Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет4/44
Дата21.01.2017
өлшемі2.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

- Е -
ЕГЕМЕНДІК (ор. суверенитет, анг. Sovereignty) – дербестік жəне тиесілі 
билікті  (мəртебені,  қызметті,  құқықтылықты  немесе  мүмкіндіктерді)  жүзеге 
асырудағы  біреудің  (халыққа,  мемлекетке,  ұлтқа)  дербестігі  мен  тəуелсіздігі. 
Егемендік түрі сəйкесінше халықтық, мемлекеттік жəне ұлттық болып бөлінеді.
Халықтық Е. – мемлекеттік биліктің жалғыз қайнар көзі ретіндегі (жоғарғы 
рухани жан иесі де, монарх немесе президент те, саяси партия немесе басқа 
да  қоғамдық  бірлестік  те,  территориялық  өзін-өзі  басқару  орындары  жəне 
т.б. мұндай бола алмайды) халықтың айрықша парызы; халық қалауы тікелей 
жəне өкілдік демократияның түрлі формаларының көмегімен Конституцияға 
жəне басқа да заңдарға, саясат пен мемлекеттік аппараттың барлық қызметі-
не ауысады; халықтың тікелей немесе жанама түрде өзі сайлаған мемлекеттік 
қызметкерлердің жұмысын бақылауға жəне оның тиісті құқықтық салдарла-
рына алып келетін нəтижесін бағалауға мүмкіндігі болады.
ЕУРАЗИЯЛЫҚ  ИДЕЯ  (ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ)  (ор.  евразийская  идея
ағыл. Eurasian idea) – философиялық-саяси қозғалыс, мұны идеялық-саяси 
жəне философиялық дербес ағым ретінде де қарастыруға болады. Бұл ағым-
ның даму жолында бірнеше кезең бар. Еуразиялық идея тарихы екі шешуші 
кезеңге  əрі  екі  полюске  бөлінеді:  біріншісі – 1920-1930 жылдар,  екіншісі 
1990-2000 жылдар. Еуразияшылдықтың бірінші кезеңінің негізі орыс имми-

28
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
гранттары  ортасында 1920-1930 жылдары  қаланған  болатын.  Еуразияшыл-
дықтың  пайда  болған  мерзімі 1921 жылдың  тамызы  болып  саналады,  дəл 
осы күндері жаңа қоғамдық-саяси ойдың негізін салушы төрт автор «Исход 
к Востоку. Предчувствия и свершения. Утверждение евразийцев» деген жал-
пы атпен тұңғыш ұжымдық еңбек шығарған еді. Қозғалыс жас философтар 
мен көсемсөзшілер Н.С.Трубецкойдің, П.Н.Савицкийдің, Г.В.Флоровскийдің 
жəне  П.П.Сувчинскийдің  «Исход  к  Востоку» (София, 1921 ж.)  атты  жинақ 
шығарған күнінен басталды.
 Еуразияшылдық қозғалыс өз маңайына жоғары білімді зияткерлерді топ-
тастырды, олардың айналысатын салалары экономикалық жағрапия, этногра-
фия, тіл білімі, философия, тарих, дін, шығыстану, география, музыка т.с.с. 
əртүрлі болды. Ал оларға ортақ негізгі идея – еуразиялық өркениет күрделі 
құрамды, онда табиғи толерантты түрде славяндық жəне түркілік халықтар, 
мұсылмандар мен христиандар өзара ықпалдастықта болды дейтін идея. Бұл 
ағымның  өз  ішінде  белгілі  бір  қайшылықтары  да  болды:  отарлауға  қарсы 
болғандар да, империяны жақтағандар да бар еді. 
Еуразияшылдықтың  дамуына  Л.Н.Гумилев  айрықша  үлес  қосты  (қар. 
Этногенез). Еуразия туралы пайымдағанда Л.Н.Гумилев оны континент деп 
қана қарамайды, сонымен қатар мұның орталығында қалыптасқан суперэт-
нос  туралы  да  мəселе  қозғайды.  Оның  «Каспий  маңындағы  мыңжылдық» 
атты еңбегі Еуразия ойкуменінің б.д.д. ІІІ ғасырдан бастап б.д. ХІІ ғасыры-
на шейінгі 1500 жылдық тарихын тарихи-этнологиялық тұрғыдан зерттеуге 
арналған. Автордың дəлелдеуінше, Еуразияның тарихи орталығы, этностық, 
тарихи, саяси жəне мəдени мүдделерінің тоғысқан жері Каспий болған. Ең-
бекте ғасырлар бойы шиеленісті оқиғалардың сахнасы болған Каспий төңіре-
гіндегі  орасан  үлкен  кеңісікте  этностардың  пайда  болуы  мен  өшуі  туралы 
баяндалады.  Каспий  айналасында  қалыптасқан  ерекше  өркениеттің  шығуы 
мен  дамуы,  оның  бастау  көздері  мен  дүние  жүзілік  тарихи  үдерістегі  рөлі 
туралы айтылады.
Қазіргі кезеңде еуразияшылдықты дамытып, оған жаңа көзқарастар енгіз-
ген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев болып отыр. 1994 
жылдың көктемінде М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік универ-
ситетінде оқыған дəрісінде ол Еуразиялық одақ құру туралы идеясын жария 
етті,  сол  уақыттан  бастап  саяси  лексиконнан  еуразияшылдық,  еуразиялық 
кеңістік, еуразиялық интеграция деген ұғымдар берік орын алды. 1920-1930
жылдардағы еуразияшылдықпен салыстырғанда, Н.Ə.Назарбаевтың еуразия-
лық доктринасының тарихи маңызы сонда, бұл еуразияшылдықтың өрісінің 
өзін,  дискурсын,  мəнмəтінін  елеулі  мөлшерде  кеңейтті.  Жаңа  еуразияшыл-
дық  Қазақстанмен  ажырағысыз  байланыста:  мұнда  Еуразия  құрлығындағы 
барлық ел үшін қатысым жасауға жол ашылған. Еуропа Еуразияның бөлін-
бес бөлшегіне айналған. Еуразияшылдықтың болашағы ұлттық аспектілерді 
оңтайлы сабақтастыру жолындағы ізденісте (қар. Еуразиялық интеграция).

29
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ЕУРАЗИЯЛЫҚ  ИНТЕГРАЦИЯ  (ор.  Евразийская  интеграция,  ағыл. 
–  Eurasian integration) – Еуразиялық  одақ  туралы  Н.Ə.Назарбаевтың  идея-
сы,  халықаралық  қатынастар  аясында  қарастырылатын  идея,  еуразиялық 
кеңістіктегі мемлекеттердің бірігу қажеттігін негіздеудің жаңа тұжырымда-
малық  көзқарасы,  тарих  ортақтығына  орайлас  интеграцияның,  еуразиялық
кеңістіктегі  халықтар  мен  мемлекеттердің  саяси,  экономикалық  жəне  əлеу-
меттік  аспектілер  жағынан  оң  ықпалдастығының  жаңа  типі.  Еуразиялық 
интеграция  идеясын  алғаш  рет  Н.Ə.Назарбаев 1994 жылы  М.В.Ломоносов 
атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде оқыған дəрісінде жария етті. 
2014 жылы Астанада «Еуразиялық интеграция: қазіргі даму үрдістері жəне 
жаһандану қатерлері» атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінде ол еура-
зиялық интеграцияның негізгі қағидаты еріктілік ұстаным екеніне тағы да на-
зар аудартты: «Еуразиялық интеграция – КСРО уақытына қайта оралу емес. 
Əлем  өзгерген,  біз  де  өзгердік.  Сондықтан  əр  ел  интеграциялық  үдеріске
қатысуын өз бетінше дербес шешуге хақылы», - деп көрсетті Н.Ə.Назарбаев.
ТМД  кеңістігіндегі  интеграциялық  үдерістердің  бəріне  еріктілік  пен  тең 
құқықтылық қағидаты ғана негіз болуға тиіс.
 Еуразиялық интеграция жолындағы алғашқы қадам 1995 жылы Еуразия-
лық экономикалық қоғамдастықтың құрылуы болды. Оны құрудағы мақсат
–  ұйымға  кіретін  елдердің  сыртқы  кедендік  ортақ  шекараларын  қалыптас-
тыру,  сыртқы  экономикалық  саясат,  тарифтер  мен  бағаларды,  ортақ  нарық 
құратын басқа да факторларды біріктіру. 2000 жылдың мамыр айында Ресей 
Президенті Владимир Путин бұл қоғамдастықты өзгертуге бастама көтерді. 
Бір жыл өткен соң ЕурАзЭҚ-тың жаңа құрамына РФ, Беларусь, Қазақстан, 
Тəжікстан жəне Қырғыз Республикалары кірді.
 Ресей, Беларусь пен Қазақстанның Кедендік одақ құруы еуразиялық ин-
теграцияның  екінші  кезеңі  болды.  Бұл  Одақ  ішінде  бірдей  кедендік  тариф 
қолданылатын  болды,  кедендік  баж  салығы  салынбайтын  болды,  арнайы 
қорғалуға тиісті, демпингке қарсы жəне өтемдік шаралардан басқа экономи-
калық сипаттағы шараларға шектеу қойылмайтын болды. 2007 жылдың 6 қа-
занында Кедендік одақ құру жөніндегі шартқа қол қойылды, ал Кедендік одақ 
жұмысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан басталды.
 Интеграцияның үшінші кезеңінде Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) 
құрылды.  Бұл  жөніндегі  шешімді 2009 жылдың 27 қарашасында  Мəскеуде 
Ресей, Беларусь, Қазақстан басшылары қабылдаған болатын. БЭК мақсаты – 
өзара саудадағы кедергілерді алып тастау, тауарлардың, қызметтердің, капи-
тал мен жұмыс күшінің ортақ нарығын құру, сондай-ақ келісілген валюталық 
саясат ұстау.
Еуразиялық интеграцияның төртінші кезеңі 2014 жылдың 29 мамырында 
Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қоюмен 
жəне қатысушы елдерде Шарттың ратификациялануымен айшықталады (қар. 
Еуразиялық идея, Еуразиялық сəйкестілік).

30
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ЕУРАЗИЯЛЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК (ор. Евразийская идентичность, ағыл. 
– Eurasian identity) – Еуразия халықтарын тарихи, əлеуметтік-мəдени, эко-
номикалық  тұтас  қауымдастық  болып  бірдейлестіру,  Еуразия  халықтары-
ның мəдениетін – славяндық жəне түркілік, мұсылмандық жəне православ-
тық мəдениеттерді – бір-бірімен қатысымда болатын жəне бірін-бірі байы-
татын  құбылыс  ретінде  қабылдау.  Əдебиеттерде  мұның  анықтамасы  əлі 
де тұрақталмағаны байқалады: Е.с.-тің өзегі не болатыны туралы ғылыми 
пікірталастар баршылық. Мұны негіздеуге жасалған талпыныс пен бастау 
көздерді Л.Н.Гумилевтің «Көне Русь жəне Ұлы Дала», «Каспий маңындағы 
мыңжылдық» т.б. еңбектерінен табуға болады. Мұның негізінде екі ірі өрке-
ниеттің отырықшылық пен номадшылдық, жер өңдеушілер мен көшпелілер 
мəдениетінің  тарихи  тағдырының  ортақтастығы  мен  өзара  ықпалдастығы 
жатыр. 
Түркі  жəне  славян  жазуының  бір-біріне  өзара  əсер  ету  үдерісінің  сыр-
ларын  ашатын  маңызды  еңбек – О.Сүлейменовтің  «Аз  и  Я»  кітабы (1973). 
Қазіргі кезеңде Еуразия елдерінің интеграциясының ықпалымен еуразиялық 
сəйкестілікті жаңаша ұғынып, жаңаша бағалау қолға алынды (қар. Еуразия-
лық интеграция).
ЕУРАЗИЯЛЫҚ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ОДАҚ  (қысқа.  ЕАЭО) (ор.  Ев-
разийский  экономический  союз,  ағыл.  Eurasian Economic Union) – халық-
аралық интеграциялық экономикалық бірлестік (одақ), ЕурАзЭҚ Кедендік 
одағының негізінде осы Одақты құру туралы шартқа 2014 жылдың 29 ма-
мырында қол қойылды (2015 жылдың 1 қаңтарынан заңды күшіне енеді). 
Одақтың құрамына Ресей, Қазақстан жəне Беларусь енді. ЕАЭО қатысушы 
елдердің  экономикаларын  нығайту  үшін  жəне  «бір-бірімен  жақындасу» 
үшін,  əлемдік  нарықта  осы  елдердің  бəсекеге  қабілеттілігін  арттырып, 
заманауиландыру  үшін  құрылған.  Одақтың  ұлттан  жоғары  органы  Еура-
зиялық  экономикалық  жоғарғы  кеңес  болып  саналады.  Кеңеске  мемлекет 
пен үкіметтердің басшылары енеді. Жоғарғы кеңес кемінде жылына бір рет 
мемлекет басшыларының, кемінде екі жылда бір рет үкімет басшыларының 
деңгейлерінде жиналатын болады. Шешімдер консенсуспен қабылданады. 
Қабылданған  шешімдерді  қатысушы  мемлекеттердің  бəрі  орындауға  мін-
детті. Жоғарғы кеңес басқа реттеуші құрылымдардың құрамы мен өкілетті-
гін белгілейді. Еуразиялық экономикалық жоғарғы кеңес құрамы: мемлекет
басшылары А.Г.Лукашенко (Беларусь), Н.Ə.Назарбаев (Қазақстан Респуб-
ликасы), В.В.Путин (Ресей Федерациясы); үкімет басшылары М.В.Мясни-
кович  (Беларусь),  К.Қ.Мəсімов  (Қазақстан  Республикасы),  Д.А.Медведев 
(Ресей Федерациясы).
ЕУРОПАЦЕНТРИЗМ  (ор.  европоцентризм,  ағыл.  eurocentrism) – өзіне 
тəн  рухани  қалпымен  Еуропа  əлемдік  мəдениет  пен  өркениеттің  орталығы 

31
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
деп қарайтын мəдени-философиялық бағдар, көзқарастар жүйесі. Көне Гре-
ция заманының өзінде-ақ Шығыс пен Батысты варвар мен эллин, «жабайы-
лық»  пен  «өркениеттің»  шендестіктерінің  формасы  ретінде  қарама-қарсы 
қойылатын  болған.  ХІV-ХV  ғасырлардағы  отарлау  жəне  басқыншылық  ке-
зеңдерінде еуропалық мəдениет Шығыстың «бөтен», бұлар үшін жаңа мəде-
ниеттерін ашудың нəтижесінде мəдени есеңгіреуді бастан өткерді. ХХ ғасыр-
ды Е. идеяларын белгілі бір шамада басқаша түсіндіру Шпенглер мен Тойнби 
теорияларынан орын алды: олар дербес мəдениеттердің сабақтасуы мен бай-
ланысу мүмкіндігін жоққа шығарды. 
Бұл  тұжырымдамаға  өзгеше  бір  қарсы  тұратын  бағдар  шығысцентризм 
болды.  Бұл  бағдар  бойынша,  еуропалық  мəдениетте  жасампаз  сипат  жоқ, 
ол – өзгеден  ауыстырып  алған  мəдениет.  Сондай-ақ  негрлік  мəдениет  құн-
дылықтарының артықшылығы туралы негритюд теориясы т.б. Е. қарсы жа-
уап іспеттес. Еуропаның озат ойшылдары, ағартушылары бастап, Е. сын көз-
бен қарай білді, адамзаттық мəдениет пен мəдениет тарихының біртұтастығы 
туралы идеялар ұсынды.
ЕУРОПАЛЫҚ  ОДАҚ  (ор.  Европейский  Союз,  ағыл.  European Union) – 
Еуропаның бірқатар мемлекеттерінің өңірлік, экономикалық жəне саяси бір-
лестігі. Е.О-та халықаралық ұйымдарға тəн белгілері мен федерацияның же-
келеген сипаттары бар. 
Халықаралық ұйым ретінде Е.О. мемлекетаралық əріптестіктің формасы 
болып табылады, оның құқықтық тіректері шарттық-құқықтық кесімдерден 
құралады.  Заңдық  жағынан  Е.О.  қатысушы  мемлекеттердің  ешқайсысы  да 
олардың өздерінің келісімінсіз қандай да бір əрекетке мəжбүрленбеу, ал мін-
деттейтін шешімдер қабылдау үшін мемлекеттердің бəрінің де келісімі болу 
қағидаларына негізделеді. 
Е.О.  халықаралық  құқық  субъектісі  болып  табылады,  оған  халықаралық 
қатынастарға қатысуға жəне халықаралық шарттар жасауға өкілеттілік беріл-
ген.  Ортақ  сыртқы  саясат  пен  қауіпсіздік  (қорғаныс)  саясаты  қалыптасқан. 
Көптеген мемлекеттерде жəне халықаралық ірі ұйымдарда Е.О-тың диплома-
тиялық тұрақты миссиясы тағайындалған.
Құрылтай Шарттар Е.О. Конституциясы ретінде танылады (ондай Шарт-
тар саны оннан астам). Билікті бөлу принципін ескеріп құрылған басқару ор-
гандарының  мынадай  жүйесі  қолданылады:  Еуропалық  Комиссия,  Еуропа-
лық Одақ кеңесі, Еуропалық кеңес, Экономикалық жəне əлеуметтік комитет, 
Өңірлер комитеті, Еуропа соты, Еуропалық есеп палатасы, Еуропалық Орта-
лық банк, сондай-ақ əр бес жыл сайын Е.О. азаматтары сайлайтын Еуропа-
лық Парламент. 
Е.О-тың  бастапқыда  халықаралық  құқықтың  жалғасы  ретінде  шыққан 
құқығының  өзінің  құрамы  мен  құрылымы  жағынан  ұлттық  құқық  жүйе-
лерімен ортақтасатын тұстары өте көп, бұл құқықты ұлттық соттар да қол-

32
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
данады. Жасалған халықаралық шарттармен қоса, Е.О. əділ сот пен ішкі істер 
саласындағы заңдар (директивалар, заңнамалық кесімдер мен қаулылар) қа-
былдайды, сондай-ақ сауда, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы мен 
өңірлік даму салаларындағы ортақ саясатты əзірлейді. Е.О. құқығы мен ұлт-
тық құқық арасында шиеленістер болып қалса, Е.О. құқығының заңдық күші 
басым болады, түсіндіру қызметі берілген соңғы инстанция ретінде Е.О. со-
тына жүгінеді. 
Қазіргі  уақытта  Е.О-қа  Еуропаның 28 мемлекеті  кіреді.  Одақ  заңдық 
жағынан  Маастрихт  шартымен 1992 жылы  еуропалық  қауымдастық  прин-
ципі бойынша бекітілді. Е.О-та адамдардың, тауарлардың, капитал мен қыз-
меттердің еркін жүруіне кепілдік беретін ортақ нарық жұмыс істейді, онда 
мүше елдер де, басқа да еуропалық мемлекеттер енетін Шенген аймағы ше-
гінде төлқұжат тексерілмейді. 
Біртұтас «евро» валютасын енгізу арқылы Одақтың он сегіз елі еуроаймақ 
құрды.
Е.О-та  бір-біріне  қарама-қарсы  екі  үрдіс  анық  байқалады.  Біріншісі – 
ұлттық  мүдделерді  құрбан  етіп  ұлттықтан  үстем  органдардың  өкілеттігін 
күшейту есебінен Одақты одан ары нығайту (еуроинтеграция). Екіншісі – 
билікті  əлсіретіп,  еуробюрократияның  санын  қысқарту,  қатысушы  мемле-
кеттердің өкілеттіктерін Одаққа беруді тоқтату, сондай-ақ Е.О-тың кеңісті-
гін ұлғайтуға тыйым салу (еуроскептицизм). 
2008-2010  жылдардағы  қаржылық-экономикалық  дағдарыс,  оған  ілесе 
Е.О-тың бірқатар елдерінде болған рецессия, ұлттықтан үстем органдардың 
ахуалды тұрақтандыру жөніндегі шаралары, кейбір елдердің көші-қонға қар-
сы тұруға жалғыз өзінің тарапынан шектеу енгізуі ішкі қайшылықтарды өр-
шітіп жіберді, мұның ішінде ұлтаралық жəне діни қайшылықтар да болды, 
бұлардың бəрі еуроықпалдастықтың жарияланған жекелеген тірек принцип-
терін жүзеге асырудың іс жүзінде күмəнды екендігін байқатты. 
2014 жылы Еуропалық Парламентке депутаттар сайлау кезінде сайлаушы-
лардың 43%-ы келгенмен, оңшыл центристік күштердің жетекші рөлі сақтал-
са да, еуроскептиктер тұрғысының күрт күшейгендігі көрінді. 
- Ж -
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ (ор. патриотизм новый ка-
захстанский,  ағыл.  New Kazakhstan Patriotism)–  патриотизм  идеологиясын 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  «Қазақстан - 
2050» Стратегиясында тұжырымдамалық тұрғыдан жаңартуы. Мұның негізгі 
арқауы  мемлекет  пен  азаматтың  мақсаттарының  барлық  негізгі  бағыттарда 
тоғысуында. Мемлекет пен халық осыны санамен ұғынып, бірлесіп жұмыс 
істеуге тиіс. Осыған орай, жаңа саяси санат – сенім санаты іске қосылады. 

33
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
«Азаматтар  мемлекетке  болашақ  бар  болса,  даму  үшін,  жеке  жəне  кəсіби 
тұрғыдан өсу үшін мүмкіндіктер болса ғана сенім артады». Патриотизм, ең 
алдымен, елді, оның жетістіктерін мақтан ету. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзе-
ге асырудағы жұмысының шешуші бағыты «Жаңа қазақстандық патриотизм 
– біздің көпұлтты жəне көпконфессиялы қоғамымыздың табысының негізі» 
атты  жетінші  басымдықпен  байланысты.  Бұл  жұмыс  мыналарды  қамтиды: 
жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; этностық тегіне жəне діни 
сеніміне қарамастан азаматтардың құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету; 
Қазақстанның барлық этностарының дəстүрлері мен дербестігін сақтау, мə-
дениеттерін дамыту; қазақ тілін ұлттық бірлік пен қоғамның рухани өзегінің 
факторы ретінде дамыту, тілдердің үштұғырлылығын дамыту; ұлт зиялыла-
рының жалпы ұлттық құндылықтарды нығайтудағы, бүкілқазақстандық бір-
дейлестік негізінде ұлттың тарихи санасын қалыптастырудағы рөлін артты-
ру; радикализм, экстремизм жəне лаңкестіктің кез келген түрлері мен көрініс-
терін қабыл алмау.
 ҚХА-ның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында жаңа қазақстан-
дық патриотизмнің негізін салатын бағыттар бекітілді.   Жаңа қазақстандық 
патриотизмді,  ұлттық-мемлекеттік  сəйкестікті  жəне  ұлттық  бірлікті  нығай-
туға мыналар арқылы ықпал ету көзделді:      
-«азаматтарды  патриотизм,  тең  құқылық  жəне  жауапкершілік,  толерант-
тылық  жəне  ел  бірлігі,  мемлекетке  сенім,  ел  үшін  жəне  оның  жетістіктері 
үшін мақтаныш рухында тəрбиелеудің біртұтас жүйесін қалыптастыруға ат-
салысу;
- Қазақстанның этностық топтарының мəдениетін, дəстүрлерін жəне тіл-
дерін одан əрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында этномəдени бірлестік-
термен ортақ əлеуметтік мəдени кеңістікті жəне мемлекетке сенімді қалыптас-
тыруға бағытталған іс-қимыл жасау;
- этномəдени бірлестіктердің жаңа қазақстандық патриотизмді, жалпы аза-
маттық құндылықтарды қалыптастыруға, рухани бірлік, этносаралық келісім 
идеяларын  нығайтуға  жəне  таратуға  бағытталған  жобалары  мен  қызметіне 
басым қолдау көрсету;
-Қазақстандағы  сəйкестікті,  патриоттық  көңіл-күйді,  ұлттық  бірлікті 
нығайту бойынша қолданбалы зерттеулер саласындағы ғылыми-зерттеу жо-
баларына қолдау көрсету; 
-өмір  сапасына,  қауіпсіздікке,  тең  мүмкіндіктер  мен  келешекке  кепілдік 
мəселелерін, патриотизмді тəрбиелеуді жəне сəйкестікті нығайтуды ақпарат-
тық қолдау саласында жаңа тұжырымдар əзірлеуді қамтамасыз ету;
- отандық кино жəне телеиндустрия, əдебиет пен өнер саласын қалыптас-
тыруға, олардың өнімдерінің нарықтағы бəсекелестікке, патриотизм мен қа-
зақстандық сəйкестікті қалыптастырудың мақсаттары мен міндеттеріне сай 
болуына қолдау көрсету; 

34
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
- білім беру мен бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіне патриоттық сана 
жəне  ұлттық-мемлекеттік  сəйкестікті  қалыптастыруға  бағытталған  стан-
дарттар енгізу жөнінде ұсыныстар əзірлеу; 
Қазақстанға  тұрақты  тұруға  көшіп  келгендер  үшін  қазақстандық  құн-
дылықтарды  сөзсіз  мойындауды,  тарих  пен  толеранттылық  нормаларын 
білуді көздейтін арнайы талаптар əзірлеу жəне енгізу» (қар. Тарихи сана, ҚР 
Конституциясы, Патриотизм).
ЖЕР  АУДАРУ  /ДЕПОРТАЦИЯ/  (лат.  deportatio – қуу,  жер  аудару,  ор. 
депортация, ағыл. deportation) – жеке тұлғаны немесе адамдардың тұтас бір 
санатын басқа мемлекетке немесе басқа жерге мəжбүрлеп жер аудару (қар. 
Көші-қон /Миграция/, Этностық көші-қон /миграция). 
Д. термині 18-19 ғасырларда Францияның қылмыстық заңнамасында жер 
аударудың  айырықша  түрлерін  атау  үшін  пайда  болған.  Д.  əкімшілік  жол-
мен елден қуумен тегі бір болғанмен, соңғысы елдің аумағында заңды түрде 
жүріп көші-қонға қатысты құқық бұзған шетелдікті жазалау шарасы болса, 
ал  Д. – елдің  аумағында  заңсыз  жүрген  шетелдікті  жер  аударудың  арнайы 
шарасы. Д. ережелері халықаралық құқық нормаларымен жəне ұлттық заңна-
мамен белгіленеді. Д.-ның ерекше түрі – халықтарды депортациялау – мем-
лекеттің жүргізетін ұлттық саясатының нəтижесі, бұл, əдетте, жағымсыз си-
патта болады жəне ұлттар арасындағы қақтығыстарға жол ашады. Халықара-
лық қылмыстық соттың 1998 жылдың 17-шілдесіндегі «Д. немесе халықты 
мəжбүрлеп орын ауыстырту» Рим статусының 7-бабына сəйкес, Д. адамзатқа 
қарсы  қылмыстар  қатарына  жатады  жəне  халықаралық  қылмыстық  жауап-
кершілікке тартылады.
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ (ор. местное самоуправление, ағыл. 
local  self-government) –  Қазақстан  Республикасында  жергілікті  деңгейдегі 
мəселелерді шешу мақсатында əр түрлі арнайы сайлау органдары арқылы не-
месе  тікелей  өз  жауапкершілігімен  халықтың  өздігінен  əрекет  етуі.  Ж.Ө.Б. 
жұмысы 2001 ж. 23 қаңтардағы  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті
мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңында жəне басқа 
нормативтік құқықтық кесімдерде белгіленген тəртіптерге сүйенеді. Ж.Ө.Б. 
институты елдің даму деңгейімен, дəстүрлерімен, мемлекеттік биліктің ұйым-
дасуымен,  билікті  орталықсыздандырумен,  басқарудағы  демократиялық
негіздердің дамуымен, жұрттың өміріне жайлы жағдайлар туғызумен тікелей 
байланысты.
ҚР Конституциясында жұрттың жинақы тұратын аумағын қамтитын жер-
гілікті қауымдастықтардың өзін-өзі басқаруы қарастырылған. Негізгі Заңда 
Ж.Ө.Б.  органдарына  мемлекеттік  функцияларды  орындауды  табыстау  мүм-
кіндігі көрсетіліп, Ж.Ө.Б. органдарына өздерінің заңда белгіленген өкілеттігі 
(89-бап) шегінде дербес əрекет етуге кепілдік беріледі.

35
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
2007  жылғы  конституциялық  реформаға  орай  Ж.Ө.Б.  дамуының  жаңа 
кезеңі  басталды.  Аталмыш  Заң 2009 жылы 9 ақпанда  алты  баптан (39-1 – 
39-6)  тұратын 3-1. «Азаматтардың  жергілікті  өзін-өзі  басқаруға  қатысуы» 
тарауымен  толықтырылды.  Бұл  тараудың  баптары  арқылы  мынадай  істер 
реттелетін  болды:  азаматтардың  Ж.Ө.Б.  қатысуының  негізделуі;  жергілікті
қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері; жергілікті қауымдас-
тықтың  жиындары  мен  жергілікті  қауымдастықтың  жиналыстары;  Ж.Ө.Б. 
органдарының  міндеттері;  мемлекеттік  органдардың  Ж.Ө.Б.  органдарымен 
өзара қатынастары; Ж.Ө.Б. органдарының жауапкершілігі.
2012 жылы 28 қарашада ҚР Президентінің №438 Жарлығымен бекітілген 
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжы-
рымдамасында» бірқатар нақты шаралар қарастырылып жүзеге асуда. 
2013  жылдың  тамыз  айында  тəуелсіз  Қазақстан  тарихында  алғаш  рет 
елдің 8 миллион халқы тұратын жауапты аймақтарындағы əкімдердің 91%-
дан астамы сайланды. Ауыл мəслихаттары мен əкімдеріне 67 жаңа функ-
ция  заңды  түрде  жүктеліп,  ол  деңгейдегі  қызметке  қосымша 5000 орын 
бөлінді. 
ҚР Президентінің 2014 жылғы 25 тамызындағы «Қазақстан Республика-
сында  мемлекеттік  басқару  деңгейлері  арасындағы  өкілеттіктерді  межелеу 
жөніндегі шаралар туралы» Жарғысында Қазақстан Республикасында мем-
лекеттік  басқару  деңгейлері  арасындағы  қызметтер  мен  өкілеттіктерді  ме-
желеуге, орталық жəне жергілікті атқару органдарының дербестігі мен жауап-
кершілігін  арттыруға,  сондай-ақ  мемлекеттің  функцияларын  мемлекеттік 
емес  сектор  саласына  беруге  негізделген  мемлекеттік  басқару  қағидаттары 
айқындалды. Орталықтан жергілікті жерлерге жер қатынастары мен жер қой-
науын пайдалану, табиғи монополиялар, экология, көлік, туризм жəне юсти-
ция салаларындағы 95 қызмет берілді.
Бұл үдеріс елдің қоғамдық құрылысының дамуымен қатарласа кезең-ке-
зеңімен  жүргізіліп  жатқан  мемлекеттік  билікті  орталықсыздандыру  мен 
шоғырландырмау арнасымен, барынша таразыланып, елді басқару тиміділігін
кемітпей жүргізіліп келеді (қар. Мемлекет, Конституция).
Каталог: static -> electronic book
electronic book -> Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Өмірзақ айтбайұлы
electronic book -> Жауапты редакторлар
electronic book -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы
electronic book -> Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс
electronic book -> Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014
electronic book -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
electronic book -> Еліміз өз тəуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтіп, дамуының жаңа кезеңіне аяқ бас


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет