суық  ауа 
райында күйгелектеніп, мазасызданып, ал егер де істері жанына жақпаса, ұзақ 
күйзеліске түсіп кетеді. Ерекшеліктері тепе-теңдік қалыпта болғанда жайдарлы, 
қайырымды,  ілтипатты,  жаны  ашығыш,  ал  егерде  денесіндегі  ерекшеліктердің 
тепе-теңдігі  бұзылса  сүйіспеншілікке  деген  бейімділігі  майға  айланып,  семіре 
бастайды.  Барлық  толық  адамдарға  тән  ерекшелік:  өздерінің  сүйіспеншілігін, 
махаббатын  біреумен  бөлісе  алмағанда,  онда  оның  осы  қасиеті  дененің  әр 
жеріне май болып шоғырланады. Бұл адамдарда қазіргі жағдайда Ауа немесе Су 
ерекшеліктерінің  қайсысы  басым  екендігін  білу  қиын  емес,  егер  де  Ауа 
ерекшелігі басым болса – мазасызданып, ұялшақтанып, нақтылы шешімге келе 
алмай  берекесі  кетеді,  ал  егер  де  Су  ерекшелігі  басым  болса  онда  олар 
көңілденіп, өзіне-өзі сенімді болады. 
 
Дене  бітімдерінде  Су-От-Ауа  үш  ерекшеліктері  бар  адамдар  өте  сирек 
кездеседі,  бұларда  жоғарыда  айтылып  өткен  қасиеттер  мен  ерекшеліктердің 
үшеуі де бірдей мөлшерде болады, сондықтан да мұндай үш ерекшеліктері бар 
адамдар,  өздерінің  ерекшеліктеріне  орай,  жылдың  мезгіліне  сәйкес 
тамақтанулары қажет.  
 
 
Ізденуші Әсет Ризаұлының бесінші толғауы. 
Тақырыбы: Дене бітімінде От ерекшеліктері бар адамдарды анықтау сұрағы. 
Дене бітімінде от ерекшеліктері бар адамдарды қалай анықтауға болады?  
Ұзақ өмір сүрудің әдісі – оны қысқартпау. 
 
Дене бітімінде От ерекшеліктері бар адамның мінездемесі. 
 
Сұрақ:  –  Әсет  Ризаұлы,  дене  бітімінде  от  ерекшеліктері  бар  адамдарды 
қалай анықтауға болады? 
Жауап: – От ерекшелігі және оның сапасыыстық, жеңіл, өткір, тығыз, 
майлы, жылдам, ылғалды, жаман исті. 
 
Дене бітімінде От ерекшеліктері бар адамдарды анықтау сұрағы: 
Сұрақтар 
орташа 
Бұл мен 
1. Дене бітімі: әдемі, орташа толықтықта 
 
 
2. Салмағы: орташа, қалыпты 
 
 
3.Терісі: қызғылтым, ноқаты бар ақшыл, 
күнге жөнді күймейді, ыстық жазда аяқ 
қолы терлеп жүреді. 
 
 

 
98 
4. Шашы: сарғыш, ақшыл, қара, тез 
ағарады, қасқабас, шашы майлы 
 
 
5. Тістері: біркелкі, сирек, сарғыш 
 
 
6. Көздері: өткір, өңменіңнен өтеді 
 
 
7. Ұнататын дәмі: тәтті, ашты, қоймалжың 
 
 
8. Тәбеті: қомағай 
 
 
9. Дәреті: үлкені майлы, мол, іш қату 
болмайды 
 
 
10. Ақылы: аңғарымпаз, өткір 
 
 
11. Ұйқысы: терең, аз 
 
 
12. Сөзі: анық, шешімді, жігерлі, шешендігі 
мен даукестігі керемет 
 
 
13. Жүрісі; нық, серпінді, жігерлі 
 
 
14. Ақша жағдайы: көбінесе молшылықта, 
өзінің молшылықта шомылғанын ұнатады, 
құмарлық байлауында болады 
 
 
15. Қолы мен аяғы үнемі терлеп иістеніп 
жүреді 
 
 
16. Асқазаны мен ішегінде күйдіру ағымы 
жиі болып тұрады 
 
 
17. Жиі ыза болып ашуланамын 
 
 
18. Суық ауа райын ұнатамын 
 
 
 
 
Дене бітімінде От ерекшеліктері бар адамның мінездемесі 
 
Бұл  адамдар  орта  бойлы,  сұңғақ,  сұлу  денелі  келеді.  Олардың  кеуде 
сүйегі, Ауа бітіміндегі адамдардікіне қарағанда шығыңқы, қан тамырлары мен 
сіңірлері  орташа  көрініп  тұрады.  Оларда  мең  мен  қызғылтым  түстес  ноқаттар 
жиі  кездеседі.  Бұлшық  еттерінің  дамуы  орташа.  Бет-әлпеті  қызыл  шырайлы,  
ашық  жарқын.  Терісі  жұмсақ,  ыстық,  алақаны  ылғалды,  Ауа  бітіміндегі 
адамдармен  салыстырғанда  әжім  аз.  Шашы  жіңішке,  жібек  тәріздес  қара, 
қоңырқай, сары не ақшыл, ерте ағару мен қасқабастыққа жуық. Көбінесе майлы 
болғандықтан  салбырап  тұрады,  араларында  тік  шаштылары  да  кездеседі. 
Көздері әртүрлі қара тұңғиықтан ақшыл-жасыл түске дейін, басқа бітімдермен 
салыстырғанда  өткір,  қарағанда  өңменіңен  өтіп  кете  жаздайды.  Тырнақтары 
жұмсақ,  қызғылт  не  сарғыш,  танаулары  түзу  не  біз  танау,  еріндері  кішкентай, 
қызыл болады. Зат алмасу ағымы қарқынды жүргендіктен тәбеті тамаша, ішегі 
жақсы  жұмыс  қылады..  Мұндай  адамдар  тамақсау,  артық  жеп  қойып  сұйықты 
көп  ішеді.  Табиғатында  тәтті,  ашты,  қоймалжың  дәмдерді  ұнатады.  Тістері 
біркелкі  кішентай  сарғыш,  көбінесе  алдыңғы  тістері  сирек.  Іш  қату,  дәрет 
жүрмей  қалмау  болмайды,  дәреті  мол,  майлы,  сұйық.  Олар  мектепте  жақсы 
оқиды,  әр  істің  ұйымдастырушысы  әрі  жетекшісі,  ақпараттарды  тез 

 
99 
қабылдайды,  еске  сақтау  қабілеті  тұрақты,  жақсы  сөйлеп  елді  ұйыта  алады. 
Олар  шабыттың  адамдары,  аңғарымпаз,  жігерлі  және  тәуекелшіл.  Қатты 
ұйықтаса  да  аз  ұйықтайды,  тәулігіне  3-4  сағат  ұйқы  жеткілікті.  Олардың  кіші 
дәреттері  сары  түстес,  көп  бөлінеді.    Ылғал  денелерінен  бу  түрінде  көп 
буланады. Дене қызулары аздап жоғары, жүрістері жігерлі, сенімді, нық. Ақша 
табудың жолдарын біледі, құмарлық байлауында. Жақсы еңбектенгеннен кейін 
бай  болып  молшылықта  өмір  сүреді.  Байлыққа,  құрметке,  даңққа  ұмтылады, 
бірақта  жиі-жиі  ыза  болып  ашуланады.  Сүйсе  нақ  жүрегімен,  жек  көрсе  бар 
көңілімен.  Олар  өздеріне  сенімді,  достарының  арасында  ойын-тойда  көңілді, 
қалжыңбас,  тапқыр,  кең  пейілді.  Мұндай  адамдар  қысты,  салқын  ауа  райын 
ұнатып, шаңғы тебуді, спорттық ойындар мен құмар ойындарды жақсы көреді. 
Қойған  мақсатына  табандылықпен  жетпей  қомайды,  ыстық  ауа  райын  және 
шақырайған күн көзін де жақтырмайды. 
 
Бұларды көбінесе нәпсі билегендіктен шым-шытрман оқиғаларға әуес. От 
ерекшеліктерінің дене бітімдерінде теп-теңдік қалпы бұзылған жағдайда сіркесі 
су  көтермейтін  ызақор,  сөздерін  шаншып,  тік  сөйлеп  өздерінің  дұшпандарына 
сын,  мазақ  өлеңдер  арнауы  мүмкін,  бет  алды  айқайлап  сүйкімін  жоғалтады. 
Денесінде  От  бітімі  бар  адамдар  қара  жұмысты  жақтырмайды,  аулақ  жүруге 
тырысады.  Бұлар  өзімшіл,  басқару  тұтқасын  ұстағанды  жақсы  көріп,  пәндік 
(материалдық)  гүлденгенді  бағалай  біледі.  Өздерінің  молшылықта,  байлықта 
екенін  мақтаныш  тұтады,  кеуделерін  кереді.  Өздеріне  сын  айтқанды 
жақтырмайды,  қанағаттанбау  сезімі  билесе  шабуылға  шығады.  Денесінде  От 
бітімі  бар  адамдардың  әсер-сезімі:  құмарлық  пен  тойымсыздықтың  және 
қанағатсыздықтың  нәтижесінен  туындайды.  Көре  алмаушылық,  ызы  болу, 
ашулану,  қызғаныш  сезімдері  өттегі,  бүйректегі  қалыпты  жағдайды  бұзып  ол 
адамдардың зат алмасу ағымдары бұзылады. Асқазан мен ішектегі жара, өттегі, 
қуықтағы тас, қан қысымы мен қан-тамыр жүрек, тері, көз аурулары және ащы 
кекірік  ағзадағы  от  ағымының  бұзылуының  көрсеткіші.  Тепе-теңдік  қалыпта 
жанарлары  қуаныш  пен  қайырымдылыққа,  ал  тепе-теңдік  қалып  бұзылса 
көздері қанталап, өлеусіреп кетеді. Салмақтары секірмелі болмайды, бірақта тез 
толып, жылдам ари алады. Бет әлпеттері дұрыс, оларда туа салысымен дарыған 
қасиет  –  тәртіпке  және  қуатын,  ақшасын,  күшін  біркелкі  реттеп  бөлуге 
бейімділігі.  
Тамақты  уақытында  ішпесе,  ішіндегі  күшті  от  жүрек  тұсын  күйдіріп, 
жараға,  көтекке  (геморрой)  ұшыратуы  мүмкін,  сондықтан  да  қарны  ашып 
тұрғанда  шырт  етпе,  ызақор  болатын  жөндері  де  бар.  Сондықтан  дене 
бітімдерінде  От  бар  адамдар,  тамақ  мерзімін  жіберіп  алмай  күніне  3  мезгіл 
тамақ  ішулері  керек.  Бұл  адамдардың  терілері  –  ішектерінде  ызақорлықтың 
салдарынан запыран көп шоғырланатындықтан әртүрлі ауруларға бейім тұрады,  
қорғанысы  (имунитеттері)  төмен.  Өмірінің  негізі  жұмыс  болғандықтан, 
жұмысқа  беріліп  кетеді,  осы  кезде  тепе-теңдік  қалып  бұзылып  ұйқысыздыққа 
ұшырайды. Осы адамдар қалыпты жағдайда өмір сүремін десе, жұмысты белгілі 

 
100 
бір  тәртіппен,  кестемен  істеулері  керек.  Дене  бітімінде  От  бар  адамдарға 
ішімдік қатты әсер етеді, ол да «ашты». Ашты дәм денесіндегі отты онан әрмән 
маздатып,  арақты  мөлшерсіз  ішіп,  мас  күйінде  жанжалды  өздері  бастайтын 
болады. Темекі шегу де денесіндегі отты жаға түседі, себебі оның да дәмі ашты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет