Эшерихий, шигелл және сальмонелланың ерекше қасиеттерінің кестесін құру



бет1/6
Дата04.12.2022
өлшемі29,39 Kb.
#54698
  1   2   3   4   5   6

Эшерихий, шигелл және сальмонелланың ерекше қасиеттерінің кестесін құру.




ЭШЕРИХИЙ

ШИГЕЛЛ

САЛЬМОНЕЛЛА

ПАТОГЕНЕЗ

Инфекцияның ену қақпасы – ауыз қуысы. E.coli ащы ішекке түсіп, оның эпителий жасушаларына талғамдылық қасиетке ие бола отырып, пили (кірпікшелер) мен сыртқы мембрана ақуыздарының көмегімен ащы ішектің эпителиясының жасушаларына жабысады. Бактериялар көбейеді, өледі, ішектің жиырылуын күшейтетін экзотоксин бөледі, диарея тудырады, қызуды, жалпы интоксикация белгілерін жоғарылатады. Сонымен қатар, ішек таяқшасы неғұрлым ауыр диареяны, құсуды және айтарлықтай тұзды су алмасуын бұзатын экзотоксин бөледі. Басқа патогенді факторларды түзетін ЭПІТ ағзаға сәйкесінше әсер етеді және бұл аурудың клиникалық белгілерін анықтайды.

Шигеллалар ауыз қуысы арқылы асқазан-ішек жолына түсіп, тоқ ішекке жетеді. Оның эпителиясына қоздырғыштар пили (кірпікшелер) мен сыртқы мембрананың ақуыздарының көмегімен жасушаларға жабысады. Олар инвазиялық факторларының арқасында жасушалардың ішіне өтіп, сонда көбейеді, нәтижесінде жасушалардың бұзылуына алып келеді. Ішек қабырғаларында ойық жара пайда болып, кейін орнында тыртық қалыптасады. Бактериялар бұзылғанда босатылатын эндотоксин жалпы интоксикация немесе улану тудырады, ішектің жиырылуын және іш өтуді күшейтеді. Пайда болған ойық жаралардан қан нәжіске түседі де, қанды-ірінді нәжіс пайда болады. Экзотоксиннің әсерінің нәтижесінде су- тұзды алмасудың көрнекті бұзылуы, ОЖЖ қызметінің, бүйректің зақымдалуы байқалады.

Қоздырғыштар ауыз арқылы ағзаға түсіп, ащы ішекке жетеді, оның лимфа түйіндерінде көбейіп, қанға түседі. Қан ағыны арқылы ағзаның барлық мүшелеріне таралып, паренхиматозды мүшелерге енеді (көкбауыр, бауыр, бүйрек, сүйек кемігі). Бактериялар бұзылғанда интоксикация тудыратын эндотоксин бөлінеді. Салмонеллалар ұзақ сақталатын, тіпті өмір бойы болатын өт қапшығынан, олар ащы ішектің сол лимфа түйіндеріне қайта түседі. Салмонелланың қайта түсуінің нәтижесінде қабыну түрінде, содан кейін лимфа түйіндерінің некрозымен бейнеленетін аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін. Салмонеллалар ағзадан несеп және нәжіс арқылы шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет