Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда -Қр білім және ғылым



бет1/3
Дата31.08.2022
өлшемі24,31 Kb.
#38324
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтарындағы №93 бұйрығына 2-қосымша
Ескерту:2-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Білім және ғылым
министрінің 02.11.2018 ж № 611 бұйрығымен



Білім беру қызметін көрсету туралы шарт
Нұр-Сұлтан қаласы
____.____.20___ ж
Білім беру ұйымы мен білім алушының ата-анасы (заңды өкілі) арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№34 орта мектеп» КММ, Жарғы негізінде әрекет ететін директоры Орынбаев Б.Ш. атынан, бір жағынан, және көрсетілген мекен-жай бойынша тұратын


____________________________________________________________________________________________
(баланың тегі,аты,әкесінің аты туған күні,ЖСН мекенжайы)


білім алушының ата-анасы (немесе заңды өкілі)


(тегі,аты,әкесінің аты (бар болған жағдайда))


Екінші жақтан, төмендегілер туралы осы шартты жасады:


1. Шарттың мәні


1. Осы шарт тараптардың құқықтарын мен міндеттерін белгілей отырып анықтайтын білім беру ұйымы мен ата-ана (заңды өкіл) арасындағы өзара қарым-қатынасты, сондай-ақ білім алушыны (тәрбиеленушіні) тәрбиелеу мен оқыту үшін өзара жауапкершілік тетеігін реттейді.


2.Білім беру ұйымының құқықтары және міндеттері
1. Білім беру ұйымы:
1) білім алушыдан, ата-анадан (заңды өкілдерден) білім беру ұйымының Жарғысын, білім беру ұйымының ішкі қағидаларын және оның қызметін регламенттей білім беру ұйымының актілерін сақтауын талап етуге;
2) білім беру ұйымдарының кітапханаларының ақпараттық ресурстарға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қолжетімділік мен қолдануды қамтамасыз етуге;
3) білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен, актілерге көзделген тәртіппен және шарттарда оқу бағдарламаларының шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін білім алушының компьютер техникасымен қолдануына мүмкіндік беруге;
4) білім алушының ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде мектептен мектепке ауыстыруға;
5) білім алушыларға қосымша білім беру (ақылы және / немесе тегін) қызметтерін ұсыну (үйірмелер, спорт клубтары) құқылы.
3. Білім беру ұйымы:
1) білім алушыны, ата-ананы (заңды өкілді) білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензияны, ішкі регламенттерді және оның қызметін реттейтін білім беру ұйымының актілерімен таныстыруға;
2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес білім алушыны білімі мен дағдыларын игеруін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің № 15681 мемлекеттік тізілімінде тіркелген) білім беру және тәрбие үдерісіне жүктелген оқу жүктемесінің көлемін анықтап, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтауға;
4) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 (Қазақстан Республикасы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 13085 тіркелген) бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формаларына қойылатын талаптарға сәйкес міндетті түрде мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге (бұдан әрі - міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар);
5) білім алушының жеке қасиеттерін ескере отырып, өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, моральдық, физикалық және психологиялық денсаулығын нығайтуға;
6) Шартты бұзған жағдайда білім алушыға түскен кездегі құжаттарын қайтарып беруге;
7) білім алушыны ата-ана (заң өкілдері) келісімінсіз және оның оқу үдерісіне зиян келтіретін болса қоғамдық және басқа да тапсырмалар орындауға тартуға жол бермеуге;
8) оқудың толық курсын сәтті аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 "Мемлекеттік білім беру құжаттарының түрлері мен нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10348 нөмірімен тіркелген) бекітілген тиісті нысанда білім туралы құжатты беруге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет