Етістіктің СӨзжасамы орындаған: Нұрбек Д. Н тексерген: Сағанаева Г. С



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі217,55 Kb.
#16238
  1   2   3   4   5   6   7

ЕТІСТІКТІҢ СӨЗЖАСАМЫ

Орындаған: Нұрбек Д.Н

Тексерген: Сағанаева Г.С

Тобы: Кя-903с

Жоспары

Жоспары

  • Етістік туралы жалпы түсінік
  • Етістік сөзжасамының зерттелуі және сөзжасамдық тәсілдер
  • Синтетикалық тәсіл
  • Аналитикалық тәсіл
  • Семантикалық тәсіл

Етістік – заттың іс - қимылын, әрекетін, күйін, белгінің, көңіл - күйдің, қарым қатынастың қимыл түрінде өзгеруін білдіретін сөз табы.

Етістік – ең күрделі сөз табы. Оны мына факторлардан байқаймыз: 


  • лексика-семантикалық ерекшелігі,
  • түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формалардың қат-қабаттылығы,
  • грамматикалық категориялардың әр-түрлілігі,
  • сөйлемде атқаратың синтаксистік қызметінің кеңдігі,

Қазақ тілінде етістіктің сөзжасамдық тәсілдер арқылы жаңа туынды мағына беретін жағдайы сөзжасамдық ұя деңгейінде аз зерттелген.

Қазақ тіл білімінде етістік туралы теориялық ұғымдарды алғаш зерттегендер – А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, А.Қалыбаева, И.Оралбаева, С.Исаев, т.б болды. Бірақ ғалымдар өз зерттеулерінде сөзжасамдық ерекшелігі туралы толық әңгімелеген жоқ.

Сөзжасам туралы алғашты ғылыми пікірлер «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деген монографияда айтылды. Бұл еңбекте бір ғана «бас» сөзінен туындаған 89 сөзжасамдық ұя талданып, сөзжасамдық ұяға енетін 143 туынды сөз көрсетіледі. Бұнда авторлар етістіктің күрделі сөзжэасам жүйесі бар сөз табы екенін жазады.

Етістікті сөзжасамның зерттелуі

Етістіктің сөзжасамы туралы ғалым Н.Оралбаева еңбегінде: «Етістік сөзжасамында барлық сөз табы негіз болып, сөзжсамдық бірлік қызметін атқарады. Олардан зат есім сөздерді, сан есімдерді, сын есімдерді, үстеуді, етістікті, одағайды атауға болады», – деп атап өтеді және етістіктің сөзжасам жүйесінде түрлі тәсілдер арқылы жасалатындығын анықтап береді

Олар:


- синтетикалық

- аналитикалық

-семантикалық

Синтетикалық тәсіл етістік сөзжасамында белсенді қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы етістіктің жасалуы сөзжасамдық жұрнақтармен байланысты. Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтарының негіз сөзге жалғанып, оның мағынасын өзгертуі не түрлендіруі синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы деп аталады. Мысалы, көгер, жасар, тыңда, қозға, сөйле, көрсет, жуын, оқыт, сөндір, жазғыз т.б. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір етістіктер деп аталады.

Синтетикалық тәсіл

Бірақ аздаған туынды түбір етістіктердің негіз сөздерінде қазір бұл қасиет жоқ. Мысалы, оян, оят, аңқай, аңқи, өңки, тыңқи, жымпи, семір, жұбан, жұбат, ұзай т.б. сияқты бір топ туынды түбір етістіктердің жұрнақтары анық көрініп тұрады да, негіз сөздері жұрнақсыз жоғарыдағыдай жеке қолданылмайды, бірақ олар да туынды түбір етістік деп танылады

Олардың негіз сөзі бір кездері дербес сөз болғанымен, қазіргі тілде түбір сөз ретінде қолданылмайды. Мұндай түбірлерді орыс тіл біліміндегідей байлаулы түбір деуге болады. Байлаулы туынды түбір етістіктер жұрнақтары арқылы танылады, өйткені ондағы негіз сөздер қазіргі тілде қолданыста жоқ. Тарихи тұрғыда қазір туынды түбір етістік деп дәлелденіп жүрген біраз етістіктер бар, олар: кел, кет, тол, той т.б. Бұлар қазір негізгі түбір болып саналады.

Етістіктің жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді:

1) жалаң жұрнақтар бір морфемадан тұрады: ақ-та, ес-ей, сый-ла, өз-гер, мен-сін, жол-ық, тең-ел, адам-сы, ат-а т.б

2)Құранды жұрнақтар ең кемі екі морфомадан құралады: -лан(-ла+-н),

-лат(-ла+-т),-лас(-ла+-с),-сара(-са+-ра),

-ырай(-ыр+-ай):қарулан, әндет, көмектес, ойсыра, ажырай, бадырай т.б.Сонымен бірге етістіктің жекелеген туынды түбір етістік жасаған өнімсіз жұрнақтары да бар: -ши (шұқши), -и (селти), -ке (иіске), -іне (есіне), -ірке (есірке, мүсірке, тосырқа) т.б





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет