Эссе Тақырыбы: Балалардың дамуына әсер ететін факторлар.
Орындаған: Есенгелді Н Тобы: 1901-19 Қабылдаған: Омар А
Арнайы мектепте оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсіл,ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне,оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
Оқыту процесінің нәтижесі ең алдымен оқушылардың оқыту әдістерін ұйымдастыруға тәуелді.Сондықтан мұғалімдер оқыту әдістерін жетілдіру үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері: • ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту әдістері арнайы зерттеу негізінде топтарға бөлінді.Оқыту әдістерін әртүрлі белгімен топтастыруға болады.
Мысалы:оқыту кезеніне байланысты жіктеуге болады. -білім алудың алғашқы кезеніндегі әдістер
-білімді бекіту кезеніндегі әдістер
-дамыту әдістері
Арнайы педагогиканың дидактикасы,жалпы педагогиканын әдістерін қолдана отырып,өзінің арнайы әдістерін ажыратады. Олар: -логикалық әдістер-бұл индукция,дедукция жолымен оқыту.
-гностикалық әдістер -іздеуге байланыстырылған әдістер.
-репродуктивті әдістер-еске түсіру қайталау әдісі.
Бұл әдістер жалпы мектепте дербелістілік жолымен болса,арнайы мектепте тек мұғалімнің ғана іске асырылуы мүмкін. Арнайы оқыту әдістерінің жіктелуі жалпы педагогиканың әдістерінің жіктелуімен бірдей.
Ол жіктеу бойынша әдістер үшке бөлінеді: -сөздік әдістер
-көрнекілік әдістер
-практикалық әдістер
Бұлай топқа бөлудің білім алуда негізгі танымдық іс - әрекеттің жетекші жолы ретінде қарау болып табылады. Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді.
Балалардың білім алу процесі мұғалімнің түсіндіруі мен сөзіне сүйенсе, онда оқытудың сөздік әдістерінің тобы пайда болады.