Эссе тақырыбы: Саясат және мораль,бұлардың өзара байланысы,бұлар ұштасатын категориялар Тексерген: Жунусбеков Е. Б. Орындаған:Әбдіраш Гүлжайна 103-топ Алматы, 2022жыл



бет1/2
Дата15.04.2023
өлшемі112,57 Kb.
#83162
  1   2

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Жаратылыстану институты Биология кафедрасы





ЭССЕ


Тақырыбы: Саясат және мораль,бұлардың өзара байланысы,бұлар ұштасатын категориялар
Тексерген:Жунусбеков Е.Б.
Орындаған:Әбдіраш Гүлжайна 103-топ
Алматы, 2022жыл

Жалпы саясат пен мораль дегеніміз,адамдардың тәртібін реттейтін біршама өзіндік тәсіл. Саясаттың қоғамдық қатынастардың саласы ретінде өзектілігін, мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның игілігі үшін биліктің тетіктерін және ресурстарын тиімді пайдалану құрайды. Моральдің негізінде саяси қызмет мақсаттарының адамгершілігін, амалдары мен әдістерін дәлелдеу, тәжірибелік саясатты қоғамдық пікірмен бағалау және оны адамгершілік нормаларымен өлшемдеу. Бұл мораль мен саясаттың өзара әрекетіне себепші болады.


Біздің заманымызда саясаттың моральдық аспектілері үлкен өзектілікке ие болуда, баспасөзде ғылыми әдебиетте белсенді талқылануда. Кейде саясат пен адамгершілік ұғымдары жалпы үйлесімді ме, бұл категориялар бірін-бірі өзара жоққа шығармай ма деген сұрақтар да қойылады. Саясат пен моральдің ара-қатынастары саяси қарсыластарымен, әсіресе, сайлау науқандары. билік үшін күресте, қызмет орындары ұшін тайталастарда шиеленіседі. Ал, саяси билік үшін күресте барлық амал жақсы дегендей. Міне, сонда саясат пен моральдің арасындағы өзіндік шиеленіс алаңында саяси қимылдар өріс алады. Бұның бәрі – саясаттың өнегелі беделін кетіретін сыртқы көлеңке, «сырт пішіні».
Саясат пен моральдің арақатынасы турасынан саяси режимге тәуелді болады. Құқықсыз күш көрсету, террор, билікті асыра пайдалану,бюрократизм және коррупция жайлаған антидемократиялық, реакциялық режимді елдерде саясат пен моральдің аралары үзіледі. Керісінше, демократиялық режим жағдайында гуманизм мен адамгершіліктің бастауымен саясат заңдылық шеңберінде жүзеге асады.
Бұл арада атап өтетін нәрсе, ол мораль мен саясаттың басты қоғамдық функциялары сәйкес келеді. Саясат пен мораль жалпы игілік пен әлеуметтік әділдікті қорғауға негізі бар, бірақ та ол осындай адамгершілік міндеттерді орындаудан көп жағдайда қалыс қалады. Саясат оның ерекше қосымшасы ретіндегі моральдің реттеушілік сипатының жетіспеушілігінен туындайды. Сондықтан да, осы фактыны еске ала отырып, ежелгі дәуірдің ойшылдары саясатты этиканың бір бұтағы деп қараған. Саясат пен моралды бөлуді және ол туралы ілімді бірінші болып , тек қана ХУ ғ. аяғы мен ХУ1 басында Николо Макиавелли атап көрсетті.
Саясат адамгершіліктің өзін-өзін бақылау тетіктерінің объективтілеу түрі, сыртқы көрінісі ретінде көрінеді. Мысалы, моральге тән өздерінің бағаларын құқық түрінде беретін және белгіленген нормаларды бұзушыларға тиісті жаза тағайындайтын ар-ұжданы фунукциясын сот орындайды.
Саясаттың тікелей қайнар көзі экономикалық және басқа да қажетті мүдделері болады, оның ішінде ең бірінші, ірі әлеуметтік топтардың мүдделері: ұлттар, таптар, қалың бұқара топтары,т.б. Моральдің тікелей қайнар көзі жалпыадамзаттық, тағы басқа да ұжымдық құндылықтар болып табылады, бірақ оған ілесу тұлғаға ешқандай жеке пайда бермейді. Сондықтан да мінез- құлықтың моральдық және саяси сарындарының бәсекелестігі – бұл рухани құндылықтардың және тікелей, ең алдымен материалдық, жеке мүдделердің күресі.
Саясаттың ең маңызды ерекше айырмашылығы күшке сүйену,талаптарды орындамғандарға мәжбүрлеу санкциясын қолдану болып табылады. М.Вебердің сөзімен айтсақ, саясат, «ерекше амалдың көмегіне сүйенеді – ол оның артында тұрған билік».
Ал, мораль шын мәнінде күшті мінейді және ең бастысы ар-ұжданға арқа сүейді. Жеке басының ар- ұжданы, егер ол дамымаған болса,тіпті адамды қылмыс жасағаны үшін де кешіруі мүмкін. А л, саясат тек қана дұшпандары мен қылмыс жасағандарды ғана емес, кейде адамдарға қорқыныш тудырып,кінәсіздерді де жазалайды.
Жоғарыда көрсетілген мораль мен саясаттың ерекшеліктері осы өмір қызметі салаларының өздерінің дербестігін дәлелдейді де, саясат пен моральдің өзара әрекеттестігі, ара- қатынастары туралы әртүрлі пікірлердің тууына негіз болады.
Атап өту керек, саясат пен моральдің өзара қарым- қатынастары туралы әлемдік әлеуметтік-саяси өмірде төрт негізгі көзқарас бар екенін бөліп айтамыз. Олардың ішінде тарихи жағынан ең бірінші моральдық көзқарас болып табылады. Бұл көзқарас тұрғысында,саясат жоғары адамшылық мақсаттарға ие болып қана қоймай (жалпы игілік, әділеттілік,т.б.), сонымен бірге қайсібір жағдайларда да мүмкін болатын адамшылық амалдардың көмегімен адамшылық принциптерді бұзбау (шыншылдық, адамдарға мейірбанды болу, адалдық және т.б)
Айта кету керек, бүгінгі күні ұшқарылықтан айырылған моральдық көзқарас, мысалы, қазіргі заманның ең ықпалды саяси қозғалыс болып табылатын христиан –демократиялық қозғалыстың идеологиясында көрініс тауыпотыр. Мұндай көзқарас саясат субъектілерінің адамгершілік бағыты деп түсіндірелетін,олардың оны әлеуметтік шындықты еске ала отырып, инабаттылық ету саясатты гуманизациялауға көмектеседі. Сонымен бірге өмір көрсеткендей, моральдық абсолютизм рухында саясатты адамгершілікке толық бағындыру оны тиімсіздікке апарып соғады да,мораль мен саясаттың абыройын төгеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет