Есту, көру,сөйлеу, ақыл-ой, тірек- қимыл бұзылыстарына психологиялық педагогикалық сипаттамасы



бет1/5
Дата01.11.2022
өлшемі31,8 Kb.
#46775
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Тақырып: Есту, көру,сөйлеу, ақыл-ой, тірек- қимыл бұзылыстарына психологиялық педагогикалық сипаттамасы.
Орындаған: Алибекова Айгерім Алғашбекқызы
Информатика ДОТ 2-курс

Алматы 2022
Инклюзивтік білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балаларды мынадай топтарға біріктіре отырып оқыту ұйымдастырылған. Олар:
1. Есту қабілеті бұзылған балалар
2. Көру қабілеті бұзылған балалр
3. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар
4. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар
5. Психикалық дамуы тежелген балалар
6. Ақыл-ой кемістігі бар балалар
Бұл балаларды даму мүмкіндігі шектеулі балалар деп атаймыз. Қазіргі кезде елімізде мүмкіндігі шектеулі ересек жандарды қоспағанның өзінде 150 мыңнан аса мүгедек бала өмір сүруде.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-шы бабына сәйкес, республиканың барлық азаматтарының ұлты, тілі, жынысы, әлеуметтік жағдайы және денсаулық жағдайына қарамастан жалпы орта білім алуға тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы» және «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заң нормалары бар. Сонымен бірге, білім беруге ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға білім беруге қатысты ерекше мақсаттары да анықталған: көзі нашар көретін тұлғаларға – оқуға және жазуға арналған арнайы құралдарды меңгеру, кеңістікте бағдарлау;есту бұзылыстары бар тұлғаларға – ауызша сөзді сөйлеушінің ерін қимылынан түсіну және қалдық есту қабілетін пайдалану дағдыларын үйрену, сөйлеу тілін дамыту;ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларға – барлық психикалық функцияларын түзету және дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделу, өзін-өзі жұмыспен қамтуға дайындау;қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар тұлғаларға – толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша меңгеру;сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар тұлғаларға – сөйлесудің коммуникативтік дағдыларын меңгеру.Олай болса, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру және тәрбиелеу үдерісін олардың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктерін ескерген жағдайда ғана тиімді ұйымдастыра аламыз.
1. Есту қабілетінде бұзылыстар бар балардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі
Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты қабылдау қызметі бұзылады, негізгі сөйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы көбінесе 125 – 4000 Гц арасында өзгеріп отырады.
Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әсiресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі.
Психофизикалық дамуында артта қалушылықты көрсету дәрежесi әр түрлi себептерге, есту қабілетінің нашарлау уақыты мен ауырлығына байланысты болады.
Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы және сөйлеу тілі тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді.
Нашар еститін балалардың естімейтін балалардан айырмашылығы қалдық есту мүмкіндігін оқу процесінде қоршаған ортаны тану және адамдармен қарым-қатынаста жеткілікті деңгейде тиімді пайдалануы мүмкін.
Нашар еститін балалар 75 дБ аспайтын сөйлеу жиілігінің аймағында (500-ден 2000 Гц) есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің тәуелділігіне қарай дыбысты ажыратады.
Арнайы оқыту нәтижесінде оларда ойлау, сөздi есте сақтау қабілеті,
сөйлеу тілі дамиды, компенсаторлық және потенциалдық мүмкiндiктері кеңейетін қажетті жағдай жасалады.
Есту қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту жағдайлары
МЖБС талаптарына сәйкес естімейтін және нашар еститін оқушылар оқу материалын меңгеру үшін арнайы жағдай жасалуы мүмкін және онда арнайы сыныпта саралап оқыту арқасында нақты оқу құралдарын, арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламаларды қолдану, оқыту уақытын арттыру, мүмкіндігі болады.
Арнайы сынып жағдайында естімейтін және нашар еститін балалар негізгі орта білім беру деңгейінде білім алады .
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту ұзақтығы бастауыш және негізгі мектепте - 11 жыл:
- «0» (дайындық сыныбы),
- бастауыш деңгейі (1-4 сынып),
- 1-ші негізгі деңгей (5-7 сынып),
- 2- ші негізгі деңгей (8-10 саты).
Нашар еститін және кейін естімей қалған балалардың оқыту ұзақтығы:
- бастауыш деңгейі – 0 – 4 сынып,
- негізгі деңгей – 5 – 10 сынып,
Естімейтін және нашар еститіндер оқушылар оқуын жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында немесе кәсіптік колледждерде, жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім беруді арнайы мектептің кешкі бөлімде 11-12 сыныптарында жалғастыра алады.
Білім алудың ерекше қажеттілігін қанағаттандыру
Түзете-дамытушылық жұмыс бүкіл педагогикалық процесті қамтиды және балалардың оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы түзету жұмысының бағыттары ақпараттар мен білімдерін талдауға ерекше жағдайлар жасау, әлеуметтік байланыстар мен балалардың қажеттіліктерін, пәнаралық байланыстар мен танымдық қызығушылықтарын дамыту, арнайы оқыту әдістерін таңдау, арнайы түзету пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Типтік оқу жоспарында арнайы түзету курсы қарастырылған:
«Заттық-тәжірибелік оқыту», «Түзету ырғағы» және жеке-топтық сабақтарда естуді қабылдауы мен дұрыс айтуын дамыту.
«Заттық-тәжірибелік оқыту» (ЗТО) оқу курсының мақсаты: тілді меңгеру мен жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру үшін полимодальды сезіну негізінде танып білу және қарапайым тұрмыстық түсініктерді пайдалану деңгейінде білім беру.
«Түзету ырғағы» оқушылардың есту қабілетін музыка арқылы дамытуға, есту-көру және есту, сөйлеу қабілетін жетілдіру яғни естіп қабылдауын интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі мен қимылдарын дамытуға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет