Есту қабілеті зақымдалған балалармен түзету кабинеттеріндегі



Pdf көрінісі
Дата19.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31482


Есту қабілеті зақымдалған

балалармен түзету кабинеттеріндегі,

оңалту орталықтарындағы

(педагогикалық жəне медициналық)

логопедтің рөлі.

Орындаған :Құтымбай. А

                        Муталипова. К

                   Нуртаева. А

                        Нураханова. А



Ғылым мен техниканың дамыған

заманында қоғам мүшелерінің

денсаулық сапасын оңалту, орынбасу

арқылы түзету басты міндет болып

табылады. ХХ ғасырдың соңынан

қарай Қазақстан Республикасының

аумағында балаларға тегін

медициналық көмек көрсету түрлері

тағы бір түрімен ұлғая түсті. Ол - есту

қабілеті терең зақымдалған балардың

естіп-сөйлеу мүмкіндіктерін

кохлеарлы имплантация құрылғысы

арқылы дамыту.

Аталған құрылғы жойылған есту

рецепторларының қызметін атқару,

яғни орнын басу мақсатында ота

жасау арқылы электродтар жүйсін

ішкі құлақтағы ұлу жүйесіне

 енгізіледі, орнатылады. Біздің

мемлекетімізде аталған ота түрін

жасау тегін медициналық көмек

түріне енгізілген.




Жылына 100-қазақстандық ерте жас

кезеңіндегі балаларға ота жасалып,

кохлеарлы имплантация құрылғысы

арқылы естулері протезделеді.

Десек те осы естуді протездеу

жүйесінің негізгі бөлігі болып

саналатын науқастың отаға дейінгі

жəне кейінгі естіп қабылдауын

педагогикалық оңалту жүйесі

маңызды мəселелердің бірі болып

тұр.Есту қабілеті зақымдалған

балалар негізгі екі топқа бөлінеді:

нашар еститіндер жəне

естімейтіндер.

Халықаралық топтастыруға сүйенетін

болсақ нашар естушіліктің төрт деңгейін,

естімеушіліктің екі деңгейін ажыратуға

болады. Кохлеарлы имплантация

құрылғысы естімейтіндерге жəне нашар

естушіліктің үшінші жəне төртінші

деңгейіне тағайындалады. Бірақ, осы

кохлеарлы имплантация отасына

тағайындаудың бірнеше ережелері

ұсынылған. Соның ең негізгісі отаға

дейінгі алты ай шамасында естуі

зақымдалған балалар үздіксіз түрде

қолайлы таңдалған сандық есту

аппараттарын тағуы қажет жəне жай

тағып қана қоймай сурдопедагогтан,

логопедтен түзету курсынан өту

міндеттеледі.



Есту қабілеті зақымдалған балалармен педагогикалық түзету

жұмысында сурдопедагогпен логопедтің алатын рөлі ерекше.

Себебі, отаға дейінгі есту аппаратымен естіп қабылдауда,

кохлеарлы имплантация құрылғысын орнатылғаннан кейін науқас

өзбетінше ауызша сөйлеу тілін меңгеруде көптеген қиындықтар

кешеді, кей жағдайда мүлдем игере алмауы да мүмкін. Тек

сурдопедагогтың жəне логопедтің  бірлескен, кешенді түзету

жұмыстары арқылы ауызша сөйлеу тілінің көптеген кезеңдерін

(сөйлеу үрдісіндегі дауыстың, тыныстың қатысын; алғашқы

сөздермен, жеке фразалармен, сөйлемдермен сөйлеуді; ), тілдік

емес жəне тілдік дыбысталуларды меңгереді.



Аталған мамандар науқастың есту аппараты арқылы қалдық есту деңгейін

жетілдірумен, егер науқас кейіннен естуін жоғалтқан болса ауызша сөйлеу деңгейін

сақтап қалумен жұмыс жасайды. Есту аппаратын тағу арқылы науқас естіп

қабылдауға тəжірибесін жинайды жəне ауызша сөйлеу тілін жетілдіре түседі. Отаға

дейінгі педагогикалық түзету жұмысы үздіксіз жəне өнімді жүргізілсе отадан

кейінгі науқастың естіп қабылдауын жетілдіру, ауызша сөйлеуін дамыту, дыбыс

айтуын қалыптастыру жеңіл əрі тез жүргізіледі.    

Кохлеарлы имплантация - бұл тек хирургиялық жолмен жасалатын ота ғана емес,

отаға үміткер науқастарды іріктеу, кешенді диагностикалық тексеру

(сурдопедагогтың жəне логопедтің тексерунінен міндетті түрде өту),

хирургиялық жолмен ота жасау жəне отдан кейінгі естіп сөйлеу тілін оңалтудан

тұратын іс-шаралар жүйесі болып табылады.




Кохлеарлы имплантацияға үміткерлер жоғарыда шолып өткеніміздей отаға дейін кем

дегенде алты айға дейін сандық есту аппаратын үздіксіз тағуы қажет.

Отаға дейінгі алты ай көлемінде есту қабілеті зақымдалған балалармен жүргізілетін ең

бірінші жұмыс түрі - ол балаға есту аппаратын үздіксіз тағуға үйрету. Есту аппараттарын

алғаш тағайындаған күннен бастап ол ойын баласы үшін өте қызықты «ойыншық» болып

көрінеді. Есту деңгейіне қарай бағдарламаланған есту аппараты қоршаған дыбыстарды,

кейбір жоғары жиілікті дыбыстарды қабылдауда жағымсыздық тудырмайды. Бірақ аталған

талаптар сақталмаған жағдайда есту аппаратын үздіксіз тағу балаға қолайсыздық əсер

тудырады, əрине ол баланың есту аппаратынан бас тартуына дейін əкеліп соғуы мүмкін.

Қолайлы таңдалған есту аппаратымен жүргізілетін келесі жұмыстың түрі -

баланы қоршаған дыбыстарға (машина, жел, құстар дауысы, жақын

адамдарының дауысы) қызықтыру болып табылады. Кохлеарлы имплантқа

үміткер науқастың көптеген қоршаған дыбыстарға жауап реакциясы

болмайды.




Ота ерте жасалған балаларға ауызша сөйлеу тілін игеруге шамамен екі жылдай уақыт керек болса, үш

жастан кейін жасалған балаларға одан да ұзағырақ уақыт қажет болады.

Қоршаған дыбыстарды имплант арқылы өңдеу жоғарыда айтып кеткеніміздей есту аппаратынан біршама

ерекшеленеді. Отадан кейінгі педагогикалық оңалту жұмысы да бірашама өзгеше. Алғашқы түзету

курстарында бала кохлеарлы имплантпен дыбыстарды қалай қабылдайтынын тексеріп аламыз. Егер бала

отаға дейін тек жоғары жилікті жəне кейбір қоршаған дыбыстарды ғана естісе, отадан кейін ол барлық

жиіліктегі (жоғары, орта жəне төмен жилікті дыбыстар) дыбыстарды, тілдік емес (құстардың сайрауы,

жаңбырдың даусы, иттің үргені) жəне тілдік дыбыстарды (жеке дыбыстар, буындар, сөйлемдер) естиді

жəне ажырата алады.

Мұндағы біздің басты міндетіміз баланың есту мүмкіндігіне қарай естіп қабылдауын

жетілдіру.Үздіксіз алты ай есту аппаратын тағып, қалдық естуін жетілдірген науқасқа ота жасап,

кохлеарлы имплантация құрылғысын орнатуға болады. Отадан кейінгі оңалту курсы баланың жеке

ерекшеліктеріне қарай қысқа жəне ұзақ уақыттық болып бөлінеді.



Кохлеарлы имплантациядан кейінгі оңалту жаттығулары акустикалық ақпараттарды

қабылдауға қабілеттілігін дамытуда келесі сатыларын өзіне қосады: акустикалық

сигналдардың  бар жəне жоқтығын анықтау; акустикалық сигналдардың арасындағы

айырмашылықтарды анықтау (біртүрлі жəне əртүрлі); адамның дауысын жəне басқа тілдік

емес тұрмыстық дыбыстарды ажырату; тұрмыстық сигналдарды тану; дыбыстардың түрлі

сипаттары бойынша анықтау (жиілігі, ұзақтығы, жоғарылығы жəне т.б.);

сөйлеу тілінің жеке дыбыстарын ажырату жəне тану, сөйлеу тілінің сегмент аралық

сипаттарын (интонация, ритімін), фонемалық белгілерін (қатаң, ұяң, үнді, қаттты жəне

жұмсақ, артикуляциялық орнын т.б.); жеке сөздерді, сөйлемдерді тану; біркелкі сөйлеу тілін

түсіну; кедергі келтірілген жағдайда сөйлеу тілін жəне тұрмыстағы дыбыстарды түсіну

жəне ажырату. Əрине бұл жерде аталған процесстер бірден бола қоймайды, тек белгілі

кезектілікпен нəтижелі болатын жұмыс.




Соңғы уақытта кохлеарлы импланттардың жетілуіне қарай жəне осындай науқастарды оңалту

бойынша тəжірибенің жинақталуынан кохлеарлы импланттқа науқастарды іріктеудің ережелері

өзгеріп жатыр. Қазіргі таңда қосымша бұзылыстардың (көрудің зақымдалуы, балалар церебральды

сал ауруы, зият қазымдығы) болуы кохлеарлы имплантация үшін қосымша көрсеткіш болып таболып

табылады. Зияты зақымдалған кохлеарлы имплантталған балалармен жұмыс тəжірибесі де кездеседі.

Ауызша сөйлеу тілін дамытудың шектеулі мүмкіндіктеріне қарамастан импланттың көмегімен

жоғарыда аталған балалар қоршаған ортадағы дыбыстарға бейімделе алады.



Есту қабілетін ауызша сөйлеу тілін меңгергенге дейін жоғалтқан 8-15 жас аралығындағы

балаларға кохлеарлы имплантация орнатуға көптеген мамандар келіспейді. мұндай

балалардың тілді меңгеру құзыреттілігі жəне есту тəжірибесі едəуір төмен, ал тілді меңгеруге

деген жоғарғы ми орталықтарының қабілеті ерте жастағы балалармен салыстырғанда нашар.

Аталғанның бəрі ауызша сөйлеу тілін түсінуге жəне өзіндік сөйлеу тілін қалыптастыруда

мүмкіндіктері шектеулі екендіктерін көрсетеді. Бұл жағдайда баланың дыбыстар əлімін естіп

жəне өмір сүруіне деген жеке қызығушылығы ғана маңызды болып табылады. Көбінесе

кохлеарлы имплантацияға барудың шешімін ата-аналар қабылдайды да, баланың өзі қажет

етеді ма, жоқ па түсініксіз жағдай болып қала береді. Əрине оның салдары, біздің

мемлекетімізде жасөспірім жастағы балалар имплантты қолданудан бас тартады, мұндай

жағдайлар көптеген дамыған мемлекеттердің тəжірибесінде де кездесіп жатыр.



Есту қабілеті зақымдалған балаларды қоғамға

кіріктірудің негізгі жолдарының бірі -

кохлеарлы имплантацияның көмегімен ауызша

сөйлеу тілін меңгеруге көмектесу. Басқа

дамыған мемлекеттердей біздің мемлекетімізде

де есту қабілеті зақымдалған балаларды

 кохлеарлы имплантацияның көмегімен оңалту

ең тиімді жол болып тұр. Кохлеарлы

имплантацияға дейінгі жəне кейінгі

педагогикалық оңалтудың өзіндік орындары

бар.

Отаға дейін ешбір түзету жұмысын жүргізбестен



отадан кейінгі нəтижелі түзету жұмысына

ұмтылу мүмкін емес. Аталған тақырыптағы

бірнеше мəселелерді зерттеу  тек сурдопедагог,

логопедтердің ғана емес медицина

қызметкерлерінің қызығушылығын да оятып

отыр. Кохлеарлы имплантация мəселесі

медицина мен педагогиканың тоғысқан жері

десек те қателеспейміз. Сол себепті де бұл



тақырыпты əлі де зерделеу маңызды болып отыр.


Назарларынызға

рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет