Эссе тақырыбы: Сауаптың ең үлкені – шөлдегенге су берген Кіріспе бөлім



Дата26.12.2022
өлшемі21,49 Kb.
#59587

Эссе тақырыбы:
Сауаптың ең үлкені – шөлдегенге су берген
Кіріспе бөлім Күннің жер жүзін жайнатып, әлемге жарық өмір сыйлағаны сияқты, ілім де жанды нұрға бөлеп, адамның рухани байлығын, мерейін өсіреді.Ендеше, әр заманның да өзіне лайықты адамға үлгі – өнеге тұтар азаматы болады. Ол өзінің қарапайымдылығымен көптен алшақтамай, өзгені сабырмен, ықыласпен көбірек тыңдап , кісінің көңіліне қаяу түсірмейтіндей ізгі сезім, жылы сөзбен көптің жүрегінен орын алуымен ерекшеленеді. Осы орайда, осындай жайсаң жанның бірі, елі үшін ерен еңбек еткен, бүгінде есімі көп айтыла бермейтін гидрогеолог Қалмұханбет Сұпығазыұлы туралы сөз қозғағым келіп отыр.
Тақырыптың өзектілігі: Алайда, бүгінгі таңда ел игілігі үшін еңбек еткен тұлғалардың еңбектері еленіп жүр ме? Шіркін –ай, осы бір қайталанбас жан туралы ойымды толық жеткізе алар ма екенмін!?
Тезис:Менің ізденісім бойынша қалам тартпағым, Құйылыс ірі жерасты су кенішін ашып, маңдай терін төккен, түбектің алғашқы гидрогеологының бірі - Қалмұханбет Сұпығазыұлы еді.


Негізгі бөлімге өту үшін сөйлем: Құйылыс – қазір Ақтауды сумен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір жерасты су орны. Ал сол Құйылыс жерасты суын ашушы Қалмұханбет Сұпығазиев болатын.

Негізгі бөлім:
Тезиске қатысты пікір: Бірақ өкініштісі, ата-бабам мекен еткен құтты қонысқа тұщы суды қажырлы еңбегі мен білімнің арқасында Ақтау қаласына жеткізіп ,абат елге айналдырған еңбегін біле бермейміз –ау.
1-абзац.
Құлмұханбет Сұпығазыұлы адами парасаттылығының арқасында жерасты суын шығарып, елді ауызсумен қамтамасыз етуде үлкен үлес қосты. Көз көрген замандастары алғыр, аса сабырлы, іскер, қоғамдық жұмысқа белсенді, мансапқа, дүниеге қызықпағанын сүйсіне айтады.Енді осы өлкенің тарихында өзіндік орны бар аптал азаматтың өмір жолына тоқталып өтсем, ол кісі В.Куйбышев атындағы мектепті алтын медалға бітіріп, Алматыдағы Тау-кен жоғары оқу орнына түседі. Институтты абыроймен бітіріп, гидрогеология ғылымына бет бұрады. Талантына сенген ұстаздары Қ . Сұпығазыұлын нық сеніммен Маңғыстауға жолдамамен жібереді. Алғашында ол Талқыеспе, Ұланақ, Қандыбас, Емір, Қараманды, Бекі маңының ауыз суларын ашады. Содан соң көптен ойында жүрген Ақтау қаласынан 45 шақырым қашықтықтағы Құйылыс ірі жерасты су кенішін қала тұрғындары үшін ашты. Иә, елім деген ерді арманы алдамады. Аталмыш мекеннен жерасты суын іздеуді ол ертеден ойлап, маңын түгел дерлік зерттеп, шұқшия көп ғылыми ізденістер жүргізеді. Санасы шар тарапты шарлады . Мұндай табанды қадамға бару үшін, тіпті жер кепе қазып, сонда тұруға мәжбүр болған. Ақырында үміті ақталып, сор басқан сусыз жерде құдай беріп, алғашқы тұщы фонтан іске қосылғанда, халықтың қуанышында шек болмады. (https://mangystaumedia.kz/kk/kogam/69911)
Абзацты қорытындылаушы сөйлем «Су — ырыстың көзі,
Еңбек — кірістің көзі» деп дана халқымыз айтқандай, Құлмұханбет Сұпығазыұлының алдына қойған мақсаты орындалды.
2- абзац:
Тезиске қатысты пікір: Арманы асқақ, жүрегі елім деп соққан Қалмұханбет өзінің бүкіл қажыр-қайратын туған елін көркейтуге жұмсады.


Пікірге қатысты аргумент: Жақсының қадірін білетін басшы Р.А. Григорян "Сұпығазиев Қалмұханбетті басшылыққа ұсынсақ, оның орнын алмастыратын адам жоқ,-деп жауап береді.Сол себепті ол жоғарғы лауазымды қызметтерге қанша рет ұсынылса да, қызметте жоғары көтеріле алмаған. «Ер еңбегі-ел есінде» дегенімен, өкініштісі, кезінде Құлмұханбет Сұпығазыұлы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып тұрса да, марапат берілмеген екен. (https://mangystaumedia.kz/kk/kogam/69911)


Абзацты қорытындылаушы сөйлем:
Бүгінгі таңда еңбегінің жемісін өзі көре алмаса да, елі көріп отыр. Халқы оған дән риза.
Қорытынды бөлім:
Қ.Сұпығазыұлы қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына да араласып, бел ортасында жүргенін тілге тиек еткім келеді.
Ойымды қорытындылай келе, тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына орай, Қалмұханбет Сұпығазыұлының туғанына 90 жыл толуына байланысты Ақтау қаласының құрметті азаматтары есімдерінің қатарына қосып,оның саналы ісі келешек ұрпаққа насихатталса, атамыздың есімін, іргетасын өзі қалаған Құйылыс жерасты су кенішіне берсе, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет