Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-2 сыныптары үшін



Pdf көрінісі
Дата18.01.2017
өлшемі172,29 Kb.
#2166

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 124-қосымша  



 

 

 

 

Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған бастауыш білім 

беру деңгейінің 0-2 сыныптары үшін «

Қоршаған ортамен таныстыру

» 

пәнінен типтік оқу бағдарламасы 

 

 



1. Түсінік хат 

 

1.  Бағдарлама  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23 

тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес әзірленген.  

2.  Естімейтін  балаларға  арналған  бастауыш  сыныптарға  арналған 

«Қоршаған  ортамен  таныстыру»  пәні  «Түзету  компоненті»  білім  саласының 

негізгі пәндерінің бірі.  

3.  Пәнінің  мақсаты  –  естімейтін  балалардың  қоршаған  орта  туралы 

толыққанды түсініктерін қалыптастыру.  

4. Негізгі міндеттері:  

1)  естімейтін  баланы  қоршаған  ортамен  және  адамдардың  тұрмыс 

тіршілігімен таныстыру; 

2) қоршаған ортаға деген оқушылардың қызығушылығын артыру; 

3) табиғат құбылыстары және нысандарымен таныстыру;  

4)  қоршаған  ортамен  таныстыру  арқылы  естімейтін  балалардың  сөздік 

қорын кеңейту; 

5) қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу.  

5. Пәннің мазмұнын меңгеру үшін дайындық сыныптарға аптасына 3 рет 

99  сағатты;  1  -  сынып  3  рет  99  сағатты,  2  –  сыныптарда  аптасына  2  рет  68 

сағатты құрайды.  

6. Пәнді оқыту процесінде пәнаралық байланыс ескеріледі:  

1)  тіл  дамытумен.  Қоршаған  ортамен  таныстыру  пәнінде  берілетін 

тақырыптар тіл дамытумен тікелей байланысты; 

2)  заттық  тәжірибелік  оқытумен.  Экскурсия  барысында  алған  білімдерін 

түрлі бұйымдарын қолданады;  

3)  математикамен.  Тәжірибелік  жұмыстарда  түрлі  өлшеу  құралдарын 

қолдану, өлшем бірліктері туралы түсініктерін кеңейту; 

4)  бейнелеу  өнерімен.  Табиғат,  табиғат  құбылыстары,  жыл  мезгілдеріне 

арналған суреттер салу; 



5) бейімделген дене шынықтырумен. Денсаулық сақтау, күн тәртібі, адам 

өміріне  зиянды  әрекеттер,  адам  ағзасын  шынықтыру  туралы  білімдерін 

толықтыру. 

 

2. Оқу пәнінің дайындық сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

7. Біздің үй (20 сағат): 



1) өзім туралы мәліметтер. (оқушының аты-жөні, жасы т.с.с); 

2)  менің  туыстарым.  Отбасы  мүшелері:  әке,  ана,  ата,  апа,  әпке,  аға,  іні, 

қарыңдас. Олардың есімдері; 

3) отбасы мүшелерінің өзара ілтипаты және қамқоршыл; 

4) қарым-қатынасы; 

5) дене мүшелері. Жеке бас тазалығын сақтау. Тістерді, шашты күту; 

6)  киімдер  мен  аяқ  киімдер.  Жыл  мезгіліне  сәйкес  киімдер  мен  аяқ 

киімдер; 

7) үй, бөлмелер: ас бөлмесі, жатын бөлмесі, балалар бөлмесі. Жиһаздар. 

8. Біздің мектеп (30 сағат): 

1)  мектеп.  Сыныптардың  және  басқа  оку  бөлмелерінің  орналасуы 

(жатақхана,  кітапхана,  асхана,  дәрігер  бөлмесі,  спорт  залы,  акт  залы, 

шеберханалар). Олардың аттарын білу; 

2)  біздің  сынып.  Оқу  құралдары.  Ойыншықтар.  Сыныптағы, 

жатақханадағы  жиһаздар,  ойыншықтар,  оларды  күтіп  ұстай  білу.  Үлкендердің 

ұйымдастырған  ойынына  қатысу,  2-3  оқиға  желісіндегі  рөлдік  ойынды  білу. 

Мұғалімнің, тәрбиешінің, оқушылардың аты-жөнін колданып, өзіне қарата білу. 

Мұғалім, тәрбиеші және баска мектеп кызметкерлерімен амандаса білу; 

3) күн тәртібі. Ертеңгі жаттығу. Жеке бас гигиенасының ережелері. Дене, 

шаш, киім, аяқкиім күтімдері; 

4)  асхана.  Тағамдар  атаулары.  Ыдыстардың  атаулары.  Асханада 

орындайтын тәртіп ережелері: үстел басында дұрыс отыру, ыдыс-аяқты дұрыс 

пайдалана білу; тағамдарды, нанды үнемді пайдалана білу; 

5) бөлме өсімдіктері, олардың аталуы және күтімі. 

9. Туған жер табиғаты (10 сағат). Жыл мезгілдері: 

1) табиғат құбылыстары (жылы, суық, жаңбыр, қар, жел, т.с.с.); 

2) үй хайуанаттары мен үй құстары, олардың аталуы және күтімі; 

3) мектеп жанындағы үлескіде өсетін өсімдіктер, олардың аталуы, күтімі, 

бірнеше ағаштардың аталуы; 

4)  табиғатты  қорғау.  Құстар,  олардың  аталуы  және  күтімі;  жемсалғыш 

жасау; 

5) бау бақша дақылдары және жемістер. 



10. Біздің қала (30 сағат): 

1) біздің қала; 

2)  мектепке  жақын  көшелер:  жол  жиегі,  жүргіншілер  жүретін,  машина 

жүретін жолдар, көше қиылыстары. Балалардың көшеде жүру тәртібі. Көшеден 

өту ережесі және тәртібі; 


3) қаладағы көлік: автобус, троллейбус, трамвай, метро. Балалардың қала 

көліктеріне  отыру  тәртібін  және  ережелерін  сақтауы:  аялдамада  күту,  артқы 

есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығу және т.б.; 

4) кинотеатрдағы, театрдағы балалардың тәртібі; 

5)  қоршаған  табиғат;  балалардың  табиғат  мезгілдеріне  сай  іс-әрекеттері, 

қылықтары; 

6) өзен, көлдер. Олардың аталуы; 

7) жасыл желектер: саябақ, бак, көше. Құстар, үй хайуанаттары (2-3 атау). 

11. Туған ел (9 сағат): 

1) біздің Отанымыз — Қазақстан. Астанамыз — Астана қаласы; 

2) біздің елдің туы; 

3) мерекелер: оқушылардың мерекеге қатысуы; 

4) тәуелсіздік күні, Жаңа жыл, 8-наурыз, 22- наурыз, 1-мамыр – Қазақстан 

халықтарының бірлігі күні, 7 – мамыр - Ұландар күні, 9 мамыр — Жеңіс күні. 

 

3. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

12. Біздің үй және туған жер табиғаты (10 сағат): біздің үй. Мекен-жайы: 

қаланың (ауылдың)  және  ата-аналары  тұратын  көшенің  аты,  үй  нөмірі,  пәтері. 

Үлкендердің еңбегін сыйлау. Отбасына көмектесу. 

13. Туған жер табиғаты (22 сағат): 

1)  үй  өсімдіктері,  олардың  аталуы,  белгілері  және  күтімі  (каникул 

кезінде). Үйдің айналасындағы өсімдіктерді күту, олардың аталуы және күтімі; 

2) үй хайуанаттары. Олардың аталуы, мінез-қылығындағы ерекшеліктері. 

Үй хайуанаттарын күту, шаруашылықта пайдалану (каникул кезінде). 

14. Біздің мектеп және туған жер табиғаты (20 сағат). Мектеп:  

1) сынып, жатақхана және басқа мектеп бөлмелері; 

2) 


мектеп 

қызметкерлерінің 

мамандығы: 

директор, 

оқу-ісінің 

меңгерушісі, дәрігер, оқу-ісінің және тәрбие жұмысының меңгерушісі, аспаз, үй 

сыпырушы  және  т.б.  Олардың  аты-жөнін  білу.  Мектеп  кызметкерлерінің 

еңбегін бағалау, көмек көрсету; 

3)  мектеп  ережелері:  үлкендерді  құрметтеу,  сыпайы  сөйлесе  білу. 

Әдептілік  түрлері:  сәлемдесу,  өтініш  білдіру,  кешірім  сұрау,  алғыс  айта  білу. 

Өзара достық қатынас. Мұғалім мен тәрбиешінің берген тапсырмасын орындау. 

Сабақ кезіндегі оқушының сабаққа жауапкершілігі; 

4)  сыныптағы  тірі  табиғат  бұрышы  (өсімдіктер,  жануарлар).  Ондағы 

өсімдіктер, жануарларды күту; 

5) мектептің тәжірибе алаңы.  Спорт ойындарына арналған алаң. Балалар 

ойнайтын алаң. Мектеп үлескісінде өсетін ағаштардың, бұталардың, шөптердің 

аттары. 

15. Біздің қала және туған жер табиғаты (30 сағат). Біздің қала: 

1)  біздің  көшедегі  үйлер,  олардың  маңызы  (тұрғын  үй,  дүкен,  мектеп, 

почта және т.б.); 



2)  біздің  қаладағы  тарихи  орындар,  ескерткіштер,  қаладағы  көрікті 

орындар  және  басқа  да  қала  мекемелері  (театр,  байланыс  бөлімшесі,  клуб, 

кинотеатр, стадион, саябақ); 

3)  қала  көліктері  (автобус,  троллейбус,  трамвай,  такси).  Көшеден  өту 

тәртібі; 

4)  балалардың  көшеде  жүру,  қоғамдық  орындарда  (мұражай,  кинотеатр, 

театр) жүру тәртібі. 

16. Туған өлке (7 сағат): 

1)  қала  табиғаты.  Қала  табиғатының  ерекшеліктері:  саябақ,  су  қоймалар. 

Орталык алаңдағы өсімдіктер; 

2)  өсімдіктерді  отырғызу  реті  мен  уақыты.  Әр  жыл  мезгіліндегі 

өсімдіктері ағаштар, бұталар, шөптер. Олардың көп тараған түрлерін атау; 

3) әр жыл мезгіліндегі ауа райы. Ауа райын бақылау күнделігі; 

4)  көкөністер  мен  жемістер,  олардың  әр  түрлілігі.  Бақшадағы  көктемгі 

және күзгі жүмыстар; 

5)  үй  хайуанаттары  мен  жабайы  аңдар.  Жануарлардың  сырткы  түрімен, 

мінез-қылықтарымен танысу. Үй хайуанаттараның рөлдері; 

6) құстар. Құстардың сыртқы түрімен, табиғаттағы өмірімен танысу. Жыл 

құстарының  жылы  жаққа  ұшуын,  қыстайтын  кұстардың  мінез-қылықтарын 

және  құстардың  ұшып  келуі  мен  ұя  салуын  қадағалау.  Құстарға  көмек  көрсет 

(жемшашар жасау, үйшіктер ілу); 

7)  балықтар.  Балықтың  түрлері.  Аквариумдағы  балықтарды  күту  және 

бақылау; 

8)  құрт-құмырсқалар.  Көктемгі  және  күз  мезгіліндегі  құрт-құмырсқалар 

тіршілігін бақылау; 

9)  адамның  дене  мүшелері  және  күтімі.  Бас,  бет:  көз,  мұрын,  ауыз, 

маңдай, қас, иек; 

10)  денсаулық  күтімі:  денені  шынықтыру,  сумен  жуыну.  Дене,  шаш,  тіс 

күтіміне қажетті заттар, оларды дұрыс колдану. Оқығанда және жазғанда денені 

дұрыс ұстау; 

11) жылдың әр мезгілдеріндегі адам еңбегі. Балалардың үлкендерге көмек 

көрсетуі. 

17.  Туған  жер  (10  сағат):  Қазақстанның  тұңғыш  президенті  —  Назарбаев 

Нұрсұлтан  Әбішұлы.  Біздің  Отанымыз  —  Қазақстан.  Астанасы  —  Астана 

қаласы.  Қазақстандағы  мереке  күндері  мен  мәнді  оқиғалар.  Оқушылардың 

мерекелерге қатысуы. 



 

4. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

18. Біздің үй (9 сағат): 

1) мен тұратын үй. Үй ішіндегі өзіме тиісті заттар мен ортақ, мүлік. Лифті 

пайдалану  ережесі.  Баспалдақтағы,  кіреберістегі,  ауладағы  тәртіп  ережелері. 

Үйді  таза  ұстап,  әр  нәрсені  өз  орнына  қою.  Үй  мүліктеріне,  ауладағы  ойын 

алаңдарына,  үй  айналасына  отырғызылған  түрлі  өсімдіктерге  ұқыпты  қарап, 

оларды күту; 


2) күн тәртібі. Күн тәртібін орындау. Таңертеңгілік дене-шынықтырудың 

адам денсаулығына кажеттілігі. Жеке бас гигиенасының ережелері. Балалардың 

денсаулығын қорғау туралы алғашқы ұғымдар; 

3)  үй  айналасындағы  өсімдіктерді  бақылау.  Оларды  кім  отырғызды,  кім 

күтеді? Үй хайуанаттары және оларды күту. 

19.  Біздің  мектеп  (15  сағат):  мектептің  нөмірі,  аты,  жалпы  көрінісі. 

Мектептің  жаңа  оқу  жылына  әзірлігі.  Оқу  құралдарын  күтіп  ұстау. 

Оқушылардың  мектептегі  міндеттері.  Сабақ  кестесі.  Сағат,  минут.  Аптадағы 

күн  аттары.  Мектептің  тәжірибе  үлескісі.  Қыс,  күз,  көктем,  жаз  мезгілдерінде 

екінші  сынып  оқушыларының  мектептегі  оку-тәжірибе  үлескісіндегі  еңбегі. 

Мектеп  үлескісінде  өсетін  ағаштардың,  бұталардың,  шөптердің  аттары. 

Мектептегі  тірі  табиғат  бұрышы.  Тірі  табиғат  мүйісінде  кезекші  болу  және 

қолынан келетін тапсырмаларды орындау. 

20. Біздің қала (11 сағат): 

1) қаланың басты көшесі мен алаңы; 

2) қаланың көрікті орындары: ескерткіштер, саябақтар және т.б.; 

3)  қаланың  басты  кәсіпорындары.  Мәдени-ағарту  орындары  (кітапхана, 

кинотеатр, театр, мұражай); 

4) қаладағы жаңа құрылыстар; 

5) қаладағы көлік; 

6) мамандықтар: мұғалім. дәрігер, жұмысшы; 

7)  көше:  жол  жиегі,  жүргіншілер  жүретін  жол,  көше  қиылыстары, 

бағдаршам жол белгілері: «Өтетін жер», «Байқа, балалар», «Өтуге болмайды»; 

8) көшеде жүріп тұру ережелері. 

21. Туған жер табиғаты (22 сағат): 

1)  жыл  мезгілдеріндегі  табиғаттағы  өзгерістерді:  ауа  қызуын,  аспан 

бұлтты, жауын-шашынды, аяз, судың қатуы, күннің жылынуын, мұздың еруін, 

жердің ери бастауын бақылау; 

2)  өсімдіктер.  Жапырақтар  түсі.  Көктемде  өсімдіктердің  оянуы  (бүршік 

жаруы, жапырақ жаюы, гүлдеуі); 

3)  бөлме  өсімдіктерін  күту  (суару,  құрғак  жапырақтарды  кесіп  алып 

тастау,  дәрі  шашу,  түбін  босату,  көшіріп  отырғызу).  Бірнеше  бөлме 

өсімдіктерінің атын білу; 

4)  хайуанаттар.  Аңдардың  қысқа  дайындығы,  құстардың  мінез-

қылықтары,  үй  маңайындағы  құстарды  бақылау,  жемшашар  жасау; көктемдегі 

андардың  мінез-қылығы;  қыстайтын  құстардың,  кұрт-құмырсқалардың 

мекендейтін  орындары  (қой  қора,  сиыр  қора,  ін,  ұя,  омарта,  құмырсқа  илеуі, 

т.с.с). Аңдардың төлдері; 

5)  адамдардын  еңбегі:  бақта,  бақшада,  егістікте,  көше  тазалағанда, 

саябақтарда. Балалардың үлкендерге көмегі; 

6)  табиғаттағы  өзгерістерді  тіркеу  бұрышына  жазып,  белгілі  бір  уақыт 

ішінде бақылау нәтижесін жазып отыру; 

7) өсімдіктер мен аңдарды корғау және күту. 

22. Туған ел (11 сағат): 



1)  біздің  Отанымыз  —  Қазақстан.  Қазақстанның  туы  мен  елтаңбасы. 

Астана қаласы — Қазақстан Республикасының астанасы; 

2)  Назарбаев  Н.Ә.  —  Қазақстанның  бірінші  президенті.  Қазақстандағы 

аталып өтетін мерекелер мен мәнді оқиғалар: Жаңа жыл, 8 наурыз, 22 Наурыз, 1 

мамыр, Ұландар күні, Жеңіс күні, 30 тамыз — Конституция күні, 1-желтоқсан - 

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  күні,  Тәуелсіздік  күні  т.с.с. 

Адамдардың мерекеге дайындалуын бақылау. 

 

5. Дайындық сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 



талаптар 

 

23. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар: 

1) өзі туралы мәліметтерді; 

2)  отбасы  мүшелері:  әке,  ана,  ата,  апа, әпке,  аға,  іні,  қарыңдас.  Олардың 

есімдерін; 

3) дене мүшелерін; 

4) киімдер мен аяқ киімдерді; 

5) адамның сезім мүшелері және оны күте; 

6) үй, бөлмелерді; 

7) сыныптағы, жатақханадағы жиһаздар, ойыншықтарды; 

8) асхана. Тағамдардың атауларын. Ыдыстардың атауларын; 

9) үй хайуанаттары мен үй құстары, олардың аталуы және күтімін; 

10) қаладағы көлік маңызын; 

11) жеке бас гигиена ережелерін;  

12) мерекелер туралы білуі тиіс. 

24. 1-сыныптың соңында оқушылар: 

1) отбасы мүшелері және олардың есімдерін; 

2) қала көліктеріне отыру тәртібін және ережелерін сақтауды; 

3) үстел басында дұрыс отыруды; 

4) жеке бас гигиенасының ережелерін меңгеруі қажет. 



 

6. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

25. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар: 

1) сынып, жатақхана және басқа мектеп бөлмелерін; 

2) қала көліктерін; 

3) үй хайуанаттары мен жабайы аңдарды; 

4) көкөністер мен жемістерді; 

5) адамның дене мүшелері және күтімін; 

6) сыныптардың және басқа оку бөлмелерінің орналасуын; 

7) сыныптағы, жатақханадағы жиһаздар, ойыншықтарды; 

8) балықтар. Балықтың түрлерін; 

9) адамның дене мүшелері және күтімін білуі тиіс. 

26. 1-сыныптың соңында оқушылар: 

1) оқығанда және жазғанда денені дұрыс ұстауды; 


2)  әдептілік  түрлері:  сәлемдесуді,  өтініш  білдіруді,  кешірім  сұрауды, 

алғыс айта білуді; 

3) өз денсаулығын сақтау шараларын меңгеруі қажет. 

 

 



7. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

27. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар: 

1) күн тәртібін; 

2) мамандықтарды; 

3) жыл мезгілдеріндегі табиғаттағы өзгерістерді; 

4) өсімдіктер. Жапырақтар түсін; 

5) хайуанаттарды; 

6) адамдардың еңбегін; 

7) Қазақстандағы аталып өтетін мерекелер мен мәнді оқиғаларды; 

8) жыл мезгілдеріне байланысты адам еңбегін; 

9) жеке бас гигиена ережелерін білуі тиіс. 

28. 1-сыныптың соңында оқушылар: 

1) көшеде жүріп тұру ережелері; 

2) күн тәртібін орындау; 

3) жануарларға қамқорлық жасауды меңгеруі қажет. 

29. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың: 

1) қоршаған ортаны сақтауға және оны қорғауға, оған қамқорлық жасауға 

ұмтылысынан; 

2) адамдардың еңбегі және олардың мамандығына құрметпен қарауынан; 

3)  өз-өзіне  қызмет  етуінен,  өз  ағзасын  күтуінен,  салауатты  өмір  салтын 

сақтауынан көрініс табады. 

30. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың: 

1) қоршаған ортаны бақылау дағдысымен; 

2)  табиғи  құбылыстарды  бақылау  және  талдау,  өзіндік  қорытынды 

шығару білігімен;  

3) табиғатты зерттеу әдістерін қолдана білу дағдысымен; 

4)  қосымша  ақпаратты  жинақтау  және  олардың  қажеттісін  іріктеп  алу 

білігін қолдана білуімен айқындалады. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет