Эссе Тақырып: «Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, экономикалық ресурстардың шектеулілігі»



Дата31.12.2021
өлшемі19.08 Kb.
#21670

Орындаған:2- курс,ПМНО АКТ 203-топ

студенті Мауленова Динара

Эссе

Тақырып: «Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер,



экономикалық ресурстардың шектеулілігі»

Ең алдымен,экономика – бұл  материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар,және грек тілінен аударғандағы мағынасы «үй шаруашылығын жүргізу деген мағынаны білдіреді. Әрбір саланың өз негізгі ұғымдары болады,ал экономиканың негізгі түсініктеріне: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер жатады.



1.Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандырып отырсақ,жаңа қажеттіліктер пайда бола бастайды.Және оның сан-сапасы өзгеріп отырады. Әрбір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп жатыр. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. а)Қажеттіліктердің түрлері: алғашқы төменгі - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.Екінші реттік ол жоғарғы қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасына байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Мысалы: көліктер,кітаптар, сәнді киімдер,қымбат заттар, сондай-ақ білім алудағы қажеттіліктер.

б)Қанағаттандырудың түрлері : жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: телефон, тамақ, дәптер, киімсатып алуы. Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес, яғни көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдасып қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру шешімдерін басқару органдары қабылдайды.



2. Ресурстар – бұл қандай да бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыруы тиіс экономикалық игіліктерді (тауарлар мен қызметтерді) өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер. Қазірде, олардың негізгі түрлеріне еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет және ақпарат жатады. 

3. Игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар,яғни өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық қызметінің объектісі. Олар шексіз (мысалы, ауа, күннің нұры, жел энергиясы) және шектеулі көлемде болып келеді. Шектеулі көлемдегі игіліктерді экономикалық игіліктер деп атаймыз.
Ал экономикалық ресурстардың шектеулігіне тоқталатын болсақ бұл, қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі.Ресурстардың шектеулілігі дегеніміз – бұл барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру мүмкін еместігінің көрсеткіші болып табылады.Сондықтан біздің алдымызда таңдау мәселесі тұрады.Енді ұтымды шешім қабылдап,үнемдеу шараларын қолдануымыз қажет.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет