Эссе Тақырыбы: Қоғам туралы көзқарастар. Материалдық және рухани мәдениет



Дата31.12.2021
өлшемі20,27 Kb.
#21982


Эссе

Тақырыбы: Қоғам туралы көзқарастар. Материалдық және рухани мәдениет.

Қоғам туралы көзқарастар.

Қоғам жайлы көзқарастарға тоқталмас бұрын, қоғамның не екенін түсініп алғанымыз абзал. Әрине, бұл сөздің мағынасы кең, оның анықтамалары да өте көп.

Қоғам дегеніміз белгілі бір мүдделері, мақсаттары бар және әр түрлі болып келетін адамдардан, сонымен қатар әлеуметтік топтардан тұратын жүйе. Қоғам әр уақытта дамып отырады, яғни қоғамның қозғаушы күші бар.

Ерте кездерден бері адамдардың қоғамға бірігуі басталды, оған көптеген себеп болды. Мысалы еңбек бөлінісі пайда болғанда, ерлер қоғамы және әйелдер қоғамы пайда болды. Уақыт өте келе қоғам көптеген даму сатыларынан өтіп, қазіргі деңгейге дейін жетті.

Қоғам жайлы ойларды көптеген адамдар білдірген болатын. Сол ойлардың көбісінде қоғамның дамуын жалпы қоғамды мемлекет басшыларымен, ұлы тұлғалармен, солардың іс-әрекеттерімен байланыстыра келтіріп отырған.

«Адамдар бір-біріне мұқтаж болды, осыдан қоғам туындады» деген екен Платон. Расымен де, қоғамға байланысты ойлардың ішіндегі ең қарапайым және ең дәл айтылғаны осы ой секілді. «Адамға адам керек» дейді емес пе қазіргі кездің өзінде. Ал Әл-Фараби іліміне келер болсақ, ол қоғамның өмірін, жай-күйін Халифтің әділеттігіне, даналығына, адалдығына байланыстырған екен. Теологиялық философтар, мысалға ала кетсек Аврелий Августин қоғамның дамуын Құдайдың әмірімен байланыстырған.

Барлық қоғам жайындағы көзқарастар натурализм, идеализм, материализм, страфикация, өркениеттік үлгілерде өз көріністерін табады. Натуралистік көзқарас бойынша қоғам табиғи және космостық заңдылықтардан тұрады. Діни түсінік бойынша біздің қазіргі өміріміз ол мәңгілік өмірімізге алғашқы қадам болып табылады, осы өмірде қалай тіршілік еткенімізге байланысты, Құдаймен кездесуіміз шешіледі, бұл көбінде христиан дініне тән көзқарас. Идеалисттер үшін қоғамның мәні белгілі бір идея, адамның өмірлік рухани ұстанымы.

Қорытындылай келсе, қоғам бізді қоршап тұрған әлеуметтік жүйе. Осы қоғамдағы әрбір адамның өзіндік мақсаты, мүдделері болады. Қоғам әрдайым қозғалыста, яғни дамуда болады.

Материалдық және рухани мәдениет.

Мәдениет өте күрделі құрылым, сол себепті де оның анықтамалары, теориялары өте көп. Мәдениет қоғаммен де, тарихмен де, өркениетпен, дәстүрмен, дінмен, жан дүниемізбен де байланысты.

Мәдениет дегеніміз адамның жасап шығарған әлемі, адамның дамуының нәтижесі деп ойлаймын. Мәдениет сөзін естігенде ойымызға рухани байлық, театр, музей, опера, кітапхана, білімді адам келмейме?! Яғни мәдениет бұл өзіне рухани және материалды құндылықтарды жинақтаған ерекше құрылым.

Әрбір адмның мәдениеті өзіндік, ерекше, қайталанбас мәдениет болып есептеледі. Расымен де әр адам әр түрлі, әркім үшін бірдей құндылық болуы да мүмкін емес, әрқайсымыздың этикамыз әр түрлі, эстетиканы да әр түрлі қабылдаймыз. Біреулеріміз материалдық мәдениетке көп қызығамыз, енді біреулеріміз рухани жағынан мәдениетін көтеруге тырысып бағады.

Материалдық мәдениет ол адам қолынан шыққан бізге анық көрінетін туындылар деп айта кетсем қате болмас. Қабырғаға ілінген картиналар, ежелден келіп жеткен музыкалық аспаптар, ұлттық нақыштағы киімдер, көліктер және басқалары осының барлығы мен үшін материалды мәдениет.



Енді рухани мәдениетке келер болсақ, ол осы адам қолымен туындаған мәдениетті жадыда сақтау. Ол мысалға ерекше бір жазылған классика жанрындағы кітаптар болуы мүмкін, ол бала кезден естіген аңыз-әңгімелер, музыкалық аспаптарда ойнай білу, картиналардың айтып тұрған мән-мағынасын түсіну, ұлттық киімдерді жасай білу болуы мүмкін.

Менің ойымша осы екі мәдениетті де өзіне үйлестіре білген, екеуінің арасындағы үйлесімділікті түсінген адам өте бай, мәдени адам бола алады. Мәдениетімізді жоғалтпай, оны жандандыру, жақсарту, байыту өзіміздің қолымызда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет