Эссе «Тұлғаның қалыптасуындағы психологияның маңызы»



Дата06.01.2022
өлшемі14,26 Kb.
#14241

Тест

1.в


2.д

3.с


4.д

5.а


6.а

7.с


8.в

9.е


10.в

Эссе «Тұлғаның қалыптасуындағы психологияның маңызы»

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үлкен мəселе екенін бір сөзбен жеткізіп айту өте қиын. Биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келген адамның əлеуметке қосылып адам болып тұлғалануының негізінде жатқан нəрсе сөзсіз осы – тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері екендігі еш дау тудырмаса керек.

Адамның эволюциялық даму жолында тек еңбек əрекеті ғана, яғни адамды адам еткен еңбек екенін көреміз. Осылайша, адам еңбек əрекеті арқылы қарадүрсін жабайы қоршаған ортаны игерілген, өңделген мəдени ортаға айналдырып өзгертті жəне өзі де өзгерді əрі мəдениленді. Осындай жасампаздық əрекеті арқасында адам қарапайым еңбек əрекетін күрделендірді əрі түрлендірді. Еңбек бөлінісіне байланысты орай болған күрделі еңбектен жеке-жеке кəсіп түрлері бөлініп шығып, кəсіппен айналысқан адамдар белгілі бір білімдерді игеріп, дағдылар қалыптастырып, тəжірибе жинақтап, шеберліліктерін шыңдап барып кəсіпке кіріскен.

Адамның тұлғалық дамуы мен кəсіби дамуы арақатынасы əрине бар. Ол қоршаған ортаға, адамдарға, материалдық жəне рухани мəдениет заттарына, отбасына жəне өз мамандығына деген жақсы қатынастардан байқалады. Сонымен, кəсіби дамудың негізгі ерекшеліктері - кəсіби байлықтар приоритеті, жұмысқа кірісіп кету, берілу.

Сондықтан да, қазіргі ғылымдағы кəсіпке дайындалу ұғымы, бір жағынан топтардың, таптардың, ұлттардың жалпы əлеуметтік жүйесінің құндылық стандарттарымен, екінші жағынан тұлғаның мотивациялық бағдарлауымен тығыз байланысты. Қоғамдағы маңызды құндылықтар интериоризациясы мінез-құлықтағы əлеуметтік нормативтерді игеру арқылы келеді. Құндылықтық бағдарлау қоғамдық маңызды істерде жəне мінез-құлықтарда пайда болатын сананың, мінез-құлықтың белгілі бір бағыттылығында өзін көрсетеді немесе өзі жөнінде мəлімет береді.

Индивидті, кəсіби жəне тұлғалық даму темптерінің сəйкес болуы дегеніміз адамдардың өзін-өзі еңбекке бейімдеуі жəне оны жүзеге асыруымен сипатталатын қатынас.

Жалпы айтқанда, адамның индивидті, тұлғалық жəне кəсіби дамуы оның индивидуалды   өмірінде   өзара   əрекеттесіп,   кəсіби   өмір   сценарийінің   кең спектірін құрайды. Адамның шыңға жетуі тұлғалық кəсіби қалыптасуының əр кезеңдерінде орналасады.



Кəсіби қалыптасу адам өмірінің ұзақ кезеңін қамтиды (35-40 жыл). Осы уақыт аралығында өмірлік жəне кəсіби жоспарлар өзгереді, əлеуметтік жағдайлар мен жетекші іс-əрекет ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылуы жүреді.

Әрбір адам өзікдік даму жолында өзін тұлға ретінде санап, күнделіктіорындалып жатқан қажеттіліктерін төмен қойып,өзін өзі дамытса, өз өмірін босқа өткізбегенін байқар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет