Эссе. Мен "жоо математикалық талдауды оқыту әдістемесі" пәнінен не үйрендім?



Дата13.05.2022
өлшемі17,19 Kb.
#34331

«СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШƏКƏРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

M010 - Математика педагогтерін даярлау мамандығының 1-курс магистранты

Ағзам Эльмира Бекболатқызы



Эссе.


Мен "ЖОО математикалық талдауды оқыту әдістемесі" пәнінен не үйрендім?

Ғылымдар ішінде математика ерекше орын алады. Математика нақты өмірдің сандық катынастары мен кеңістіктегі түрлері туралы ғылым. Математика, басқа ғылымдарға табиғат құбылыстары арасындағы түрлі катынастарды өрнектеу үшін сандар мен символдар тілін ұсынады. Бірақ, математиканы қолданбас бұрын, биолог, физик немесе экономист зерттелетін кұбылыс мәнін терең түсінуі қажет, оны математикалық өңдеуге болатындай етіп бөліктеуі керек. Осы тақырыптарды нақтырақ зерделеу үшін оқу бағдарламасына "ЖОО математикалық талдауды оқыту әдістемесі" пәнін қосқан.

Бұл пәннің мақсаты менің ойымша магистранттарға математикалық талдау теориясының негізімен таныстыру, басқа да пәндерді оқытуға дайындау, жеке түсініктердің жалпы байланыстарын көрсету, дара зерттеулерді жалпы жүйелі әдістермен алмастыру, нақты есептерді шығаруға қолдану, қолдана алатын математикалық білім беріп, өз беттерінше зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын қабілеттерін арттыру. Ал біз бұл мақсатқа жете алдық па? Біз бұл пәнен не үйрене алдық?

Есеп шығара білу – маңызды істердің бірі. Бірақ кейбір магистранттардың бакалаврлық мамандықтары әртүрлі болғандықтан математикалық талдау пәнінде бұрын естімеген түрлі ұғымдармен, теоремалармен тұңғыш рет кездеседі. Бұл ұғымдарды анықтау, теоремаларды дəлелдеу принциптері де кейбір магистранттарға бұрыннан таныс мəселе емес. Математикалық анализ пәнінің осы ерекшеліктерін еске ала отырып, оқытушы ұсынған оқу құралы ол "Математикалық анализдің есептік практикумы" . Осы мақсатпен бұл кітапта теориялық қиын мəселелерді геометриялық сызбамен, фигуралармен eлecтeттік жəне абстракт ұғымдарды көкейге қондыратын, теоремалардың іс жүзінде қалай қолданылатынын көрсететін бірталай есептер мен мысалдардың шешулері келтірілген. Міне осы мəселеге үлкен мəн беріп,бізге оқу барысында ұсынылып отырған кітапта бірталай есептердің шығару жолы көрсетілген.



Математикадағы зерттеу объектілері - қоғам мен табиғат кұбылыстарын сипаттау үшін құрылған логикалық модельдер. Бір ғана математикалық модель әртүрлі процесстерді сипаттай алады. Мысалы, 6ip дифференциалдық тендеу радиоактивті ыдырауды да, дене температурасының өзгерісін де сипаттайды. Бізге,яғни магистранттарға жүргізіліп отырған бұл пәнде математикалық талдаудың жалпы ұғымдары мен белгілеулерін, жиын мен функция ұғымдарын, сандық жиындарды, нақты сандар теориясын, тізбек және тізбектің шегін, функцияның шегін, бірінші және екінші тамаша шектерді, функция шегін табудың негізгі әдістерін, функцияның үзіліссіздігі мен бір айнымалы функциялардың дифференциалдық және интегралдық есептеулерін үйрендік. Анықталған интеграл ұғымын интеграл астындағы функция немесе интегралдау кесіндісінің ұзындығы шексіз болған жағдайларға дейін есептей алуға дағдыландық. Екі және үш айнымалы функциялар үшін қисық доғасы бойынша, жазық фигура бойынша, қисық бет бойынша, дене бойынша анықталған есептелінетін интегралдар ұғымен енгізіп олардың геометриялық және физикалық пайдаланулары мен өзара байланыстарын анықтайтын дәрежеге дейін жете алдық деп ойлаймын.

Қорыта айтқанда, практикалық қолданылу мəселелеріне көңіл бөлмей, математикалық анализдің тек теориялық мəселелерімен ғана шұғылдансақ, онда бұл пəнді меңгеруде бізге үлкен қиындық пайда болатын еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет