Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалған) оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің дайындық сыныбы үшін «Сауат ашу (оқу, жазу)»



Pdf көрінісі
Дата13.02.2017
өлшемі172,52 Kb.
#3993

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 126-қосымша  



 

 

 



 

Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалған) 

оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің дайындық сыныбы 

үшін «Сауат ашу (оқу, жазу)» пәнінен типтік оқу бағдарламасы 

(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) 

 

1. Түсінік хат 

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 

тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес әзірленген.  

2.  Сауат  ашу  кезеңі  қазақ  тілінің  грамматикасына  және  әдебиет  туралы 

білім  жүйесіне  кіріспе  болып  табылады.  Оқушылардың  оқу  және  жазу 

дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, 

айтатын  ойын  толық,  түсінікті,  жүйелі  жеткізе  білуге,  байланыстыра  сөйлеуге 

үйрету,  ауызша,  жазбаша  тілін  дамыту,  сөздік  қорын  байыту  және  белсендіру 

мақсаттарын  жүзеге  асыруға  бағытталады.  Суреттерге  қарап  жеке  әріптерден 

сөз  құрауды  керекті  орнына  қоя  білуді  үйренеді.  Жазуға  үйрету  алдында 

қолдың,  саусақтың,  саусақ  ұштарының  қозғалысын  дамытып  жаттықтырады, 

қағазды  бүктеп,  белгіленген  жерден  қайшымен  кесуді  (  көлденең,  тік  бағытта) 

үйретеді.  Мұғалім  көрсеткен  үлгі  бойынша,  оюлардың  суретін  салады, 

құрастырады, сызықтар сызады, сурет салады, ирек сызықтар жүргізеді. 

3.  Сауат  ашудың  негізгі  мақсаты  –  оқу  дағдыларының  негізін  қалау, 

тыңдауға,  айтуға,  жазуға  үйрету,  балалардың  сөздің  дыбыстық  құрылысы 

туралы  түсінігін  қалыптастыру,  әріп  таныту,  буындап,  тұтас  сөзді,  сөйлемді, 

мәтінді  оқуға  үйрету,  сауатты  жазудың  негізін  қалыптастыру,  ауызекі  тілін 

дамыту. 

4. Сауат ашуға үйретудің негізгі міндеттері: 

1) тілдік жүйенің дыбыстық-әріптік  құрамын меңгерту, баспа әріптермен 

таныстыру; 

2)  балаларды  сөздер  жазылған  кестелерді  қолдану  арқылы  оқуға,  жазуға 

үйрету; 


3)  қима  әріптерді  қолдану  арқылы  сөзді  дыбыстық-әріптік  талдауға 

үйрете отырып, дұрыс сөйлеуге үйрету. 

5. Сауат ашу төмендегідей бөлімдерден тұрады: 

1) сауат ашуға дейінгі кезең; 

2) сауат ашу кезеңі; 

3) сауат ашудан кейінгі кезең. 



6. Сауат ашуға дейінгі кезеңнің міндеттері: 

1)  дайындық  сынып  оқушылары  қима  әріптерден  үлгі  және  зейіні 

бойынша сөз құрастыра білуді; 

2)  сөздегі  дыбыс  санын,  олардың  орналасу  реттіліктері,  алғашқы  оқу, 

жазу дағдыларын қалыптастыру. 

7. Сауат ашу кезеңі 1 тоқсаннан басталады. 

8. Сауат ашу кезеңінің алдына қойған мақсаты: оқу  және жазу әдеттерін, 

сонымен    қатар  байланыстырып  сөйлеу  тілін  меңгерту.  Сауат  ашу  кезеңінің 

алдына  қойған мақсаты оқу дағдысына, байланыстырып сөйлеуге үйрету.  Бұл 

кезеңде  дыбыстардың  дыбыстық  құрылымының  құрамдарын  талдау  жағына 

ерекше  көңіл  бөлінеді.  Бұл  тек  қана  оқу  және  жазу  дағдысын  ғана 

қалыптастырып 

қоймай,  сөйлеу 

дағдысына 

қалыптастырады.  Соған 

байланысты, әліппе кезеңінде берілген тапсырмалар дыбыстық құрылымдарын 

талдауды,  сөздерді  оқуды,  жазуды  талап  етеді.  Сауат  ашудан  кейінгі  кезеңде, 

оқу мен жазуды толығымен игерту жатады. 

9.  Пәннің  мазмұнын  меңгеру  үшін  аптасына  9  сағаттан  оқытылады 

(барлығы  –  297  сағат).  Жалпы  сағат  саны  кезеңдер  бойынша  төмендегіше 

бөлінеді:  

кесте 1.  

Сауат ашу 

Оқу 


3 сағат 

Жазу 


2 сағат 

Тіл дамыту 

4 сағат 

 

10. Пәнді оқыту процесінде пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады: 



1)  «Дыбыстарды  айтылуын  қалыптастыру  және  есту  қабілетін  дамыту» 

пәнімен:  дыбыстардың,  сөздердің  дұрыс  айтылуын  және  есту  арқылы 

қабылдауын дамытады. Айтылуы ұқсас дыбыстарды ажыратуға үйретеді; 

2)  музыка  пәнімен:  оқушылардың  тілін  жаттықтыру,  дыбыстарды  дұрыс 

айтуға үйрету мақсатында балалар әндерін тыңдату; 

3)  бейнелеу  өнері  пәнімен:  сурет  салғызу,  бояту  жұмыстары  арқылы 

қаламды,  қарындашты  дұрыс  ұстауға  үйрету,  қолдың  ұсақ  бұлшық  еттерін 

дамыту, эстетикалық тәрбие беру; 

4)  еңбекке  баулу  пәнімен:  еңбек  тақырыбына  байланысты  шығармалар 

оқу  барысында  оқушыларды  еңбексүйгіштікке  баулу,  адамдардың  еңбегін 

құрметтеуге  тәрбиелеу,  ермексазбен,  табиғи  материалдармен  жұмыс  жасау, 

қағаздарды қию, өрнектер салу, безендіру арқылы қолдың ұсақ бұлшық еттерін 

дамыту; 

5) дене шынықтыру пәнімен:  

партада дұрыс отыру; 

дене бітімінің дұрыс дамуы үшін жаттығулар жасау;  

сабақта сергіту сәтін өткізу. 


11.  Есту  қабілеті  зақымдалған  балаларға  сауат  ашу  пәнін  оқыту  кезінде 

тілдік  жүйенің  дыбыстық-әріптік  құрамымен  таныстыру  жұмысы  жүргізеді. 

Есту  қабілеті  зақымдалған  балалардың  ерекшеліктерін  есекре  отырып,  сауат 

ашу  пәні  аясында  тіл  дамыту  міндеттері де  шешіледі.  Осыған  байланысты  тіл 

дамыту  пәні  балалардың  сөздік  қорын  кеңейту  және  сөйлеу  кезінде 

байланыстырып сөйлеудің алғышарттарын дамыту болып табылады. 

 

2. Оқу пәнінің дайындық сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

12. Сауат ашуға дейінгі кезең. 

13. Кеспе әріптерден үлгі сөз, сөз тіркестерін құрастыру. 

14. Жазу дағдыларын қалыптастыру: 

1)  жол  және  торкөз  дәптерге  қарындашпен  сопақ,  дөңгелек  заттардың 

(алма, алмұрт, шие, шар) суреттерін салу; 

2) қарындашпен торкөздер санына сай тік сызықты заттарды (үй, шырша, 

үстел, орындық, шкаф) суретін салу; 

3)  қарындашпен  торкөздер  санына  сай  тік  сызықты,  сопақша  түрде 

заттардың (кесе, машина, кружка т.с.с.) суретін салу. 

15.  Заттық  суреттерге,  берілген  сөздік  кестелерді  тауып  орнына  қойып 

оқу.  Оқушының  сөз  қорын  дамыту  үшін,  сюжетті  суреттермен  жұмыс  жүргізу 

қажет. 

16.  Сюжетті  суреттер  жеке  тақырыптар  бойынша  берілуі  керек.  Ол 



тақырыптар төмендегідей: 

1) «Мектеп»: кітапхана, асхана, дәрігер, спорт зал, жатақхана; 

2) «Сынып»: сынып, тақта, орындық, үстел, шкаф, құлаққап, аппарат; 

3)  «Оқу  құралдары»:  кітап,  дәптер,  қалам,  қарындаш,  сөмке,  өшіргіш, 

бояу, сурет дәптері; 

4) «Отбасы»: апа, ата, әке, шеше, бала, қыз; 

5) «Үй жануарлары»: сиыр, қой, ешкі, ат, түйе; 

6) «Жабайы аңдар»: аю, түлкі, қасқыр, қоян, тиін, кірпі; 

7) « Жемістер»: алма, алмұрт, шие, жүзім, өрік; 

8) «Көкөністер»: картоп, орамжапырақ, қияр, қызан, сәбіз, пияз, қызылша; 

9)  «Ойыншықтар»:  қонжық,  қуыршақ,  машина,  доп,  пирамида, 

зырылдауық, шаршы. 

17. Сауат ашу кезеңі: 

1) сөздердегі  дыбыстар мен әріптерді талдау; 

2) сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды  аңықтау; 

3) сөздердегі дыбыс санын аңықтау; 

4) дыбыстардың сәйкестілік реттерін аңықтау; 

5) берілген дыбыстар мен әріптерден өзбетінше таңдап  алып сөз құрауды 

үйрету; 

6) әріптерді  өздеріне  тән белгілеріне байланысты  ажырата  білуге (жеке 

және сөз ішінде) үйрету; 

7) кеспе әріптерден сөз, сөз тіркестерін құрауды ұйрету; 



8)  кеспе  әріптерден  құрастырылған,  сөз,  сөз  тіркестерін  оқып  білуді  

үйрету (тік таяқшалар). 

18. Сауат ашу кезеңінде төмендегідей әріптер өтіледі: п, а, м, т, о, л, у, н, 

ш, й,  ү, с, р,  қ,  ғ. 

19. Сауат ашудан кейінгі кезең: 

20. Оқу: 

1) алфавиттегі барлық әріптер бойынша, сөздерді буындап оқу  мен тұтас 

оқуға машықтандыру; 

2) 2-4 буынды сөздерді дұрыс оқып дағдыландыру; 

3) 2-4 жолды қысқа өлеңдерді жатқа айта білуге үйрету; 

4) суреттерге қарап, қысқа сурақтарға жауап беру. 

21. Байланыстырып сөйлеу: 

1) ауызша сөйлеу ерекшеліктерімен таныстыру; 

2) дауыс ырғағын, екпінін дұрыс сақтап айтуда үйрету; 

3) сұрақтарға жауап беру; 

4) сурет бойынша ауызша баяндау. 

22. Жазуға үйрету: 

1) партада дұрыс отыруды, үйрету; 

2)  дәптерді  партаға  жазуға  ыңғайлап  орналастыруды  дұрыс    ұстауды  

үйрету; 


3) қалам мен қарындашты дұрыс ұстауды үйрету; 

4) көз мөлшерін қол мен саусақтарын жазуға жаттықтыру; 

5)  контур  бойынша  сызу,  сызықпен  бейнелерді  жалғастыру,  өрнектер 

салу, оларды бояу; 

6) сызықтарды қаламды үзбей аяғына дейін сызу. 

23. Сөйлеу тілін іс- жүзінде дамыту. 

24.  Оқу  іс  -әрекетінің  ұйымдастырылуына  байланысты  қолданылатын  

сөздік материалды түсініп, қолдана білу. 

25.  Сұрақтарға  жауап  беру:  бүгін  /  ертең,  кеше  /  қай  күн?  Бүгін  /  кеше, 

ертең / кім кезекші? Бүгін / кеше, ертең / ауа- райы қандай болды?. 

26.  Жолдасына  өз  өтінішін  білдіру,  заттың    атын  атауды,  көрсетуді,  іс  – 

жүзінде  көрсетуін  талап  ете  білу:  кітапты  көрсет.  Оның  атын  ата.  Кітапты  

маған бер. Кітапты  аш. Кітапты үстелге қой.т.с.с. 

27.  Сұраулы  сөйлемдерді  әңгімелесу  /  диалог  /  кезінде  қолдану:  мынау 

кім? Мынау не? Не істейді? Қайда?. 

28.  Затты,  заттың  іс-әрекетін  білдіретін  сөздерді  әңгімелесу  /диалог/ 

кезінде қолдану: 

1) Самат не істеді?; 

2) жазды; 

3) не жатыр?; 

4) мысық; 

5) кім тұр?; 

6) Алмас т.с.с. 

29.  Сипаттап  –  хабарлау  cөйлеу  тілінде:  кім?  не?  не  істеді?  деген 

сұрақтарды орынды қолдана білу. 


30.  Әңгімелесу  кезінде  берілген  тапсырманы  түсініп  орындау:  дәптерді 

ал. Қаламды қой. Кітап пен қарындашты бер. т.с.с. 

31. Сипаттап – хабарлау сөздік тілінде «не?+не істеді?» «кім?+ не істеді?» 

деген сұрақтарды сөз тіркестерінде қолдану: мысық сүт ішті. 

32. Затты дұрыс атап, аталған заттың суретіне дұрыс сұрақ қоя білу. 

33.  Заттың  түр-түсін,  көлемін,  белгісін  білдіретін  сөздерді  түсініп, 

тапсырманы орындау. 

34.  Іс-әрекет  бағытын  білдіретін  сөздерді;  жөғары-төмен,  үстінде, 

астында, жанында, ішінде түсініп, тапсырманы орындау. 

35. Сюжетті суреттер бойынша 4-5 сөйлемнен тұратын жәй сөйлем және 

жайылма сөйлем құрастыру. 

36. Сөздерді жалпылай ауызша қалыптастыру: 

1)  мұғалімнің  сұрақтары  бойынша  заттарды,  суреттерді  топтап  және 

салыстырып айта білу; 

2) «әр түрлі заттар» және «Бірыңғай  заттарды» түсініп ажыратып айту; 

3)  жеке  заттарды  әр  топтарға  бөліп,  аттарын  айту.  Ыдыстар,  көкөністер, 

жемістер т.с.с; 

4)  әр  топтағы  заттардың  ішінен  жеке  заттардың  белгілерін  білу.  Осы 

заттардың адам өміріндегі қажеттілігін білу; 

5)  мұғалімнің  көмегімен  сұрақ  қою  арқылы  бір  топтың  ішіндегі  әр 

заттарды салыстырып айту; 

6)  бір  топтағы  заттардың  ортақ  белгілерін  түр-  түсін,  көлемін, 

қажеттілігін / және әр заттың өзіне тән қасиетін ажырата білу; 

7)  сөздерді  топтарға  бөліп,  киімдер,  отбасы,  ыдыс,  оқу  құралдарды, 

жануарлар, жиһаздар / жалпылай айту; 

8) кім? Не? Не істейді? деген сұрақтарға жауап беретін заттық суреттерді 

топтарға бөлу; 

9) жекеше және көпше түрде берілген зат есімдерді сурет бойынша «Кім? 

Не?» сұрақтарын қойып, топтарға бөлу; 

10) көпше және жекеше түрдегі сөздердің мағынасын іс- жүзінде меңгеру. 

Кітап – кітаптар, кітаптарды  қой, кітаптарды ал. т.с.с.; 

11) кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін топтарға берілген заттардың, 

мағынасын түсініп іс-жүзінде менгеру.  

37. Тақырыптар: 

1) сынып; Оқу құралдары; Сыныпта; Мектепке жиналамыз; Отбасы; Дене 

мүшелері;  Ойыншықтар;  Үй  жануарлары;  Үй  құстары;  Жабайы    жануарлар; 

Бақшада;  Бақта;  Күз;  Асханада;  Тағам  түрлері;  Үй  жиһаздары;  Ұйықтайтын 

бөлме;  Жуынатын  бөлме;  Аяқ  киімдер;  Күздік  киімдер;  Қыс.  Көңілді  қыс. 

Қыстық  киімдер;  Мамандық  иелері;  Кезекшілер;  Қала    көшелері;  Бағдаршам; 

Көктем; 8-наурыз –аналар мерекесі; Жыл мезгілдері; Қызықты каникул күндері; 

Жазда; Жайлауда. 

38. Сөздік материалдар: 

1)  сынып:  мұғалім,  сынып,  бала,  қыз,  үстел,  орындық,  шкаф,  тақта, 

аппарат, микрофон; 



2)  оқу  құралдары:  кітап,  дәптер,  сөмке,  қалам,    қарындаш,  альбом, 

өшіргіш, бояу, желім, қағаз, қылқалам; 

3) отбасы: ата, әже,әке, шеше, бала, қыз; 

4) дене мүшелері:  бас, маңдай, шаш ,көз, құлақ, мұрын, ауыз, мойын, қол, 

дене, аяқ, саусақ; 

5) ойыншықтар: доп, қуыршақ, қонжық, қоян, машина, зырылдауық; 

6) үй жануарлары: түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі, мысық, ит; 

7) үй құстары: тауық, әтеш, балапан, қаз, үйрек; 

8) жабайы  жануарлар: аю, қасқыр, түлкі, қоян, тиін, кірпі; 

9) бақшада: сәбіз, қызылша, қияр, пияз, қызанақ; 

10) бақта: алмұрт, алма, өрік, шие, жүзім, лимон, апельсин, жемістер; 

11) күз: жапырақ, саяжай, ағаштар, сары, қызыл, жасыл жапырақтар; 

12) асханада: тәрелке, кесе, қасық, шанышқы, шәйнек, пышақ, ыдыстар; 

13) тағамдар: сүт, айран, жұмыртқа, ет, шай, балық, нан, сары май, ботқа, 

қант, кәмпит, печенье, шұжық, кисель; 

14)  үй  жиһаздары:  диван,  төсек,  кресло,  сандық,  шкаф,  тумбочка, 

киімілгіш; 

15)  ұйықтайтын  бөлме:  көрпе,  төсек,  жастық,  шкаф,  ақжайма,  төсек 

жапқыш, кілем төсеніш; 

16) жуынатын бөлме: сабын, тарақ, сүлгі, айна, тіс пастасы, тіс ысқыш; 

17) аяқ киімдер: етік, туфли, пима, жеңіл аяқ киім, тәпішке, мәсі; 

18) күздік киімдер: көйлек, жейде, жемпір, куртка, плащ, шалбар, костюм; 

19) қыс: қар, аққала, шана, шаңғы, шырша, коньки, мұз, айдыны; 

20) қыстық киімдер: тон, малақай, қолғап, етік, жемпір, мойынорағыш; 

21) мамандық: мұғалім, дәрігер, аспаз, кітапханашы; 

22)  көліктер:  автобус,  трамвай,  троллейбус,  машина,  мотоцикл, 

бағдаршам; 

23) ұлттық киімдер: кимешек, бөрік, мәсі, камзол, шапан, қалпақ, сәукеле, 

тақия; 

24) сары, қызыл, көк, ақ, қара, жасыл, қоныр, үлкен, кіші; 



25) тез, жай, жақсы, жаман, дұрыс, дұрыс емес, кір, таза, ұқыпты; 

26) ал / ыңдар /, бер/іңдер/, көрсет / іңдер /, қой / ыңдар /, жина /ңдар/, аш / 

ыңдар /, құй/ ыңдар /, іш/ іңдер /, жу /ыңдар /, сал / ыңдар /, төсек сал / ыңдар /, 

төсекті жина / ңдар /, іл /іңдер /, бүкте / ңдер /,тазала / ңдар /; 

27)  оқы  /ды  /,  сурет  сал  /ды  /,  сөйледі,  тұр,  отыр,  жүгірді,  жатыр, 

ұйықтады,  ілулі  тұр,  жеді,  ішті,  жуды,  сүртті,  тазалады,  құйды,  кесті,  пісірді, 

қуырды,  қойды,  алды,  киінді,  шешінді,  ілді,  жуды,  үтіктеді,  жинады,  әкелді, 

секірді, үрді, мияулады, мөңіреді, жүзді, ән салды, сатты, сатып  алды, емдеді, 

ауырды, ауырып тұр. 

39.  Тапсырма-нұсқау.  Қолыңды  /  допты,  кітапты,  басыңды  /  көтер  (- 

іңдер).  Тақтаға  /  терезеге,  шкафқа,есікке/  барыңдар,  қара  /ңдар  /.  Жауап  бер  / 

іңдер /, дәптерді, қаламды, өшіргішті ал / ыңдар /. Қайтала / ңдар /, тыңда / ңдар 

/. Мұқият  тыңда /ңдар /; Сыныпқа / асханаға, ұйықтайтын бөлмеге  кір / іңдер / 

/ Әліппені /  қаламды, қарындашты ал /ыңдар /, алма/ңдар; айт / ыңдар /, тұрма / 

ңдар /. 


40. Қаратпа сөзге түсініп жауап беру: 

1) сенде дәптер бар ма? - Менде дәптер жоқ; 

2) кімде қарындаш бар? – Алмаста; 

3) Айдын қайда? - Ол үйде; 

4) менің кітабым жоқ./ маған кітап керек /-Ал; 

5) өшіргіш алуға бола ма?- Болады // алуға болмайды; 

6) кім жазды? – Мен /-Дана. / Дана жазды/; 

7) сен конструктормен үй жасай аласың ба? - Жоқ. /Иә, жасай аламын; 

8) кім жасайды? –Алмас. 

  

3. Дайындық сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 

талаптар

 

 

41. Пәндік нәтижелер. Дайындық сыныптың соңында оқушылар: 

1) кеспе әріптерден үлгі бойынша сөз, сөз тіркестерін  құрастыра; 

2) жазу дағдыларын  игере; 

3) заттық суреттерге берілген сөздік кестелерді дұрыс тауып, қойып оқи; 

4) қима әріптерді пайдаланып, сөздерді ауызша айта; 

5) әріп санына қарай тор көздерді дұрыс толтыра; 

6) әріптің, буынның графикалық элементтерін пайдалана отырып жаза; 

7) сөздердің мағынасын  түсініп айта; 

8)  қима  әріптерден  құрастырылған  сөйлемдерді  ауызша  айтып,  оны 

жазбаша түрімен салыстыра; 

9) сөз, сөз тіркестерін қима сөздермен құрастырып оқи білуі тиіс. 

42. Тұлғалық нәтижелер. Дайындық сыныптың соңында оқушылардың: 

1) берілген тапсырмаларды өздігінен орындай алуынан; 

2) нашар еститін баланың жеке тұлғасын жан жақты дамуынан; 

3) меңгерген сөздік материалдарын ауызша айтып үйренуінен; 

4) бір біріне көмектесу, қамқорлық таныта білуінен көрініс табады.  

43. 


Жүйелі-әрекеттік  нәтижелер.  Дайындық  сыныптың  соңында 

оқушылар: 

1) тапсырманы түсініп, орындай білуімен; 

2) сұраққа жауап беріп, әңгімелесе білуімен; 

3) заттардың іс -әрекетін білдіретін тапсырмаларды түсініп орындауымен; 

4) заттардың түсін, көлемін, белгілейтін сөздерді пайдалана білуімен; 

5) заттарды салыстыра білу, топтарға бөліп айта білуімен; 

6) заттың көпше және жекеше түрде айтылуын білуімен айқындалады. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет