Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары



Pdf көрінісі
бет9/44
Дата21.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#2401
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44

ҚОС АЗАМАТТЫҒЫ БАРЛАР (ор. бипатриды, ағыл. Bipatrides) – Қ.А.Б. 
– бір мезгілде екі жəне одан да артық елдің (көп азаматтылық) азаматтығын 
алып жүрген адамдар. Азаматтығы жоқ адамдарды апатридтер деп атайды.
ҚР Конституциясының 10-бабының 3-тармағы бойынша, Республика аза-
матының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.
ҚР  Конституциялық  кеңесінің 2003 жылғы 1 желтоқсандағы  №12 «Қа-
зақстан Республикасы Конституциясының 10-ыншы жəне 12-баптарын ресми 
түрде түсіндіру туралы» қаулысына сəйкес, ҚР Конституциясы 10-бабының 
3-тармағындағы «Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында
болуы  танылмайды»  деген  норманы  Қазақстанда  көпазаматтық,  соның  қа-
тарында қосазаматтық та қабылданбайды деп түсінген жөн. Бұл – шетелдік 
азамат бір мезгілде Қазақстан Республикасының азаматы бола алмайды де-
ген  сөз. «Республика  азаматының  басқа  мемлекеттің  азаматтығында  болуы 
танылмайды» деген конституциялық қағида ҚР Конституциясы 10-бабының 
3-тармағының мəнісінен келіп шығатын мынадай тетік арқылы қамтамасыз 
етіледі: егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азамат-
тығын алса, онда оның Қазақстан Республикасындағы азаматтығы осы сəттен 
бастап сақталмайды; егер шетелдік адам басқа мемлекеттің азаматтығынан 
шықпай Қазақстанның азаматтығын алуы жарамсыз болып есепетеледі. 
1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 1017-ХІІ 
«Қазақстан  Республикасының  азаматтығы  туралы»  Заңы 21-бабының 5) 
тармақшасында  Қазақстан  азаматтығын  жоғалтуға  негіздемелер  қатарында 
басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдау қарастырылған.
ҚОСТІЛДІЛІК (ор. Двуязычие, ағыл. Bilingualism) – осымен бірдей: Би-
лингвизм; индивидтің/қоғамның екі не одан да көп тілдерді игеруі/ пайда-

70
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лануы.  Қостілділіктің  бірнеше  көрінісі  бар:  дара  қостілділік – белгілі  бір 
Этностың  жеке  мүшелерінің  екі  тілді  білуі  мен  қолдануы  жəне  бұқара-
лық қостілділік – этнос көпшілігінің екі тілді білуі мен қолдануы; өңірлік 
қостілділік – елдің  белгілі  бір  ауданының  тұрғындарының  екі  тілді  білуі 
мен қолдануы жəне ұлттық қостілділік – ел этносының екі тілді білуі мен 
қолдануы; табиғи қостілділік – осы тіл иелерінің тікелей өзара əрекеттесуі 
нəтижесінде екі тілді білуі мен қолдануы жəне жасанды қостілділік – екін-
ші тілді үйрену үшін арнайы жəне əдейі жасалған жағдайлардың т.б. сал-
дарынан екі тілді білуі мен қолдануы. Сонымен бірге Қ. мынадай түрлер-
ге де ажыратылады: билингвте екі тіл жеке жүйе ретінде болған жағдайда 
үйлестірілген қостілділік (Ч.Осгуд, У.Вайнрайх, С.Эрвин жəне т.б.) немесе 
таза  қостілділік  (Л.В.Щерба);  екі  тіл  бір  жүйеге  кіргендегі  аралас  қостіл-
ділік; субординативті (бағынысты) қостілділік (У.Вайнрайх) – екінші тілді 
ерте кезеңде меңгеру, мұндайда оның бірліктері өзінің семантикалық база-
сымен қатынасқа түспей бірінші тілдің бірліктерімен өзара қатынаста бола-
ды. Қ. сондай-ақ қосымша қостілділік (билингв екінші тілді қолданғанда, 
бірінші тілге қатысты тілдік құзыретін жоғалтпайды) жəне орнын басатын 
қостілділік  (билингв  екінші  тілді  меңгерген  сайын  бірінші  тілдің  құзы-
ретін жоғалта бастайды); функционалды (мəдени) қостілділік пен этностық 
қостілділік болып та жіктеледі. Жер бетіндегі бүкіл жұрттың шамамен жар-
тысы қостілді екені анықталған. Кейбір елдер үшін қостілділік – сирек құ-
былыс (АҚШ, Франция, Ұлыбритания жəне т.б.), басқалары үшін бұл – нор-
ма (Үндістан, Батыс Африка, Таиланд, Папуа Жаңа Гвинея, Камерун жəне 
т.б.) (қар.  Автохтондық  тіл,  Ассимиляция,  Мемлекеттік  тіл,  Конфликт, 
Жергілікті тіл, Ресми тіл, Тіл ассимиляциясы, Тілдік саясат, Тілдік ахуал, 
Тілді жоспарлау).
ҚАЗАҚСТАН  ХАЛҚЫ  АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ  КЕҢЕСІ  (ор.  Совет 
АНК,  ағыл.  The Council of the Assembly of people of Kazakhstan)  сессиялар
аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасының 
«Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы»  заңына  сəйкес  Ассамблея  Кеңесі 
жүзеге  асырады  жəне  Кеңестің  отырыстарын  Кеңестің  Төрағасы  немесе
Ассамблея Төрағасымен келісім бойынша Төраға орынбасарлары, Ассамблея 
Төрағасы шақырады. 
Кеңестің жұмысына оның мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі 
қатысса,  ол  заңды  болып  есептеледі.  Кеңестің  шешімі,  егер  отырысқа  қа-
тысып отырған Кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі оны жақтап дауыс 
берсе, қабылданды деп е септеледі. 
ҚХА Кеңесінің құзыреттілігіне мыналар кіреді: Қазақстан Р еспубликасы 
Парламенті  Мəжілісінің  депутаттығына  Ассамблея  сайлайтын  кандидат-
тарды  ұсыну;  Ассамблея  мүшелігіне  кандидатураларды  қарау;  Қазақстан 
Республикасының Президентіне кезекті Сессияны шақыру жəне оның күн 
тəртібі  туралы  ұсыныстар  енгізу;  Ассамблея  Аппаратының  (Хатшылығы-

71
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ның)  жұмыс  жоспарына  ұсыныстар  енгізу;  сессияның  ерекше  құзыретіне 
жатпайтын өзге де шешімдер қабылдау. 
Кеңес  ҚХА-ның  болашақтағы  жұмысымен  байланысты  этносаралық  қа-
тынастар саласындағы өзекті мəселелерді қарастырады жəне оларды сессия-
да қарастыруға ұсыныс жасайды. 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  Кеңесі  Қазақстан  Республикасының 
Мемлекеттік  хатшысының  қатысуымен  өтеді  жəне  Кеңестің  отырыстарын 
Кеңестің  Төрағасы  немесе  Ассамблея  Төрағасымен  келісім  бойынша  Ас-
самблея  Төрағасының  орынбасарлары  қажеттілігіне  қарай,  бірақ  жарты 
жылдықта  кемінде  бір  рет  шақырады.  Кеңестің  этностық  құрамы:  əртүрлі 
этнос өкілдерінен 64 мүшесінен 24 мүше сайланады (қар. Этносаралық қа-
тынастар саласындағы Қазақстан заңнамалары, Қазақстандағы этносая-
сат принциптері, Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚХА Төрағасы, ҚХА Хат-
шылығы).
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ҚР Заңы (ор. Закон РК об ҚХА
ағыл. the Law of RK «on APK»)– 2008 жылы 20 қазанда қабылданған №70-IV 
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңы. Бұл Заңның қабылдануы 
ҚХА  дамуы  жаңа  кезеңге  қадам  басқанын  жария  етті.  Бұған  жол  ашқан – 
конституциялық  реформа  жасалған 2007 жылғы 21 мамырдағы  «Қазақстан 
Республикасы  Конституциясына  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізу  тура-
лы» Заңда ҚХА-ға конституциялық мəртебе беріліп, ол 44-баптың 20-тармақ-
шасында  атап  көрсетілді,  ҚР  Парламенті  Мəжілісіне  тоғыз  депутат  сайлау 
туралы ереже белгіленді.
1995-2008  жылдары  ҚХА-ның  ұйымдық  жəне  қызметтік  мəселелерінің 
көбі  Мемлекет  басшысының  жарлықтарымен  бекітіліп  əрі  реттеліп  отыра-
тын.
ҚХА  туралы  ҚР  Заңы,  оның  кіріспесінде  жазылғандай,  Ассамблеяның 
мəртебесін,  қалыптастыру  мен  ұйымдық  жұмысының  тəртібін  белгілейді; 
ҚХА қызметін мемлекеттік ұлттық саясатты жүргізуге, елдегі қоғамдық-сая-
си тұрақтылықты сақтауға, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет-
тік  жəне  азаматтық  институттардың  əрекеттестігінің  тиімділігін  арттыруға 
бағыттайды.
Қ.Х.А.З. жиырма баптан құралатын үш тараудан тұрады («Жалпы ереже-
лер», «Ассамблеяның  құрылымы  мен  басқару  органдары»  жəне  «Қызметті 
қаржыландыру»). Бұл Заңның маңызы ҚХА-ның институционалдық аспек-
тілерін  реттеумен  ғана  шектелмейді.  ҚР  Конституциясын  дамыту  үшін  қа-
былданған бұл Заңның жалпы ережелері елде жүргізіліп отырған мемлекет-
тік ұлттық саясаттың негіздерін көрсетеді əрі бекітеді. 
Мыс., 3-бапта: «Ассамблеяның  мақсаты  қазақ  халқының  топтастырушы 
рөлiн  арқау  ете  отырып,  қазақстандық  патриотизм,  Қазақстан  халқының 
азаматтық  жəне  рухани-мəдени  ортақтығы  негiзiнде  қазақстандық  азамат-
тық бiрдейлiктi жəне бəсекеге қабiлеттi ұлтты қалыптастыру процесiнде Қа-

72
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
зақстан  Республикасында  этносаралық  келiсiмдi  қамтамасыз  ету  болып  та-
былады», - деп көрсетілген. 
ҚХА негізгі міндеттеріне: этносаралық қатынастар саласында мемлекет-
тiк органдармен жəне азаматтық қоғам институттарымен тиiмдi өзара iс-қи-
мылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келiсiмдi жəне толеранттықты 
одан  əрi  нығайту  үшiн  қолайлы  жағдайлар  жасау;  халық  бiрлiгiн  нығайту, 
қазақстандық  қоғамның  негiз  қалаушы  құндылықтары  бойынша  қоғамдық
келiсiмдi қолдау жəне дамыту; қоғамдағы экстремизмнiң жəне радикализм-
нiң көрiнiстерi мен адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықта-
рына қысым жасауға бағытталған əрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттiк ор-
гандарға  жəрдемдесу;  азаматтардың  демократиялық  нормаларға  сүйенетiн 
саяси-құқықтық мəдениетiн қалыптастыру; Ассамблеяның мақсаты мен мiн-
деттерiне  қол  жеткiзу  үшiн  этномəдени  жəне  өзге  де  қоғамдық  бiрлестiк-
тердiң күш-жiгерiн бiрiктiрудi қамтамасыз ету; Қазақстан халқының ұлттық 
мəдениетiн, тiлдерi мен дəстүрлерiн өркендету, сақтау жəне дамыту енгізіл-
ген (4-бап). 
 ҚХА қызметінің принциптеріне мыналар жатады: адамның жəне азамат-
тың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы; халық пен мемлекет 
мүдделерiнiң басымдылығы; нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қатыстылығына, 
нанымдарына немесе кез келген өзге де жағдайларына қарамастан, адамның 
жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгi; Ассамблея мү-
шелерiнiң тең құқылығы жəне оның құрамындағы қызметi үшiн дербес жауап-
кершiлiгi; жариялылық (5-бап). 
ҚХА туралы Заңның қағидалары мен нормаларын дамыту, ҚХА міндет-
терін орындау мен мақсаттарына жету үшін ҚР Президентінің 2011 жылғы 
7  қыркүйектегі  Жарлығымен  ҚХА  туралы  жаңа  Ереже,  ал 2013 жылғы 18 
сəуірдегі  №552  Жарлығымен  ҚХА  дамуының (2020 жылға  дейінгі)  тұжы-
рымдамасы бекітілді.
- Л -
ЛАҢКЕСТІК (лат. terror – қорқыныш, үрей, ор. терроризм, ағыл. terrorism) 
–  лаңкестер  мүддесі  үшін  əлдеқандай  шешім  қабылдауға  немесе  одан  бас 
тартуға тікелей немесе жанама түрде ықпал ету мақсатында халықты неме-
се əлеуметтік топтарды үрейлендіруге бағытталған, ашық түрде жасалатын 
жалпыға бірдей қауіпті əрекеттер немесе осындай əрекеттер жасау қатері. Л. 
– Экстремизмнің шектен шыққан көрінісі, жекелеген адамға немесе адамдар 
тобына зақым келтіру үшін ұйымдасып зорлық-зомбылық жасау, қатер төн-
діру немесе күш пайдаланудың бір түрі. Лаңкестер, əдетте, алдарына əлдебір 
саяси  немесе  өзге  мақсаттарын  орындатуды  көздейтін,  адамдардың  жақсы 
ұйымдасқан тобы болады. Л. көбінесе саяси мақсаттар үшін пайдаланылады. 

73
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қылмыстық Л. те бар: билік орындарынан белгілі бір жеңілдіктерге қол жет-
кізу, билікті, халықты қорқыту т.б. мақсатында да қылмыстық элементтердің 
терроризм актілерін жасауы да кездеседі.
Л. саяси уəж жоғары, ал бұқараның қатысу деңгейі төмен болады. Л. əре-
кет жасауға бұқарадан қол үзген адамдардың шағын тобы қатысады (бұл – 
Л. ұлт-азаттық қозғалыстан, революциядан жəне басқа да бұқаралық саяси 
қозғалыстардан айырмашылығы).
Л.  əрекеттер,  əдетте,  жай  халыққа  қарсы  жұмсалады.  Лаңкестер  үшін 
«кінəсіз» деген ұғым болмайды. Террорлық күрес тұжырымдамасының мең-
зеуі  бойынша,  белгілі  бір  қоғамға,  белгілі  бір  ұлтқа,  дінге  жəне  т.б.  қатыс-
тылығына  байланысты  барша  адам  жаппай  кінəлі  бола  алады.  Л.  акцияда 
құрбанға тікелей зақым келтіріп қана қоймайды, адамдардың қалың тобына 
қатер төндіріп, үрей туғызып ықпал ету көзделеді (қар. Экстремизм, Радика-
лизм).
ЛИНГВОНИМ  (ор.  лингвоним,  лат.  lingua - тіл + onim – атау,  ағыл. 
linguonym) – Белгілі бір Этностық қауымдастыққа, Этносқа, Халыққа, əлеу-
меттік топқа т.с.с. қызмет көрсететін нақты Тілдің, Этностық тілдің, Диас-
пора тілінің, диалектінің, социолектінің атауы. Тарихи Л. (тілдің тарихтың əр 
кезеңіндегі атауы, мыс., көне орыс тілі, орта орыс тілі, қазіргі орыс тілі); жер-
гілікті Л. (əр түрлі аймақтардағы тілдің атауы) болып екіге бөлінеді. Сонымен 
бірге Л. мынадай тармақтары да бар: а) тілдер тобы жəне макротілдер тобы 
атаулары (мыс., алтай тілдерінің тобы, нострат тілдері); б) тілдердің генети-
калық  немесе  типологиялық  топтарының  атаулары  (мыс.,  түркі  тілдері,  аг-
глютинативті тілдер); в) креол тілдерінің, пиджиндердің, жасанды тілдердің
жəне т.б. атауы (мыс., эсперанто, трасянка); г) шын мəніндегі тілдердің, диа-
лектілердің  жəне  өзге  тілдердің  атаулары  (қар.  Этноним,  Тілдік  қауымдас-
тық).
Л.Н.ГУМИЛЕВ ат. ЕҰУ-дың ЭТНОСТЫҚ ЖƏНЕ ДІНИ ТОЛЕРАНТ-
ТЫЛЫҚ БОЙЫНША ЮНЕСКО КАФЕДРАСЫ (ор. Кафедра ЮНЕСКО 
по этнической и религиозной толерантности ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, ағыл. 
UNESCO department of ethnic and religious tolerance of ENU n.a. L.N.Gumilev)– 
БҰҰ-ның  Білім,  ғылым  жəне  мəдениет  мəселелері  жөніндегі  комитеті  мен 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасындағы Келісім не-
гізінде 2013 жылы құрылды. Кафедраның мақсаты – этностық жəне діни то-
леранттылық саласындағы зерттеулердің, оқытудың, ақпараттандыру мен құ-
жаттаудың кешенді жүйесін ұсыну. Бұл жоғары білікті, халықаралық деңгей-
де  танылған  зерттеушілер  мен  университеттің  профессорлық-оқытушылық 
құрамының, Қазақстанның жəне Еуропа мен Азия-Тынық мұхит өңірінің, дү-
ние жүзінің басқа өңірлерінің осы сияқты мекемелерінің əріптестік жасауына 
жол ашады (қар. Қазақстан халқы Ассамблеясы).

74
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
- М -
МƏДЕНИ АССИМИЛЯЦИЯ (ор. ассимиляция культурная, ағыл. cultural 
assimilation)– əр түрлі мəдениетке жататын адамдардың ұзақ мерзімге мүше 
болған қоғамдастыққа (елге, ұйымға, қауымға, əлеуметтік топқа жəне т.с.с.) 
тəн мəдениетті жаңа мəдениет ретінде игеруі (қар. Ассимиляция). Басқа мəде-
ниеттермен байланыстың нəтижесінде мəдениеттің өзгерісін білдіретін Аккуль-
турацияға  қараға нда,  М.а.  мəдени  ерекшеліктерді  толығымен  тоғыстырады. 
М.а. жалпы мəдени дəстүрлердің өзг ерісімен қатар, адамдардың тұрмыс сал-
ты мен кəсіби іс-əрекетіне қатысты басқа да барлық білімдерін өзгертуді көз-
дейді. Тиімді М.а. мəдениеттердің өзара кірігуінің екі жақты үдерісін көздейді 
жəне мəдени факторлармен бірге белгілі бір əлеуметтік-мəдени өзгерістерді де 
қамтиды. М.а. қоғамды жаңарту жағдайында, қоғамның қарқыны мен форма-
сын қамтамасыз ете отырып М.а. қоғамның заманауилануы жағдайында үлкен 
мəнге ие болады. 
МƏДЕНИ  СƏЙКЕСТЕНДІРУ  (ор.  идентификация  культурная,  ағыл. 
cultural identifi cation) – дара адамның өзін белгілі бір мəдениеттің өкілі екенін 
санамен  сезіну  үдерісі,  ол  мəдениеттің  құндылықтарын  өзінің  өмірлік  жолы-
на енгізуі, соған тиесілік сезімін бастан кешіріп отыруы (қар. Сəйкестендіру). 
М.с. сипаты дара адамның өзін-өзі теңестіруден, яғни өзін мəдени құрылымның 
қандай  да  бір  типологиялық  формаларымен,  ең  алдымен,  мəдени  дəстүрмен, 
теңестіруден көрінеді. Қазіргі заманда М.с. үлкен өзгерістер болып жатыр. М.с. 
сипаты мен формасын ғасырлар бойы жазмыш етіп келе жатқан адамның ту-
мысы бұл күнде индивид үшін міндет-парыз жүктеуден қалды. Белгілі бір от-
басының мүшесі ретінде дүниеге келуіне, нақты бір мəдени-тарихи дəстүрде 
тəрбие алуына қарамастан адамның таңдайтын мəдени сəйкестену жолы жаһан-
дану үдерісінің күшеюіне байланысты анағұрлым кеңейіп, көбейіп барады. Бү-
гінде субмəдени түзілімдер ретінде қолданылатын жаңа М.с. топтарының пай-
да болуы жаппай нормаға айналуда. Əлеуметтік даму қарқынының үдеуі М.с. 
үдерісіне  елеулі  түрде  əсер  етіп  отыр.  М.с.  формаларының  адамның  алдағы 
өміріне тұғыр болу дəрежесі анағұрлым азайып, күннен-күнге мерзімі қысқа-
рып, түрі өзгеріп, жағдайға икемделуі күшейіп барады. Анағұрлым гетерогенді 
жəне  айырымды  қоғамға  ауысқан  кезде  осының  салдарынан  сəйкестендіудің 
алуан түрлі болуының көбейе түсуін күтуге тура келеді. Алайда, М.с. қандай 
нақты формаларға ие болуына, бір əлеуметтік топтардың мəдениетінің шектері
қандай негіздермен ажырауына қарамастан, М.с. қағидатының өзі экзистенциал-
дық қажеттікті қанағаттандыратын əрекет ретінде сақталып қалады. 
«МƏҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ (ор. национальная идея «Мəңгілік 
ел», ағыл. national idea «Mangilik el»). 2014 жылдың қаңтар айында Қазақстан 
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: 

75
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында 
«Мəңгілік ел» ұлттық идеясын ұсынды: «Біздер, қазақстандықтар – бір ха-
лықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мəңгілік Ел, лайықты əрі ұлы Қа-
зақстан! Мəңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық 
идеясы. Бабаларымыздың арманы. 
Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел 
болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.
Олар  көктен  түскен  жоқ.  Бұл  құндылықтар – уақыт  сынынан  өткен  Қа-
зақстандық жол тəжірибесі».
Ұлттық идеяның негізіне Қазақстанның басты жеті құндылығы алынған. 
«Біріншіден, бұл – Қазақстанның тəуелсіздігі жəне Астанасы. Екіншіден, бұл 
–  қоғамымыздағы  ұлттық  бірлік,  бейбітшілік  пен  келісім.  Үшіншіден,  бұл 
– зайырлы қоғам жəне жоғары руханият. Төртіншіден, бұл – индустриялан-
дыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім. Бесіншіден, бұл 
–  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамы.  Алтыншыдан,  бұл – тарихтың,  мəдениет 
пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі жəне 
бүкілəлемдік, өңірлік мəселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы 
құндылықтар  арқасында  біз  əрдайым  жеңіске  жеттік,  елімізді  нығайттық, 
ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық 
негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр».
МЕМЛЕКЕТ  (ор.  Государство,  ағыл.  State) – 1)  саяси  жүйенің  консти-
туциялық құндылығы, жалпыға ортақтығы, əмбебаптығы, аумағы, ресмилігі, 
құқық  субъектілігі,  функционалдығы,  ұйымдасуы,  институционалды  күр-
делілігі, жариялылығы жағынан айрықша субъектісі; 2) заманауи қоғамдағы 
саяси  жүйенің  негізгі  институты  жəне  сол  қоғам  ұйымдасуының  маңыз-
ды формасы; 3) нақты бір елдегі мемлекеттік органдар жүйесі, жиынтығы; 
4) кеңірек мағынасында алғанда, қоғамы, аумағы, табиғи ресурстары, мемле-
кеттік басқару жүйесі, мəдениеті, салт-дəстүрі жəне инфрақұрылымы бар ел 
дегенді білдіреді. Мұнан басқа да анықтамалары көп.
Нақты  М.  сипаттары  басқару  түрінен  (М-тің  тікелей  бөлігі  болып  сана-
латын  жоғарғы  мемлекеттік  органдар  жүйесінен),  саяси-аумақтық  құрылы-
сының түрінен (М-тің көлбеу бөлігі болып саналатын аумақтық түзілісінен), 
сондай-ақ саяси, мемлекеттік режимінен (мемлекеттік билікті жүзеге асыру 
тəсілдерінен) көрінеді. Мұнан басқа да критерийлері бар.
Ұлттық құрамы мен құрылу тарихы жағынан М-тің екі түрлі сипаты бола-
ды: 1. өмір салтының өзіне тəн ерекшеліктері бар бір ұлттың (этностың неме-
се өзара жуықтас этностардың) тарихи мекенінде құрылған ұлттық (national 
state) М. болуы мүмкін, бұл – ұлт (этнос) пен М-тің шек-межелерінің бірігіп 
кетуінің  шарты  (мысалы,  латынамерикалық  елдер,  Германия  Федеративтік 
Республикасы, Франция, Польша жəне басқа елдер); түрлі этностардың та-
рихи мекені болған бір ортақ аумақта құрылған көпұлтты М. (multinational 

76
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
State) болуы мүмкін, мұндай мемлекет сол этностардың ортақ таңдауымен, 
қалауымен құрылады (Ресей Федерациясы, Қытай, Австрия, Үндістан, Ұлы-
британия жəне т.б.).
Саяси-аумақтық ұйымдасуы, яғни орталықсыздандыру дəрежесі жағынан 
М., жалпы ереже бойынша, унитарлы (біршама орталықтандырылған жəне 
біршама  орталықсыздандырылған)  жəне  федеративті  болып  бөлінеді.  Уни-
тарлы  М-тің  аумағы  біртұтас  болады,  негізгі  ішкі  бөлімдер - əкімшілік-
аумақтық  бірліктер,  Мемлекет  үшін  ортақ  азаматтық,  бір  Конституция, 
бірыңғай  құқықтық  жүйе,  бюджет,  сыртқы  қатынастарды  жүзеге  асыратын 
мемлекеттік жоғарғы органдары да ортақ болады. Мұның ішінде біршама ор-
талықтандырылған М-терде орталық биліктің ұстанымдарын орталық тара-
пынан арнайы тағайындалған (жекелеген жағдайларда сайланатын) лауазым-
ды тұлғалар (Франция, Германия, Польша жəне т.б.) жергілікті жерде жүзеге 
асырады,  ал  біршама  орталықсыздандырылған  М-терде  тікелей  басқаруы 
(вертикаль) болмайды, кей елдерде сонымен қатар автономиялы құрылым да
(Ұлыбритания, АҚШ-тағы штаттар жəне т.б.) болады; аумақтық автономия-
ның  (ұлттық-аумақтық)  болуы  унитарлы  мемлекеттердің  қарапайым  жəне 
күрделі болып бөлінуіне негіз болады.
Федеративті М-тер сипаты – мемлекеттік биліктің мемлекеттің орталығы 
мен  жекелеген  бөліктері,  яғни  Мемлекет  белгілеріне  ие  федерация  субъек-
тілері  (ұлттық-аумақтық  немесе  аумақтық-мемлекеттік)  арасындағы  орта-
лықсыздандырудың  жоғары  деңгейде  болуы:  ел  аумағы  федерация  субъек-
тілерінің аумағынан тұрады, бірыңғай азаматтық белгіленеді, соған орай фе-
дерация субъектілерінің азаматтары федерацияның да азаматы болып сана-
лады, федеративті конституциямен қатар конституциялар немесе федерация 
субъектісінің арнайы мəртебесі ықпал етеді, федерация субъектілерінде өзін-
дік ерекшеліктері бар құқықтық жүйе, бюджеттер, құқық қорғау қызметтері, 
ішкі  қатынастар  құқығына  дейін  тиісті  өкілдіктерге  бөлінген  мемлекеттік 
жоғары органдар жұмыс жасайды. Федерацияны жекелеген түрлерге ұлттық 
белгіге негізделген этностық сипатына қарай жəне құрылу негізінде басқа се-
бептердің болуына қарай жіктеледі, мəселен, құрылу тəсілі жағынан – шарт-
тық жəне конституциялық, құрамы жағынан бірыңғай реттегі субъектілерден, 
тек қана М. жəне түрлі субъектілерден, яғни мемлекеттерден, автономиялық 
бірліктер мен аумақтық бірліктерден тұратын, федерация мен оның субъек-
тілері арасындағы құзыретті бөлісетін жəне дербестікке берілетін кепілдік-
тердің шамасына қарай құрылатын т.с.с. М-тер болады.
 Субъектілерде елеулі ерекшеліктердің болуы аралас түрлердің пайда бо-
луына əкеледі, мысалы, өңірлік мемлекеттер унитарлы мемлекеттерге өтеді, 
бұлардың  аумағы  қатаң  түрде  орталықтандырылған  мемлекеттік  биліктегі 
автономиялық аумақтан ғана немесе «унитарлы федерациялардан» тұрады.
М. билігін жүзеге асыруда қолданылатын əдістер бойынша, мемлекеттер 
демократиялық,  авторитарлық  немесе  тоталитарлық  болуы  мүмкін.  Мұн-

77
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
дайда  конституционализм,  адам  мен  азамат  құқығының  жəне  бостандығы-
ның  шынайылығы,  саяси  партиялардың,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
жұмыс істеуі, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқарудың сай-
лауға негізделуі, оппозициялық институттардың болуы жəне наразылық қа-
тынастарды  жүзеге  асыру  мүмкіндіктерінің  болуы  басты  критерийлер  боп 
саналады.  М-тердің  аталған  бірнеше  түрі  ынталандыру  (мадақтау),  рұқсат, 
қорғау, талап жəне тыйым сияқты формалар мен əдістерді қолдану арқылы 
бірдейлестірілуі  мүмкін.  Биліктің  ортақтығы  мен  бірнешеге  бөліну  қағи-
датын,  оның  заң  шығарушы  жəне  атқарушы  тармақтары  арасындағы  тең-
герімді, Президент, Парламент жəне үкімет, конституциялық бақылау инсти-
туты мен соттар, прокуратура органдары мен жергілікті мемлекеттік басқару 
жəне  өзін-өзі  басқару  мен  А.Қ.Ө. (президенттік,  парламенттік,  министрлік, 
полициялық, дуалистік жəне т.с.с.) рөлін қоса алғанда саяси режимнің мем-
лекеттік режимге дейін, яғни М-тің өз шегіне дейін, тарылуы да мүмкін.
М-тер дінге қатысы жағынан төмендегіше бөлінеді:
-  зайырлы  М. (secular State), М.  дін  мен  діни  бірлестіктерден  бөлек  бо-
лады,  діни  бірлестіктер  мен  азаматтар  дінге  деген  қатынасына  қарамастан 
заң  алдында  тең  саналады,  ешқандай  дін  мемлекеттік  немесе  міндетті  бо-
лып бекітіле алмайды, білім мен тəрбие беру жүйесі діннен жəне діни бір-
лестіктерден бөлек болады жəне зайырлы сипат иеленеді, жеке тұлғалардың 
азаматтық  құқығының  дінге  байланысты  бұзылуына  немесе  олардың  діни 
сезімдерінің кемсітілуіне, қандай да бір дінді ұстанушылар құрмет тұтатын 
заттарды,  ғимараттар  мен  орындарды  қорлауға  жол  берілмейді,  əркім  діни 
немесе басқа да нанымдарды ұстануға, діни бірлестіктер өткізетін шараларға 
қатысуға жəне миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы болады, өзінің 
діни  нанымына  бола  жалпыазаматтық  міндеттерді  орындаудан  бас  тартуға 
ешкімнің құқығы болмайды;
- шіркеулік М. (church State), нақты бір діни (конфессия) наным ресми түр-
де мемлекеттік деп танылады, мемлекет басшысы мемлекеттік дінді ұстана-
тын тұлға болуы мүмкін болса да, діннің құқықтық мəртебесі мен шынайы 
рөлі дінді формалды түрде мемлекеттік деп қана мойындаудан басқаша бо-
луы мүмкін. М-тің өзі шіркеуге материалдық жағынан қолдау жасап отыра-
ды, жоғарғы діни лауазымдарды мемлекет басшысы тағайындайды;
-  теократиялық  мемлекеттерде,  шын  мəнінде,  кейде,  тіпті,  заңды  түрде 
мемлекеттік билік шіркеулік иерархияға тиесілі болады немесе конституция 
(бар болған жағдайда), ағымдағы заңнама жəне басқа да заң шығарушы орын-
дарымен қоса толықтай соның бақылауында болады. Заң шығаруға нақты са-
лалар мен қатынастарды діни ұйғарымдар қамти алмайтындықтан ғана жол 
беріледі.
Құқық  пен  адам  мүддесі  құндылықтарының  маңыздылығы  тұрғысынан 
М-тер құқықтық (legal State) жəне əлеуметтік (social State) болып бөлінеді. 
Құқықтық М-те шынайы конституционализм, адам құқықтары мен бостан-

78
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
дықтары,  демократиялық  жолмен  қабылданған  құқықтың  үстемдігі,  сон-
дай-ақ тəуелсіз əрі жауапты əділ сот болады. Əлеуметтік М. қызметі өз азамат-
тарының лайықты өмір сүруіне жəне тұлғаның еркін дамуына, М-тің шамасы 
келетін мүмкіндіктеріне қарай жағдай туғызу арқылы əлеуметтік теңсіздік-
ті  жұмсартуға,  əлеуметтік  бағыттағы  экономика  мен  əлеуметтік  серіктестік 
арқылы  əлеуметтік  əділдікті,  азаматтардың  əлеуметтік  қорғалуын  қамтама-
сыз етуге бағытталады.
ҚР Конституциясындағы 1-баптың 1-тармағына сəйкес, «Қазақстан Респу-
бликасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтiк мемлекет 
ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмiрi, 
құқықтары  мен  бостандықтары».  ҚР  Конституциялық  Кеңесінің  пікірінше, 
бұл нормада қолданылған «өзін ... орнықтырады» деген оралым Қазақстан-
ның  санамаланған  сипаттарға  орай  қарыштап  дамушы  Мемлекет  екенін 
айрықшалай  түседі  жəне  бұл  сипаттарды  толымды  мазмұнмен  толықтыру 
үдерісіне шегінбейтін бағыттылық сипатын үстейді. 
Қазақстан  Республикасы  президенттік  басқару  түрі  бар  унитарлы  Мем-
лекет  болып  табылады  (ҚР  Конституциясы 2-бабының 1-тармағы).  Мемле-
кеттіліктің даму стратегиясы президенттік басқару түрінде Парламент рөлін 
жоғарылату жəне жергілікті өзін-өзі басқаруды кеңейту арқылы біртіндеп ор-
талықсыздандыруды жəне шоғырланбаулықты көздейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет