Этнопедагогикаға негізделген сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#7348

     

 

 



38 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     



 

 

ӘОЖ 581.1 (075.8) 



 

ЭТНОПЕДАГОГИКАҒА  НЕГІЗДЕЛГЕН  СЫНЫПТАН  ТЫС 

 ЖҰМЫСТАРДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ   

 

доц. Н.Б. Әужанова, магистр Д.М. Мукашева 



І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ., nasqul@mail.ru 

 

Бұл  мақалада  этнопедагогикаға  негізделген  қазіргі  заман  талабына  сай  сыныптан  тыс 



жұмыстарда  пайдалану  жолдарын  зерделеу  жұмыстары  ашылған.  Осы  жұмыстар  барысында 

оқушылардың дүниетанымын дамытудың жолдары көрсетілді. 

 

В  этой  статье  представлены  результаты  исследования  о  возможности  организации  и 



проведения внеклассной работы на основе использования  этнопедагогики.   

 

In  this  article  research  results  are  presented  about  possibility  of  organization  and  realization  of 



extracurricular work on the basis of the use of folk  pedagogics



 



Кілт сөздер: этнопедагогика, сыныптан тыс жұмыстар, салт-дәстүр, әдеп-ғұрып.  

 

Қазақ  халқының  сан  ғасырлар  бойы  жинақтаған  мол  тәжірибесі,  танымдық  мұрасы, 

салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  аңыз  әңгімелері,  жұмбақ,  мақал-мәтел,  өлең  жырлары,  ұлттық 

ойындары ерекше  тәрбиелік  мәні   бар, баға жетпес қазына болып табылады. 

Оқушыларды    биология  ғылымының  заңдарымен,  қоршаған  ортада  жүріп  жатқан 

биологиялық  құбылыстармен    таныстыруда,  оны  көруге,  сезінуге,  түсінуге  халықтық 

педагогика  элементтерін  пайдаланудың маңызы зор.  

Этнопедагогикалық  зерттеулердiң  Кеңестiк  дәуiрдегi  маңызы  мен  мәнi,  қажеттiлiгi 

мен көкейкестiлiгi жөнiнде және оны ғылыми педагогиканың құрамдас бөлiгi деп  қараудың 

керектiгi  туралы  педагог-ғалымдар:  И.Т.Огородников,  В.М.Коротов,  А.Г.Гордина, 

М.Ф.Шебаевалар да  кезiнде  келелi пiкiрлер айтқан едi. Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс 

елдерiнде XVII-XVIII  ғасырлардан бастап қолға алынған болса,  қазақ этнопедагогикасының 

зерттелу  жайы,  ғылым  ретiнде  қалыптасу  тарихын  сөз  еткенде  оны  үш  кезеңге  бөлiп 

қарастырамыз [1,2].  

Қазақ  этнопедагогикасының  туу  кезеңi  (ХIХ  ғ.  2-жартысы),  оның  Қазақ 

этнопедагогикасының  қалыптасу  кезеңi  (1920-1930  жж.)  және  Қазақ  этнопедагогикасының 

дамуының үшінші  кезеңi  (1970-1995).  

Орыс,  батыс  саяхатшы-ғалымдары:  П.С.Паллас,  Э.С.Вульфсон,  А.Вамбери, 

А.Левшин,  А.Янушкевич,  Н.Г.Потанин,  Н.Л.Зеланд,  В.В.Радлов  т.б.  қатар  қазақтың  зиялы 

ақын-оқымыстылары:  С.Торайғыров,  Ә.Диваев,  А.Байтұрсынов,    Ш.Құдайбердиев, 

М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  Х.Досмұхамедов,    Н.Құлжанова,    М.Әуезов,  

С.Сейфуллин,    М.Ғабдуллин,    Б.Момышұлы,    Б.Адамбаев,  Ш.Ахметов,  М.Әлiмбаев, 

Қ.Жарықбаев,  С.Қалиев,  Ә.Табылдиев,  С.Ұзақбаева,    М.Балтабаев,  И.Бөлеев,  З.Ахметова, 

М.Құрсабаев, М.Смайылова, М.Оразаев, К.Қожахметова т.б. атауға  болады [3, 4].  

Тақырып  бойынша  жүргізілген  педагогикалық  тәжірибелік  зерттеу  жұмыстарында 

мектептерде  халық  тағылымдары  негізінде  оқушы  дүниетанымын  дамытудың  жәй-күйі 

зерттеліп,  мына міндеттерді  шешуге  бағытталған іс-шаралар  жүргізілді: 

а)      Оқушылардың  эксперемент  кезіндегі  халық  тағылымдарын  меңгергенінің 

бастапқы және соңғы деңгейі  көрсетілді.   

б) 

Мектеп 


тәжірибесінде 

оқушылардың 

дүниетанымын 

қалыптастырудың 

олқылықтары мен себептері нақты анықталды. 


     

 

 



39 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     



 

Жоғарыда  аталған  мәселелерді  шешу  барысында  өз  тәжірибемізге  сай  сыныптан  тыс 

шаралар, өткізілген жұмыстар негізінде оқушыларға сауалнамалар қою, пікірлесу, танымдық 

сын  сайыстар  өткізу,  бағдарламалар,  әдістемелік  құралдарды  талдау,  т.  б.  жұмыс  түрлері 

арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу жұмысында байқалғандай бүгінгі  қолданыста жүрген оқу 

бағдарламалары  мен  оқулықтарда  халық  тағылымдары  негізінде  оқушылардың 

дүниетанымын дамытуға онша  көп  көңіл бөлінбеген. Соңғы жылдары  ғана біршама  зерттеу 

жұмыстары  жүргізіліп  жүргендігі  байқалады.  Осы  бағытта  өткізілген  сыныптан  тыс 

жұмыстар  оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастыруда  ұйымдастырылған  шара 

барысында байқалды.  

Тек  эксперимент  жүргізілген  сыныптарда  нәтиже  көрсеткіштері  төмендегідей: 

сауалнама  жүргізген  уақытта  оқушылардың  19%  пайызы  ғана  ұлттық  дүниетаным  туралы 

білсе,  «Атадан  қалған  асыл  сөз»  деп  аталатын  сыныптан  тыс  шарада  оқушылар  бойында 

өзіне  деген  сенімділік  пайда  болуда,  ой-пайымдаулар  жасауға  дағдыланды.  Сынып 

оқушылары  сапа  көрсеткіш  тұрғысынан  алғанда  10-оқушысы  толыққа  жуық  дағдыланды. 

Яғни    бұл  көрсеткішсыныптың  38%  пайызына  жетті.  Сонымен  бірге  өткізілген  «Менің 

Республикам»  атты  шарасында  сыныптың  20-оқушысы  ұлттық  дүниетаным  туралы  толық 

меңгеріп  шықты  оны  анықтау  қиынға  соқпайды,  оқушылардың  рухани  жан-дүниесі 

молайып, өзін, өзгені құрметтеуге, санаса білуге деген ұмтылыстары байқалады. Осы аталған 

шарада  оқушылардың  сапасы  77% пайызға  көтерілді.  Осындай  шаралар  сынып  оқушылары 

арасында  көрсеткіштердің  көтерілгенін  көрсетіп  отырды.  Бұл  нәтиже  төмендегі  1 

диаграммада келтірілді. 



 

 

1 Диаграмма 

 

 



Зерттеу барысында үш деңгей есепке алынды. 

Олар: жоғары, орта, төмен.  



Жоғары  деңгей  –  халық  тағылымдарын  қызығушылықпен  қабылдап,  оның  әлеуметік 

түрлерін  іс  жүзінде  пайдалану  дағдылары  біршама  қалыптасқан  және  оның  тәрбиелік 

мүмкіндіктерін  түсініп,  бағалай алуы.  

Орта  деңгей  –  халық  тағылымдарының  танымдық,  тәрбиелік  мәнін  түсінуге 

құлшынысы бар, бірақ  тұрмыс-тіршілікте  пайдалануы әлі де жүйелі  қалыптаспаған.  



Төмен  деңгей  –  халық  тағылымдарының  танымдық  мәніне  көңіл  бөлмейді,  тұрмыс-

тіршілікте  пайдалану дағдылары қалыптаспаған.  

Аталған  деңгейлердің  нәтижесін  шығаруда  8  –  сынып  оқушыларының  арасында 

сауалнама жүргізілген  болатын. 



 

 

 

0

10



20

30

40



50

60

70



80

90

100



"Атадан қалған асыл сөз"

"Менің республикам"



     

 

 



40 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     



 

Сауалнама  

1.Әр халықтың сәлемдесу мәнерін қалай түсіндірер  едің?   

2. Отбасы туралы түсінігің?   

3. Әке мен анаға байланысты туыстық атауларды ата?   

4. Тыйым сөздер не үшін  қажет?  

5. Ырымдарға сенесің бе, неліктен?   

6. Бата түрлерін  ата, бата алу неге қажет?  

7. Отбасыдағы перзенттің орнын ескерудің  мәні неде?  

8. Қарашаңырақ,  отау шығару  ұғымдарын қалай түсінесің?   

9. Ұлттық қол өнер түрлерін ата?  

10. Санаға байланысты халықтың ұғымдарынан не білесің?   

11. Халықтың қарапайымдылық, көмектерін  атап бер?  

12. Маусымдық  мерекелерді  ата?  

13. Бір  мүшел (13 жас) жасқа байланысты рәсім,  жоралғыларды білесің  бе?   

14. Той түрлерін ата?  

15. Наурыз  мейрамының ерекше  белгілерін  атап бер? 

Сауалнама  мақсаты  –  оқушылардың  дүниетанымын  анықтау  бағытында  таратылды. 

Оған 83 оқушы  қатынастырылды. Соның ішінде 8  В сыныпта 26 оқушы тапсырған болатын, 

нәтижесі 2 диаграммада көрсетілді.   

Нәтижесінде 

оқушылар 

дүниетанымын 

халық 

тағылымдары 



негізінде 

қалыптастырудың  мынадай  олқылықтары  байқалды:  қоғамда,  отбасындағы  тіршілікте 

баладан сұраныс болмауы, әрі  тұтынуға деген қажеттіліктің  туындамауы.   

 

 

2 Диаграмма 

 

 



 

Халықтың  салт-дәстүр,  әдеп-ғұрыпын,  ырымдар  мен  тыйымдарды  атап  беруде, 

танымдық  тәрбиелік  мәндерін  ашуда  өзіндік  пайымдаулары  төмен  көрінді.  26  оқушының  5 

озаты  ғана  жауап  берді.  Нәтижесі  сапа  көрсеткішпен  көрсетсек,  26  оқушыдан  19%  пайыз 

болды. 

Халық  педагогикасы    материалдарын  пайдалану    эксперимент  барысында  байқалған 



ерекшелік  оқушылардың сабақта  да, үй  тапсырмасын  орындауда  да  шығармаларды, ауыз  

әдебиетін,  аңыздарды    білуге  ынталанғаны  анықталды.  Егер  оқушылардың  алғашқы 

қызығушылығы 11 пайыз болса, эксперименттің нәтижесінде ол 52 пайыз болды, сонда өсу 

көрсеткіші  41 пайызды құрады. 

Сөйтіп,    халықтық    педагогика    материалдары  оқытудың    тиімді    түріне    айналып, 

оқушылардың  биологияға  қызығу  деңгейін және  білу ынтасын, оның сапасын  тиянақтап, 

сабақ  үлгерімін  арттырады. 

0%

20%



40%

60%


80%

100%


1

2

3



     

 

 



41 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     



 

Тәрбие  сағаттарының  тақырыптары  келесі  болуы  мүмкін:  «Ас  –  адамның  арқауы», 

«Жан сұлулығы – тән сұлулығы», «Қызы бардың қызығы бар, ұлы бардың ұлығы бар», «Салт 

– дәстүрді   білесің  бе?» т.б. 

Мақсат-міндеттері:Білімділік  мәні:  Оқушылардың  бойына  халқымыздың    рухани 

байлығын  сіңіру,  ұлтымыздың  басты  құндылығы  –  дәстүрлерінен  үлгі  ету.  Олардың  киген 

ұлттық  киімдері  жайлы  білімдерін  толықтыру.  Оқушыларды  дастарқан  басында  сақталатын  

рәсімдермен,  ырым-тыйымдармен  таныстыру.  Ұлттық  тағамдарымыздың  қасиетімен    және 

ұлттық  ыдыс-аяқтармен  таныстыру.  Оқушыларды  қазақ  жігіті  мен  қызының  бойына  тән 

өнерлік,   тәлімдік  қасиеттермен  қалыптастыру. 



Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұлтжанды, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. Қыз 

бала  мен  ұл  бал  тәрбиесі  қашанда  халық  назарында  екенін  естен  шығармауға,  мейірімділік, 

қарапайымдылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды, басқа да   тағамдарды 

қастерлеуге,  ас ішу  тәртібін  әркез есте сақтауға  тәрбиелеу. 



Дамытушылық  мәні:  Оқушылардың  ұлттық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыптармен 

байланыстырып  тілдерін,  сөздік    қорларын        байыту,  қазақ  жігіттері  мен  қыздарының 

дағдыларын дамыту  

Көрнекіліктер:  1.  Нақыл,  қанатты сөздер, мақалдар жазылған плакаттар.   

2.   Қазақтың ұлттық  қолөнерлері. 

3.  Тұрмысқа  қажетті   заттар. 

4.    Буклеттер,  альбомдар,  сөзжұмбақтар,  сөзөрімдер,  ыдыс-аяқ  суреттері,  суреттер 

көрмесі. 

«Тамақты  тарта жесең, санаңды ашар,  көп жесең ұйқы басар» 

«Таспен  атқанды,  аспен  ат»,  «Дүниедегі  байлықтың  түрі  көп,  солардың  ішіндегі  ең 

негізгісі  де осы нан байлығы». 

Тәрбие  сағаттарының  соңында  «Сыр  сандық»  ойыны  ойнауға  болады.  Оқушылар 

салт-дәстүр,  ұлттық  салт,  музыкалық  фольклор,  қол  тума  т.б.  ұлттық  таным  бойынша 

сайысқа түседі. Осы сайыстарға қажетті  материалдар төменде келтіріледі  [9]. 

 

 «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тәрбие сағаттарына материалдар 

 

Салт – дәстүрлердің түрлері 

Діни әдет-ғұрыптар 

 

Отбасылық той-томалақтар 



мен жиындар 

Маусымдық  халықтық 

мерекелер 

1  Ырымдар 

мен 

нанымдар 



1  Үйлену тойы 

1  Жалпы халықтық  тойлар 

2  Діни  рәсімдер  мен 

мейрамдар 

2  Бала тәрбиелеу         

3  Кәсіптік  мейрамдар 

3  Жерлеу  салты 

 

Ырымдар  мен  нанымдар.  Он  және  теріс  бата,  жылан  арбау,  күн  жайлату,  ауруды      

емдеу, кәрі  жілікті     іліп  қою, отқа май құю, дуалау,  бәдік,  алғыс-қарғыс, бақсылық және т.б.     

Діни рәсімдер. Намаз  оқу, ораза ұстау, зекет-садақа  беру,  қажылыққа   бару. 

Діни мейрамдар. Ораза айт, құрбан айт 

Жалпы халықтық  тойлар. Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой  (мизам),  

Соғым басы.           



Кәсіптік  мейрамдар. Биебайлау, сіргежияр, жүн қырқар, тулақшашар,  күйек байлау, 

шашыратқы,  уызқағанақ  және т.б. 



Қазақтың төрт тойы. 

Наурыз  мейрамы  –  күн  мен  түн  тепе-теңдікке  келген  сәттен  бастап  тойланады. 

Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атқарады. 



     

 

 



42 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     



 

Бұл  кезде  мал  төлдеп,  жер  көктеп,  дүние  жаңара  бастайды.  Сондықтан  да  наурыз  тойын 

«тепетеңдік»,  «игілік»,  «жаңару»,  мейрамы деп атайды [5,6]. 

Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын 

үлкен  той.  Осы  кезде  мал  отығып,  биелер  желіге  байланып,  қымыз  жиналып,  ағайын- 

жекжаттар  бірін-бірі  қымызға  шақырады.  Құран  оқып,  мал  сойылып,  түрлі  ойын-сауықтар, 

жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі  той-томалақтар да өткізіледі. 



Мизам (Сабан той). Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. 

Бұл тойда  түрлі жарыстар мен ойын-сауықтар өткізілді. 



Соғым басы – қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы 

кезде  ауыл  адамдары  соғымға  сақтаған  малдарын  сойып,  бірін-бірі  қонаққа  шақырады. 

қыстың  ұзақ  түнінде  ақындар  мен  жыршылар  терме,  қисса,  ертегі  айтып,  жұртты  қызыққа 

батырады. 



Үш  санындағы ұшқыр  ой 

 

№ 

Түрлері 

Атауы 

1.

 



 

Үш  жұрт.  

1. Ағайын жұрт.   2. Нағашы  жұрт    3. Қайын жұрт.  

2.

 



 

Үш  байлық. 

1. Денсаулық. 2. Ақ  жаулық. 3. Он саулық. 

3.

 



 

Үш  би. 


 

1. Үйсін −Төле би.  2. Арғын − Қаздауысты Қазыбек би.  

3. Алшын − Әйтеке би. 

4.

 



 

Үш  дана. 

1. Абай  2. Шоқан   3. Ыбырай. 

5.

 



 

Үш  қат. 



 

1. Жоғары қат − аспан.  2. Орта қат − жер үсті.  3. Төменгі қат − 

жер асты. 

6.

 



 

Үш  қуат. 

1. Ақыл қуат.  2. Жүрек қуат.  3. Тіл  қуат. 

7.

 



 

Үш  ғайып. 

1. Ажал ғайып. 2. Қонақ ғайып. 3. Несібе  ғайып. 

8.

 



 

Үш  арсыз. 

1.Ұйқы арсыз. 2.Тамақ  арсыз. 3. Күлкі  арсыз. 

9.

 



 

Үш  дауасыз. 

1. Мінез.   2. Кәрілік.   3. Ажал. 

10.


 

 

Үш  қадірлі. 



1. Ырыс.  2. Бақ.  3. Дәулет. 

11.


 

 

Үш  қадірсіз. 



 

Адам  жастық  шақтың,  денсаулықтың,  жақсы  жардың  қадірін 

білмейді. 

12.


 

 

Үш  жамандық. 



1.Нақақ  қан төгу. 2. Кісі  малын нақақ алу. 3. Ата-бабаның көзі 

– ескі  жұртты бұзу. 

13.

 

 



Үш  жақын. 

1. Жан тәтті.  2. Бала тәтті.   3. Жар тәтті.   

14.

 

 



Үш  ақиқат. 

Қымбат – шындық, арзан – өтірік,  дауасыз – кәрілік. 

15.

 

 



Үш  қуаныш. 

1. Алғыс алу.2. Өзіңді  көптің іздеуі.  3. Ісіңнің  өшпеуі. 

16.

 

 



Үш  биік.   

1. Билік.   2. Дәулет.  3. Даналық. 

17.

 

 



Үш  асыл. 

1. Көз.  2. Тіл   3. Көңіл. 

18.

 

 



Үш  артық. 

1. Адалдық. 2. Еңбексүйгіштік.  3. Өнерпаздық. 

19.

 

 



Үш  ынтық. 

1. Еркін  өмір.  2. Құрметке бөлену. 3. Пайдалы еңбек ету. 

20.

 

 



Үш  тұл. 

 

1. Қайратсыз ашу  тұл.  2. Тұрлаусыз  ғашық  тұл.   



3. Шәкіртсіз  ғалым тұл. 

21.


 

 

Үш  апат. 



 

1. Ғалымдар мен қарттарды сыйламау. 2. Үкіметті сыйламау. 3. 

Асты ысырап ету. 

22.


 

 

Үш  кедейлік. 



1. Кежірлік.   2. Еріншектік.   3. Ұйқы. 

23.


 

 

Үш  кемдік. 



1. Надандық.  2. Еріншектік.    3. Зұлымдық. 

24.


 

 

Үш  бақытсыздық. 



1.Жаман ат.  2. Жаман қатын.  3. Жаман көрші. 

25.


 

 

Үш  көз.  



1.  Су  анасы  –  бұлақ.  2.  Жол  анасы  –  тұяқ.    3.  Сөз  анасы  – 

құлақ. 


26.

 

 



Үш  тоқтам. 

1. Ақыл – арқан.   2. Ой – өріс. 3. Адам – қазық. 



     

 

 



43 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     



 

27.


 

 

Үш  қасиет. 



1. Өліде – аруақ.  2. Малда – кие. 3. Аста – кепиет. 

28.


 

 

Үш  тағлым. 



 

1.Мейірім  сауап.    2. Жақсылықтан –  шарапат. 

3. Жамандықтан –  кесапат. 

 

№ 



Түрлері 

Талапқа сай түсінік 

1.

 



 

Он атаға дейінгі  туысқандық 

қатынас. 

Әке, бала, немере, шөбере,  шөпшек,  немене, туажат, 

жүрежат, кекжат,  жұрағат. 

2.

 



 

7 қазына.  

Ер жігіт.  Құмай тазы. Сұлу әйел. Қыран бүркіт.  Ілім, 

білім.   Берен мылтық. Арғымақ ат. 

3.

 

 



Жеті  жұт. 

Құрғақшылық,  мал жұт, оба, өрт, соғыс, жер сілкіну,  сел 

жүру. 

4.

 



 

Адамды әдепке тәрбиелейтін 

ырымдарды.  

Үйге жүгіріп  кірме,  босағаны керме, аяғынды 

(табанынды) тартпа, үйде ысқырма, жағыңды таянба, 

үлкеннің алдын кеспе, құмырсқаның илеуін баспа. 

 

Ақтайлақ  би  Қарауыл  Қанай  шешеннен:  Ер  басында  бақыт  нешеу,  кемдік  нешеу, 



құлазу  нешеу?  – деп сұрайды. Сонда шешен  былай деп жауап берген [7, 8]: 

-

 



Ер басында бақыт – бесеу,  құлазу  – төртеу, кемдік  – үшеу. 

Астыңдағы атың жүрдек болса – жалғанның пырағы. 

Алғаның жақсы болса – үйің мен қонағыңның тұрағы. 

Балаң жақсы болса – екі  көздің  шамшырағы. 

Әкең – асқар тау, шешең  – аққан бұлақ. 

Міне, бес бақыт осы. 

                                    *** 

 Жайлаған ел кетсе  – көл құлазиды, 

 Жайылған мал кетсе – бел құлазиды, 

 Нарқын танымаған – сөз құлазиды, 

 Қатарынан айырылған – шал  құлазиды. 

 Міне, төрт құлазу  – осы. 

 Атың шабан болса – дүниенің азабы, 

 Алғаның жаман болса – өміріңнің  тозағы, 

 Балаң жаман болса – көріңгеннің  мазағы. 

 Міне, үш  кемдік  осы. 



                              ***

 

«Кім  жау?»  деген сұраққа  Малайсары би былай жауап беріпті: 

Жаман болса – жақын жау, 

Шабан болса – атың жау, 

Шайпау болса – қатын жау, 

Кетеген болса – түйең жау, 

Тебеген болса – биең жау, 

Күнде келсе  – күйеу жау, 

Жымысқы болса – жиен жау, 

Тіл  алмаса – ұлың жау. 

                               *** 

Қаржас Шорман бидің баласы Мұса Қанжығалы Саққұлақ  шешенге: 

- Ағат  деген немене, 

Санат деген немене, 

Қанат деген немене, 

Жанат деген немене? – деп сұрақ қойыпты. 

Сонда: 


     

 

 



44 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     



 

Екі  жаман ұрысса, 

Ағат емей немене!? 

Екі  жақсы сөйлессе, 

Санат емей немене!? 

Міңген атың қажытпай. 

Мәрелі  жерге жеткізсе, 

Қанат емей немене!? 

Тоқтымақтың  терісі 

Тондырмаса суықта 

Жанат емей немене!? 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1.

 

Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi  және тарихы. – 



Алматы:  Бiлiм,  2004.  

2.

 



Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика.  – Астана, 2005.  

3.

 



Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – 

Алматы:  Рауан, 1995.  

4.

 

Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң  кейбiр  ғылыми және 



теориялық мәселелерi.  – Алматы, 1993.  

5.

 



Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Санат, 2001.  

6.

 



Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері.  – Алматы, 1995.  

7.

 



Оразбекова К. Ұлттық психология мен халық  тәрбиесі болашақтың  бастауы 

хақында. – Алматы, 2005.  

8.

 

Өтешова Б. Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы 



дамыту. – Алматы, 2007. – 168 б.  

9.

 



http://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/348-bayan-salt-dastur 

 

 



       ӘОЖ 378.2 

 

ЖОҒАРЫ  ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ  ЛИДЕРЛІК  САПА  ҚАСИЕТТЕРІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ  МАҢЫЗЫ 

 

С.Қ. Мамилина,  М.Д. Шынтемірова  



 І.Жансүгіров атындағы Жетісу  мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 

mamilina 

samal@mail.ru



nor8.makpal@mail.ru

,  

 

Жоғары оқу орны студенттерінің  лидерлік сапа қасиеттерін қалыптастыру маңызы 

қарастырылады 

 

В  данной  статье  рассматривается сущность  формирования  лидерских  качеств студентов 



вуза. 

 

The cssense of leadership shills  formation at university  students is considered is this article.  



 

Тірек сөздер: лидер, лидерлік,  қасиет, үдеріс, қызмет, модель, компонент,  тәрбие, 

студент. 

 

Лидерлікті  зерделеу  мәселесі  бүгінгі  уақытта  саяси  үдерістерді  сараптаудағы 



өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Бүгінде  әрбір  адамға  қажетті  лидерлік 

қасиеттің  негізі  бала  күннен  басталады  және  алдымен  отбасы  мен  мектепте 



тәрбиеленеді  деп  саналады.  Бұл  институттар  жасөспірімнің  бойында  лидерлік 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет