Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары



Pdf көрінісі
бет15/44
Дата21.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#2401
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44

ҰЛТТЫҚ-МƏДЕНИ АВТОНОМИЯ (ор. Автономия национально-куль-
турная, ағыл. Autonomy national and cultural) – ұлттың өз өмірін өзі ұйымдас-
тыру формасы, мұнда тұрмыс, дəстүр, мəдениет, тіл, білім т.б. мəселелерін 
этнос өзі дербес əрі ұлттық-аумақтық бірліктер (автономиялық құрылымдар) 
құрмай-ақ шешеді. 
Өзін-өзі басқару жəне тіл ортақтығы негізінде этностық топ өз мектебін, 
газетін,  радиохабарларын,  қоғамдық  бірлестіктерін  т.б.  ұйымдастырады. 
Финляндияда,  Швецияда  жəне  Норвегияда  саамдардың  парламенттері  бар, 
сондай-ақ  үш  елдің – Норвегия,  Швеция  жəне  Финляндия  саамдарының 
скандинавтық кеңесі жұмыс істейді. Түрлі аз ұлттардың кеңестері Австрия 
мен Венгрия үкіметтерінің жанында да бар. Македонияда парламенттің жұ-
мыс  органы  Ұлтаралық  қатынастар  жөніндегі  кеңес  болып  табылады,  оған 
македондықтардан,  албандықтардан,  түріктерден,  влахтардан,  сығандардан 
екі-екі өкілден кіреді. Кеңесті парламент төрағасы басқарады.
Кей  жағдайда  бытыраңқы  аз  этностар  үшін  парламенттерде  өкілдік  ету-
дің бекітілген нормалары белгіленуі, мемлекеттік басқа да органдардан алар 
орындардың үлесі сақталуы, ал мұндай аудандарда жұмыс істейтін мемлекет-
тік қызметшілер жергілікті жұрттың тілін білуге міндетті.
Ұ-МА  тұрпатын  өзгертіп  бірте-бірте  ұлттық-аумақтық  автономияға  ай-
налатын  немесе  бірегей  мемлекеттік  құрылысты  федеративтік  құрылысқа 
ауыстыратын (мысалы, Бельгия, Судан – бұл елде 2011 жылы жаңа тəуелсіз 
Оңтүстік Судан мемлекеті бөлініп шықты) жайттар аз емес. 
Қазақстан  Республикасындағы  ұлттық  қатынастардың  ұйымдастырылуы 
Ұ-МА-мен жекелеген ұқсастықтары (мыс., аумақтық негіздің болмауы) бола 
тұра одан едəуір өзгеше, ең алдымен, Қазақстанда этностың өз ішіндегі жəне 

120
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
этносаралық  қатынастардың  институционалдық  деңгейінің,  бағытының, 
жүйелілігі мен көлемділігінің жөні бөлек. 
Қазақстандық  қоғамды  біріктіретін  жəне  шоғырландыратын,  тұтастай 
Қазақстанның  көпэтносты  халқының  жалпысына  ортақ  құндылықтар  мен 
жекелеген əрбір этностық топтың өзіне тəн мəдени-тілдік мүдделері жөнін-
дегі жеке құндылықтар арасындағы айқын теңгерім табылып, белгіленген 
жəне  бұл  барынша  сақталады.  Бұл  жерде  жалпы  мен  жеке  ажырағысыз 
байланыста жəне бірін-бірі өзара толықтырып, байытып отырады. Мемле-
кеттік  саясатқа  сондай-ақ  этносаралық  қатынастарды  үйлестіру,  қауіптер 
мен  қатерлерді  залалсыздандыру  жəне  алдын  алу  шараларының  кешені 
кіреді.  Бүкіл  мемлекеттік  аппараттың  осынау  тұрақты  да  алуан  түрлі  жұ-
мысы  Қазақстан  Республикасының 1995 жылы  қабылданған  қазіргі  Кон-
ституциясына  жəне  заңнамалық  актілеріне  негізделіп,  мемлекеттің  басты
қызметіне айналған. Бұл осы тақырыпқа байланысты барлық ықтимал сая-
си  пайдакүнемдік  атаулыны  болдырмайтын  этносаралық  қатынастарды 
принципті түрде саясатсыздандыру. Бұл – 1995 жылы «төменнен көтеріл-
ген бастама бойынша» конституциялық мəртебесі бар бірегей арнаулы инс-
титут Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы. ҚХА-дан ҚР Парламент 
Мəжілісіне сайланған депутаттардың белсенділігінің, ҚХА құрамына өңір-
лік ассамблеяларды басқаратын əкімдерді, барлық салалық министрліктер 
мен ведомстволардың басшыларын біріктірудің арқасында да мемлекеттік 
жəне  қоғамдық  негіздердің  жалпыұлттық  үнқатысу  алаңы  тұрпатындағы 
өзара əрекеттестігі нығайды.
Осы айтылған жəне басқа да факторлар жинақтала келе кез келген авто-
номияға  тəн  этностар  мен  этностық  топтардың  өз  этнокеңістіктерінде  эт-
номəдени  жəне  тілдік  ерекшелену,  өз  ерекшеліктерін  абсолюттеу  сияқты 
құбылыстардың көп жағдайда сепаратизм мен экстремизмге айналу үрдісіне 
Қазақстанда жол бермеудің кепілі болып табылады.
ҰЛТТЫҚ МИФОЛОГИЯ (грек. rnythos – аңыз, əфсана, logos – ілім, ор. ми-
фология национальная, ағыл. ethnic mythology) – болмыстың бұрмаланған, жалған,
қияли бейнесі. Қазіргі саяси лексиконда этноұлттық аядағы көрінеу жалған пайым-
дау, тұжырым мен түсініктерді ақтауға арналған дəлелдер мен қағидалар жүйесі. 
Бұл жерде мифологияның терминдік мағынасын əдеби формаға келіп тоғысатын 
аңыздар, хикаялар, əфсана мен эпостардан айыра қарау керек.
 Рəміздік мифтерге қарағанда, əрекетке шақыратын əлеуметтік мифтерді 
əйтеуір  миф  деп  сөзбе-сөз  түсіну  адамды  тікелей  шатастырады.  Мифтің 
күштілігі  сонда,  сезімдік  түсініктердің  сипаты  мол  болады,  адамның  жер-
гілікті түсініктерін саяси өмірге араластырады. Ұлттық мифология қасиетті 
құпияны  қолданып,  асыл  арманды  іске  асыратын  ғажаптығымен  тартымды 
болады,  сондықтан  да  мифологияның  ұлттық  мəдениетте  тамыры  тереңге 
жайылған. 

121
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
  Түрлі  тақырыпты  қамтитын  мифтер  көп,  солардың  негізгісі  тілегеніңді 
тірлікке  көшіруді  көздейді.  Фашизм  теорияшыларының  «үшінші  рейхтің 
мыңжылдық  патшалығы»  туралы  постулаттарының,  нəсілшілдік  туралы 
«жиырмасыншы ғасыр мифі», яғни неміс халқының орны туралы нəсілшіл-
дік мифтің т.с.с. осындай сипаты бар.
 Ұлттық өмірде болмыстан алшақ я оған жақындатылған басқа да мифтер 
көп: мəселен, «жоғарғы» жəне «төменгі» нəсіл туралы, халықтар мен мемле-
кеттер тағыдырында ұлттық сипаттың ықпалының мүлтіксіз болатыны тура-
лы, америкалық ұлттың айрықшылығы туралы, «батыс өркениетінің» ерек-
ше рөлі, еврей халқының «құдай таңдаған» халық екендігі туралы, мешеулік 
тұтастай бір халықтың пешенесіне жазылатындығы туралы мифтер бар. Ұлт-
тық ділге сүйеніп бұқара санасын бұлдырататындардың ұлттың қандай да бір 
сезімін саудаға салып ұлтшылдық ауандарды отқа салып адамдарды орынсыз 
əрекеттер жасауға арандататын кездері аз болмайды (қар. Этностың ділділі-
гі, Қоғамдық сана, Этностық стереотиптер, Идеология).
ҰЛТТАР ТЕОРИЯСЫ – (ор. теория наций, лат. «natio» – тұқым, тек, тай-
па, шығу тегі, тумысы, ағыл. theory of nations). Цицерон сөздерінде «natio» 
қияндағы  жəне  «варвар»  халықтар  деген  ұғымда  қолданылған.  Бұл  сөз  ор-
тағасырлық университеттерде кеңінен қолданылған екен. Париж универси-
тетінде 1220 жылдың  өзінде-ақ  «Франция  ұлты», «Пикардия  ұлты», «Нор-
мандия ұлты» деген «ұлттар» болған. 
 Ұлттар проблемасы бойынша теориялар көп. Оларды негізгі деген бірне-
ше бағыттарға ажыратуға болады. Ал жалпы алғанда, қазіргі Ұ.т. идеалистік 
жəне тарихи-материалистік деп екі жікке бөлуге болады.
Ұ.т.  идеалистік  маңызды  бастауын  «халық  рухы»  ұғымынан  бажайлауға 
болады. Бұл ұғымды əзірлеген алдымен Гегель, сонан соң И.Г.Гердер бола-
тын. Гегельдің түсіндіруінше, əр ұлт халық рухы дамуының ерекше сатысын-
да тұрады. Ал «халық рухының» өзі бар болғаны «əлемдік рухтың» көрінісі 
ғана. Халық, ұлт рухани индивид ретінде «бір тұтастық» мемлекетке бірігеді 
де, халық рухының жалпыға ортақтығы мемлекетте өзінің болмысы мен пəр-
менділігіне ие болады.
 Этностың болуы ұлттың шығуының қажетті алғышарты болып табылады. 
Этнолог ғалым Михаил Тиводар ұлт – этнос дамуының мемлекеттілік, ұлт-
тық-мемлекеттік атрибуттар, ұлттық сана мен мəдениетті жасаумен байланыс-
ты  айрықша жағдайы, ұлт – саясиланған  этностық  деп  түсіндіреді.  Мұның 
пікірінше, Н.А.Бердяев ұлтты тарихи тағдыр бірлігі деп берген анықтамасы 
– басқаларына қарағанда анағұрлым айқын анықтама.
 Ұлттар туралы объективті теория деп аталатын теориялардың арасынан 
ұлт, ең алдымен, мəдениет ортақтығы, бұл ортақтық анағұрлым кең немесе 
анағұрлым тар ауқымды сипатта болуы мүмкін дейтін көзқарас кең тараған. 
Мұндай ұғымның негізін салушы деп Ф.И.Нейманды айтуға болады. Ол «Ұлт 

122
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
41  халық» (1888 ж.)  атты  еңбегінде  ұлтқа  ел-жұрттың  мəдени  жетістіктер 
нəтижесінде ортақ өзіндік табиғатқа ие болатын үлкен топ ретінде анықтама 
береді.
Мысалы, Армстронг: «Миф, рəміз, қатысым тəсілі мен мінез-құлық норма-
ларының белгілі бір жиыны материалдық факторлардан гөрі едəуір өміршең 
факторлар болып табылады», - деп жазады. Тілтанушылар мен антрополог-
тардың  еңбектеріне  сүйенсек  этностық  топтың  шекаралары  «айрықшалау» 
немесе қарама-қарсы қою ұстанымы бойынша анықталады. Этностық топ өз 
шекараларын,  ішкі  өзара  байланыстарын  өздерінің  ішкі  қасиеттеріне  сүйе-
ніп  қана  емес,  қайта,  айрықшалау, «біз»  жалпыланған  бейнесін  «біз  емес»,
«басқалар», «олар» деген бейнемен қарама-қарсы қою əдісі арқылы анықтау-
ға ұмтылады.
Армстронг ұлттардың заманауилығын абсолюттендіруді теріске шығара-
ды.  Қазіргі  ұлттардың  жасақталу  үдерісін  этностық  эволюцияның  едəуір 
ұзақ үдерісін толайым білу арқылы ғана түсінуге болады, бұл үдерісте эт-
ностардың, этностық топтардың пайда болуы, құлауы мен қайта көтерілуі 
сияқты  өткелектер  мол.  Бұл  тұста  ол  этностықты  (этностық  сəйкестікті) 
қоғамдық  ұйымның  өзегі  дегеннен  гөрі,  түрлі  əрекеттестіктердің  жиын-
тығы  деп  санауға  болатынын  атап  көрсетеді.  Этностық  сəйкестік,  өзіндік 
сана-сезім  құрамының  көбі  өзгеруі  мүмкін,  ал  миф  пен  рəміз-нышандар 
өзімен-өзі болып қала береді де, нақ осылар кейін ұлттық бірдейлестік пен 
ұлттың қалыптасуына себепші болады. Солай бола тұра, этностық эволю-
цияны  қоғамның  басқа  факторларынан  оқшау  үдеріс  ретінде  қарауға  бол-
майтыны - айқын жайт.
Оның  пікірінше,  элиталық  топтарда  ғана  таптық  жəне  тиісті  этностық 
кедергілерді  заңдастыруға  қажетті  коммуникативтік  жəне  іскерлік  сапалар 
болады.  Мəселен,  өткен  дəуірде  үстем  элита  ғана  тұтастай  қоғамға  ортақ 
мифтер  мен  рəміздерді  қалыптастыруға  əрі  қорғауға  қабілетті  болған,  бек-
заттардың (элитаның) христиандық жəне мұсылмандық өркениеттегі қызметі 
осындай болды.
Ұлттардың этнологиялық үш теориясын Энтони Смит пішімдеді. Ол ұлт-
тың  мынадай  белгілерін  ажыратады: «өзім»  мен  «бөтенді»  айыруға  мүм-
кіндік  беретін  ерекше  мəдени  сипаттар;  тарихи  мұра  болып  қалған  ортақ 
аумақтың  болуы;  салыстырмалы  түрде  алғанда,  жұрт  санының  көп  болуы; 
басқа қоғамдастықтармен сыртқы саяси қатынастардың болуы; ортақ ұжым-
дық сезімнің болуы; түрлі азаматтық құқығы бар топқа барлығының тікелей-
мүше болуы; еңбек бөлінісінің ортақ жүйесі бар тік экономикалық ықпалдас-
тықтың болуы.
Ұлттар жөніндегі қазіргі теориялардағы белгілі бір шамадағы өзгерістер 
жоғарыда көрсетілген тұғырлар мен көзқарастардың шеңберінен алшақ кет-
пейді (қар. Ұлт, Этнос, Ұлттық мемлекеттілік).

123
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ҰЛТШЫЛДЫҚ  (фр.  nathionalifi me.  лат.  тілінен  паtio,  ор.  национализм
ағыл.  nationalism). – түп  бастауында  адамдардың  өз  ұлтының  (этносының) 
құндылықтарына берілгендігін, өз этносының мүдделерінің басқа этнос мүд-
делерінен бірінші тұратындығы туралы түсінікті тірек ететін идеология мен 
топтық мінез-құлықты білдіретін ұғым. Ұлтшылдықтың психологиялық не-
гізін этноцентризм құрайды. 
Негізінде, ұлтшылдық өз ұлтына берілу мен адалдықты, саяси тəуелсіздік 
пен өз халқының игілігіне қызмет етуді, мəдени жəне рухани дамуды, ұлт-
тың өмір сүру жағдайын, мекен ететін аумағын, экономикалық қорлары мен 
рухани құндылықтарын іс жүзінде қорғау үшін ұлттық сананы біріктіруді на-
сихаттайды. Ол патриотизм тектес ұлттық сезімге сүйенеді. Бұл идеология 
қоғамның түрлі топтарын біріктіруге ұмтылып, топтық қарама-қайшы мүд-
делерге  қарамастан  экономиканың,  саясаттың,  мəдениеттің  қазіргі  заманғы 
формаларына  өту  кезеңінде  ортақ  саяси  мақсаттар  үшін  түрлі  этностардан 
тұратын халықты жұмылдыра алды. 
«Ұлтшылдық» термині Франциядағы Ұлы революция дəуірінде өз ұлтына 
қатыстылық сезімін білдіру үшін пайда болды. Алғашқыда Ұ. идеологиясы 
ұлтты біріктіріп нығайтуға бағытталғандықтан, ұнамды мəнге ие болған. ХІХ 
ғасырда Еуропада Ұ. өркендеуінен Италия мен Германия сияқты ұлт-мемле-
кеттер пайда болды. Бұл елдердің халқын итальяндық не немістер деп бөліп 
қарамай,  қандай  да  бір  патшаның,  монархтың  құзырындағы  халық  деп  қа-
рағанға көнбейінше бұлардың бірігуі де мүмкін емес еді. Оның үстіне, мем-
лекеттердің саяси заңдылығын ұлтшылдық «отандастар» іске асыратын өзін-
өзі басқарумен ғана байланыстырды. 
Бірақ ХІХ ғасырдың аяғында-ақ көптеген теоретиктер Ұ. құлдырауға бет 
алып келе жатқанын жəне оның орнына интернационализм мен космополи-
тизм идеологияларының келетіндігі туралы айтқан болатын. Бұл болжамдар-
ды Ұ. қағидатына сай жүргізілген бірінші дүниежүзілік соғыс жоққа шығар-
ды. Нəтижесінде Ұ. үшінші əлем елдерінің өзін-өзі билеуі жолында күресетін 
антиимпериалистік қозғалысқа қосылды.
Ұ.  тəуелсіздік  үшін,  өз  мемлекеті  жоқ  халықтың  ұлттық  өзін-өзі  басқа-
руы үшін күрес барысында немесе халықты мемлекетінен айыру, оны жау-
лап  алуға  қауіп  төндірген  сыртқы  жаумен  күрес  барысында  дамиды.  Осы 
себептен ұлттық идеялар мен сезімдер ұнамды рөл атқарып, алда тұрған мін-
деттерді шешуге қоғамдық күштерді жұмылдыратын патриотизмнің бір түрі 
ретінде ықпал ететіндіктен, тарих мұны ақтап шығады. 
Өзінің этностық қасиеттерін «ең үздік», «күмəнсіз артықшылық» деп тану 
–  сол  ұлттанмын  дейтіндердің  санасындағы  ауытқушылық.  Жеке  тұлғалар
арасындағы жəне топ деңгейіндегі Ұ. этностық ұнатушылық пен жаратапау-
шылық,  артық  көрушілік  ұлттық  психологияның  басқа  көріністерінен  бай-
қалады. Саяси доктрина ретіндегі Ұ. идеологтары қоғамдық байланыстардың 
басты түрі – ұлттық байланыстар, ал тарихтың басты субъектісі адамдардың 

124
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тірлік үшін бір-бірімен айқасатын я бірлесе қимылдайтын ұлттық (этностық) 
қауымдастықтары деп санайды.
Ұ. стихиялы түрде пайда болады, сондай-ақ белгілі бір мақсатқа жету үшін 
қоғамдық санамен «ойнаушылардың» əрекетінің арқасында əдейі болуы да 
мүмкін. Ұ. белгілі бір ұлт өкілдерінің əлеуметтік басымдықты тартып алуға, 
басқа ұлттық топтардан артықшылығын нықтауға ұмтылған қозғалысқа ұла-
суға  бейім  болып  келеді.  Бірақ  қандай  жағдайда  болсын  ол  иррационалды 
психикалық  үдерістердің  себебінен  келіп  шығады,  ал  мұндай  үдерістерге 
өзінің  этностық  қауымдастығын  сынамай  күмəнсіз  қабылдау  тəн  екендігі 
белгілі.
Мұндайда Ұ. сол қоғамның жетекші идеясы ұлттық идея деп танып, осы 
идеяның нақты мазмұнына қарай кейде шовинизм мен нəсілшілдікке ұласып 
кетеді. Радикалды қозғалыстардың көбі өзінің ұлттық бейнесін алға тарта бе-
руі  себепті  Ұ.  көбінесе  этностық,  мəдени  жəне  діни  төзімсіздікпен  немесе 
басқа ұлттарды жек көрудің кез келген көрінісімен астасып кетеді. 
Қандай да бір қоғамдастықта бірыңғай тұрса да этностардың шовинистік 
жəне нəсілшілдік көзқарастарды сөзсіз қолдауы – іс жүзінде сирек болатын 
жағдай.  Алайда  мұның  бəрі  нақты  саяси  ахуалдың  əуеніне  қарай  болады. 
Мұндай  төзімсіздік  Ұ.  ұстамды  ағымды  жақтаушылар  тарапынан  көбінесе 
айыпталып жатады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында дүние жүзі елдерінің көбінде Ұ. пай-
да болды. Əрине, бəрі бірдей болған жоқ, алуан түрлі сипатта болды. Бір 
жағдайда,  Батыс  Еуропадағы  сияқты,  интеграциялық  үдерістерге,  мем-
лекеттер  арасындағы  шекараларды  өшіруге  қарсылық  ретінде  пайда  бол-
ды;  өйткені  өңірлердегі  халықтардың  ұлттық  дербестігінің,  мəдениетінің, 
дəстүрлерінің сақталуына қауіп төнуінен қорғанды. 
Теріс мазмұндағы ұлтшылдық өзінің ұлттық өзгешелігін басқа ұлттардың 
ерекшелігімен субъективті түрді қарама-қарсы қою мен жасанды түрде ұлғай-
тудан басталады. Мұндайда, əдетте, өз ұлтына тарихи ерекше артықшылық 
таңылады,  жұртты  осындай  өзгеше  қасиет  үшін  қызмет  етуге  шақырады, 
басқа  ұлттың  мүдделері  бұл  жерде  еленбейді,  оларды,  тіпті,  түрлі  жолмен 
кемсітуге дейін жол беріледі. Басқыншы Ұ. ұлттық дүрдараздықты қоздыру-
дан, бір ел ішіндегі ұлттар арасына дұшпандық енгізуден, бір елдің халқын 
келесі  бір  елдің  халқымен  арандатудан  көрінеді.  Жəне  əдеттегідей,  біреу-
лердің ұлтшылдығы екінші біреулердің ұлтшылдығын оятады. Мұндайда Ұ. 
қарсы жауап ретіндегі əрекет болады, мұндай əрекет «сақтану» ұлтшылдығы 
немесе «қорғанысты» ұлтшылдық деп аталады.
БАҚ-та көбінесе этноұлтшылдықты, əсіресе бір ұлттың басқа ұлттан ар-
тықшылығына ден қоятын шектен тыс түрлерін (шовинизм, ксенофобия т.б.), 
«ұлтшылдық» деп атап жүр. Барып тұрған Ұ. көптеген көріністері, ұлтаралық 
дүрдараздықты  қоздыру  мен  этностық  кемсітушілік  халықаралық  құқықты 
бұзғандық болып есептеледі.

125
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Ұ. отанға деген, отандастарға деген сүйіспеншілік патриотизмді шатысты-
руға болмайды. Кімде-кім өз елін сүйсе, бұл міндетті түрде оны Тəңірге балап, 
мемлекет басшылары мен билеуші элитаға табыну деген сөз емес. Азамат басқа 
елді, басқа халықты жек көруге, тіпті елемеуге тиісті емес. Ол, ұлтшылдықта 
талап етілетіндей, ұлтты «ең жоғарғы құндылық» деп санауға тіптен міндетті 
емес (қар. Қақтығыс, Ксенофобия, Патриотизм, Нəсілшілдік, Шовинизм).
ҰЛТТЫҚ  ЭГОИЗМ  (ор.  национальный  эгоизм,  ағыл.  ethnical egoism)– 
басқа  ұлттардың  (халықтардың)  мүдделерін  елемей  өз  ұлтының  мүддесін 
бəрінен бұрын қанағаттандыруды ақтау, негіздеу. Бұл сөз неміс көсемсөзшісі 
əрі  сыншысы  Карл  Людвиг  Берненің  есімімен  байланысты,  бұл  сөзді 1845 
жылы ол алғашқы болып қолданған.
Əдебиеттерде мұны ұлттық айырықшылықтың бұқара санасындағы дең-
гейі жəне ұлттық қатыныстардың іс жүзінде шектеулілігі көрінісінің бір фор-
масын  білдіретін  құбылыс  ретінде  де,  əлеуметтік-психологиялық  тұрғыдан 
алғанда, жершілдік, этноцентризм түрінде көрінетін құбылыс ретінде тұжы-
рымдайтын анықтамалар кездеседі.
- Ф -
ФЕДЕРАЛИЗМ (ор. федерализм, ағыл. federalism)  1) мемлекеттің сая-
си-аумақтық ұйымының құрылу қағидатының бірі, бұл жеке бір мемлекеттің 
ішінде елеулі дəрежеде саяси дербестігі бар аумақтық түзілістердің болуынан 
көрінеді; 2) мемлекеттің ішкі құрылымының сипаты, аумақтың орталығы мен 
бөлігінің өзара қарым-қатынасы. 
Нақты  дербестіктің  федерация  субъектілері  органдарының  өкілеттілік-
терінің кешенді сипаты болып табылатын деңгейі саяси-құқықтық, құқықтық, 
бюджеттік-қаражаттық, ұйымдық жəне басқа кепілдіктерден көрінеді. Бұл ке-
пілдіктердің іске асуына қарай мемлекеттің құрылысын федеративті деп са-
науға болады. 
Бірегей  мемлекеттегі  Ф.  саясаты  билікті  қайта  бөлу,  елді  басқаруда  ау-
мақтық (өңірлік) түзілістердің мүмкіндіктерін оларға өз конституциясын қа-
былдауға, мемлекеттік органдар жасақтауға, өз азаматтығын, федерацияның 
басқа да атрибуттарын тағайындауға дейін кеңейтуге бағытталады. Федера-
тивті мемлекеттегі Ф. саясаты федерация субъектілерінің құқығын оларға сырт-
қы  қатынастарын  дербес  жасауға  мүмкіндік  жəне  сецессияға  (федерация 
құрамынан  шығып  тəуелсіз  мемлекет  құруға)  құқық  беруге  дейін  құқықта-
рын кеңейтуге ұмтылыс жасаудан көрінеді.
Орталықсыздандыру дəрежесі жағынан Ф. саясаты автономия саясатынан 
өзгеше болады, жекелеген елдердің мысалы етіп бұлардың арасынан айқын 
шегара сызу тым қиын.

126
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
- Х -
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ТІЛ  (ор.  международный  язык,  ағыл.  international 
language) – əр басқа мемлекеттің Халықтарының өкілдері үшін қарым-қаты-
нас құралы қызметін атқаратын Тіл. Х.т. екі түрге бөлуге болады: табиғи Х.т. 
–  бір  мезгілде  белгілі  бір  халықтың  қарым-қатынас  құралы  қызметін  жəне 
халықтар арасында қарым-қатынас құралы қызметін атқарады; жасанды Х.т. 
– халықтар арасында қарым-қатынас үшін арнайы жасалған тіл, табиғи тілдің 
орнына жүреді, мыс., волапюк, идо, эсперанто (қар. Мемлекеттік тіл, Ұлта-
ралық қатынас тілі, Əлем тілдері, Ресми тіл, Тіл).
ХАЛЫҚ САНАҒЫ (этностық құрамы, динамикасы) (ор. перепись населе-
ния, ағыл. population census) – елдің ұлттық статистикалық жүйесінің бөлін-
бес бөлігі; жұрт пен оның тұрғын жағдайлары туралы мəліметтердің негізгі 
көзі,  демографиялық,  əлеуметтік  жəне  экономикалық  мəселелер  бойынша 
өңірлік,  ұлттық  жəне  халықаралық  деңгейде  статистикалық  мəліметтерді 
пайдаланушылардың  ақпараттық  сұранысын  қанағаттандыруға  мүмкіндік 
береді. Х.с. – арнайы ұйымдастырылатын іс-шара, мақсаты – саны мен орна-
ласуы, белгілі бір сипаттардың барлығы я жоқтығы, ол сипаттардың көрінуі 
мен даму шамасы жөнінде демографиялық мағлұмат алу үшін ел тұрғында-
рының баршасы туралы мəліметтер жинау. Х.с. дұрыс парықталса, инсандар-
дың (индивидумдардың) Тілдік өзіндік санасы туралы пайымдауға мүмкіндік 
береді. Х.с. ретті түрде шамамен он жылда бер рет, ел тұрғындарын түгелдей 
сауалдау жолымен жəне белгіленген мерзім ішінде өткізіледі жəне Біріккен 
Ұлттар Ұйымының кеңестеріне сəйкес дүниежүзілік санақтың кезекті уақы-
тына  орайластырылады.    Қазақстан  Республикасында  тəуелсіз  мемлекеттің 
халық санағы бірінші рет 1999 жылы өткізілді. 
Қазақстан Республикасындағы 2009 жылғы ұлттық санақтың қорытынды-
лары ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің сайтына орналастырылған, сон-
дай-ақ  «Қазақстан  Республикасының 2009 жылғы  халық  санағы.  Қысқаша 
қорытындылар»  атты  статистикалық  жинақ  жарияланды.  Онда  санақ  жүр-
гізілген жылдар бойынша (1959, 1970, 1979, 1999, 2009 жылдар) Қазақстан 
Республикасындағы тұрақты жұрттың санындағы өзгерістер туралы мəлімет-
тер берілген. Х.с. тұрақты жұрттың саны Қазақстан аумағының бəрін қамти 
беріледі:  өңірлерді  қалалық  жəне  ауылдық  жұртқа  қарай,  жынысына  қарай 
жіктеп көрсетеді; 1999 жылғы санақ пен 2009 жылғы санақ арасындағы ке-
зең  бойынша  жекелеген  этностық  топтарға  жататын  жұрттың  саны  туралы 
ақпарат беріледі; ана тілі туралы, жұрттың жекелеген тілдерді меңгеру дəре-
жесі туралы мəліметтер келтіріледі; жұрттың діни сенімі туралы мағлұматтар 
жария етіледі. 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстан Респу-
бликасы халқының саны 16.004,8 мың адам болды, адам саны 1999 жылғы 
санақпен салыстырғанда 1.022,9 мыңға (6,8 %-ға) өскен. Бұл санақ Қазақстан 

127
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тұрғындары  санының  төмендеуден  көтеріліп,  өсуге  бет  алғанын  көрсетіп 
берді. Мұның себептері – еуропалық этностар эмиграциясының азаюы; қа-
зақтардың  санының  өсуі (1989ж. – 1999 ж. +22,9 %-дан 1999ж. – 2009 ж. 
+26,2 %-ға дейін), мұның ішінде оралман қазақтардың есебінен өсу де бар; 
орыстардың (-15,3 % 1999 – 2009 жж.) жəне немістердің (-49,6 %) елден ке-
туінің азаюы. Бұрынғыдай, елдегі саны ең көп ұлттар – қазақтар (10,1 млн.) 
мен  орыстар (3,8 млн.).  Ел  халқының  ішіндегі  қазақтардың  үлесі – 63,1% 
(1999 жылы 53,4 %), орыстардың үлесі – 23,7 %, (1999 жылы 30,0%), өзбек-
тердің  үлесі – 2,8% (1999 жылы 2,5%), украиндардың  үлесі – 2,1 % (1999 
жылы 3,6 %), ұйғырлардың үлесі — 1,4 % (1999 жылы 1,4 %), татарлардың 
үлесі — 1,3 % (1999 жылы 1,7 %), немістердің үлесі — 1,1 % (1999 жылы 
2,4 %), басқа  этностар — 4,5 % (1999 жылы 5,0 %) (қар.  Демография,  Қа-
зақстан тілдері, миграция, Тілдік ахуал, Тілді жоспарлау).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет