Естуінде ауытқуы бар балалардың жалпы және тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу



Дата28.01.2022
өлшемі47,17 Kb.
#24507
түріҚұрамы

Сурдопедагогика - (латын сөзінен шыққан "surdus" аудармасы саңырау деген мағынаны білдіреді) арнайы педагогиканың бір құрамы, естуінде ауытқуы бар балаларды және ересектерді оқыту мен тәрбиелеу білім жүйесін ұйымдастыру туралы ғылым.

Есту анализаторының қалыпты қызмет етуі баланың жалпы дамуына ерекше маңызы бар. Есту қабілетінің жағдайы баланың сөйлеу тіліне және психикасына әсер етеді. Есту анализаторының бұзылысында ең бірінші сөйлеу тіліндегі ауытқулар болса, екіншілік кемістік таным әрекетінің төмендеуі. Сурдопедагогиканың міндеттері:

- естуінде ауытқуы бар балаларды оқуға, білім алуға, дамуға ынталандыру;

- естімейтін және нашар еститін тұлғалардың ойлауын дамыту үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету;

- педагогикалық жағдайда оқу әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті икемділік пен дағдыларды қалыптастыру, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, таным процестерін белсендіру;

- қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып кәсіби енбек ету үшін қажетті білім, икемділікпен дағдыларды қалыптастыру.

- естуінде ауытқуы бар балалардың жалпы және тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу;

- естуіндегі кемістіктің түрі мен құрамын анықтау, оның деңгейлерін ажырату арқылы қажетті түзетушілік қолдаудын көлемін белгілеу.

Ал қазіргі уақытта естуінде ауытқуы бар балаларды топтастыру есту қабілетіне қарай нашар еститіндер (құлақ мүкістігі бар) және естімейтіндер деп ажыратады. Құлақ мүкістігі сөйлеу тілің қабылдауды қиындататың естудің тұрақты төмендеуі. Құлақ мүкістігі бар балалар сөйлеу тілін өз бетінше қабылдауда қиналады, бұл балалар нашар еститіндер қатарына жатады. Естимейтіндер - есту қабілетінің тұрақты, терең зақымдалу жағдайында дыбыс күшейткіш аппаратсыз, өз бетінше сөйлеу тілін қабылдай алмайтын тұлғалар. Сурдопедагогикада кең қолданылатын Л.В. Нейманның топтастыруы (1961). Бұл топтастырудағы есепке алынатын негізгі көрсеткіштері есту қабілетінің зақымдалу деңгейімен есту арқылы сөйлеу тілін қабылдау мүмкіндігі. Құлақ мүкістігі бар тұлғаларды үш деңгейге бөлуге болады, олар:

1 деңгей- есту қабілетінің темендеуі 50 дБ аспайды;

2 деңгей - есту қабілеті төмендеуінің орташа көрсеткіші 50 мен 70 дБ аралығында;

3 деңгей - есту қабілетінің төмендеуі 70 дБ асқан жағдайы.

Л.В. Нейманның топтастыруы бойынша құлақ мүкістігі бар балалармен естімейтіндерді ажырату шекарасы 85 дБ деңгейімен ннықталады.

Л.С. Выготскийдің психологиялық ілімдеріне сүйене отырып оның шәкірті Р.М. Боскис (1963) естуінде ауытқуы бар балалардың даму ерекшеліктеріне зерттеу жүргізген. Осы ғылыми зерттеудің нәтижесі Р.М. Боскис әзірлеген педагогикалық топтастыру болды. Нақты естуінде ауытқуы бар балалардың өзіндік даму деңгейін ескере отырып жаңа критерийлерді көрсеткіштерді ұсынған, олар:

- есту қызметінің зақымдалу деңгейі;

- есту қызметінің зақымдалуының салдарынан жеке дара ерекшеліктері;

- естуі нашарлаған балаларға көрсетілетін педгогикалық жағдайлар;

- есту анализаторындағы ақаудын пайда болған уакыты.

Естуінде ауытқуы бар балалардың ерекше бөлек топбында кейіннен естимей қалған тұлғалар. Бұл балаларда есту қабілеті зақымдалған кезге дейін сөйлеу тілі қалыптасқан. Аталмыш балалар есту мен сөйлеу тілінің түрлі деңгейлерімен сипатталады оларга уақытымен арнайы түзетушілік көмек ұйымдастырмаса қалыптасқан сөйлеу тілі жойылады.

Естуінде түрлі ауытқуы бар балаларды оқыту мәселесі естуіндегі кемістіктін денгейін ескере отырып, сөйлеу тілінің жағдайын есепке алуды қарастырады.

Естуінде ауытқуы бар балалар кемістіктің орнын жүйке жүйесінің иілімдігі арқылы толықтыруға қабілетті. Бұл балалар дамуы кемтар балалардың барлығына ортақ заңдылықтар бойынша дамиды (В. И. Лубовский). Аталмыш балалар қоршаған ортамен қарым қатынас жасауда қатты қиналады және тұлғалық қалыптасуыда қалыпты балалардан өзгеше.

И.М. Соловьев естуінде ауытқуы бар балаларға тән екі заңдылықты ажыратады. Естімейтін баланың сырттан қабылдайтын әсерлер көлемі аз және шектеулі, қасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Соңдықтан психикалық дамуы қарапайым болып сыртқы әсерлерге деген реакциялары да төмендейді. Осындай жағдайдын салдарынан естуінде ауытқуы бар балалардың ойлауында өзгешіліктер байқалады, мысалы көрнекі-бейнелеу ойлаумен логикалық-сөйлеу ойлау арасындағы ерекшеліктер, жазбаша сөйлеуі (импрессивті-оқу) және (экспрессивті-жазу) ауызша сөйлеу тіліне қарағанда маңызды.

Естуінде ауытқуы бар балалар сөйлеу тілін тек арнайы оқыту арқылы меңгере алады. Есту қабілетіндегі кемістіктердің орнын толықтыру үшін аса маңызды қызметті көру арқылы қабылдау атқарады. Бұл топтағы балаларда заттарды тану мен ажырату баяу өтеді. Көрген заттарды саналы түсіну, уақыттпен кеңістіктегі заттар арасындағы қарым-қатынасты меңгеруде қиналады, аударып, керісінше көрсеткен жағдайда заттарды шатастырады.

Естуінде ауытқуы бар балалар қалыпты балаларға қарағанда дене дамуы жағынанда артта қалады. Статикалық және динамикалық тепетендікті сақтауда, қимыл-қозғалыстарда сеңімсіздік байқадалы. Ерекше ұсақ моторикаларында және артикуляциялық аппарат дамуында көптеген кемістітер жиі кездеседі.

Зейін дамуы естуінде ауытқуы бар балалар үшін өте қажетті, өйткені сөйлеу тілін сөйлеп тұрған адамның ерін қимылынан көру арқылы, немесе дактильді сөйлеуді саусак қимылынан қабылдау мүмкін болса, ал ол тек зейін салу арқылы мүмкіндік береді.

Бұл жағдай естуінде ауытқуы бар балалардың зейін тұрақсыз, әлсіздігін білдіреді. Зейін салуы қабылданатын заттардың көркемдік бейнесіне тәуелді (А.В. Гоголева). Сондықтан бұл балаларды оқытуда көптеген, түрлі көрнекілікті пайдалану қажет.

Есте сақтау қабілеті саналы сипатқа ие. Аталмыш балалардың заттын бейнесін есте сақтау қабілетіне, көру арқылы қабылдаудағы өзгешіліктер әсерін тигізеді, нақты қоршаған заттар арасында жеңіл-желпі көрсеткіштерін тез байқайды да, бейнесін есте сақтауда қиналады. Т.В. Розанованың зерттеуі көрсеткендей көрнекі материалды еріксіз есте сақтауда естуінде ауытқуы бар балалар барлық көрсеткіштер бойынша қалыпты балалардан артта қалуда: заттардың орнын, бейнесі, ұқсас заттарды шатастырады. Ал ерікті есте сақтауын қарастырсак, бұл балалардың есінде заттардың бейнелері бір жүйеге қалыптасуы қалыпты балалармен салыстырса төмен. Ерікті және еріксіз есте сактаудағы ерекшеліктер оқу материалын қабылдап, тұрақты есте сақтауына ықпал етеді. Соңдықтан образды есте сақтауын қалапты деңгейге жеткізу үшін - таным процестерін жетілдіру, ойлаудын - салыстыру, талдаумен жинақтау сияқты процестерді дамыту қажет

Естуінде ауытқуы бар балалардың есте сақтауы сөйлеу есте сақтауын дамыту негізінде нәтижелі.

Естімейтін және нашар еститін балалардың ойлау процестері де өзгешіліктерге ие. Естуінде ауытқуы бар балалар көрнекі-әсерлі ойлау арқылы тапсырмаларды орындау қабілеті қалыпты балаларға қарағанда кеш және қарапайым тәсілдер арқылы қалыптасады (А.В. Запорожец).

Көрнекі- бейнелі ойлау сөйлеу тілінің дамуына тәуелді. Естімейтін және қалыпты балалар арасындағы көрнекі-бейнелі ойлаудағы айырмашылықтар бастауыш мектеп жасында байқалады. Ал 7 мен 10 жас аралығында көрнекі-бейнелі ойлауы жылдам дамиды. Логикалық ойлау көрнекі-бейнелі ойлау негізінде дамиды. Естуінде ауытқуы бар балалардың көрнекі-бейнелі ойлауы баяу дамуына тәуелді логикалық ойлауыда тежеледі.



Бастауыш мектеп жасындағы естуінде ауытқуы бар балалар мәтінді оқыған соң оны нақты елестетуде қиналады және көрнекі жағдаятта қажетті көрсеткіштерді анықтай алмайды. Жасөспірім жасында сөйлеу тіл арқылы ұсынылған деректері талдау, жинактау бұл балаларды қиналдырады. Ал 13 пен 17 жас аралығанда логикалық ойлауы толық дамиды. Т.В. Розанованың зерттеулері көрсеткендей, естуінде ауытқуы бар балалар арасында ойлау даму деңгейі қалыпты балалармен бірдей балалар кездеседі. Бұл жағдай естуінде ауытқуы бар балалардың арнайы оқыту жағдайында зият дамуын орнын толықтырудың жоғары мүмкіндігі бар екендігін білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет