Эссе байқауының ережелер І і. Жалпы ережелер



бет1/3
Дата12.10.2022
өлшемі24,74 Kb.
#42695
  1   2   3

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері арасында ұйымдастырылатын «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе байқауының
Е Р Е Ж Е Л Е Р І


І. Жалпы ережелер

Университет студенттерінің арасындағы «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе байқауы «Рухани жаңғыру» инситутының ұйымдастыруымен өткізіледі.




ІІ. Байқаудың мақсаты мен міндеттері


Мақсаты: «25 қазан–Республика күні» мерекесінің мәнін ашу. Студенттерді Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға баулу, туған жерге сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.


Міндеттері:

  • Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге баулу.

  • Шәкірт қиялындағы жаңа Қазақстанның көрінісін бейнелеу, ел болашағын көз алдына елестету.



ІІІ. Байқауға қатысушылар

Байқауға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде білім алатын барлық студенттер (1-4 курс) қатыса алады (қазақ, орыс тілдерінде).




ІV. Байқаудың өткізілу мерзімі және тәртібі


Эссе байқауы 2022 жылдың 01-31 қазан күндері аралығында өткізіледі.
Байқауға қатысу үшін 2022 жылдың 28 қазанға дейін байқауға ұсынылатын эссені және қатысушы конкурсант туралы мәлімет толтырылған құжаттардың электронды және қағаз нұсқасын жолдау қажет.


V. Байқауға ұсынылған эсселерді бағалау талаптары

  • Эссе мазмұны байқау тақырыбына сай келуі тиіс (10 ұпай);

  • Тақырыптың толық ашылуы, жұмыстың мазмұндылығы (20 ұпай);

  • Өзектілігі, әлеуметтік мәні (10 ұпай);

  • Эрудиция, нақты материалды білуі (10 ұпай);

  • Мазмұндалуының бірізділігі (10 ұпай);

  • Шығармашылықпен және өздігінше ой толғай алуы (10 ұпай);

  • Нәтижелерін тұжырымдай және дәйектей алуы (20 ұпай);

  • Стилистикасы мен грамматикалық ережелердің сақталуы эссені рәсімдеу талаптарының сақталуы (10 ұпай).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет