Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет12/44
Дата21.01.2017
өлшемі2.74 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44

РУХАНИ  ОТАРШЫЛДЫҚ  (ор.  духовный  колониализм,  ағыл.  spiritual
colonialism) – Азия, Африка, Латын Америкасы халықтарының əлемдік шар-
уашылықтағы  теңдіксіз,  тəуелді,  қаналушы  жағдайын  негіздеу,  ақтау  жəне
бекіту мақсатында бұқаралық санасы мен əлеуметтік психологиясына идео-
логиялық əсер ету жүйесі. Рухани отаршылдық басқыншылық дəуірінде-ақ 
нəсілдің, яғни «жоғары» нəсілдің, басқа «төмен» нəсілдерден басымдылығы 
жөніндегі  нəсілшілдік  теориялар  негізінде  пайда  болды.  Рухани  отаршыл-
дықтың басты мүддесі сол, мұнда дамыған Батыс мəдениеті «мешеу Шығыс-
тың» немесе «Оңтүстіктің» мəдениетінен артықшылығы жөніндегі концеп-
ция бірінші орынға қойылады. 
 Отаршылдық жүйенің құлауы мен ондаған жас мемлекеттердің қалыпта-
суы заманында негізгі мақсаты батыстық даму жолының тарихи заңдылығы 
мен қажеттілігі жөніндегі идеяны əлем халықтарының бұқаралық санасына 
сіңдіру  болған  жаңа  отаршылдықты  идеологиялық  тұрғыдан  негіздеу  жəне 
насихаттауды қамтамасыз ету рухани отаршылдықтың негізгі міндетіне ай-
налды. Бұл үшін «ақпараттық империализмнің» интернет, телехабар, радио 
жəне тағы басқа ақпараттық ықпалдың көптеген құралдары қолданылады. 
Рухани отаршылдыққа қарсы күресті азаттық алған халықтар ғана емес, 
сонымен  бірге  осы  идеологиядан  мəдени  зиян  шеккен  дамушы  елдер  мен 
үшінші əлем мемлекеттері белсенді жүргізуде. Олар адамдарды рухани азат 
ету үшін ұлттық мəдениетті жандандырып, оның элементтерін бүкілəлемдік
мəдени ортаға жеткізу қажет деп есептейді. Бірақ, батыс мəдениетінің идео-
логиялық  тұжырымдарының  бет  қаратпас  қысымының  себебінен  болар, 
бірқатар  азаттық  алған  елдерде  дəстүрлі  рухани  құндылықтардың,  оның 
ішінде діни құндылықтардың жандануы ұлттық өзгешелік пен тұйықтық не-
гізінде батыс мəдениетінің қандай жетістігін болсын теріске шығару арқылы 
жүргізілуде.  Мысалы,  африкалық  халықтардың  эндогендік  даму  тұжы-
рымдамасы – негритюд  жəне  этноконфессионалдық  шығу  тегі  бөлек  басқа 
мəдениетке қатысты діни фундаменталистік экстремизм – осы себепті пайда 
болған. Керісінше, дамушы елдердегі халықтардың сан ғасырлық мəдениеті 
батыс мəдениетіне қарсы қойылмаса, ондағы ұлттық сонылықтың қалыпта-
суы, ұлттық сананың оянуы мен дамуы табысты болады. Бұл елдер батыстың 
бұқаралық  ақпарат  құралдарының  озбырлығын  тоқтату  үшін  жаңа  халықа-
ралық ақпараттық тəртіп орнатуды талап етеді, өздерінің ақпараттық агент-
тіктері мен халықаралық бірлестіктерін құрады. Олар халықтардың рухани 
даму  құралы  ретінде  халықаралық  мəдени  байланыстардың  жан-жақты  да-
муын  қолдайды  (қар.  Отарсыздандыру,  Жихад,  Еуропацентризм,  Ұлттық 
қауіпсіздік,  Ұлттық  тəуелсіздік,  Ұлт-азаттық  қозғалыс,  Ішкі  істерге  қол 
сұқпау принципі).

97
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
- С -
САНЫ АЗ ХАЛЫҚТАР (ор. малочисленные народы, ағыл. minority people) 
 Өкілдерінің аздығымен ерекшеленетін, бірақ белгілі бір шамада өздерінің 
Этностық бірдейлестігінТілін, Тілдік бірдейлестігін, өзіндік Мəдениетін
Дəстүрлері  мен  салттарын,  дəстүрлі  шаруашылығының  формасын,  дінін 
сақтап қалған Халықтар, Этностар, Этностық топтар. Мұндай халықтар-
дың қатары жер шарында жаһанданудың, Ассимиляцияның, Этностық фузия-
ның  жəне  т.б.  таралуына  байланысты  көбейіп  келеді.  Ресей  Федерациясы-
ның тұрғылықты С.а.х. соңғы Бірыңғай тізіміне (2010) абазин, алютор, вепс, 
долган, ижор, ительмен, манси, нанай, нганасан, негидал, ненец, нивх, орок, 
ороч, селькуп, тазы, ханты, чуван, чукча, эвенк, эвен, юкагир жəне т.б. кіреді. 
Ресейдің осы аталған жəне өзге де тұрғылықты С.а.х. Қазақстан Республика-
сында да С.а.х. қатарында (қар. Автохтон, Ассимиляция, Тұрғылықты этнос, 
Тұрғылықты тіл, Диаспора тілі, Тілдік ассимиляция).
СƏЙКЕСТЕНДІРУ  (лат.  identifi -со  –  теңестіремін,  ор.  идентификация, 
ағыл.  identi fi cation)  – 1. Бір  белгілердің  негізінде  нысандардың  теңдестігін 
анықтау. 2. Дара  адамның  бір  нысанмен,  адамдармен  я  топпен  оларға  тəн 
қасиеттерді, стандарттарды, құндылықтарды, əлеуметтік бағдарларды игеру
арқылы бірдейлестіру үдерісі. С. үдерісі əлеуметтендіру қызметін де, бейім-
деу  қызметін  де  атқаруға  арналған.  Бірдейлестік  матрицасынан  «түсіп  қа-
луы» адамның əлеуметтік өміріндегі мінез-құлығын өзгертеді, өйткені ол со-
дан былай бөтен ретінде, дұшпан ретінде санала бастайды. 
 С. құрылымынан, əдетте, үш негізгі компонент ажыратылады, олар – ког-
нитивтік (өз тобының ерекшеліктері жөніндегі білетіндері, түсініктері, белгілі 
бір сипаттарға сүйеніп өзін сол топтың мүшесі деп санамен сезіну), аффек-
тивтік (өз тобының сапаларын бағалау, ол топтың мүшелігіне қалай қарай-
тындығы, осы мүшеліктің маңыздылығы) жəне қылықтық (белгілі бір топтың 
мүшесі екендігін санамен сезінудің ғана емес, сол топтың мүшесі екендігін 
көрсетудің нақты механизмі, түрлі ауыс-түйістер кезіндегі əрекеттер мен қа-
рым-қатынастар жүйесін құру) компоненттер (қар. Этностық сəйкестендіру, 
Тілдік сəйкестендіру, Діни сəйкестендіру, Мəдени сəйкестендіру).
СЕГРЕГАТТАУ  (соңғы  лат.  Segregatio – бөліну,  ор.  сегрегация,  ағыл. 
segregation) – жұрттың қандай да бір тобын немесе бірнеше тобын мəжбүр-
леп бөлу саясаты. Əдетте, діни жəне нəсілдік кемсітушіліктің бір түрі ретін-
де ескеріледі (нəсілдік немесе этностық белгілеріне қарай топтың бөлінуі). 
С. заңмен жəне фактіге қарай бөлу болып бөлінеді. Заңды немесе əкімшілік 
жолмен сегрегаттау Орта ғасырларда жəне Жаңа заманда герман жəне англо-
саксондық елдерде, сондай-ақ олардың отарларында (Германия, АҚШ, Бри-

98
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тан  империясы,  ОАР,  Ирландия,  Прибалтика  жəне  т.б.)  өте  кең  тараған.  С. 
бұл түрі нəсілдік жəне этностық азшылықтарды арнайы бөлінген жерлерге 
(резервацияларға, геттоларға, бантустандарға жəне т.б.) мəжбүрлі түрде ор-
наластырған жəне оларды еріксіз оқшаулап, жүріп-тұру бостандығын, маман-
дық таңдауын, мүліктік құқығын шектеген, əртүрлі нəсілдік жəне этностық 
топтарды оқыту мен қызмет көрсету бөлек жүрген. С. тұрақты түрде жүргізу 
тəжірибесі ОАР мен гитлерлік Германияда байқалды. С. бұл түрлері XX ға-
сырдың екінші жартысында адам құқығын қорғау қозғалысы жетістікке жет-
кеннен соң, іс жүзінде жойылды. Қазір өте сирек кездеседі.
Алайда бір уақыттарда заңды түрде болған көп елдерде С. осы күнге дейін 
факт ретінде орын алуы мүмкін. С. фактісі көпұлтты қауымдастықта спон-
танды түрде пайда болатын əртүрлі нəсілдік жəне этностық топтар өкілдерін 
бөлек  орналастыру,  белгілі  бір  кəсіби  бағыт  бойынша  тиісті  мамандыққа
оқыту деп ұғынылады. Қазір С., ең алдымен, ірі қалалар мен қалалық шоғыр-
ланған жерлерде көрініп жүр. Батыс елдерінде мигранттарды шағын этнос-
тық анклавтарға орналастыру кең таралған, бұлар мемлекеттік басқару тара-
пынан бақылаудан шығып барады.
Сарапшылар қоғамдастығы, этносаяси үдерістерді зерттеушілер С. негіз-
гі үш түрін атап жүр: бірінші деңгейі, шағын сегрегаттау – қоғамдық жəне 
жұрт баратын жерлерді бөлу; екінші деңгей, мезосегрегаттау – ақ түстілерді 
жəне басқа да халықтарды тұратын аудандары бойынша бөлу; үшінші деңгей, 
макросегрегациялау – тұтас бір халықты белгілі бір аумақтарға (бантустан-
дарға, резервацияларға жəне т.б.) оқшаулауды білдіреді. 
Сегрегаттап  кемсітушіліктің  қалдықтары  əлі  де  сақталғанымен,  сегрега-
цияға қарсы белсенді жəне заңды түрде күресушілердің ресегрегация жəне 
интеграция (бірігу) əрекеттері күш алып келеді.
Соңғы жылдары гиперсегрегаттау сияқты жаңа сегрегаттық феномен пай-
да болды. Кейбір ұлы державалардың ұлттық-мемлекеттік деңгейде, тіптен, 
планетаның  өңірлері  көлемінде  сегрегаттау  жүргізуінің  кесірінен  этностар 
ұлттық-мəдени  дəстүрлерін,  саяси  бағдарларын,  экономикалық  мүдделерін 
белсеніп қорғау мүмкіндігінен айырылуда. Бөлгендерге белгілі бір тыйымдар 
салынады (қызыл сызық практикасы), бұл тыйымдарды бұзу санкциялар мен 
басқа да жазаларға əкеп соқтырады (қар. Кемсітушілік, Апартеид, Мигран-
тофобия, Бөлінген халықтар, Этностық стереотиптер).
СЕПАРАТИЗМ /ЖІКШІЛДІК/ (лат. separatio – бөліну, ор. сепаратизм
ағыл. Separatism) – 1. Бөлінуге, оңашалануға ұмтылу. 2. Кейбір топтардың, 
ұйымдардың үлкен ассоциациядан бөлініп, дербестік алуға ұмтылған қозға-
лысы.  С.  себептері  биліктегі  элитаның  шовинистік  саясатына,  этностық 
көпшіліктің саяси қысымына, көрші мемлекеттің агрессиялық-ирреденталық 
саясатына қарсылық көрсетуінен болуы мүмкін (қар. Ирредента). С. конфес-

99
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
сиялық, лингвистикалық, əлеуметтік-экономикалық тағы басқа да себептері 
болады. 
Белгілі бір этносаяси қарама-қайшылықтар жиынтығы мен тарихи алғы-
шарттары жағынан жікшілдік қозғалыстар бір-бірінен едəуір өзгеше болады. 
Алайда,  оларды  бірыңғай  құбылыс  ретінде  қарастыруға  мүмкіндік  беретін 
елеулі ұқсастықтары да бар: ол – Радикализм, яғни этностық көпшілік пен 
азшылықтың  арасындағы  қарым-қатынастың  саяси  үйлесімсіздігіне  қарсы 
радикалдық  əдіспен  күресу,  талап  қоюдағы  ымырасыздық,  саяси  күресте 
қарулы əдісті қолдану. Саяси мінез-құлықтың түрі ретінде С. этностық топ 
тарихи қалыптасқан шындықпен, қатар өмір сүретін қауымдастықпен, топ-
пен  санаспай,  өздері  əсірелей  түсінетін  мүдделері  мен  қажеттіліктерін  қа-
нағаттандыруды мақсат етеді. С. агрессияшылдығы өзінің ерекше екендігін 
жұртқа таныту, басқа этностық, ұлттық топтарға тəкаппарлықпен қараудан 
көрінеді (қар. Ұлттық-аумақтық автономия).
СУПЕРЭТНОС (лат. super – жоғары + грек. Ethnos – халық, ор. суперэтнос 
ағыл. Superethnos) – бірнеше этностан тұратын, əдетте, көпэтносты мемлекет 
шекараларында  немесе  бір  өңірде  тарихи  тағдыры,  үстем  мəдениеті,  өмір 
салты,  қалыптасқан  дəстүрлері  жағынан  мəдени-тарихи  тұтастық  негізінде 
пайда  болған  этностық  жүйе.  С.  терминін  Л.Н.Гумилев  енгізді,  оған  дейін 
бұл тектес тұтастықтар «өркениет», «мəдениет» немесе «əлем» деген сияқты
əр  түрлі  сөздермен  сипатталды.  Мысалы: «Ислам  əлемі», «Византия  мəде-
ниеті», «Қытай  өркениеті».  С.  бірлігі  көбінесе  əралуан  этностарды  шоғыр-
ландыратын ортақ ділдің болуынан көрінеді. Сондықтан С. идеялық-адамгер-
шілік жəне мəдени тұтастықты кейіптейді. Мұның мəнісі мұнан гөрі терең-
де жатыр, өйткені мəселе С. ішіндегі экономикалық, саяси жəне идеология-
лық байланыстарды қамтиды.
Бір өңірде пайда болған жəне этностық доминантаның маңына топтасқан 
этностардың тобы С. негіз болады. Мəселен, араб С. VI ғасырда ислам не-
гізінде құрылса, Византияда біріктіруші тірек православие христиандығы 
болды. Осылайша бірігуден соң қалыптасып қалған С. басқа текті халықтар 
да қосылуы мүмкін. Мысалы, Ресей С. Сібірде өз бетімен дербес түрде пай-
да болған этностар қосылып кетті.
 С. бірнеше этностарға бөліне алады. С. идеялық-мəдени дəстүрлері одан 
ары да сақтала беруі мүмкін, басқа жаңаша формаларды қабылдауы да мүмкін.
Мысалы, Византия мəдениеті құлдырауға тірелгенде православиелік Ресей-
ге көшті. С. мысалына «америкалық халық», «үнді халқы» сияқты қауымдас-
тықтарды, сондай-ақ «совет халқы» т.с.с. түзілістерді жатқызуға болады. 
 С. славяндар, түркілер немесе ирантілдес халықтар, Латын Америкасы ха-
лықтары т.б. сол сияқты метаэтностық қауымдастықтармен шатастырмаған 
жөн (қар. Ұлттық бірілік, Мемлекеттік бірдейлестік, Еуропалық одақ, Еу-
разиялық идея). 

100
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
- Т -
ТАРИХИ  ОТАН  (ор.  историческая  родина,  ағыл.  historical homeland) – 
1.  Нақты  бір  адамның  туған  жері,  яғни  аумағында  ол  туған  мемлекет  (қар. 
Отан, Кіші отан). 2. Қай жерде туғанына қарамастан, сол адам тумысынан 
титулды ұлтына жататын мемлекет. 3. Адамның өзі азаматы болып саналатын 
мемлекетпен байланысы. 
Т.о. маңызды сипаты – оны жанымен ұғыну немесе қасиеттеу, яғни Т.о. ау-
мағын киелі деп санау. Т.о. психологиялық субстраты – мінсіз Отан-Ананың 
архетипі, этностық топтың Қоғамдық санасында сақталатын сезім. Отанға 
деген сезім болса ғана, яғни, елге ынтықтық, оның аумағын туған жерім деп 
шын беріле жақын тартса ғана, оның мəдениеті, дəстүрі мен тілін қабылдаса 
ғана Мемлекетке Т.о. ретінде қарауға болады (қар. Отан).
ТИТУЛДЫ ТІЛ (ор. титульный язык, ағыл. title language) – сол мем-
лекет  я  ұлттық-мемлекеттік  (ұлттық-аумақтық  т.с.с.)  құрылым  соның 
атымен  аталатын  Этностың  тілі.
 
Т.т.  терминінің  мағынасында  бірқатар 
эмоционалдық коннотациялар бар, солай бола тұра мына сияқты себептерге 
байланысты қолданылады: а) Тұрғылықты тіл ұғымының көлемімен сəйкес 
келмейді; ə) (Халықтың немесе Этностың емес) Этностық топтың тілін 
белгілеу үшін жиі қолданылатын Этностық тіл терминімен шендестіріледі; 
б) ТМД елдеріндегі тілдік ахуалды талдайтын қазіргі еңбектерде кеңінен қол-
данылады  (қар.  Автохтондық  тіл,  Мемлекеттік  тіл,  Тұрғылықты  этнос, 
Жергілікті тіл, Миноритарлық тіл, Ресми тіл, Титулды этнос).
ТИТУЛДЫ ЭТНОС (ор. титульный этнос, ағыл. title ethnos) – ғылыми, 
этносаяси айналымға «тұрғылықты этнос» терминінің баламасы ретінде ен-
гізілген  термин,  айырмашылығы  сол  мемлекеттік  құрылымға  аты  берілген 
этносты белгілейтіндігінде. Мыс., Қазақстан Республикасында қазақтар Т.э. 
болып саналады. Солай бола тұра, Қазақстан сияқты көпмəдениетті мемле-
кетте  оның  аумағында  тұратын  этностық  топтардың  барлық  құқығы,  оның 
ішінде тілдік құқықтары да, сақталады (қар. ҚР Конституциясы, Тілдердің 
дамуы мен қолданылуының мемлекеттік бағдарламасы, Этностық топтар, 
Қазақстан тілдері, Тілді жоспарлау, Тілдік ахуал).
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ (лат. tolerantia деген сөзінен – төзімділік, ор. толе-
рантность, ағыл. tolerance) – бөтен өмір салтына, тілге, мəдениетке, тəртіп-
ке,  əдеп-ғұрыпқа,  сезімдерге,  пікірлерге,  идеяларға,  сенімдерге  төзімділік. 
Əлдебір нəрсеге төзу, оны хош көру. Т. – саяси плюрализм қағидаты.
Т.  термині  латын  тілінен  шыққан,  бірақ  мұның  мағынасы  латындық  не-
гізге  ұйытқы  болған  семантикалық  мағынамен  шектелмейді.  Т. – демокра-

101
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тиялық  мемлекеттерде  мемлекеттік  саясатты  құрайтын  маңызды  құрамдас 
бөлік ретінде танылған. ЮНЕСКО Бас конференциясы 1995 жылғы 16 қара-
шада бекіткен Т. қағидаттарының декларациясы БҰҰ Жарғысына жəне Адам 
құқықтарының  жалпыға  бірдей  декларациясына,  сондай-ақ  жеке  адамның 
азаматтық жəне саяси құқықтарын қуаттайтын басқа да негізгі халықаралық 
құжаттарға енгізілген өзгеше бір саяси толықтыру болып саналады. Деклара-
цияда тұжырымдалған Т. ұғымында «Т., бұл, ең алдымен, адамның əмбебап 
құқықтары мен негізгі бостандықтарын тану негізінде тұжырымдалатын бел-
сенді көзқарас» деп көрсетілуі кездейсоқ жайт емес.
Т. – төзімділік, басқа пікірді, сенімді, тəртіпті жəне мəдени басымдықтарды 
құрметтеу. Керісінше, əлдеқандай бір мəдени стандарттар мен құндылықтар-
ды күшпен таңу интолеранттылықтың көрінісі болып табылады. Бұл орайда Т. 
əлеуметтік əділетсіздікке төзіммен қарау ретінде немесе өзінің наным-сенімі-
нен бас тарту жəне бөтен біреулерге мойын ұсыну ретінде пайымдала алмай-
ды. Толеранттылық көзқарас басқалардың тату-тəтті өмір сүру жəне өздерінің 
жеке-даралығын сақтау құқықтарын мойындауды білдіреді. Т. дегеніміз – күр-
делі қоғамдастықтарды ұйымдастырудың аса маңызды қағидаты. Осы қағи-
датпен халықтың əртүрлі этностық, нəсілдік, діни топтары қатар өмір сүрмек, 
осы ұстаным бойынша, бейбітшілік пен əлеуметтік ортаның көп өлшемді бо-
лып табылатынын түсіну, демек, бұл дүниеге көзқарастар да əртүрлі екенін 
жəне  бұл  көзқарастар  бірыңғайлыққа  немесе  əлдебіреудің  пайдасына  келіп 
сайымауға тиіс екенін түсіну қоғамдық өмірдің тиісті нормасы болуға тиіс. 
Т.  əртүрлі  этностық  топтар  арасындағы  қатынастарда  орныққан  жауап-
кершілік, сондыққан мұның 140-тан астам ұлыстардың өкілдері тұратын Қа-
зақстан үшін де ерекше терең мəні бар. Аумағында əртүрлі ұлыстардың ұзақ 
уақыт бойы бірлесіп тұруы кезінде қалыптасқан толеранттылық туралы Қа-
зақстанда өзіндік түсінік түзіліп шықты. Қазақстан үшін «толеранттылық», 
ең алдымен, халық санасының жазылмаған нормасы, этностық қатынастар-
дың аксиомасы жəне қоғамның адамгершілік тұтқасы болып табылады; толе-
ранттылық, ең алдымен, сенім, өзара құрмет, ынтымақ жəне мəдениет аралық 
диалог арқылы ашылады. Оның түп негізінде құндылықтардың ортақтығы,
мүмкіндіктердің теңдігі жəне дəстүрлер мен патриотизм, жаңару, жарыстас-
тық пен жеңістің синтезіне негізделген ұлттық рух жатыр. 
Қазақстанша толеранттылық – тату көршілік, достық, өзара түсіністік, өзге 
пікірді қабылдау. Солтүстік Каролина университетінің (АҚШ) журналистика 
жəне бұқаралық коммуникация саласындағы философия докторы, Назарбаев 
Университетінің доценті, жазушы жəне публицист 2013 жылдың қараша айын-
да  Астана  қаласында  өткен  «Толеранттылық  жəне  БАҚ»  Медиа-форумына
қатысқан  Хел  Фостердің  айтуынша,  қазақстандық  толеранттылық  дүние-
жүзілік қоғамдастық үшін жұмбақ болған күйінде қалуда. Əртүрлі ұлыстар 
мен діндердің өкілдері бір аумақта тату-тəтті тұрумен қатар өз халқының дер-
бестігі мен мəдениетін сақтап қалуына Қазақстан қалай қол жеткізген (қар. 

102
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Этносаралық  толеранттылық  пен  қоғамдық  келісімнің  қазақстандық  мо-
делі, қазақстандық этносаясаттың қағидаттары).
ТІЛ (ор. язык, ағыл. language) - 1. Адами қарым-қатынастың (коммуника-
цияның)  халықтың  ойлауымен,  ділімен,  Мəдениетімен  ажырағысыз  байла-
ныста болатын маңызды да əлеуметтік шартты құралы. Т. - адамдар арасын-
дағы əлеуметтік, тілдік, саналы əрекеттесудің негізі, олардың мінез-құлықта-
рын реттеудің, қоғам мен оның құрылымдық элементтерін басқарудың маңыз-
ды  құралы. 2. Шартты,  бірақ  құрылымдық  жағынан  негізделген  мəні  бар 
таңбалар  мен  нышандардың  жүйесі  (қар.  Автохтондық  тіл,  Мемлекеттік 
тіл, Тұрғылықты тіл, Халықаралық тіл, Жергілікті тіл, Миноритарлық тіл, 
Əлемдік  тілдер,  Ресми  тіл,  Ана  тілі,  Титулдық  тіл,  Этностық  тіл,  Білім 
тілі, Қазақстан тілдері, Ұлтаралық қатынас тілі, Əлем тілдері, Тілдік қа-
уымдастық).
ТІЛДІК АССИМИЛЯЦИЯ (ор. языковая ассимиляция, ағыл. Assimilation, 
лат.  аssimilation  ұқсастыру) – 1. Əсері  жағынан  (Этностық  ассимиляция-
мен,  Аккультурациямен  қатар)  Ассимиляция  түрлерінің  бірі. 2. Бір  Этнос 
өкілдерінің  басқа  Этнос  тілін  меңгеру  жəне  Ана  тілінен  басқа  тілге  ауысу 
үдерісі мен соның нəтижесі. 3. Көптілділік саясатының түрі, мұндайда жеке-
леген этностар басқа басым тілдің жəне/немесе Мəдениеттің пайдасы үшін 
өз тілінен жəне/немесе Мəдениетінен ерікті я мəжбүрлі түрде бас тартады. 
Тіл тілдік шовинизмнің, сегрегацияның, рухани-мəдени жəне Тілдік экспан-
сияның қысымымен ерікті немесе мəжбүрлі түрде ассимиляциялануы мүм-
кін, бұл, əрине, шиеленіссіз (Конфликт) болмайды. Т.а., əдеттегідей, Билинг-
визмнің  ұзақ  кезеңінен  кейін  болады,  салдарынан  Этностық  бірегейліктің 
жоғалуы (ауысуы), Тілдің ауысуы, Тілдің өлуі мүмкін (қар. Саны аз халықтар, 
Тұрғылықты этнос, Этностық фузия, Этнотілдік ахуал, Тілдік идеология, 
Тілдік саясат, Тілдік ахуал, Тілдік құқық).
ТІЛДІК  АХУАЛ  (лат.  situacio  положение,  ор.  языковая  ситуация,  ағыл. 
lan guage  situation) - қоғамда  тілді/тілдерді  шынайы  пайдаланатын  ортаның 
жағдайы; белгілі бір тарихи кезеңде сол бір əкімшілік-аумақтық бірлестікте 
(этностық  қауымдастықта)  қолданылатын  тілдердің  жиынтығы,  тілдің,  ау-
мақтық жəне əлеуметтік диалектілердің, койненің, жаргондардың тірлігінің 
формасы. Т.а. бірнеше шендес түрлерге бөлінеді: эндоглостық (бір тілдің ішкі 
жүйесінің жиынтығына тəн) жəне экзоглостық (əр түрлі тілдердің жиынтығы-
на тəн), теңдестірілген (коммуникативтік қуаты бірдей, жұмсалымдық мəні 
əр түрлі тілдердің/тіл нұсқаларының жиынтығына тəн) жəне теңдестірілме-
ген (коммуникативтік қуаты əр түрлі, жұмсалымдық жағынан беделді жəне
беделсіз тілдер мен олардың нұсқаларының жиынтығына тəн), демография-
лық  жағынан  теңдес  (демографиялық  қуаты  бірдей  тілдердің  жиынтығына 

103
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тəн) жəне демографиялық жағынан тең емес (демографиялық қуаты əр түрлі 
тілдердің жиынтығына тəн), диглосты жəне диглостық емес Т.а. Мыс., Вен-
гриядағы Т.а. эндоглосты, теңдестірілмеген жəне диглосты болып саналады 
(мажар  тілінде  жұрттың 99,4%-ы  сөйлейді, 8 диалектісі  жəне  кодификат-
талған əдеби тілі бар) (қар. Автохтондар, Тіл саясаты, Қазақстандағы тіл-
дік ахуал, Тілдік заңнама, Тілді жоспарлау, Тілді реттеу). 
ТІЛДІҢ АУЫСУЫ (ор. смена языка, ағыл. language shift) – Этностық 
қоғамдастықтың Ана тілінен, Этностық тілінен басқа, беделділеу немесе 
басымырақ тілге көшуі. Т.а. дара түрде (егер белгілі бір тілдің нақты бір иесі 
ана тілін басқа тілге ауыстырса) жəне ұжымдық түрде (егер белгілі бір Тіл-
дік қоғамдастық этностық тілін басқа тілмен ауыстырса) болуы мүмкін. Т.а. 
жол  бастайтын  негізгі  шарт – бұқаралық  Қостілділік.  Т.а.  үдерісінің  еркін 
түрде жүруі өте сирек кездеседі, бұл көбінесе саяси, экономикалық, мəдени 
т.с.с. қысымдардың салдарынан болады. Т.а. себептері: тілді пайдалану аясы-
ның (əуелі қалада, сонан соң ауылда) тарылуы мен жоғалуы; тілдердің түйі-
суінің  қарқындылығы;  біртілді  адамдардың  азаюы/жойылуы  жəне  қостіл-
ділер  (əсіресе,  балалар  арасында)  санының  молаюы;  Этностық  миграция
жаһандану, индустрияландыру, урбандану, демографиялық өзгерістер, білім 
саласындағы  Тілдік  саясат  т.б.  Мəселен,  Цин  əулеті  биліктен  тайған  соң 
(1911  ж.),  қытайлықтардың  Манчжурияға  жаппай  көшуі  мəнжүрлердің  ана 
тілін ханзу тіліне ауыстыруына алып келді; прусс тілінің (батыс Балтық то-
бына жатады) иелері XVIII ғасырдың басына қарай неміс тіліне көшті. 1989 
ж. халық санағының мəліметтері бойынша, Т.а. жоғары пайызы еврейлерден 
(86,62%),  ителмендерден (81,26%), нивхылардан (80,32%) байқалды.  Орыс 
тіліне  көшу  қазіргі  уақытта  Қазақстан  жəне  ТМД  корейлерінде  байқалады 
(қар. Аккультурация, Ассимиляция, Демография, Этностық фузия, Тілдік ас-
симиляция, Тілдік экспансия, Тілді жоспарлау).
Каталог: static -> electronic book
electronic book -> Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Өмірзақ айтбайұлы
electronic book -> Жауапты редакторлар
electronic book -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс
electronic book -> Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014
electronic book -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
electronic book -> Еліміз өз тəуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтіп, дамуының жаңа кезеңіне аяқ бас


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет