Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары


ХАЛЫҚТАР МЕН ҰЛТТАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БИЛЕУ ҚАҒИДАТЫ



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет16/44
Дата21.01.2017
өлшемі2.74 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44

ХАЛЫҚТАР МЕН ҰЛТТАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БИЛЕУ ҚАҒИДАТЫ (ор. 
Принцип самоопределения народов и наций, ағыл. Principle of self-determination 
of the people, ethnoses and nations) – халықаралық əріптестік жəне адам, халық 
пен ұлттардың құқығын қорғау саласындағы халықаралық құқықтың негізгі 
қағидаттарының бірі.
БҰҰ-ның 1945 ж. Жарғысында, БҰҰ-ның 1970 ж. Жарғысына сəйкес мем-
лекеттер  арасындағы  достық  қарым-қатынас  пен  əріптестікке  қатысты  ха-
лықаралық құқық қағидаттары туралы Декларацияда, Азаматтық жəне сая-
си құқықтар туралы халықаралық пактіде (1966 ж.), 1966 ж. Экономикалық, 
əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы халықаралық пактіде, 1975 ж. Еу-
ропадағы қауіпсіздік пен əріптестік жөніндегі кеңестің Қорытынды актісін-
де, 1992 ж. Ұлттық немесе этностық, діни жəне тілдік азшылыққа жататын 
адамдардың құқықтары туралы Декларацияда жарияланған, сондай-ақ БҰҰ, 
ЕҚЫҰ-ның өзге де құжаттарында, конвенциялар мен келісімдерде көрініс бе-
реді.
Барлық  халықтар  мен  ұлттар  өзін-өзі  еркін  билеуге  құқылы,  яғни  ішкі 
саяси  ұйымдасуын  сырттан  ешкімнің  араласуынсыз  белгілеуге  жəне  өзінің 
экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени дамуын жүзеге асыруға, болашақта 
өзінің  ұлттық,  діни,  мəдени  жəне  басқа  да  ерекшеліктері  мен  дəстүрлеріне 
барынша сəйкес келетін жолды таңдап алуына мүмкіндігі бар.
Əр  мемлекет  өзінің  басқа  мемлекеттермен  қарым-қатынасын  барлық  ха-
лық  тең  құқылы  деген  талап  негізінде  құруға  міндетті  жəне  өз  тағдырына 
өзінше өкім жүргізу жөнінде табиғи құқығы олардың əрбіреуіне əу бастан-ақ 
тиесілі.
Соншалық  маңызды  бола  тұра  этностардың  өзін-өзі  билеуге  ұжымдық 
құқықтылығы  мемлекетішілік  өлшем  тұрғысынан  абсолютті  жəне  шексіз 
болуы  мүмкін  емес.  Оны  жүзеге  асыру  кезінде  тарихи  факторларды,  өзге 
ұлттар мен этностық топтардың құқықтарын біртұтас қоғамды құрап тұрған 

128
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тұтас халық пен мемлекеттің мүддесі ретінде ескеру қажет. Керісінше болған 
жағдайда оның сепаратизмге айналып кетуі, яғни жергілікті саяси немесе ұлт-
тық элитаның белгілі бір топтарының өз мүддесіне деген ынтасы мен əрекеті 
аумақтық автономия құру немесе мемлекеттен аумақтың (федерация субъек-
тісі) бір бөлігін бөліп алу арқылы мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға 
дейін апаруы жəне мемлекеттік жаңа құрылымның пайда болуына соқтыруы 
мүмкін. Сепаратизм өзін-өзі билеу құқығын теріс пайдалану болып табыла-
ды.
Өзін-өзі билеуде халықтар құқығын бұзудың келесі бір түрі – жекелеген 
мемлекеттер  (мемлекеттер  тобы)  немесе  халықаралық  ұйымдар  өткізетін, 
яғни егеменді ұлттар қауымдастығында өркениетті қатынас болуының бір-
ден-бір тетігі саналатын тұтас халықаралық құқыққа айтарлықтай нұқсан 
келтіретін қос стандартты саясат. Қос стандарт – егеменді мемлекеттердің 
қоғамына  қабылданбайтын  өмір  үлгілерін  таңуға  талпыну  немесе  нақты 
бір  үкіметке  субъективті  түрде  артықшылық  беріп,  əр  түрлі  елдегі  бірдей 
оқиғалар мен құбылыстарға берілетін оң немесе теріс баға немесе өз мем-
лекетіне басқа мемлекеттер үшін жол берілмейтін əрекеттерді істеуге құқық 
беріп, халықаралық құқықтық нормалардың т.с.с. талаптарына қарсы келу.
ҚР  Конституциясы  халықаралық  құқық  қағидаттары  мен  нормаларына 
құрметпен  қарауды  жария  ете  отырып  олардың  жоғары  заңды  күшін  жəне 
Республиканың  бүкіл  аумағына  тікелей  ықпал  ететінін  заңдастырған.  ҚР 
Конституциялық Кеңесінің бірқатар шешімдерінде халықаралық қатынастар 
саласында да Негізгі Заңның үстемдігі бекітілген. Бұл – Қазақстан Республи-
касында қазақстандық Конституцияға қайшы келетін халықаралық келісім-
шарттардың,  халықаралық  ұйымдардың  актілері  қолданылмайтынын  жəне 
олардың заңды күші жоқ екендігін көрсетеді.
- І -
ІШКІ  ІСКЕ  АРАЛАСПАУ  ҚАҒИДАТЫ  (ор.  Принцип  невмешатель-
ства  во  внутренние  дела,  ағыл.  Principle of non-intervention in domestic 
affairs)  мемлекеттердің халықаралық əріптестігі саласындағы халықаралық 
құқықтың негізгі қағидатының бірі. 
Бұл  қағидат 1945 жылы  БҰҰ  Жарғысында  жарияланған,  БҰҰ-ның 1970 
жылғы Жарғысына сəйкес мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас 
пен  əріптестікке  қатысты  Халықаралық  құқық  қағидаттары  туралы  декла-
рацияда  жəне 1975 жылы  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  əріптестік  жөніндегі 
кеңестің Қорытынды актісінде, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ-ның басқа құжатта-
рында, конвенциялар мен келісімдерде жарияланған.
Ешбір мемлекеттің я мемлекеттер тобының тікелей я болмаса жанама түр-
де күштеу арқылы басқа мемлекеттің өзінің ішкі немесе сыртқы істерін жүр-

129
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
гізуге қысым жасауға; сондай-ақ қандай да бір мемлекеттің конституциялық 
құрылысын күшпен өзгертуге бағытталған қарулы, лаңкестік, бүлдіру қаре-
кеттерін  қоздыру  мен  қолдауға,  қаржыландыруға,  ықпал  етуге;  ішкі  саяси 
күреске араласуға құқығы жоқ. 
Қазақстан Республикасы ҚР Конституциясының 8-бабына сəйкес, халықа-
ралық құқықтың қағидаты мен нормаларын, мемлекеттердің теңдігін құрмет-
тейді, мемлекеттер арасындағы əріптестік пен тату көршілік қатынастар, бір-
бірінің ішкі істеріне араласпау саясатын жүргізеді. 
Ұлттық құқықтық жүйелердің дамуындағы қазіргі үрдістердің бірі – оларға 
халықаралық  ережелер  мен  нормалардың,  ең  алдымен,  адамның  жəне  аза-
маттың құқықтары мен бостандықтары саласындағы қағидалар мен норма-
лардың енгізілуі. Алайда жекелеген саяси сыртқы ойыншылар тарапынан ха-
лықаралық кесімдерді реттейтін жайттарының шегін жасанды түрде кеңіту-
ге, оларға субъективті түсіндірме беруге ұмтылу оқиғалары аз кездеспейді. 
Мұның өзі егемен мемлекеттің ішкі істеріне араласпау қағидатын бұзуға əкеп 
соқтырмай қоймайды.
Мұндай əрекеттерге жауап ретінде мемлекеттер конституциялық бақылау 
органдарының шешімдеріне, ұлттық Негізгі Заңдарының үстемдігіне сүйеніп 
егемендігін қорғайды.
- Э -
ЭКСТРЕМИЗМ (лат. extremus – шектен шыққан, ор. экстремизм, ағыл. 
extremism)  - cаясат  пен  идеяларда  шектен  шыққан  көзқарастар  мен  əрекет-
терді жақтау). Э. түпнегізінде, əдетте, белгілі бір идеология жатады. Э. си-
патында əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілігіне қарай я 
дінге қатысына қарай адамның ерекшелігін, басымдығын немесе кемшілігін 
мақұлдатуға негізделген идеология, сондай-ақ əлдебір əлеуметтік топқа қа-
тысты саяси жəне идеологиялық, нəсілдік жəне ұлттық немесе діни өшпен-
ділікке я жек көрушілікке негізделген идеялар болады. Э. əлеуметтік те, био-
логиялық  та  табиғаты  бар,  бұл  адамның  (топтың)  жалпы  жұрт  қабылдаған 
нормалар  шегінен  шығып  кетуінен  білінеді.  Э.  адамның  өмір  қарекетінің 
əртүрлі салаларынан байқалады. Оны этностық, саяси, діни, экономикалық, 
жыныстық, жеке адамаралық Э. деп жəне жеке адам, топ, мемлекет (қоғам) 
деңгейінде байқалуы мүмкін өзге де түрлерге бөледі. Қазіргі замандағы діни 
Э. қоғам үшін дəстүрлі діни құндылықтар мен догматикалық қалыптар жүйе-
сін теріске шығарады, сондай-ақ оларға қайшы келетін идеяларды агрессивті 
түрде насихаттайды (қар. Радикализм, Лаңкестік).
ЭМИГРАНТ  (лат.  emigrans, emigrantis – қоныс  аударған,  ор.  эмигрант
ағыл. emigrant) - өзінің азаматтығы тіркелген елді немесе тұрақты тұратын 

130
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
елін тастап, басқа мемлекетке тұрақтап тұруға көшіп кеткен адам. 1966 жылғы 
Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пактісінде өз елін қоса 
алғанда кез келген елді тастап кету жөніндегі əрбір адамның құқығы (яғни, 
Эмиграцияға құқығын) қарастырылады. 
Эмигранттардың жаңа əлеуметтік, мəдени ортада қалыптасуының, бейім-
делу  барысының  негізгі  кезеңдері  мынадай:  а)  эйфориялық,  б)  туристік,
в) бағдарлаушылық, г) депрессиялық, д) іскерлік кезеңдер. Осы кезеңдердің 
əрқайсысы жеке адамның ерекшеліктеріне (типология, əлеуметтік мəртебе, 
білім деңгейі мен сипаты, біліктілігі, мамандығы, туыстық байланыстары, 
сана-сезімінің ерекшеліктері) орайлас болады. Э. жеке санасы жеке адам-
ның жағдайы мен өзіндік санасын айқындайтын объективті факторлардың 
(Эмиграция елі, тіл, экономикалық жəне құқықтық қорғалу деңгейі, мəде-
ниет сипаты, эмигранттық ортаның этностық құрамы, жергілікті халықтың 
көзқарасы сияқты) белгілі бір жиынтығынан көрінетін əлеуметтік жағдай-
ларға  байланысты  қалыптасады.  Бұл  объективті  факторлар  біркелкі  əрі 
өзінен-өзі (автоматты түрде) əсер ете бермейді. Бұл əсер субъективті фак-
торлардың əсер ету дəрежесіне байланысты болады, ондай факторлар қата-
рына мыналар кіреді: Э. жаңа ортаға қосылу ниеті, осы үдерістің белсен-
ділік дəрежесі, жаңа мəдени феномендерді игеру, ақпараттық оқшауланудан 
шығу, жаңа ортамен коммуникативтік байланыстар орнатуға ұмтылу жəне 
маргиналдық күйді еңсеру (қар. Көші-қон, Мигрант, Этностық көші-қон, 
Оралман, Репатриант). 
ЭМИГРАЦИЯ  (лат.  emigro - қоныс  аударамын,  ор.  эмиграция,  ағыл. 
emigration) - əртүрлі себептерге (экономикалық, саяси, діни жəне басқалар) 
байланысты халықтың тұрақты тұратын елден басқа елдерге өз еркімен неме-
се күшпен қоныс аударуы. Э. қоныс аударып отырған елге байланысты көр-
сетіледі. Э. күшпен қоныс аударудан – елден шығарудан немесе Депортация-
дан айырмашылығы сол – мұнда адам немесе отбасы қоныс аудару туралы 
дербес шешім қабылдайды. Аудан ішіндегі немесе ел аудандары арасындағы 
қоныс аударудан айырмашылығы сол – Э. елден кетумен байланысты, яғни 
ел шекарасыннан сыртқы кетуді білдіреді. Сондай-ақ жеке жəне іскерлік мақ-
саттар мен қысқа мерзімді сапарларға шығудан немесе туристік саяхаттардан 
өзгешелігі – Э. тұрақты тұрғылықты жерін ауыстырумен міндетті түрде бай-
ланысты болады. Қалай іске асатынына қарай Э. мемлекеттік жəне қоғамдық 
ұйымдардың ұйымдық-экономикалық жағынан қолдауымен жүзеге асырыл-
са,  қоғамдық  тұрғыдан  ұйымдастырылған  Э.  деп,  ал  сырттан  материалдық 
жəне ұйымдық қолдау болмай эмигранттардың өз күшімен тікелей өздерінің 
есебінен іске асырылса, ұйымдастырылмаған Э. болып бөлінеді. 
Э. салдарлары əртүрлі тұрғыдан бағаланады. Мəселен, бір жағынан, жұ-
мыс  орындары  босайды,  мұның  қазіргі  жұмыссыздық  жағдайында  тигізер 
пайдасы бар. Солай бола тұра Э. залалы да бар, өйткені эмигранттар өздерінің 

131
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
жасампаздық  əлеуетін  шетелде  іске  асырады,  оның  үстіне,  демографиялық 
жосықтағы проблемалар туындайды (қар. Иммиграция, Миграция, Мигрант, 
Этностық көші-қон, Репатриант, Оралман, Эмигрант). 
ЭТНОС  (грек.  ethnos  халық,  тайпа,  ор.  этнос,  ағыл.  ethnos) – ортақ  си-
паттары бар, Мəдениеті, Тілі, Өзіндік сана-сезімі, тарихының тұрақты ерек-
шеліктері ортақ адамдардың белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан тұрақты 
қауымдастығы.
Осы уақытқа дейін «этнос» терминінің бір мағыналы ұғымы əлі жоқ. Де-
генмен, жалпылай келгенде этнос топтық мəдени ұқсастық құбылысы ретін-
де,  мəдени  қауымдастыққа  тиесілікке  негізделген  сезімдер  кешені  ретінде,
ортақ  сəйкестілік  қалыптасу  нəтижесіндегі  ұжымдық  түйсік  ретінде  қарас-
тырылады.  Сана-сезім  (сəйкестілік)  саласынан  тыс  этностық  деп  аталатын 
қауымдастықтарға  тəн  бірқатар  сипаттамалар  бар.  Оларға  жататындар:  ор-
тақ тарихи тегіне байланысты топ мүшелері мойындайтын ұғымдар, бір тіл, 
материалдық  жəне  рухани  мəдениеттің  ортақ  қырлары;  отан  жəне  ерекше 
институттар  ретінде  саяси  ресімделген  ұғымдар,  мысалы, «халық»  ұғымы-
на кіретін мемлекеттілік; ерекшелік сезімі, яғни, топ мүшелерінің сол топқа 
қатыстылығын сезіну жəне осыған негізделген ынтымақтастық түрлері мен 
бірлескен іс-əрекеттер.
Э. негізгі жəне қосымша белгілері: тіл, халықтық өнер, əдет-ғұрып, дəстүр, 
рəсімдер, мінез-құлық нормалары, əдеттер, дін, нəсілдік жақындық, генезис, 
яғни,  мəдениеттің  ұрпақтан  ұрпаққа  жетіп  этностық  мəдениет  дегенді  жа-
сайтын жəне сабақтасатын сипаттары (қар. Этностық топ, Этностық сəй-
кестілік,  Этностық  сана-сезім,  Этнос,  Этноəлеуметтану,  Тіл,  Тілдік  бір-
дейлестік).
ЭТНО-АҒАРТУШЫЛЫҚ  КЕШЕНДЕР  (жексенбілік  мектептер)  (ор
этно-просветительские комплексы, ағыл. ethnic elucidative complexes) – не-
гізгі міндеті балаларға тіл арқылы өз этносының тарихын, əдет-ғұрпын жəне 
мəдениетін оқытып-үйрету болып табылатын ерікті ұйым. Қазақстанда жү-
зеге асып отырған этносаралық келісімнің бірегей үлгісінің арқасында этнос-
тардың өкілдері туған тілі мен мəдениетін оқып-үйрену арқылы өз дербесті-
гін сақтап отыр. Бұған Қазақстан халқы Ассамблеясына кіретін этномəдени 
бірлестіктер ықпал етеді. Ассамблея қызметінің, сондай-ақ жексенбілік мек-
тептер қызметінің басым жағы – өсіп келе жатқан ұрпақты толеранттық пен 
этносаралық келісім рухында тəрбиелеу. Қазақстанда əзірбайжан, армян, ко-
рей, поляк, неміс, татар-башқұрт, қырғыз, тəжік, украин, шешен-ұңғыш жек-
сенбілік мектептері жұмыс істейді (қар. ҚХА, Тілді жоспарлау, Тілдік ахуал, 
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекет-
тік бағдарламасы).

132
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ЭТНОƏЛЕУМЕТТАНУ  (грек.  ethnos  халық,  тайпа + societas  қоғам + 
logos ғылым, ілім, ор. этносоциология, ағыл. ethnosociology) - Əлеуметта-
нудың  этносаралық  қатынастарды  (бұған  тіл  де  жатады),  этностардың  да-
муының жалпы заңдылықтарын, генезисін, мəнін, функцияларын зерттейтін
саласы. Э. əлеуметтанудың, этнография мен тарихтың түйісуінен қалыптас-
қандықтан мынадай күрделі кешенді мəселелерді нысан етеді: ұлттық фак-
торлардың  əлеуметтік  жұмылыс  пен  көші-қонға  əсері;  этностық  тиесілік-
ті  ескере  отырып  еңбек  ресурстарын  тиімді  пайдалану  жəне  ұтымды  бөлу
проблемалары; халықтардың тілі мен мəдениеттеріндегі өзгерістердің əлеу-
меттікпен  шарттастығы;  ұлттық  сана-сезімнің,  ұлтаралық  қатынастардың 
(бұған тілдік шиеленістер де кіреді) əлеуметтік тұрғыдан анықталуы; Əлеу-
меттік топтардағы құндылық бағдарларының, мінез-құлықтың қасаң қа-
лыптарының, мəдени мүдделер мен қажеттіліктердің ұлттық ерекшеліктері; 
этнотілдік үдерістердің əлеуметтік қырлары т.б. (қар. Көші-қон (Миграция), 
Этнография,  Этнолингвистика,  Этнология,  Стереотиптер,  Конфликт 
(тілдік)).
ЭТНОГРАФИЯ (грек. ethnos тайпа, халық + grapho жазамын, ор. этно-
графия,  ағыл.  ethnography) - 1. Осымен  бірдей:  Этнология;  халықтардың 
тұрмыстық  жəне  мəдени  ерекшеліктерін,  олардың  шығу  тегін,  қоныста-
нуын, өзара мəдени-тарихи қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Э. – Этнос-
тар  туралы  кешенді  ғылым:  археология,  тарих,  демография,  тілтану  жəне 
басқа ғылымдармен тығыз байланыста қаралады. Э. білу əлеуметтік қызмет-
тердің жұмысының тиімділігін арттырады, əсіресе, Этностық топтармен 
əлеуметтік-тілтанулық  жұмыстар  жүргізгенде  пайдасы  мол.  2.  Белгілі  бір 
қоғамдастықтың  немесе  Əлеуметтік  топтың  көзқарастары  мен  тəжіри-
бесін (мұның ішінде тілдік көзқарас пен тəжірибе де бар) жүйелі түрде зерт-
теу. Бұл мəнінде Э. Əдістану ретінде танылады, өйткені: а) топтарды табиғи 
жағдаят үстінде ұзақ уақыт зерттеу нұсқалады; ə) талдау санаттарын алдын 
ала белгілеп қоюға болмайды, олар талдау барысында пайда болады; б) зерт-
теуші ахуалды оқиғаларға қатысушылардың көзімен іштен көруге талпына-
ды; в) түрлі дереккөздердің (құжаттар, тарихи жəне статистикалық мағлұ-
маттар т.б.) мəліметтері пайдаланылады; г) міндетті түрде Қосыла бақылау 
жүргізіледі. Əлеуметтік тілтануда Э. көбінесе солайымен емес, кейбір этно-
графиялық əдістер мен амалдарды пайдаланылып əдістанулық ыңғай ретін-
де қолданылады (қар. Этностық топ, Этноним, Этнос).
ЭТНОДЕМОГРАФИЯ (грек. еtnos demos - халық жəне grapho – жазып 
жатырмын,  ор.  этнодемография,  ағыл.  ethnodemography) – этностардың 
құрылымын,  санының  өзгеруін,  қоныстануын  жəне  қоныс  аударуын  зерт-
тейтін  пəнаралық  ғылыми  бағыт.  Э.  экономикалық,  əлеуметтік,  биология-
лық  жəне  географиялық  факторлардың  негізінде  халықтың  құрылымында, 

133
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
орналасуында,  орын  ауыстыруында  жəне  өсіп  көбеюінде  болып  жататын 
үдерістер  мен  құбылыстардың  заңдылығын  зерттейді.  Э.  əртүрлі  қоғамдық 
ғылымдармен,  ең  алдымен  əлеуметтанумен  тығыз  байланысты,  екеуінің  де 
нысанасы қоғам болып табылады. Əлеуметтануда да Э. бастапқы бірлік адам 
болып  табылады.  Олардың  арасындағы  айырмашылық  сонда,  əлеуметтану 
адамды индивид, жеке тұлға, даралық (адамның үш белгісі) жəне қоғам мү-
шесі ретінде қарастырады, ал Э. адамды қауымдастық элементі, əлеуметтік 
«дененің» – халықтың молекуласы ретінде қарайды. Кез келген басқа ғылым 
секілді,  Э.  тəсілдердің  белгілі  бір  кешенін  пайдаланады.  Бұған  Э.  əдістері,
онымен шектес кейбір ғылымдардың жалпы ғылыми (талдау, саралау, салыс-
тыру, жинақтау жəне басқалар) əдістері де, арнайы əдістер де кіреді. Негізі-
нен, этностық статистика, яғни этностық тегін (ұлтын) ескеретін халық са-
нағы мен жаппай зерттеулердің материалдарын, сондай-ақ əртүрлі этностық 
топтардың  демографиялық  тəртібінің  ерекшеліктерін  түсіндіретін  басқа  да 
материалдар  пайдаланылады  (қар.  Демография,  Этноəлеуметтану,  Халық 
санағы).
ЭТНОКОНФЕССИЯЛЫҚ  ҚАУЫМДАСТЫҚ  (нем.  тілінен  Ethnokon-
fessionalle Gemeinschaft,  ор.  этноконфессиональная  общность,  ағыл.  ethno 
confessional unity) – этностың  немесе  оның  жеке  бөліктерінің  дінмен  тығыз 
байланысынан түзілетін құрылым. Этнос пен діннің септесуінің негізгі екі түрі 
бар: 1) этностың кейбір бөлігінің қандай да бір конфессиямен бірігуі жəне сол 
бірігудің нəтижесінде этноста ерекше мəдени қасиеттердің пайда болуы (субэт-
ноконфессиялық топ); 2) мəдениеті жағынан жақын жəне ықшам қоныстанған 
бірнеше этностардың бір конфессиямен қосылуы жəне сол этностарда ортақ са-
наның пайда болуы (метаэтноконфессиялық топ). 
Субэтноконфессиялық  топты  этностың  ішіндегі  қарапайым  конфессия-
лық  топпен  бірдей  деп  санауға  болмайды.  Мысалы,  лютеран-немістерді, 
реформатор-немістерді жəне католик-немістерді неміс этносының субэтно-
конфессиялық топтары деп санауға болмайды, өйткені конфессиялық айыр-
машылықтар  бар  демесеңіз,  бұл  топтарда  оларды  бір-бірінен  ажыратар-
лықтай бір өзгеше мəдени сипаттар пайда болған жоқ. Орыс баптистерін де 
ерекше субэтноконфессиялық топ деп атауға болмайды. Алайда православ 
болгарлардан тек дін жағынан ғана емес, мəдениетінің көптеген ерекше си-
паттарымен  де  өзгешеленетін  мұсылман  болгарларды  ешқандай  күмəнсіз 
субэтноконфессиялық топ деп атауға болады. Сонымен қатар, субэтнокон-
фессиялық топтарға Латвиядағы латгалдар, Италиядағы вальденстер, Ирак-
тағы  араб-мандейлер,  Ирактағы,  Түркиядағы,  Ирандағы  жəне  Сириядағы
курд-йезидтер (йазидтер), Ирандағы гебрлер (парсы-зороастрийлер), Индия-
дағы  панджаб-сикхтер  мен  малаяли-христиандар,  Бирмадағы  аракандар, 
Мысырдағы  араб-коптар,  АҚШ-дағы  меннониттер  мен  мормондар,  орыс 
ескі дəстүршілері жəне басқалар жатады. 

134
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Этноконфессиялық  топтар  құрылғанда  конфессиялық  жəне  этностық 
ерекшеліктер тығыз байланысып жатады. Ұзақ уақыт өзара əрекеттескен соң 
этностық құбылыстар мен қасиеттер діни құндылықтармен астасып кетеді, 
яғни «конфессияланады» жəне керісінше, құндылықтар кешенінің жекелеген 
құрамдас бөліктері этностық құбылыстар сипатын қабылдайды, этностық өң 
алып  «этностанады».  Метаэтноконфессиялық  топтардың  анағұрлым  айқын 
мысалы  ретінде  Филиппин  халықтарының  діни  жағынан  айырмашылығы 
бар  үш  тобын  алуға  болады:  христиан  халықтары  (тагалдар,  илоктар,  пан-
гасинандар, пампангандар, биколдар жəне басқалар); мұсылман халықтары, 
əдеттегі атауы – моро (магинданаолар, маранаолар, сулулар жəне басқалар); 
негізінен тайпалық діндер ұстанатын тау халықтары (канканаилар, ифугао-
лар жəне басқалар).
Этноконфессиялық топтар уақыт өте келе дербес этностарға айналып ке-
туі мүмкін, осындай жағдай кезінде бір тілде сөйлеген, бірақ түрлі конфессия-
ларды ұстанатын оңтүстік славян халықтарында – сербтер, хорваттар жəне 
мұсылман славяндар да – болған. Дербес этностарға айналудың айқын үрдісін 
осы күні аракандықтардан, йезидтер мен кейбір басқа да этноконфессиялық 
топтардан байқауға болады.
Қазақстанда  толық  дербес  этноконфессиялық  топқа  қытай  тілді  мұсыл-
мандар – дүнгендерді жатқызуға болады. РФ-ның Челябі облысында тұратын 
шоқынған татарлар тобы – нағайбақтар дербес этносқа айналды деуге бола-
ды. 1989 жылы жүргізілген санақ кезінде бұл қауымдастықтың түгелге дерлік 
өкілдері өздерін татар емес, нағайбақ деп атаған (қар. Этностық топ, Саны 
аз халықтар, Бөлінген халықтар, Субэтнос.)
ЭТНОЛОГИЯ (грек. ethnos халық, тайпа + logos ғылым, ілім, ор. этно-
логия, ағыл. ethnology осымен бірдей: Этнография. Батыстың қазіргі əде-
биеттерінде  Э.  термині  «этнография»  терминімен  қатар  қолданылады  (қар. 
Этностық топ, Этностық сана-сезім). 
ЭТНОМƏДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР - (ethnos деген грек сөзі – халық, тай-
па, ор. этнокультурные объединения, ағыл. ethnic groups) – этностық мəде-
ниетті,  тілді  дамытуға,  этностық  топтардың  солардың  тұратын  елдерінде
салт-дəстүрлерін  сақтауға  бағытталған  қоғамдық  бірлестіктер  түріндегі
ұйымдар. 
Əрбір елде «этномəдени бірлестіктер» мазмұнын «этнос» сөзінің мəніне 
байланысты заңнамалық тұрғыдан толықтырудың өзіндік ерекшеліктері бар. 
Мəселен, посткеңестік ғылыми дəстүрде «этнос» бір тіл, бір аумақ, бірегей 
мəдени дəстүрлер мен психологиялық мінез біріктіретін, сол себепті өздерінің 
тұтастығын  жəне  басқа  мəдени  қоғамдастықтардан  өзгешелігін  сезінетін 
адамдар  қауымдастығы  ретінде  түсіндіріледі.  Этнос  объективті  шындық, 
биологиялық табиғаты да, əлеуметтік табиғаты да бар өзінше бір «ұжымдық 

135
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
дене» деп есептеліп келді. Шетелдік ғылым «этнос» терминін қолданбайды, 
Батыстың  əлеуметтік  мəдени  антропологиясы  этностарды  емес,  мəдениет-
терді зерттеумен айналысады.
Э.б. Қазақстанда алғаш рет 1989-1990 жылдары құрылды. Қазақстан халқы 
Ассамблеясының, сондай-ақ өңірлерде Ассамблеялардың құрылуы Э.б. қыз-
метін жəне əртүрлі этностардың рухани-мəдени дамуын жандандыруға, сая-
си-мəдениетті қалыптастыруға игі ықпал етті. Бүгінгі таңда Қазақстанда 800-
ден астам Э.б. жұмыс істейді жəне бұл үдеріс серпінді түрде дамып келеді. 
Ассамблеяның  басты  ерекшеліктерінің  бірі  ең  жоғарғы  заң  шығару  ор-
ганында – ел Парламентінде Э.б.-дің кепілді өкілдік алып этностық топтар 
мүдделеріне өкілдік ету болып табылады. 
Этностық қатынастар бойынша заңнамалық нормалар Қазақстан Респуб-
ликасының  бірқатар  заңнамалық  актілерінен,  оның  ішінде  қоғамдық  бір-
лестіктер,  сайлау  заңнамасы  туралы  актілерден,  саяси  партиялар  туралы 
заңнамадан орын алған.
Дүниежүзілік  тəжірибеде  «ұлттық  азшылықтар»  термині  кеңінен  пайда-
ланылады.  Негізгі  қоныстанған  жерінде  я  тиісті  əкімшілік-аумақтық  шега-
ралар айналасындағы өзге этностық жұрттан саны едəуір аз бір этносқа жата-
тын адамдардың тобы осылай аталады. 
Қазақстанда «ұлттық азшылық» терминінің орнына «этностық топ» тер-
мині пайдаланылады. Ұлттық азшылықтарға өздері қоныстанған негізгі ау-
дандардағы эмигранттар топтары да жатқызылуы мүмкін. 
Өздерінің  айтарлықтай  аз  болуы  жəне  билік  органдарында  өкілдікке  ие 
болмауы  салдарынан  ұлттық  азшылықтар  мəжбүрлі  түрде  сіңіп  кетуге  (ас-
симиляцияға)  ұшырауы  мүмкін,  сондықтан  халықаралық  құқықта  олардың 
этностық,  тілдік,  мəдени  өзіндік  ерекшелігін  сақтау  жөніндегі  мүдделерін 
қорғау көзделген. 
ЕҚЫҰ Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының бастама-
сымен Лунд ұсыныстары əзірленді, бұл ұсыныстарда ұлттық азшылықтардың 
қоғамдық-саяси  өмірге  тиімді  қатысуы  қарастырылды.  Мұның  «Лунд  ұсы-
ныстары» деп аталуы, Швецияны осы аттас қаласында ұсыныс-кеңестердің 
түпкілікті мəтініне келісу үшін сарапшылардың қорытынды кездесуі өткен. 
Құжатта  қоғамдық  саяси  өмірге,  шешімдер  қабылдауға,  сайлауға,  кеңестік 
жəне консультативтік органдарға, өзін-өзі басқаруға ұлттық азшылықтардың 
қатысуының  ортақ  қағидаттары  бойынша,  сондай-ақ  конституциялық  жəне 
құқықтық кепілдіктер туралы ұсыныстар қамтылады (қар. ҚХА, Қазақстан 
этносаяси қағидаттары, Этносаралық қатынастар саласындағы заңнама).
Каталог: static -> electronic book
electronic book -> Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Өмірзақ айтбайұлы
electronic book -> Жауапты редакторлар
electronic book -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс
electronic book -> Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014
electronic book -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
electronic book -> Еліміз өз тəуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтіп, дамуының жаңа кезеңіне аяқ бас


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет