Эссе менің оқу-іс тәжірибем



Дата27.11.2022
өлшемі20,49 Kb.
#53077


ЭССЕ
Менің оқу-іс тәжірибем
Оқу - іс-әрекеттiң негiзгi саласы енбек процесін нәтижелі орындауға қажеттi бiлiмдi, дағды мен икемдi жүйелі түрде менгеру.
Мектеп жасындагы балалардын негiзгi әрекетi-оқу. Оқу аркылы балага когам өзiнiн ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжiрибесiн береді.сонымен бірге жана буын оку аркылы өзінен бұрынгылардын практикалык әрекетін, Ғылым білім жүйелерін меңгереді, сөйтiп, өзін практикалык әрекетке дайындайды. Бiлiм жүйесін меңгеру аркылы ғана адам ой және дене еңбегiнiн тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан жақты бiлуге мүмкіндік алады. Бiлiм меңгеру - ұзак уақытты керек ететiн күрделі процесс.
Оқу практикасының мақсаты: Оқу іс-тәжірибесінің мақсаты – студенттердің болашақ кәсіби қызметінің негіздерімен, оның мақсаты мен міндеттерімен танысу, таңдаған кәсіптің ерекшеліктері туралы мәліметтер алу.
Оқу практикасының міндеттері:
1. студенттердің семестр бойынша программалаудан алған білімдерін пысықтау;
2. олардың программа құру аймағындағы білімдерін тереңдету;
3. әртүрлі есептер алгоритмдері мен программаларын құруды меңгеру;
4. оқытылған программалау тілінде әртүрлі есептерді шығарудың тиімді жолдарын үйрету болып саналады. Оқу практикасы мұғалімнің әрбір студентпен жеке-жеке жұмыс жасауы арқылы атқарылады. Практика барысында әрбір студентке жеке тапсырмалар беріледі. Студенттер сол тапсырмаларды оқытушыдан кеңес ала отырып, тыңғылықты түрде орындап, бекітілген уақыттан кешіктірмей, тапсыруы керек. Өз тарапынан оқытушы, қажеттілігіне қарай, тапсырмаларды орындауға керекті теориялық мәліметтерді беріп, есептерді шығарудың алгоритмдерін де дұрыс құруға көмектеседі.
Мен 09.05-22.05.22 аралығында «№30 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагогикалық іс-тәжірибеден өттім. Бірінші күні мектеппен таныстым. Мектеп директорымен және оқу ісінің меңгерушілерімен таныстым. Ол кісілер бізге мектептің оқу процесі туралы, мектеппен таныстыру мақсатында көптеген ақпараттар берді. Мектеп 2 ауысымды режимде жұмыс істейді.
Маған бөлінген сынып - 5"Г” сыныбы. Сынып жетекшісі – Қадырова Айдана Шәкерқызы пәнінен сабақ береді. Сыныпта 13 ұл, 7 қыз бар. Барлығы 20 оқушы білім алуда.. Бөлінген 5«Г» сыныбына «Кітап-білім бұлағы» тақырыбында тәрбие сағатын жүргіздім. Тәрбие сағатының мазмұнын оқушыларға толығырақ аша түсу үшін презентация жасадым. Тәрбие сағатын Баяндама оқуымен бастадым. Әрі қарай балаларды тиімді тәсілмен топқа бөлдім. Видео көрсетіп оларға топтық жұмыс бердім. Топтық жұмысты аяқтағаннан кейін олар оны қорғады және де қарсылас топтан қай жерлері артық екенін айтты. Сабақтың аяғында рефлексия өткіздім балаларға бәрі ұнады өз ойларымен бөлісті.
Оқу іс-тәжірибесі кезінде күнделікті есепті күнделікке толтырып отырдым.Жоспардағы тапсырмаларды орындадым. Оқу іс-тәжірибесі кезінде менің іскерлік пен дағдыларым қалыптасып, өзіме деген сенімім артты.Мен өз іс-әрекетімлі талдай отырып, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шеше білдім.
1. Осы оқу іс-тәжірибеден өзім мен өзім жұмыс жасап оқушылардың алдындағы қорқыныш, қобалжуымды жеңе білдім.
2. Оқытушылық қызметтің қаншалықты қиын және үлкен жауапкершілікті талап ететініне көз жеткіздім.
3. Педагогикалық тұрғыдан өзімнің қандай кемшіліктерімнің бар екенін байқап, сол кемшіліктерді түзетуге нұсқау алдым.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет