Эссе: Тұлғаның қалыптасуындағы психологияның рөлі



Дата27.05.2022
өлшемі16,53 Kb.
#35744

Эссе:Тұлғаның қалыптасуындағы психологияның рөлі.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үлкен мəселе екенін бір сөзбен жеткізіп айту өте қиын. Биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келген адамның əлеуметке қосылып адам болып тұлғалануының негізінде жатқан нəрсе сөзсіз осы – тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері екендігі еш дау тудырмаса керек.Адамның эволюциялық даму жолында тек еңбек əрекеті ғана, яғни адамды адам еткен еңбек екенін көреміз. Осылайша, адам еңбек əрекеті арқылы қарадүрсін жабайы қоршаған ортаны игерілген, өңделген мəдени ортаға айналдырып өзгертті жəне өзі де өзгерді əрі мəдениленді. Осындай жасампаздық əрекеті арқасында адам қарапайым еңбек əрекетін күрделендірді əрі түрлендірді. Еңбек бөлінісіне байланысты орай болған күрделі еңбектен жеке-жеке кəсіп түрлері бөлініп шығып, кəсіппен айналысқан адамдар белгілі бір білімдерді игеріп, дағдылар қалыптастырып, тəжірибе жинақтап, шеберліліктерін шыңдап барып кəсіпке кіріскен.Адамның тұлғалық дамуы мен кəсіби дамуы арақатынасы əрине бар. Ол қоршаған ортаға, адамдарға, материалдық жəне рухани мəдениет заттарына, отбасына жəне өз мамандығына деген жақсы қатынастардан байқалады. Сонымен, кəсіби дамудың негізгі ерекшеліктері - кəсіби байлықтар приоритеті, жұмысқа кірісіп кету, берілу.Сондықтан да, қазіргі ғылымдағы кəсіпке дайындалу ұғымы, бір жағынан топтардың, таптардың, ұлттардың жалпы əлеуметтік жүйесінің құндылық стандарттарымен, екінші жағынан тұлғаның мотивациялық бағдарлауымен тығыз байланысты. Қоғамдағы маңызды құндылықтар интериоризациясы мінез-құлықтағы əлеуметтік нормативтерді игеру арқылы келеді. Құндылықтық бағдарлау қоғамдық маңызды істерде жəне мінез-құлықтарда пайда болатын сананың, мінез-құлықтың белгілі бір бағыттылығында өзін көрсетеді немесе өзі жөнінде мəлімет береді.Индивидті, кəсіби жəне тұлғалық даму темптерінің сəйкес болуы дегеніміз адамдардың өзін-өзі еңбекке бейімдеуі жəне оны жүзеге асыруымен сипатталатын қатынас.Жалпы айтқанда, адамның индивидті, тұлғалық жəне кəсіби дамуы оның индивидуалды өмірінде өзара əрекеттесіп, кəсіби өмір сценарийінің кең спектірін құрайды. Адамның шыңға жетуі тұлғалық кəсіби қалыптасуының əр кезеңдерінде орналасады.Кəсіби қалыптасу адам өмірінің ұзақ кезеңін қамтиды (35-40 жыл). Осы уақыт аралығында өмірлік жəне кəсіби жоспарлар өзгереді, əлеуметтік жағдайлар мен жетекші іс-əрекет ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылуы жүреді. Әрбір адам өзікдік даму жолында өзін тұлға ретінде санап, күнделіктіорындалып жатқан қажеттіліктерін төмен қойып,өзін өзі дамытса, өз өмірін босқа өткізбегенін байқар еді.
Адам факторының қалыптасуында ықпал етуші байланыс,биологиялық өсу мен саналық өсу ықпалында.Кез-келген тұлға қалыптауында –мақсат-мүделері тұлғаның әлеуметтік сипаттамасы.Тұлға болып қалыптасу үшін,психикалық дамудың белгілі бір дәредесіне өтіп,басқа адамдарға қарағанда ерекшеліктерінің бар екендігін,тұтастығын түсінуіне болады.Әр дамушы тұлғаның даму ұғымыағзаның өсуі мен стихиалы әсері байқалады.Әр өсіп келе жатқан адамнан психикалыө дамуы да сырт көзге көрініп тұрады.Әсіресе балалық және жасөспірімдік кезеңдерде-қоршаған ортасы,ата-анасы,достары мен ұстаздары даму деңгейін тез ұғады.Арнайы заңдылыққа бағынатын ағза,дәл сол мезгілдегі өсу деңгейін дәлелдеп көрсетіп,айқындайды.Қоғамдағы педогогика,психология,философия ғылымдары тұлға дамуын жан-жақты зерттеп дәлелдеп қойғандығы сияқты,адам сол жас ерекшелігіне тиісті ішкі жағдайда өмірін жалғастыра береді.Адам материалдық және рухани қамтамассыздық ортасында өмір сүруші болғандықтан,сол адамның жеке басына ғана тән денсаулықы,ақыл-ойы мен ақыл-парасаттылығы,ой-пікірімен дараланады.Әр психикасы дамыған тұлғаның ұадылдау физологиясы да өзіне тән білінеді.Мысалы апаттық жағдайдағы қобалжу,түрлі нәрселерден фобия,немесе өнер білімге икемділігі.Сондықтан әр адамға жеке тұлға деп қараймыз.Жеке тұлғаға арналған қасиеттер сана-сезімімен өлшенеді.Адамдық қарым-қатынасты бір-бірін қадағалау мен бағалау үнемі орын алынуы тиіс.Бұл құбылыс өзара байланысты нығайтады.Ішкі эмоциясын басқара алатын тұлғаны психологтар өте жоғары бағалайды.Ол дамыған тұлға ретінде саналады.Бұл үдерістің бәрі дамыған психологиялық үдеріс болып табылады.


Орындаған: Сәрсенбай Гулмарал Р.Э.Т. 21-11

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет